Об утверждении Правил реализации государственными учреждениями Вооруженных Сил товаров (работ, услуг) и использования денег от их реализации Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 5-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы «27» мамырдағы № 622 бұйрығымен бекітілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидалары мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі – ММ) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. ММ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес спорт, мәдениет, білім және ғылым, навигациялық-гидрографиялық, теңіз тасымалы, әуежайлық және авиациялық қызмет, әскери медицина саласында тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) ақылы негізде өткізуді (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызмет), инфрақұрылымды күтіп-ұстауды, жөндеуді және салуды, бұйымдарды шығаруды, сондай-ақ қонақүй ісін жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заң 24-бабының 6-тармағына сәйкес жылу энергиясын өндіру, беру, тарату мен өткізу саласында, сумен жабдықтау мен (немесе) су бұру саласында маманданатын ММ басқа ұйымға қызмет көрсеткенде шарт жобасын қаржы мәселелері жөніндегі департаментке келісу үшін жібереді.
Тармақ 4
4. Ақылы қызметті әскери қызмет міндеттерін орындауға және функционалдық міндеттерді атқаруға кедергі келтірмейтін уақыт кезеңінде көрсетуге жол беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақшаны жоспарлау тәртібі, түсім мен шығыс жоспарын қалыптастыру және бекіту
2-тарау. Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақшаны жоспарлау тәртібі, түсім мен шығыс жоспарын қалыптастыру және бекіту
Тармақ 5
5. ММ-ның иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімі мен шығысының жоспарын әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және түзету жөніндегі тәсілдерді ашу мақсатында бұрын жүргізілген мониторингтеу мен бақылау іс-шаралары нәтижесін ескеріп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ММ-ның үш жылдық кезеңге ақылы қызмет көрсетуін дамыту және жетілдіру жоспары (бұдан әрі –дамыту жоспары) әзірленеді және қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Дамыту жоспары жоспарланатын кезеңге алдынғы жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей қаржы мәселелері жөнінде департаментке беріледі. Дамыту жоспарын жылына екі рет ағымдағы жылғы 20 шілде мен 20 қарашадан кешіктірмей түзетуге жол беріледі. Дамыту жоспарын жыл сайын нақтылау бекітілген дамыту жоспарының екінші жылынан бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Дамыту жоспарына қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) ММ-ны дамытудың басым бағытын айқындау;
Тармақша 2
2) мақсатқа қол жеткізу және міндеттерді орындау жолын мәлімдеу;
Тармақша 3
3) жоспарлы кезеңнің соңына қарай ММ-ны дамытудың түпкілікті мақсатын айқындау;
Тармақша 4
4) күшті және әлсіз жақты, мүмкіндік пен қатерді талдауды ескеріп, қойылған мақсатқа қол жеткізудің ықтимал жолы мен тәсілін айқындау;
Тармақша 5
5) мақсаттың, міндет пен нәтиже көрсеткішінің логикалық өзара байланысын сақтау;
Тармақша 6
6) әл-ауқат алушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға және ММ-ның өзіндік экономикалық әлеуетін дамытуға бағдарлану;
Тармақша 7
7) қаржыландыру көзі мен іске асыру кезеңі бойынша бөліністе абсолютті мәнде дамыту жоспарын іске асыруға шығыс көлемі туралы ақпаратты қамту;
Тармақша 8
8) тезис форматында қысқаша және нақты баяндау.
Тармақ 8
8. Дамыту жоспарының нәтижесі тоқсан сайын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп беру түрінде ресімделеді.
Тармақ 9
9. Дамыту жоспарының есебіне ММ басшысы қол қояды, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірілмей қаржы мәселелері жөніндегі департаментке беріледі.
Тармақ 10
10. ММ-да келесі жоспарлы кезеңде иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімі дамыту жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. ММ-ның келесі жылы иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімі мен шығысының жоспары:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ММ басшысы және қаржы бөлімшесінің бастығы қол қоған түсіндірме жазбаны;
Тармақша 2
2) барлық қызмет түрі бойынша ММ-ның бекітілген жиынтық жоспарын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 102-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Бюджетті атқару қағидалары) нысан бойынша ММ басшысы, қаржы бөлімшесінің бастығы қол қойған және елтаңбалы мөрімен расталған ММ жоспарын;
Тармақша 4
4) иелігінде өткізуден түскен ақша қалатын республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын ММ тауарының (жұмысының, көрсетілетін қызметінің) тізбесі жіктемесінің әрбір ерекшелігі бойынша шығыс түрі бойынша есепті;
Тармақша 5
5) ағымдағы жылғы баға белгілеу құжаттарын (баға ұсынысын, прайс-парақты, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың көшірмесін (ММ басшысының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен расталған) қамтиды.
