Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о техническом и оборонно-промышленном сотрудничестве Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Техникалық және қорғаныс-өнеркәсiптiк ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. 1996 жылғы 3 қыркүйекте Анкарада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi және Түрiк Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Техникалық және қорғаныс-өнеркәсiптiк ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және Түрiк Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Техникалық және қорғаныс-өнеркәсiптiк ынтымақтастық туралы Келiсiм
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қабылдаған шешiмi туралы Түрiк Тарапын белгiленген тәртiппен хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi және Түрiк Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Техникалық және қорғаныс-өнеркәсiптiк ынтымақтастық туралы Келiсiм
(1997 жылғы 24 ақпанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан былай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi және Түрiк Республикасының Үкiметi,
өзара тең халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту принципiн басшылыққа ала отырып және Бiрiккен ұлттар Хартиясына сәйкес халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке қол жеткiзу үшiн бiрiккен күш-жiгер салушылар ретiнде, 1994 жылғы 8 тамыздағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi және Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы әскери ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмнiң" ережелерiн ескере отырып,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
Бап i. I Бап Келiсiмнiң мақсаты
I Бап Келiсiмнiң мақсаты
Осы Келiсiмнiң мақсаты - Қазақстан Республикасының Үкiметi жәнеТүрiк Республикасының Үкiметi арасындағы әскери өнеркәсiп саласындағы ынтымақтастықты жақсарту болып табылады.
Бап ii. II Бап Келiсiм қызметiнiң өрiсi
II Бап Келiсiм қызметiнiң өрiсi
Осы Келiсiм Тараптардың Қорғаныс министрлiктерiне, ҚарулыКүштерiне, екi Тараптың тиiстi ұйымдары мен кәсiпорындарынатаратылады.
Бап iii. III Бап Терминдер
III Бап Терминдер
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мына терминдер пайдаланады:
Тармақ 1
1. "Қорғаныс өнеркәсiбiнiң материалдары мен қызметтерi" олардың техникалық және тылдық қамтамасыз ету кешенiмен бiрге қару-жарақты және әскери техниканы, сондай-ақ оларды жасау үшiн қажеттi құрал- жабдықтарды бiлдiредi.
Тармақ 2
2. "Техникалық" қаруды және қару-жарақтың кешенiн жасауға, қызмет көрсетуге, сынауға және жетiлдiруге қатысы бар барлық технология мен техникалық өңдеулердi бiлдiредi.
Тармақ 3
3. "Жiберушi мемлекет" осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн қабылдаушы мемлекетке қызметкерлердi, мүлiктi және құрал-жабдықтарды жiберушi Тарапты бiлдiредi.
Тармақ 4
4. "Қабылдаушы мемлекет" осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн жiберушi мемлекеттiң қызметкерлерiн, мүлiктi, құрал-жабдықтарды өз аумағында қабылдаушы Тарапты бiлдiредi.
Тармақ 5
5. "Шақырылған қызметкерлер" осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн Тараптар әрқайсысы өз аумақтарында қабылдайтын әскери қызметкерлер мен азаматтық тұлғаларды бiлдiредi.
Тармақ 6
6. "Қарауындағы адамдар" Тараптардың ұлттық заңдылықтарына сәйкес шақырылған қызметкерлер қамқорлық көрсетуге мiндеттi жанұя мүшелерiн бiлдiредi.
Тармақ 7
7. "Өкiлеттi ведомстволар":
Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiн, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы қорғаныс өнеркәсiбi бойынша комитетi және Қазақстанның Анкарадағы Елшiлiгiн;
Түркия тарапынан: Түрiк Республикасын Ұлттық қорғанысминистрлiгiн және Түркияның Алматыдағы Елшiлiгiн бiлдiредi.
Бап iv. IV Бап Ынтымақтастық принциптерi
IV Бап Ынтымақтастық принциптерi
Жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшiн Тараптар:
Тармақ 1
1. Қорғаныс бағытындағы материалдарды және қызметтердi жетiлдiрудiң және жасаудың бiрiккен бағдарламаларының өндiрiстiк және технологиялық мүмкiндiктерiн зерттеп тануға;
Тармақ 2
2. Тараптар Қарулы Күштерiнiң уақыт күттiрмейтiн мұқтаждықтарына, және ол үшiн Тараптар арасында арнайы келiсiм жасалатын басқа елдер мұқтаждықтарына бағытталған материалдарды жасауды және қызмет көрсетудi жетiлдiру мақсатында екi Тараптың ғылыми, техникалық және өнеркәсiп мүмкiндiктерiн пайдалануға;
Тармақ 3
3. Техникалық мәлiметтермен алмасуда және қорғаныс өнеркәсiбiндегi ынтымақтастықтың басқа да түрлерiнде өзара көмек, бұдан да былай жәрдем көрсетуге;
Тармақ 4
4. Қорғаныс өнеркәсiптерiнiң материалдары мен қызметтерi осы Келiсiмнiң шеңберiнде алынған жағдайда ғана екi елдiң мемлекеттiк ұйымдары және мекемелерi арасындағы тiкелей келiсiмдер арқылы өзара негiзде қорғаныс өнеркәсiптерiнiң материалдарымен қамтамасыз етуге жәрдемдесуге;
Тармақ 5
5. Қорғаныс өнеркәсiп өнiмдерiн, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектерiн одан әрi жетiлдiру мен бiрiгiп жасауға бағытталған екi ел мемлекеттiк мекемелерiнiң және кәсiпорындарының арасындағы келiсiмдерiне қолдау және жәрдем көрсетуге келiстi.
