Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста
Басқа 0
Жер учаскесіне қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы мекенжайында орналасқан, қайта жаңарту және қызмет көрсету үшін ӘЖ - 0,4 кВ КТП 10/0,4 кВ № 6-15 фидер 1,2,3,4., жалпы ауданы 0,0090 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.