Тармақ 12
12. Келесі жылға ММ-ның иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден ақша түсімі мен жұмсалуын жоспарлау процесі мынадай мерзімде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ағымдағы жылғы 10 қаңтарға дейін ақылы қызметті ілгерілетуге жауапты лауазымды адамдар ММ қаржы бөлімшесіне есепті және негіздемені жоспарлайды және ұсынады;
Тармақша 2
2) ағымдағы жылғы 15 қаңтарға дейін ММ қаржы бөлімшесі ұсынылған есептің және негіздеменің толықтығы мен дұрыстығын тексереді;
Тармақша 3
3) ағымдағы жылғы 20 қаңтарға дейін ММ қаржы бөлімшесі Бюджетті атқару қағидаларына сәйкес тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) әрбір түрі бойынша жоспар жасайды және Бюджетті атқару қағидаларына сәйкес Жиынтық жоспар жасау үшін әскери басқару органына (бұдан әрі – ӘБО) жібереді;
Тармақша 4
4) ағымдағы жылғы 25 қаңтарға дейін ӘБО ұсынылған есептің және негіздеменің толықтығы мен дұрыстығын тексереді және Жиынтық жоспар қаржы мәселелері жөніндегі департаментпен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарының бекітуіне жібереді;
Тармақша 5
5) ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін есебі және негіздемесі бар келісілген және бекітілген Жиынтық жоспар келісу үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік мекеменің тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік мекеменің тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу тәртібі
Тармақ 13
13. Заңды және жеке тұлғалардың ақылы қызмет түрін көрсетуі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес немесе тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) жүргізілген төлемге сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады. Ақылы қызмет көрсету туралы шарт бір жылға дейінгі мерзімге жасалады. Заңды және жеке тұлғалар ММ мүддесінде әскери мүлікті жақсартуға және дамытуға салымды жүзеге асырғанда ақылы қызмет көрсету туралы шарт тараптардың келісімі бойынша салынған қаражат көлемін ескеріп, бір жылдан астам мерзімге жасалады.
Тармақ 14
14. ММ Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ММ аумағында (үй-жайында) арнайы бөлінген жерде мынадай ақпаратты орналастырады:
Тармақша 1
1) ММ және оның филиалы (болса) өткізетін тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) тізбесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес ұсынылатын тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тариф.
Тармақ 15
15. Ұсынылатын жұмысқа және көрсетілетін қызметке баға «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген өткізуден түскен ақша иелігінде қалатын кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқық берілген ММ-ның тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тарифімен (бағасымен) айқындалған.
Тармақ 16
16. Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген ақылы қызмет түрін өткізуден түсетін ақша ақылы қызметтің қолма-қол ақшаны бақылау шотына түседі және осы Қағидаларға сәйкес жұмсалады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік мекемелердің тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түскен ақшаны пайдалану тәртібі
4-тарау. Мемлекеттік мекемелердің тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түскен ақшаны пайдалану тәртібі
Тармақ 17
17. ММ-ның тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін қаражат:
Тармақша 1
1) материалдық-техникалық (оқу-материалдық) базаны нығайтуға;
Тармақша 2
2) жабдықты, мүлікті және мүкәммалды (оның ішінде жиһазды) сатып алуға;
Тармақша 3
3) шаруашылық шығысқа (байланыс қызметін, коммуналдық қызметке ақы төлеуге, ағымдағы және шаруашылық мақсат үшін заттар мен материалдарды сатып алуға, тауарды (кеңселік) сатып алуға шығысқа, жабдық пен техниканы пайдалану шығысына);
Тармақша 4
4) ғимарат пен құрылысжайды реконструкциялау және күрделі (ағымдағы) жөндеу, сондай-ақ ғимарат пен құрылысжайға қызмет көрсету жөніндегі қызметке ақы төлеуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығысын өтеу нормалары шегінде зерттеуге, тағылымдама, курс өткізуге, жұмыс пен көрсетілетін қызметке, көрмеге, семинарға, ғылыми конференцияға, қашықтан өткізілетін кеңеске қатысуға, ұшуды орындауға, оның ішінде халықаралыққа қатысуға, сондай-ақ Қазақстан мен шет мемлекеттердің бірлескен жұмысына байланысты ел ішіндегі және одан тыс жердегі іссапар шығысына;
Тармақша 6
6) банк көрсететін қызметке;
Тармақша 7
7) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін электрондық әмиян арқылы соманы енгізуге;
Тармақша 8
8) барлық салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын қоса алғанда, кіріс жоспарын орындау кезінде табыстың 30 %-на дейінгі мөлшерде қосымша ақы, үстемеақы, сыйлықақы және ынталандыру сипатындағы төлемді белгілеуге;
Тармақша 9
9) мемлекеттік сатып алу шеңберінде көрсетілетін қызметті сатып алу шартының талаптарына сәйкес есептелген тұрақсыздық төлемін төлеуге;
Тармақша 10
10) көлік қызметіне ақы төлеуге;
Тармақша 11
11) өкілдік шығысты төлеуге жұмсалады.