Бап v. V Бап Ынтымақтастық өрiсi
V Бап Ынтымақтастық өрiсi
Осы Келiсiммен қарастырылған ынтымақтастық бағдарламасы, атап айтқанда, бiрақ ерекше емес жағдайда, келесi iс-қимылдың түрлерiнен:
Тараптармен келiсiлген қорғаныс өнеркәсiбiнiң материалдарын бiрiгiп жетiлдiру мен жасауды;
бiрiккен жобалар шеңберiнде жетiлдiрiлген және жасалған материалдарды екi Тараптың ие болуын қамтиды.
Бап vi. VI Бап Бiрiккен Комитет және оның қызметi
VI Бап Бiрiккен Комитет және оның қызметi
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру мақсаттарында Тараптар, әр Тараптан жетi адамнан аспайтын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң қару-жарақ бойынша орынбасарының және Түркия Қорғаныс министрi көмекшiсiнiң орынбасары және Ұлттық қорғаныс министрлiгiнiң Ұлттық қару-жарақ директорының басшылық етуiмен Тараптар Бiрiккен комитет тағайындайды. Бұдан басқа, қажет болған жағдайда, Комитетке қосымша сарапшылар енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Бiрiккен Комитеттiң мәжiлiстерi бiр жылда бiр рет кезекпен екi елдiң бiреуiнде өткiзiледi. Оның қызметiне:
а. Өзара қызметтiң мүмкiн салаларын анықтау;
b. Жобаларды таңдау және зерттеу, оларды бiрiгiп жүзеге асыру үшiн процедураларды анықтау;
с. Келiсiмдердi өкiлденген мемлекеттiк ведомстволардың талқылауына ұсыну;
d. Бiрiккен бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн әрбiр елде тиiстi өнеркәсiптер мен мекемелердi анықтау, әрбiр жобаны қамтамасыз ету бойынша жекелеген нұсқауларды жасау;
е. Екi елдiң кәсiпорындары, мемлекеттiк ұйымдары және өнеркәсiптерi арасындағы тiкелей байланысқа жәрдем көрсету;
f. Үшiншi елдермен бiрлескен жобаларға қатысуға байланысты өкiлеттi мемлекеттiң ведомстволардың талқылауына кепiлдемелер мен ұсыныстарды ұсыну кiредi.
Бап vii. VII Бап Мәлiметтердiң құпиялылығын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
VII Бап Мәлiметтердiң құпиялылығын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмдi жүзеге асыруға байланысты қауiпсiздiк шараларды Тараптардың мемлекеттiк қауiпсiздiк органдары бекiткен ережелерге сәйкес iске асырылады.
Тармақ 2
2. Мәлiметтер, бұйымдар, жобалар немесе құжаттардың қауiпсiздiк принциптерiн және сақтау шараларын анықтау кезiнде Тараптар техникалық мәлiметтердi берушi Тараптың құпиялықты сақтау бойынша ережелерiн басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Өндiрушi-ел алушы елге мәлiметтердiң құпиялылық дәрежесiндегi өзгерiстер туралы уақтылы хабарлап тұрады.
Тармақ 4
4. Кез-келген құпия мәлiметтi, материалдарды және құрал-жабдықтарды айырбастау үшiн осы Келiсiм шеңберiнде басып шығару, беру уақытша немесе бiржола беруге рұқсат ету мақсатында қосымша келiсiмдер жасалады және қол қойылады.
Тармақ 5
5. Осы Келiсiм шеңберiнде алынған мәлiмет үшiншi елге тек қана екi Тараптың өкiлеттi ведомстволарының жазбаша келiсiмiмен берiлуi мүмкiн.
Тармақ 6
6. Тараптар айырбастаған қандай да бiр мәлiмет басқаларға мәлiм болған жағдайда екiншi Тарап бұл туралы шұғыл түрде хабарландырылады.
