О создании Совета по развитию детско-юношеского творчества Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балалар-жасөспірімдер шығармашылығын дамыту жөніндегі Кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңына сәйкес, мәдениет қызметкерлерінің, балалар шығармашылық ұжымдары жетекшілерінің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың күштері мен мүмкіндіктерін біріктіру мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балалар-жасөспірімдер шығармашылығын дамыту жөніндегі Кеңес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес), оның жеке құрамы 1 қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіпте бекітуге облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Кеңестің жарғысы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Макежановқа жүктелсін.
Басқа 4
Маңғыстау облысы әкімиятының 10 тамыздағы 2004 жылғы № 161 қаулысына 1 қосымша Балалар-жасөспірімдер шығармашылығын дамыту жөніндегі Кеңестің ҚҰРАМЫ 1. Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы - облыс әкімінің орынбасары,                                      Кеңес төрағасы 2. Еңсегенов Серік Нұрғазыұлы      - облыстық мәдениет                                       басқармасының бастығы, Кеңес                                      төрағасының орынбасары 3. Сармурзина Пания Оңалбайқызы    - облыстық мәдениет                                      басқармасының бас маманы,                                      Кеңестің хатшысы Кеңес мүшелері: 1. Құдабаева Ақсұлу Қалаубайқызы   - облыстық филармонияның                                      көркемдік жетекшісі, "Звезды                                      Актау" балалар студиясының                                      жетекшісі 2. Хныкина Ольга Васильевна        - Абай атындағы мәдени- демалыс                                      кешенінің "Радуга" балалар                                      шығармашылығы студиясының                                      жетекшісі, "Жастар                                      шығармашылығы" қоғамдық                                      бірлестігінің төрайымы,                                      "Бозторғай" және "Зажги свою                                      звезду" (Ресей) халықаралық                                      байқаулардың аймақтық өкілі                                      (келісім бойынша) 3. Синица Елена Анатольевна        - Абай атындағы мәдени- демалыс                                      кешенінің "Колибри" балалар                                      модель мектебінің жетекшісі,                                      "Маленькая мисс Казахстана"                                      балалардың әсемдік және талант                                      байқауының аймақтық өкілі                                      (келісім бойынша) 4. Сариев Серік Ғабитұлы           - Абай атындағы мәдени- демалыс                                      кешенінің балалар би тобының                                      жетекшісі (келісім бойынша) 5. Шубина Любовь Александровна     - "Школьник" қалалық орталықтың                                      директоры (келісім бойынша) 6. Батыршиева Рухия Махмұтқызы     - қазақ өнер мектебінің                                      директоры (келісім бойынша) 7. Ібраев Көмек Ібрайұлы           - М.Әуезов атындағы орта                                      мектебінің мұғалімі (келісім                                      бойынша) 8. Байшурина-Краузе Галина Борисовна- "Орфей" балалар студиясының директоры (келісім бойынша)
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкімиятының 10 тамыздағы 2004 жылғы № 161 қаулысымен бекітілген 2 қосымша Балалар-жасөспірімдер шығармашылығын дамыту жөніндегі Кеңестің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мәдениет жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) облыс әкімиятының жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңестің негізгі мақсаты - кәсіби мамандардың күштері мен мүмкіндіктерін біріктіру: мәдениет қызметкерлерінің, балалар шығармашылық ұжымдары жетекшілерінің, шығармашылық элита өкілдерінің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың төмендегі мақсаттарда: - мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың балалар-жасөспірімдер шығармашылығын дамытуына және қолдауына ықпал ету; - балалар мен жеткіншектердің шығармашылық, интеллектуалдық және ұлттық потенциалдарын айқындау және сақтау; - Қазақстанның және өзге де мемлекеттердің өнер мен мәдениет шеберлерінің негізгі дәстүрлерін жалғастыру және жас таланттардың шығармашылығын дамыту.
Тармақ 3
3. Кеңес құрамына балалар-жасөспірімдер шығармашылығының мақсаттарын, міндеттерін және проблемаларын жетік білетін білім мен жұмыс тәжірибесіне ие мәдениет, өнер және білім мекемелерінің өкілдері кіреді.