Тармақ 17-1
17-1. Инфрақұрылымды күтіп-ұстау, жөндеу және салу, бұйымдарды шығару, сондай-ақ қонақүй ісі қызметін өткізуден түсетін қаражат:
Тармақша 1
1) инфрақұрылым мен жол салу, реконструкциялау, күрделі, ағымдағы жөндеу үшін жабдықты, өлшеу аспаптарын, құрылыс материалдарын, сондай-ақ жиһаз бен металл конструкцияларды сатып алуға;
Тармақша 2
2) автомобиль және арнайы техниканы, сондай-ақ қосалқы бөлшектерді сатып алуға;
Тармақша 3
3) жабдықты, автомобиль және арнайы техниканы жөндеу және күтіп-ұстау бойынша көрсетілетін қызметке;
Тармақша 4
4) материалдық-техникалық базаны күтіп-ұстауға және арттыруға;
Тармақша 5
5) жұмысты (көрсетілетін қызметті) қамтамасыз ету үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдарды, журналдарды және кітаптарды сатып алуға;
Тармақша 6
6) оқытып-үйрету тренингін, семинар мен конференцияны өткізуге, сондай-ақ әкімшілік және техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға;
Тармақша 7
7) жабдықты, материалдық құралдарды, жиһазды және тамақтандыруды ұйымдастыру үшін азық-түлікті сатып алуға және қонақүйді күтіп-ұстауға жұмсалады.
Тармақ 18
18. Мәдениет саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін қаражат:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды тартып, әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
Тармақша 2
2) әскери-патриоттық және спорттық іс-шаралардың (әскери-спорттық және спорттық жарыс пен жиынның, шығармашылық және зияткерлік конкурс пен фестивальдің, форумның) жеңімпаздары мен қатысушыларына естелік кәдесый және типографиялық өнімді, грамотаны сатып алуға;
Тармақша 3
3) іс-шараларға қатысатын делегацияға және олармен бірге жүретін адамдарға кофе-брейк өткізуге;
Тармақша 4
4) жеке құрам және патриоттық іс-шараларға қатысушылар үшін киім нысанын сатып алуға және тігуге (экскурсияны жетекшісүргізушінің костюмі, сахналық костюм);
Тармақша 5
5) әскерге шақыру жасына дейінгі жастармен әскери-патриоттық және білім беру іс-шараларын өткізуге және өткізуге үй-жайды жайластыруға;
Тармақша 6
6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырысы (өтінімі) бойынша оқыту үшін үй-жайды, жабдықты жалға алуға, оқу құралын, көрнекі материалды сатып алуға;
Тармақша 7
7) жабдықты, мүкәммалды, оның ішінде музыкалық аспапты, дыбыстық жабдықты және шығыс материалын (барабанға пластик, барабанға таяқша, батарея, түтін генераторына сұйықтық) сатып алуға;
Тармақша 8
8) музыкалық аспапты, дыбыстық жабдықты жөндеуге және сахналық костюмге;
Тармақша 9
9) мәдени ескерткіштерді реставрациялауға және тұрғызуға;
Тармақша 10
10) экспонаттар мен мұражай құндылығын сатып алуға;
Тармақша 11
11) мұражай құндылығын сақтауға және қалпына келтіруге;
Тармақша 12
12) ғылыми еңбектерді, оқу құралын, экскурсиялық мәтіндерді түзетуге және аударуға;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасында және шетелде экспозициялық-көрме қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ шет елдердің көрмелерін қабылдауға және ұйымдастыруға жұмсалады.
Тармақ 19
19. Спорт саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін қаражат:
Тармақша 1
1) үй-жайды, көлік құралы мен жабдықты жалға алуға, жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы (өтінімі) бойынша оқыту үшін оқу құралын, көрнекі материалды сатып алуға;
Тармақша 2
2) оқытып-үйрету семинарын, тренинг, конференция өткізуге, сондай-ақ Қарулы Күштерінің дене дайындығы мамандардың, жаттықтырушының және инструктордың біліктілігін арттыруға;
Тармақша 3
3) көрме, семинар, конференция, оның ішінде халықаралық, дөңгелек үстел, конкурс шеңберінде кофе-брейк өткізуге, кәдесый өнімін сатып алуға, ақшалай сыйақыға;
Тармақша 4
4) республикалық және халықаралық спорт іс-шараларды өткізуге;
Тармақша 5
5) асхананы ұстауға (жалақыға, азық-түлік сатып алуға, жабдық пен мүкәммал сатып алуға, күрделі жөндеуге);
Тармақша 6
6) сауықтыру іс-шараларына;
Тармақша 7
7) жарысқа қатысушылардың тамақтануы бойынша шығысты жабуға, төрешінің (судьяның) және медицина қызметкерінің еңбегіне ақы төлеуге;
Тармақша 8
8) тәуелсіз мемлекеттер елдері және шет елдер қатысушыларының тұруына және тамақтануына өкілдік шығысқа;
Тармақша 9
9) спорттық іс-шараларға қатысқаны үшін жарнаға жұмсалады.
Тармақ 20
20. Әскери медицина саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін қаражат:
Тармақша 1
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде клиникалық хаттамаға және дәрілік заттар мен медициналық бұйым тізбесіне сәйкес бірыңғай дистрибьютордан тиісті жылға сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымды, шығыс материалын, сондай-ақ дәріқобдишаны, арнайы емдік өнімді сатып алуға (қамтамасыз етуге);
Тармақша 2
2) «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтандырудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес пациентті тамақтандыру және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтауға;
Тармақша 3
3) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметті сатып алу шартының талаптарына сәйкес есептелген тұрақсыздық төлемін төлеуге;
Тармақша 4
4) медициналық ақпарат жүйесі көрсететін қызметке, медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуге ақы төлеуге;
Тармақша 5
5) дәрігер мен орта медицина персоналдардың біліктілігін арттыруға жұмсалады.