Бап viii. VIII Бап Тараптардың басқа халықаралық Келiсiмдер бойынша мiндеттерi
VIII Бап Тараптардың басқа халықаралық Келiсiмдер бойынша мiндеттерi
Осы Келiсiм ережелерiнiң екi Тарап оларға қатысушы болып табылатын басқа халықаралық келiсiмдердегi Тараптардың мiндеттерiне қатысы жоқ, және басқа мемлекеттердiң мүдделерiне, қауiпсiздiгiне және аумақтың тұтастығына қарсы бағытталмаған.
IХ Бап Қолдану принциптерi
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм шеңберiнде Тараптар алмасқан мәлiмет Келiсiмнiң IV және V баптарына ғана сәйкес қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм бойынша өзара қарым-қатынас тиiстi қорлардан тәуелдi және әрбiр елдiң заңдары мен ережелерiне сәйкес iске асырылады.
Тармақ 3
3. Тараптардың әрқайсысының бiрiккен жобаларда орындалған өнер табыстары мен өндiрулерге байланысты өндiрiстiк меншiкке, өз аумағында материалдарды жасауға, лицензиялар беруге, патенттердi сатуға және сақтауға қатысты құқықтары мен мiндеттерi әрбiр елдiң ой меншiгiне құқықтарды реттейтiн iс жүзiндегi заңдары мен ережелерiне сәйкес әрбiр жобаны жүзеге асыру бойынша келiсiмдердiң көмегiмен анықталады.
Тармақ 4. Х Бап Заңдық, қаржы, әкiмшiлiк сұрақтары және денсаулық сақтау сұрақтары
4. Тараптар зерттеп болып және өзара келiскеннен кейiн Бiрiккен қазақ-түрiк жобасына қатысу үшiн үшiншi елдердi шақыра алады.
Х Бап Заңдық, қаржы, әкiмшiлiк сұрақтары және денсаулық сақтау сұрақтары
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм шеңберiнде қызмет жүргiзу үшiн жiберiлген шақырылған қызметшiлер туыстарымен бiрге тұлғалар қабылдаушы елдiң мемлекеттiк шекарасын кесiп өткенде, сондай-ақ болу кезеңiнiң барлық уақытында қабылдаушы елдiң заңдары мен ережелерiне бағынады.
Тармақ 2. ХI Бап Өзгерiстер және толықтырулар
2. Әкiмшiлiк сұрақтары және денсаулық сақтау сұрақтары, құқықтық және қаржылық мiндеттер, барлық талаптар және өзара шығындардың түрiне, уақытына, орнына және төлеу шарттарына, өңдеудi жүзеге асыруда, жасауда, қамтамасыз етуде, техникалық қызмет көрсетуде, қызметкерлермен және инфрақұрылымдық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға қатысты процедуралар әрбiр жобаны жүзеге асыру үшiн дайындалған хаттамаларда тиянақты түрде жазып көрсетiледi.
ХI Бап Өзгерiстер және толықтырулар
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
ХII Бап Даулы сұрақтарды шешу
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмдi пайдалануға және түсiндiруге, сондай-ақ осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге байланысты даулы сұрақтарды Тараптар келiссөздер және консультациялар жолымен шешедi.
Тармақ 2. ХIII Бап Қорытынды ережелер
2. Тараптардың бiреуiнiң жазбаша талабы бойынша жоғарыда көрсетiлген сұрақтар бойынша талқылаулар 30 күнге дейiн мерзiм iшiнде жүргiзiледi. Егерде 60 күн iшiнде шешiм қабылданбаса, екiншi Тарапты жазбаша хабарландыра отырып, әрбiр Тарап 30 күн iшiнде осы Келiсiмдi бұза алады.
ХIII Бап Қорытынды ережелер
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм Тараптардың бiр-бiрiне өздерiнiң қажеттi iшкi мемлекеттiк процедураларды орындалғандығы туралы жазбаша мәлiмдемелерiнiң күнiнен бастап күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалды. Егерде осы Келiсiмнiң бiтуiне 90 күн қалған мерзiм iшiнде Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа оны тоқтатқандығы туралы мәлiмдемесе, оның қызметi әрбiр кезде бiр жылға ұзартылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiмнiң қызметiн тоқтату Тараптардың бұған дейiнгi тағайындалған принциптерiне сәйкес жүзеге асырылатын қандай да болса жоба, бағдарлама немесе контракттың бiтуiне әсерiн тигiзбейдi.
Тармақ 4
4. Ойлап табулар, жобалар және басқа мәлiметтердi сақтауға байланысты Тараптардың тиiстi мiндеттерi Тараптардың бiреуiнiң шыққанына, осы Келiсiм мерзiмiнiң тоқтағанына немесе бiткенiне қатыссыз жалғастырыла бередi.
Осы Келiсiм 1996 жылы 3 қыркүйекте Анкара қаласында екi нақты данада, төрт: қазақ, түрiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық текстiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер пайда болған жағдайда тараптар Келiсiмнiң ағылшын тiлiндегi тексiн басшылыққа алады.