О возмещении транспортных расходов медицинским работникам Қолданыста
Басқа 0
Медициналық қызметкерлердің көліктік шығындарын өтеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 , "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы № 111 , "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 Заңдарына және облыстық мәслихаттың "Облыстық мәслихатының "2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2003 жылғы 10 желтоқсандағы № 2/16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 31 наурыздағы № 4/46 шешіміне сәйкес (облыстық мәслихаттың 10 ақпандағы № 27, 30 маусымдағы № 6/78 шешімдерімен өзгерістер енгізілді), облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие, қызметтік сипаты жүріп-тұрумен байланысты медициналық қызметкерлердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы қаржы қаражатымен уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Макеженовқа жүктелсін.
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкімиятының
2004 жылғы 10 тамыздағы
№ 174 қаулысымен бекітілген
Қоғамдық көлікте тегін жүруге құқығы бар, қызметтік сипаты жүріп-тұруға байланысты медициналық қызметкерлердің тізбесі
Тармақ 1
1. Учаскелік дәрігерлер: Ақтау және Жаңаөзен қалалары емханаларының терапевтері, педиатрлары.
Тармақ 2
2. Ақтау және Жаңаөзен қалалары емханаларының терапевтік және педиатрлық учаскелерінің медициналық мейірбикелері.
Тармақ 3
3. Ақтау және Жаңаөзен қалалары емханаларының учаскелік акушеркалары.