Тармақ 21
21. Білім және ғылым саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін қаражат:
Тармақша 1
1) барлық салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеуге қатысатын зерттеу тобы жетекшісінің және мүшелерінің, ақылы білім беру қызметін көрсететін жалдамалы қызметкерлердің (профессор-оқытушы құрамының) еңбегі үшін сыйақыға;
Тармақша 2
2) зерттеуді орындау үшін қажетті ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертхана, өзге де зертхана, басқа да ұйым көрсететін қызметке, оның ішінде конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасына;
Тармақша 3
3) зерттеу үшін шығыс материалын, жабдықты, техника мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға, сондай-ақ оларды күтіп-ұстауға;
Тармақша 4
4) ғылыми зерттеу жарияланымын дайындауға және нәтижесін жариялауға;
Тармақша 5
5) ғылыми зерттеу шеңберіндегі түзетуге;
Тармақша 6
6) ғылыми зерттеу шеңберінде басқа пайдаланушының абонементін, оның ішінде отандық және шетелдік электрондық дерекқорын (ресурсын), технопарк жабдығы мен шығыс материалын пайдалану үшін сатып алуға;
Тармақша 7
7) ұжымдық пайдалану зертханасын және басқа ұйымның ғылыми-эксперименттік базасын жалға алуға;
Тармақша 8
8) зерттеу үшін үй-жайды, жабдықты және техниканы жалға алуға;
Тармақша 9
9) қосымша оқу бағдарламасы бойынша оқу процесін ұйымдастыруға;
Тармақша 10
10) кітапхана қорын толықтыру үшін электрондық жинақ пен дерекқорды сатып алуға;
Тармақша 11
11) оқу және ғылыми мақсат үшін бейнеролик, бейнефильм, аудиожазба дайындауға;
Тармақша 12
12) конференция, семинар, дөңгелек үстел, конкурс, жарыс, олимпиада, оның ішінде халықаралық, шеңберінде кофе-брейк өткізуге, кәдесый өнімін, естелік сыйлық сатып алуға;
Тармақша 13
13) баспа және полиграфиялық өнімді дайындау мақсатында шығыс материалы мен жабдығын сатып алуға;
Тармақша 14
14) жарысқа, олимпиадаға, оның ішінде халықаралық, қатысушылардың тамақтануы бойынша шығысты жабуға;
Тармақша 15
15) оқу процесі үшін оқу құралын, көрнекі материалды сатып алуға;
Тармақша 16
16) оқыту тренингін, семинарын өткізуге;
Тармақша 17
17) диссертациялық кеңес мүшелерінің және шетелдік ғалымдарды, жас ғалымдарды (постдокторанттарды, докторантура, магистратура және бакалавриат студенттерін) қоса алғанда, ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі зерттеу тобының құрамына еңбек ақы төлеуге жұмсалады.
Тармақ 22
22. Әскери-теңіз саласында тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін қаражат:
Тармақша 1
1) жұмыс (көрсетілетін қызмет) үшін шығыс материалын, жабдықты, мүлікті, мүкәммалды және бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;
Тармақша 2
2) оқу-жаттығу (жаттығу), конференция, семинар, дөңгелек үстел, оның ішінде халықаралық, шеңберінде кофе-брейк өткізуге, кәдесый өнімін, естелік сыйлықты сатып алуға;
Тармақша 3
3) материалдық-техникалық қамтамасыз ету, навигациялық-гидрографиялық, авариялық-құтқару, сүңгуірлік жабдық пен мүлікті, сигналдық құралды сатып алу жөніндегі шығысты жабуға;
Тармақша 4
4) гидрографиялық, топогеодезиялық және гидрометеорологиялық жабдықты қолданыс күйінде ұстауға (қызмет көрсету, тексеру, жөндеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту);
Тармақша 5
5) оқу процесі және жұмысты (қызметті) қамтамасыз ету үшін оқу құралын, көрнекі материал, журнал және кітап сатып алуға;
Тармақша 6
6) оқытып-үйрету тренингін, семинар, конференция өткізуге жұмсалады.
Тармақ 23
23. Әуежайлық және авиациялық қызмет бойынша көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін қаражат:
Тармақша 1
1) әуеайлақты жөндеу үшін құрылыс материалын сатып алуға;
Тармақша 2
2) ұшуды жерүсті қамтамасыз ету және радиотехникалық қамтамасыз ету құралының техникасын сатып алуға;
Тармақша 3
3) әуеайлақтық, авиациялық техниканы жөндеу және күтіп-ұстау және радиотехникалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке;
Тармақша 4
4) әуеайлақ пен авиациялық техника үшін тауар-материалдық құндылықты сатып алуға;
Тармақша 5
5) әуеайлақты күтіп-ұстау бойынша көрсетілетін қызметке;
Тармақша 6
6) оқытып-үйрету семинарын, тренинг, конференция өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 168қбпү бұйрығымен бекітілген авиация персоналының біліктілігін арттыруға;
Тармақша 7
7) әуежайлық және аэронавигациялық көрсетілетін қызметке, метеоқадағалау бойынша көрсетілетін қызметке, борттағы қуаттандыру және интернет желісі бойынша көрсетілетін қызметке жұмсалады.