Тармақ 4
4. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының мәдениет мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, облыс әкімиятының қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің міндеттері
2. Кеңестің міндеттері
Тармақ 5
5. Кеңестің міндеттері мыналар болып табылады: - қазақтың ұлттық мәдениетінің, сондай-ақ өлкеде тұратын өзге де ұлттар мәдениеттерінің дәстүрлері негізінде балалар-жасөспірімдер шығармашылығын дамытуға белсенді ықпал ету; - өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеу; - балалар-жасөспірімдер шығармашылығымен айналысатын облыстық мемлекеттік мәдениет органдары, мемлекеттік мекемелердің және қарасты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары, сондай-ақ облыстық білім басқармасының мектептен тыс жұмысы жөніндегі мекемелері мен эстетикалық тәрбиелеудегі жеке мектептері қызметтерін жақсартуға жан-жақты ықпал ету; - балалар-жасөспірімдер шығармашылығымен айналысатын ұйымдардың дамыту, қолдау және бақылау қызметі жөніндегі жұмыстарының негізгі бағыттарын анықтау, жоспарлау.
Тарау 3. 3. Кеңестің функциялары
3. Кеңестің функциялары
Тармақ 6
6. Кеңес: 1. Төмендегілерді қоса отырып, балалар-жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту мен қолдау: - материалдық-техникалық базаны нығайтуды; - оқу-әдістемелік көмекті; - кадрлармен жұмысты (оқуға, біліктілігін көтеру курстарына, мастер-кластарға, шығармашылық кездесулерге жіберу); - ақпараттық көмекті.
Тармақ 2
2. Облыстық мәдениет және білім мекемелерінде барлық жанрлардағы балалар-жасөспірімдер шығармашылығын дамытуға ықпал ететін фестивальдарды, байқауларды, көрмелерді және өзге де шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақ 3
3. Талантты балалар мен жеткіншектерді республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысу үшін іріктеу және оларға жолдама беру;
Тармақ 4
4. Аудио және бейне өнімдерді, оқу-әдістемелік және жарнамалық материалдарды шығаруға іріктеу мен ықпал ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді.
Тарау 4. 4. Кеңес мүшелерінің құқықтары мен жауапкершілігі
4. Кеңес мүшелерінің құқықтары мен жауапкершілігі
Тармақ 7
7. Кеңес мүшелері Кеңес мәжілістеріне қатысады, төрағаның Кеңес қызметіне байланысты ұсыныстарын орындайды.
Тармақ 8
8. Кеңес мүшелері Кеңес мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге, талқылайтын мәселелер бойынша нақты ұсыныстар беруге және өз көзқарастарын білдіруге құқылы.
Тармақ 5
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Кеңесті, оның қызметін басқаратын, мәжілістерінде төрағалық ететін, оның жоспарын бақылайтын және Кеңес шешімдерінің орындалуына жалпы бақылау жасайтын, төраға басқарады. Төрағаның орнында болмаған кезеңде оның функциясын төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 10
10. Кеңестің қызметі төрағамен бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Кеңестің хатшысы күн тәртібі бойынша ұсыныстарды дайындайды және өткеннен кейін хаттама толтырады.
Тармақ 12
12. Кеңес мәжілісі хаттама арқылы жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы жүргізіледі және дауыстардың көпшілігі берілген жағдайда ғана шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім ғана қабылданды деп саналады. Шешім ұсыныстық ретте болып келеді.
Тармақ 14
14. Кеңес мәжілісі қажеттілік бойынша шақырылады, бірақ тоқсанына 1 реттен кем емес. Кеңес мәжілісін төраға жүргізеді.
Тармақ 15
15. Кеңеске оның мүшелерінің нұсқауы бойынша меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың басшылары шақырылуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Кеңес төрағасының нұсқауы бойынша Кеңестің талқылауына ұсынылатын мәселелерді зерделеу үшін оның мүшелері қатарынан жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
Тармақ 17
17. Кеңес қажетіне қарай өз мүшелерінің ротациясын жүзеге асырады.