О Правилах предоставления социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельской местности Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру Ережесі туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы «Қазақстан Республикасында агроөндірістік кешеннің және ауыл (селоны) дамыту басымдылығы туралы» Заңына сәйкес («Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестік жаршысы» 1991 жылғы, №8, б.93) Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет департаментінде тіркеуден өткеннен кейін және аудандық «Айыртауские зори» және «Айыртау таңы» газеттерінде жарияланған соң күшіне енеді. Айыртау аудандық қаржы баскармасының бастығымен келісілді ________ К.Ғабдуллинмен 20 шілде 2004 жыл Еңбек жұмыспен камту және әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығымен келісілді ________ Н.Кислинамен 20 шілде 2004 жыл Орындаушы Еңбек жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы Н.Кислина 20 шілде 2004 жыл
Басқа 3. Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру ЕРЕЖЕСІ
«Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік кдмсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру Ережесі туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 20 шілдедегі №3-8-7 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының «Қазақстан Республикасында агроөндірістік кешеннің және ауыл (селоны) дамыту басымдылығы туралы» Заңын орындау барысында әзірленген.
Тармақ 2
2. Селолық жерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандары отын сатып алуға біржолғы ақшалай төлем (одан әрі - әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлем) бір жылда бір рет тағайындалады және төленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік саладағы мамандарға заңсыз төленген сома белгіленген заңнама тәртібі бойынша кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтіріледі.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлем еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына ұсынылған құжаттар негізінде тағайындалады:
Тармақша 1
1) біржолғы ақша төлемдерін тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) ақша төлемін алушы банктен салым бойынша есеп шотының нөмірін ашуға міндетті;
Тармақша 3
3) атқаратын лауазымы туралы мекемеден анықтама;
Тармақша 4
4) мекен жайын анықтайтын анықтама. Осы ұсынылған құжаттар негізінде біржолғы ақша төлемі беріледі.
Тармақ 5
5. Осы ереженің әрекеті таралатын екі немесе одан да көп тұлға бірге тұрғанда әлеуметтік сала мамандарына біржолғы ақшалай төлем олардың әрқайсысына беріледі.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлем тәртібі
3. Қаржыландыру және төлем тәртібі
Тармақ 6
6. Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлемін қаржыландыру жергілікті бюджеттің тиісті жылы бұл мақсатқа қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
Тармақ 7
7. Біржолғы ақшалай төлемді бақылау және есеп беру, есеп жүргізу еңбек, жұмыспен қамту халықты әлеуметтік қорғау органына жүктеледі.
Тармақ 8
8. Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органы тоқсан сайын әрбір тоқсанның бірінші айының 10 күніне дейін екінші деңгейдегі банкпен өткен тоқсанда отын сатып алуға төленген біржолғы ақша төлемінің сомасы бойынша салыстыру актісін құрады.