Тарау 5. 5-тарау. Әскери медицина саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу ерекшелігі
5-тарау. Әскери медицина саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу ерекшелігі
Тармақ 24
24. Осы Қағидаларға сәйкес әскери-медициналық мекемелерде әскери медицина саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері (бұдан әрі – әскери медицина бойынша көрсетілетін ақылы қызмет):
Тармақша 1
1) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ (бұдан әрі – Қор) мен әскери-медициналық мекемелер арасында жасалған медициналық көрсетілетін қызметті сатып алу шарты негізінде;
Тармақша 2
2) шарттық негізде: «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21559 болып тіркелген); халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызмет көрсету бойынша; медицина және фармацевт кадрының қосымша және формальды емес білім алуы бойынша; алғашқы көмек көрсету дағдысы бойынша сертификатталған жаттықтырушылар мен нұсқаушыларды даярлау бойынша; дәрілік заттар мен медициналық бұйымды қоймада сақтау бойынша; медициналық техниканы жөндеу және техникалық (сервистік) қызмет көрсету бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Әскери-медициналық мекемелерде медициналық көмек көрсету «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР-ДСМ-27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) және «Амбулаториялық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады. Медицина қызметкері профилактиканың, диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың анағұрлым тиімді әдістерін таңдау кезінде клиникалық хаттаманы, сондай-ақ «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) басшылыққа алады.
Тармақ 26
26. Медициналық көмек медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушыларға мынадай жағдайда:
Тармақша 1
1) тәулік бойы медициналық байқау мен емдеуді көздемейтін амбулаториялық жағдайда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде;
Тармақша 2
2) тәулік бойы медициналық байқауды, емдеуді, күтім жасауды, сондай-ақ тамақтанумен төсек-орын беруді көздейтін стационарлық жағдайда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін бірінші тәулік ішінде тәулік бойы байқауды көздейтін «бір күн» терапия және хирургия болған жағдайда;
Тармақша 3
3) тәулік бойы медициналық байқауды, емдеуді қажет етпейтін, төсек-орын беріп, күндізгі уақытта медициналық байқауды, сондай-ақ емдеуді көздейтін стационарды алмастыратын жағдайда ұсынылады.
Тармақ 27
27. Әскери-медициналық мекеме жасалған медициналық көрсетілетін қызметті сатып алу шарты шеңберінде құжаттаманы толтыруды және беруді денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық ақпараттық ресурсы арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Әскери-медициналық мекеме көрсетілетін қызметті сатып алу шарты бойынша міндеттеменің бір бөлігін орындау үшін дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектісімен бірлесіп орындаудың азаматтық-құқықтық шартын жасайды, сондай-ақ Сатып алу қағидаларына сәйкес бірлесіп орындаушы ретінде тартылады.
Тармақ 29
29. Қор осы Қағидалардың 24-тармағының 1) тармақшасына сәйкес көрсетілген әскери медицина бойынша ақылы қызметке ақы төлеуді «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ақы төлеу қағидалары) жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Осы Қағидалардың 24-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әскери медицина бойынша ақылы қызмет көрсету кезінде «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) бекітілген тариф пайдаланылады. Осы Қағидалардың 24-тармағының 1) тармақшасына сәйкес көрсетілген әскери медицина бойынша ақылы қызмет үшін төлем құжаттарын, есеп пен нысанды қалыптастыру, сондай-ақ оларды Қорға ұсыну Ақы төлеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Осы Қағидалардың 24-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әскери медицина бойынша ақылы қызмет көрсету кезінде әскери-медициналық мекеменің басшысы бекітетін тариф пайдаланылады.
Тармақ 32
32. Бірлесіп орындау шарты бойынша міндеттемені орындайтын әскери-медициналық мекемеге көрсетілген медициналық қызмет үшін ақы төлеуді Қормен жасалған медициналық көрсетілетін қызметті сатып алу шарты шеңберінде бірлесіп орындау шарты жасалған денсаулық сақтау субъектісі жүзеге асырады. Бірлесіп орындаушы медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушыларға медициналық көмек көрсеткен кезде әскери медицина бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеуді әскери-медициналық мекеме жүзеге асырады.
