О создании Совета по туризму Мангистауской области Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысының туризм бойынша Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 және "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы № № 211 Заңдарына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының туризм бойынша Кеңесі құрылсын, дербес құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысының туризм бойынша Кеңесі туралы ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Макежановқа жүктелсін.
Басқа 4
Маңғыстау облысы әкімиятының
10.08.2004 жылғы № 175 қаулысына
1 қосымша
Маңғыстау облысының туризм жөніндегі
Кеңесінің құрамы
Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы - Облыс әкімінің орынбасары,
кеңестің төрағасы
Драч Александр Александрович - облыстық спорт және дене
мәдениеті
басқармасының бастығы, Кеңес
төрағасының орынбасары
Менжан Гинаят Хакимқызы - облыстық спорт және дене
мәдениеті
басқармасының туризм жөніндегі
бас маманы, Кеңес хатшысы
Кеңес мүшелері
Дүзмағамбетов Есенмұрат - облыстық жер ресурстарын
басқару
Даулетиярұлы жөніндегі комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Еңсегенов Серік Нұрғазыұлы - облыстық мәдениет
басқармасының
бастығы
Нүсіп Зере Калиқызы - облыстық білім басқармасының
бастығының орынбасары
Рзаханов Асқар Киікбайұлы - Маңғыстау облыстық ішкі
саясат
департаментінің директоры
Тоқжанов Орынбасар Әбдіұлы - облыстық табиғатты пайдалану
жөніндегі басқармасы
бастығының
орынбасары
Төлеғалиева Ажар Ғинаятқызы - облыстық денсаулық сақтау
басқармасы бастығының
орынбасары
Олжабаева Лиза Оспанқызы - облыстық экономика, өнеркәсіп
және сауда басқармасы
бастығының
орынбасары
Хайрушев Қажымұрат Сейілханұлы - облыстық төтенше жағдайлар
жөніндегі басқармасының
бастығы
(келісім бойынша)
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкімиятының
10.08.2004 жылғы № 175 қаулысына
2 қосымша
Маңғыстау облысының туризм жөніндегі Кеңесі туралы
Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кеңес маңғыстау облысы әкімияты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес қызметінің басты мақсаты туризмді дамыту жөніндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдің туристік кешенін дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , "Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы" заңын , өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары:
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары:
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі міндеттері:
- туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға министрліктердің, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнінде ұсынымдарды әзірлеу;
- туристік рынокта қалыптасқан процестерді талдау мен болжау негізінде шешімдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы туризм және спорт Агенттігінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
- туризмнің басым түрлерін қалыптастыру және дамыту жөніндегі келісілген ұсыныстарды әзірлеу;
-атқарушы органдар мен туризмнің қауіпсіздігі және туристік лектерді бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметті үйлестіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 6
6. Негізгі міндеттерді және өз функцияларын іске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде:
- туризмді дамыту мәселелері жөнінде атқарушы органдардың және өзге де органдардың қызметін үйлестіру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге;
- туристік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
- туризм саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдер әзірлеу қажеттігі туралы ұсыныстар енгізуге;
- өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
- Кеңестің құзыретіне жататын қажетті материалдар әзірлеу үшін ғалымдар мен жоғары білікті мамандарды тартуға;
- жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметін ұйымдастыру
3. Кеңес қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Кеңесті Төраға басқарады, ол Кеңестің қызметіне басшылық жасайды, оның мәжілістеріне төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның жалпы шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді кезекті мәжілістің күн тәртібін жасау мен Кеңес хаттамаларының жобаларын әзірлеуді Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасары жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Кеңестің мәжілістеріне материалдар әзірлеуді Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бірі жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшелеріне мәжілістің күн-тәртібі, оның кезекті мәжілісіне дейін 15 күннен кешіктірілмей жібереді. Төраға материалдарды әзірлеудің, алайда мәжіліске дейін 10 күннен кешіктірмей басқа да мерзімді белгілей алады.
Тармақ 11
11. Кеңес мәжілісі қажеттілігіне қарай, тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Тармақ 12
12. Кеңес мәжілісінің күн тәртібін, сондай-ақ оның өткізілетін орны мен уақытын Кеңестің Төрағасы белгілейді.
Тармақ 13
13. Кеңестің кезектен тыс мәжілісін төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің өтініші бойынша шақырылады.
Тармақ 14
14. Кеңестің мәжілісі оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, өкілетті болып саналады.
Тармақ 15
15. Кеңес шешімдері ашық дауысқа салынып қабылданады және үйлестіру кеңесі мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.
Тармақ 16
16. Кеңестің хаттамасына Төраға және мәжіліске қатысқан үйлестіру кеңесі мүшелері қол қойып, мәжіліс өткізілгеннен кейін 5 күн ішінде Кеңес мүшелеріне, қаралған мәселелерді шешу құзыретіне енетін мемлекеттік органдарға, өзге де мүдделі ұйымдарға жіберіледі.
Тармақ 17
17. Облыс әкімияты шешімін қабылдау талап етілетін мәселелер бойынша ұсыныстар Облыс әкімиятының регламентінде белгіленген ресімделеді және оның мәжілісіне енгізіледі.
Тармақ 18
18. Кеңестің жұмыс органы Маңғыстау облыстық спорт және дене мәдениеті басқармасы болып табылады.
Тарау 4. 4. Кеңес қызметін тоқтату
4. Кеңес қызметін тоқтату
Тармақ 19
19. Кеңес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы туризм жөніндегі Кеңестің жұмысы тоқтатылған жағдайда, өз қызметін тоқтатады.