Об установлении водоохранных зон и полос на реках в административных границах города Нур-Султана Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Су кодексіне , «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, санитарлық және экологиялық талаптарды күшейту мақсатында, сондай-ақ Есіл өзенінің, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы кіші өзендердің ластануының, қоқыстануының және тасуының алдын алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекара аумағындағы өзендерде: су қорғау аймағының ең төменгі енін судың орташа көпжылғы деңгейінің кемерінің әр жағасы бойынша өзен жайылмасын және жайылма үсті террассасын, негізгі жағалаудың тік жарларын, жыралар мен сайларды қоса есептегенде былай алынады:
Тармақша 1
1) Нұр-Сұлтан қаласы маңайындағы Есіл өзені үшін: шаруашылық қолданудың қарапайым жағдайлары және су жинау алабында экологиялық жағдай қолайлы болса - 500 метр; шаруашылық қолданудың күрделі жағдайлары және су жинау алабында экологиялық жағдайы шиеленіссе - 1000 метр; Есіл өзені арналарының жекелеген учаскелері үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес;
Тармақша 2
2) Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендері үшін - 500 метр: су қорғау белдеулерінің ең төменгі ені Нұр-Сұлтан қаласының маңайындағы Есіл өзені үшін - 35 метр және Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендері - 20 метр.
Тармақ 1-1
1-1. Қаланың әкімшілік шекаралары шегінде су қорғау жолақтары су объектісінің қоқыстануы мен ластануын болдырмайтын жағалаулық аймағын (жақтаулар, опырылу, орманбұталы жолақтар) міндетті инженерлік және орман мелиоративтік жайластыру кезінде оларды жобалаудың және құрылысын салудың нақты жағдайларына байланысты белгіленеді.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шеңберінде шаруашылық қызметтердің ерекше қолдану жағдайлары мен шектеу тәртіптемелері енгізілсін. Көрсетілген өзендердің су қорғау аймағында жер бөлу және жаңа объектілер салу мүдделі мемлекеттік ұйымдардың келісімімен жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Кәсіпорындардың, ұйымдардың және шаруашылықтардың басшыларына ведомстволық керек-жарақтарына және меншік нысанына қарамастан, сондай-ақ пайдалануында су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шеңберінде орналасқан жер телімдері бар жеке азаматтарға су қорғау аймағы мен белдеулерін сол қалпында күтіп және шаруашылықтың пайдалану тәртіптемелерін сақтауды ұсынсын.
Тармақ 4
4. "Алматы", "Есіл" және "Сарыарқа", «Байқоңыр» аудандарының әкімдері барлық мүдделі мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға, шаруашылықтарға және азаматтарға қала әкімдігінің осы қаулысы және олардың шеңберінде аумақты пайдалану тәртіптемелері туралы хабардар етсін.
Тармақ 5
5. Ақмола Арнайы экономикалық аймақ Әкімшілік кеңесінің 1998 жылғы 24 қыркүйектегі N 3-1-992 "Су қорғау аймағы мен белдеулері туралы" (Нұр-Сұлтан қаласының Әділет басқармасында 2000 жылғы 19 шілдедегі N 75 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.С. Есіловке жүктелсін. Келісілді Астана қалалық Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы Астана қаласы бойынша Аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Есіл алаптық су шаруашылық басқармасының бастығы