Басқа 1. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері өткізетін тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) тізбесі
Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларына 1-қосымша Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері өткізетін тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) тізбесі
Тармақ 1
1. Мәдениет саласындағы өткізілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) фото-, бейнетүсірілім бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 2
2) мәдени, мәдени-бұқаралық, патриоттық, оның ішінде Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілі емес жеке және заңды тұлғалармен бірге іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша көрсетілетін қызмет (жиынды, салтанатты іс-шараны, концертті, қабылдауды, форумды, конференция мен кинотүсірілімді ұйымдастыру және өткізу);
Тармақша 3
3) жетекші шығармашылық ұжымдар көрсететін қызмет;
Тармақша 4
4) концерттік (шығармашылық, эстрадалық-би) ұжымдардың өнер көрсетуі бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 5
5) залды (ғимаратты, құрылысжайды, үй-жайды) беру бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 6
6) әскери оркестрдің өнер көрсетуі бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 7
7) концерттік үй-жай мен алаң үшін мүкәммал (жабдық) беру бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 8
8) оқытып-үйрету үйірмелері мен квесттер ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 9
9) өткізілетін мәдени-демалыс іс-шаралары шеңберінде қонақүй қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) көшпелі көрмені ұйымдастыру және өткізу бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 11
11) мұражайға экскурсиямен және онсыз бару бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 12
12) құқық иесiнiң рұқсатымен экспонаттың, қарудың және мұрағаттық құжаттардың макетін, көшiрмесiн реставрациялау жұмысы, жасау, реконструкциялау бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 13
13) кәдесый және полиграфиялық өнімді жасау және өткізу бойынша көрсетілетін қызмет.
Тармақ 2
2. Спорт саласындағы өткізілетін көрсетілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық көрсетілетін қызмет;
Тармақша 2
2) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілі емес жеке және заңды тұлғалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша көрсетілетін қызмет (жарысты, арнайы кешенді спорттық іс-шараны ұйымдастыру және өткізу);
Тармақша 3
3) спорттық керек-жарақты және спорттық құрылысжайды беру бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 4
4) кейіннен олардың басқа дене шынықтыру-спорттық ұйымға ауысуы жағдайын іске асырып, спортшылар мен жаттықтырушыларды даярлау бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 5
5) медициналық оңалту бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 6
6) мекемеде өткізілетін іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 7
7) қонақүйлік көрсетілетін қызмет;
Тармақша 8
8) Алматы қаласындағы оқу-жаттықтыру базасында арнайы (таудағы (альпинистік) даярлық бойынша сабақ) және Панфилов оқу-жаттықтыру базасында сүңгуірлік даярлық және Алматы қаласындағы оқу-жаттықтыру базасында оқ ату даярлығы бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 9
9) демалысты (оның ішінде сауықтыру) ұйымдастыру, мекеме өткізетін әртүрлі іс-шараға қатысушыларды тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 10
10) Щучинск қаласындағы оқу-жаттықтыру базасында ойын-сауықты және туристік қызметті ұйымдастыру және жүргізу бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 11
11) қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және іс-шараларды өткізу үшін асхана мен буфеттің асхана залын беру қызметі;
Тармақша 12
12) спорттық іс-шараны фото-, бейне түсіруді ұйымдастыру, бейне-роликті монтаждау бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 13
13) спорттық киімнің, кәдесый өнімі мүкәммалының бөлшек саудасы (оның ішінде қашықтан сауда жасау тәсілімен) бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 14
14) автомобиль және арнайы көлік қызметін ұсыну.
Тармақ 3
3. Әскери медицина саласындағы өткізілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысымен бекітілген ТМККК тізбесі шеңберіндегі медициналық көмек;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 қазандағы № 421 қаулысымен бекітілген МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек тізбесі шеңберіндегі медициналық көмек;
Тармақша 3
3) ТМККК тізіміне және (немесе) МӘМС жүйесіне енгізілмеген медициналық көмектің қосымша көлемі;
Тармақша 4
4) бактериологиялық, вирусологиялық, иммунологиялық және паразитологиялық зерттеулер;
Тармақша 5
5) физикалық факторларды, микроклиматты, шуды, дірілді, жарықтың берілуін өлшеу;
Тармақша 6
6) судың химиялық талдауы;
Тармақша 7
7) объектілерді радиометриялық зерттеу;
Тармақша 8
8) дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыс;
Тармақша 9
9) медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
Тармақша 10
10) семинар, шеберлік сыныбын, конференция өткізу;
Тармақша 11
11) алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша сертификатталған жаттықтырушылар мен нұсқаушылар курсын өткізу;
Тармақша 12
12) дәрілік заттар мен медициналық бұйымды қоймада сақтауды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) медициналық техниканы жөндеу мен техникалық (сервистік) қызмет көрсету.
