О Правилах оказания социальной помощи специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в аульной (сельской) местности, на приобретение топлива Күшін жойған
Басқа 0
Ауылды (селолық) аймақта тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт бөлімдерінің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы
«Қазақстан Республикасында агроөндірістік кешенді және ауылды (селоны) дамыту басымдылығы туралы» 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
Ауылды (селолық) аймақта тұратын жәңе жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін.
Келісілді:
Аудан әкімі
М.Христевич
14.07.2004 ж.
Аудандық қаржы
басқармасының
бастығы
Л.Шайхлесова
14.07.2004 ж.
Еңбек, жұмыспен
қамту және халықты
әлеуметтік қорғау
бөлімінің бастығы
С.Тулегенов
14.07.2004 ж.
Басқа 2. Селолык аймақта тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт бөлімдерінің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
«Селолық аймақта тұратын
және жұмыс істейтін денсаулық
сақтау, білім, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет және
спорт бөлімдерінің мамандарына
отын сатып алуға көмек көрсету
бойынша ережелер туралы»
2004 жылғы 15 шілдедегі № 45/8
аудандық мәслихаттың шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Селолык аймақта тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт бөлімдерінің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы жағдайлар
1. Жалпы жағдайлар
Тармақ 1
1. Осы ережелер 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының «Қазақстан Республикасында ауыл (село) және аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің дамуларының басымдылықтары туралы» Заңын орындау барысында әзірленген.
Тармақ 2
2. Селолық аймақта тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамаңдарына біржолғы ақшалай төлем (одан ары әлеуметтік саладағы мамаңдарға ақшалай төлем) бір жылда бір рет тағайындалады және төленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік саладағы мамандарға заңсыз төленген сома заңнамада белгіленген тәртіп бойынша кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтіріледі.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі.
2. Тағайындау тәртібі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлем еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына ұсынылған құжаттар негізінде тағайындалады:
Тармақша 1
1) бір жолғы ақшалай төлемдерді тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) банкте ақша төлемін алушы салым бойынша есеп шотының нөмірін ашуға міндетті.
Тармақша 3
3) атқаратын лауазымы туралы мекемеден анықтама;
Тармақша 4
4) мекен жайын анықтайтын анықтама;
Осы ұсынылған құжаттар негізінде біржолғы ақшалай төлем беріледі.
Тармақ 5
5. Біржолғы ақшалай төлемдерді әлеуметтік аймақтағы мамандарға екі немесе одан көп бірге тұратын тұлғаларға осы Ережелердің қатысымен таратылуы әрқайсысына ұсынылады
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлем тәртібі
3. Қаржыландыру және төлем тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік саладағы селолық аймақта тұратын және жұмыс істейтін мамандарға осы жылғы осындай мақсаттарға көзделген ақша төлемдері жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
Тармақ 7
7. Біржолғы ақшалай төлемді беру бойынша бақылау және есеп беру, есеп жүргізу еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына жүктеледі.
Тармақ 8
8. Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органы әр тоқсанның бірінші айының 10 күніне дейін, өткен тоқсандағы біржолғы ақшалай төлемге отын сатып алуға берілген сома бойынша екінші деңгейдегі банкпен салыстырып тексеру актін құрастырады.