Қолданыстағы ред. 13.07.2004

Мақат ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру ережесі туралы от 13.07.2004 г. № 87-III (Мақат ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру ережесі туралы)

0

Мақат ауданының «Құрметті азаматы»
атағын беру ережесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа алып Мақат аудандық Мәслихатының VIII сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Мақат ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру ережесі бекітілсін (қосымша).

2

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) Мақат аудандық Мәслихатының 2000 жылғы 17 ақпандағы № 23-3 «Мақат ауданының Құрметті азаматы» мен «Құрмет грамотасы» туралы» (аудандық мәслихатының 2004 жылғы 14 мамырдағы №-ІІІ шешімімен өзгерістер енгізілген) шешімі;

2

2) Мақат аудандық Мәслихатының 2004 жылғы 14 мамырдағы № 50-ІІІ «Мақат ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі.

5

Үшінші шақырылған Мақат аудандық
Мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі
VIII сессиясының № 87-ІІІ шешіміне
қосымша
Мақат ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы
Е Р Е Ж Е

6. І. Кіріспе бөлімі:

І. Кіріспе бөлімі:
Бұл ереже Мақат ауданының «Құрметті азаматы» атағына ұсыну «Құрметті азамат» атағын беру тәртібін реттейді.
Бұл ереженің күші ауданда орналасқан барлық заңды ұйымдармен, азаматтарға қолдануға жатады.

7. ІІ. Ұсыну тәртібі

ІІ. Ұсыну тәртібі
Мақат ауданының «Құрметті азаматы» атағы:
-аудан, облыс және республика көлемінде еңбегімен танымал, мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық кәсіпорын қызметтерінде, мәдениет, білім және басқа да салаларда ерекше еңбек сіңірген, үлгілі отбасы азаматтар ұсынылады.
-Аудан экономикасының күш-құатын нығайтуға мүмкіндік жасаған, аудан территориясында кем дегенде 10 жыл тұрып, 25 жыл еңбек еткен аудан азаматтарына беріледі.
Ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі ұсынысқа мынандай құжаттар жалғануы тиіс:
-мекеме, кәсіпорындардың еңбек ұжымынан, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар органдарының ұсынысы, ардаргерлер кеңесінің шешімі;
-ұжымдарда өткен мәжіліс хаттамалары, жиналыс қаулылары;
-қысқаша өмірбаян;
-3-4 фото сурет 2 дана.
Ұсынысты мәслихат барлық құжаттар түскеннен кейін сессияда қарайды.
Ауданның «Құрметті азаматы» атағын алғандардың фото суреті аудандық мұражайдың көрмесіне ілінсін.
Атаққа ұсынылғандардың белгіленген үлгідегі ұсыну қағазы толтырылады.
-ұсыну қағазына құрметті атаққа ұсынылуының жеке басын, оның өз саласындағы және осы ұжымдағы жұмыс мерзімін, нақты жұмысының тиімділігі мен сапасын
сипаттайтын деректер баяндамалады, өңідірісте еңбек ететіндерге жұмысының нәтижелері көрсетіледі. (орден, медаль т.б.)
-өңдірісте, не тұрмыста төтенше ерлік өнегесін көрсеткен (өрттен, судан, адамдарға қатерлі ажалдан арашалау) адамдарға ұсынылады.

8. ІІІ. Тапсыру тәртібі:

ІІІ. Тапсыру тәртібі:
Құрметті азамат атағының куәлігі аудан әкімінің аппаратында толтырылады. Ауданның «Құрметті азаматы» атағына берілетін куәлікке аудан әкімі, мәслихат хатшысы қол қояды.
Ауданның «Құрметті азаматы» атағын алған азаматтарға куәлікті және «Құрметті азаматы» жазылған кеуде белгісін аудан әкімі, аудандық мәслихат сессиясының төрағасы табыс етеді.
Ауданның «Құрметті азаматы» атағы арнайы кітап жасақталып, ұлығыланғандардың есімі жазылады.
Ауданның «Құрметті азаматы» атағын алғандар жөнінде мәлімет баспасөзде жарияланады.