Тармақ 4
4. Навигациялық-гидрографиялық саладағы өткізілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) алаңдық зерттеу тәсілімен түп рельефін егжей-тегжейлі түсіру бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 2
2) өлшеу әдісімен түп рельефін егжей-тегжейлі түсіру бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 3
3) теңіз түбіндегі табиғи және техногендік пайда болған объектілерді іздеу және сәйкестендіру;
Тармақша 4
4) жүзуші навигациялық жабдық құралдарын қою және алу;
Тармақша 5
5) навигациялық жабдық құралдарының жүзуін бақылау;
Тармақша 6
6) барлық навигациялық құралдар-жабдықтар түрлеріне қызмет көрсету;
Тармақша 7
7) су түбін тереңдету, жөндеу, су түбін қазу, теңіз инженерлік ізденістер жұмысын навигациялық-гидрографиялық сүйемелдеу;
Тармақша 8
8) су түбін тереңдету техникасын орналастыру, таңдалған топырақ көлемін есептеп, су түбі рельефінің кіріс, бақылау және орындау түсірілімін орындау;
Тармақша 9
9) теңіз және жаға құрылысы жұмысын навигациялық-гидрографиялық сүйемелдеу;
Тармақша 10
10) жағаның іргелес бөлігін топографиялық зерттеу;
Тармақша 11
11) ауа райы, теңіз деңгейі туралы жедел ақпарат беру;
Тармақша 12
12) дәл орнын анқытау сервисіне қол жеткізуді ұсыну (теңіз жергілікті саралау станциясынан сараланған түзету беру);
Тармақша 13
13) цифрлық теңіз навигациялық картасын сату;
Тармақша 14
14) қағаздағы теңіз навигациялық картасын сату;
Тармақша 15
15) навигациялық-гидрографиялық жағдай, Каспий теңізінің қазақстандық секторын және оның жағалауын картографиялық және гидрографиялық зерделеу бойынша ақпараттық-анықтамалық және талдау ақпаратын сату (лоция, ақпараттық анықтамалық);
Тармақша 16
16) теңізде жүзу қауіпсіздігі, навигациялық жабдық құралдары, кеменің жүзу жолы бойынша жобалау және жұмыс құжаттамасының кіші бөлімдерін әзірлеу;
Тармақша 17
17) аспаптық бағалаумен су түбінің рельефін егжей-тегжейлі түсіру көрсетілетін қызметі (гидролокациялық тексерумен үйлесімділікте);
Тармақша 18
18) әртүрлі стационарлық және қалқымалы объектілерді, соның ішінде бұрғылау платформаларын үйлестіру және орнату;
Тармақша 19
19) суасты құбырын жүргізудің болжамды дәлізі картасын, оның ішінде 3D форматта жасау;
Тармақша 20
20) әртүрлі гидротехникалық құрылысжайды (суасты құбыр жолы, айлақ, жасанды арал) тексеру және бақылау;
Тармақша 21
21) жағалау аймағын тахеометриялық түсіру (егжей-тегжейлі жоспарлау үшін, су басу және кептіру орындарын зерттеу);
Тармақша 22
22) жоспарлы-биіктік геодезиялық желілерді (түсірілім және тірек) жасау;
Тармақша 23
23) Каспий теңізі жағалауындағы литодинамикалық процестерді бағалау мақсатында өзге де арнайы гидрографиялық жұмысты жүргізу (негізгі жармада өлшеу, сырғанауды бағалау үшін жыл сайынғы мерзімді түсірілімдер).
Тармақ 5
5. Сүңгуір саласындағы өткізілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) сүңгуір курсы;
Тармақша 2
2) корабль (кеме) корпусының суасты бөлігін қарау, жөндеу, тазалау.
Тармақ 6
6. Теңіз көлік тасымалы саласындағы өткізілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) кемелерді және жүзетін құралдарды тартып жүзу;
Тармақша 2
2) жүкті теңізбен жеткізу.
Тармақ 7
7. Әуежай қызметі саласындағы өткізілетін қызмет:
Тармақша 1
1) ұшу-қону жолағын беру бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 2
2) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 3
3) әуе кемесiне тұрақ орнын беру бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 4
4) жүкті өңдеу бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 5
5) әуеайлақта жүкті жеткізу бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 6
6) әуе кемесіне қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 7
7) әуе кемесін авиациялық жанар-жағармай материалымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 8
8) әуе кемесін авиациялық жанар-жағармай материалын және арнайысұйықты сақтау бойынша көрсетілетін қызмет
Тармақ 8
8. Авиациялық қызмет саласындағы өткізілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) әскери-көлік және армиялық авиациямен әуе тасымалы саласында өткізілетін қызмет (мемлекеттік емес ұйымдар үшін);
Тармақша 2
2) өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тартып, әскери-көлік және армиялық авиациямен әуе тасымалы саласында өткізілетін қызмет;
Тармақша 3
3) халықаралық міндеттемелерді орындау үшін әскери-көлік авиациясымен әуе тасымалы саласында өткізілетін қызмет;
Тармақша 4
4) іздеу-құтқару жұмысына тартылған кезде әскери-көлік және армиялық авиациямен әуе тасымалы саласында өткізілетін қызмет.
Тармақ 9
9. Білім және ғылым саласындағы ақылы негізде өткізілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) оқу-әдістемелік, баспа және полиграфиялық өнімді әзірлеу және (немесе) өткізу;
Тармақша 2
2) ғылыми және қорғаныстық зерттеу жүргізу;
Тармақша 3
3) функционалдық арналуы бойынша ғылыми-эксперименттік, оқу-материалдық, спорттық базаны, сондай-ақ конференц-залды, брифинг-залды, акт залын және дәрісхана беру;
Тармақша 4
4) әскери кафедра студенттері үшін әскери-оқу практикасын ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 5
5) әскери кафедраларға ақылы негізде әскери мүлік беру;
Тармақша 6
6) бастапқы әскери даярлық, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық оқытушыларын, азаматтарды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлау мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
Тармақша 7
7) әскери міндеттерлердің курстық даярлықтан өтуі;
Тармақша 8
8) бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау;
Тармақша 9
9) лицензиялық шарт бойынша ғылыми зерттеу нәтижесіне зияткерлік құқық беру;
Тармақша 10
10) рецензияланатын ғылыми басылымда ғылыми мақала жариялау және конференция жинағын жасау бойынша қызмет көрсету.
