О правилах оказания социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Селолық елді мекендерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік комек корсету Ережелері туралы «Селолық аумақтарды және агроөнеркәсіптік кешендерінің дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Селолық елді мекендерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері бекітілсін. Келісілген Аудан әкімі А.Маковский Аудандық қаржы басқармасның бастығы Л.Гордеева Аудандық еңбеқ, жұмыспен қамту және халықты әлеумеітік қорғау бөлімінің бастығы Е. Күмамбетова
Басқа 2. Селолық елді мекендерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері
Аудандық мәслихат сессиясының 2004 жылға 14 шілдедегі «Ауылды (селолық) жерлерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отъш сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері туралы» № 42 шешімімен бекітілген Селолық елді мекендерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы бөлім
1. Жалпы бөлім
Тармақ 1
1. Осы ережелер «Селолық аумақтарды және агроөнеркәсіптік кешендерінің дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін әзірленген.
Тармақ 2
2. Ауылды жерлерде тұратын мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға бір жолғы (бұдан әрі - мамандардың төлемі) ақшалай төлем жылына бір рет төленеді.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Мамандардың төлемі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (одан әрі - ЖҚ және ӘББ) мына құжаттарды тапсырған негізінде тағайындалады:
Тармақша 1
1) Төлем тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) Жеке басы куәлігінің көшірмесі
Тармақша 3
3) Банкте міндетті түрде ашылған салымдар бойынша төлем алушының жеке есеп шотының нөмірі;
Тармақша 4
4) Жұмыс орнынан анықтама;
Тармақша 5
5) Мекен-жайын растау туралы анықтама Төлем тапсырылатын құжаттар негізінде жүргізіледі.
Тармақ 2.2
2.2. Екі немесе одан да көп тұлғалардың мамандармен бірге тұрған жағдайда әр қайсысына осы Ережелердің күші таратылады және оларға төлем беріледі.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Төлемді қаржыландыру осы мақсаттарға көзделген жергілікті бюджет есебінің қаржысынан жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Есепке алу, есеп беру және бақылау тәртібі
4. Есепке алу, есеп беру және бақылау тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Төлемді төлеу бойынша есепке алу, есеп беру және бақылау жүргізу ЕЖҚ және ХӘҚ-ге жүктеледі.
Тармақ 4.2
4.2. Әр айдың 10 күніне дейін жергілікті ЕЖҚ және ХӘҚБ-і өткен тоқсандағы төленген сомасы бойынша екінші деңгейдегі банктермен салыстырма тексеріс актілерін жасайды.
Тармақ 4.3
4.3. Заңмен бекітілген тәртібімен төлем қызметтерін көрсету шартқа отырған банк ЕЖҚ және ХӘҚБ-мен тапсырылған тізім-ведомостары негізінде алушылардың ашылған жеке шоттарына сомаларды енгізеді.
Тармақ 4.4
4.4. Заңсыз төленген сомасы қолданылып жүрген заңмен бекітілген тәртібі бойынша кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтірілуге тиісті.