Тармақ 10
10. Инфрақұрылымды күтіп-ұстау, жөндеу және салу, бұйымдарды шығару, кірме жолдарды жасау, тиеу-түсіру жұмысы, тауарды сақтау, сондай-ақ қонақүй ісі саласындағы ақылы негізде өткізілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) ғимараттарды, автомобиль жолдарын және жасанды құрылысжайларды салу, жөндеу, реконструкциялау;
Тармақша 2
2) абаттандыру және көгалдандыру;
Тармақша 3
3) қарды, қатты-тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинау және шығару;
Тармақша 4
4) жер қазу жұмысы және топырақ үю;
Тармақша 5
5) ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу;
Тармақша 6
6) бетон бұйымдарын дайындау;
Тармақша 7
7) қиыршық тас (шағыл тас) және құм карьерлерін жасау;
Тармақша 8
8) жиһаз жасау;
Тармақша 9
9) металдан жасалған бұйымдарды шығару және монтаждау;
Тармақша 10
10) терезелерді, есіктерді қоса алғанда, пластиктен жасалған бұйымдарды шығару және монтаждау, сондай-ақ орнату және қызмет көрсету бойынша қосымша жұмысты орындау;
Тармақша 11
11) металл құрылысжайлар мен конструкцияларды дайындау және монтаждау;
Тармақша 12
12) металл қоршаулар мен бөгеттерді дайындау және монтаждау;
Тармақша 13
13) кірме теміржол бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 14
14) теміржол рампасындағы тиеу-түсіру қызметі;
Тармақша 15
15) жасалған шарттар шеңберінде тауарды жауапты сақтау қызметі;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлік (автомобиль) логистикасы.
Тармақ 11
11. Қонақүй ісі саласындағы ақылы негізде өткізілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) нөмірлерді беру;
Тармақша 2
2) тұрмыстық қызмет көрсету;
Тармақша 3
3) тамақтандыру.
Басқа 2. Ақылы көрсетілетін қызметтерді дамыту және ілгерілету жоспары
Қарулы Күштер республикалық мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларына 2-қосымша Бекітемін Мемлекеттік мекеменің басшысы ________________________________ (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі) 20___жылғы «____»___________ Ақылы көрсетілетін қызметтерді дамыту және ілгерілету жоспары Мемлекеттік мекеменің атауы________________________________________ _____________________________жылдарға (жоспарлы кезең) Өлшем бірлігі: мың теңге Р/с № Та­у­ар­дың (жұ­мыстың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің) ата­уы Қыз­мет нәти­же­сі бой­ын­ша қол жет­кі­зу мақ­са­ты Қол жет­кі­зу жо­лы Қар­жы­лан ды­ру кө­зі (ақы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет есе­бі­нен) Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі (бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен) Ал­дың ғы жыл­дың жос­па­ры Ал­дың ғы жыл­дың фак­ті­сі Жос­пар­лы ке­зең Жос­пар­ды нақ­ты­лау (тү­зе­ту) Негіз­де­ме (көр­се­ту) 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Мемлекеттік мекеме басшысының жетекшілік ететін орынбасары_________________________________ (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі) Қаржы бөлімшесінің бастығы _________________________________________________________________ (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)
Басқа 3. Мемлекеттік мекеменің ақылы көрсетілетін қызметті дамыту жоспарының іске асырылуы туралы есебі
Қарулы Күштер республикалық мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларына 3-қосымша Бекітемін Мемлекеттік мекеменің басшысы ________________________________ (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі) 20___жылғы «____»___________ Мемлекеттік мекеменің ақылы көрсетілетін қызметті дамыту жоспарының іске асырылуы туралы есебі Мемлекеттік мекеменің атауы _______________________________________ Есепті кезең _____________________________ Өлшем бірлігі: мың теңге Р/с№ Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы Кірістің орындалуы туралы ақпарат Қол жеткізу % Ауытқу себебі Кірістің орындалуы туралы ақпарат Қол жеткізу % Ауытқу себебі жоспар факт жоспар факт 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Мемлекеттік мекеме басшысының жетекшілік ететін орынбасары __________________________________ (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі) Қаржы бөлімшесінің бастығы _________________________________________________________________ (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден ақшаның түсуі мен жұмсалу жоспарына түсіндірме жазба
Қарулы Күштер республикалық мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларына 4-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден ақшаның түсуі мен жұмсалу жоспарына түсіндірме жазба Мемлекеттік мекеменің атауы:__________________ Ақылы қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтің қысқаша сипаттамасы Жылдың басына қаражаттың қалдығы (мың теңгеде) кодтар мен филиалдар (бар болса) бөлігінде. Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен кірістің жоспарланатын сомасы (мың теңгеде) кодтар мен филиалдар (бар болса) бөлігінде. Жоспарланатын кірістің қысқаша сипаттамасы. Шығыстың жоспарланатын сомасы (мың теңгеде) кодтар, ерекшелік пен филиалдар (бар болса) бөлігінде. Жоспарланатын шығыстың қысқаша сипаттамасы. Мемлекеттік мекеменің бастығы ______________________________ Қаржы бөлімшесінің бастығы _________________________________