Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания Қолданыста
Басқа 0
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен
мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына және 16-бабының 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат Институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2025 жылғы 29 мамырдағы
№ 11-1-4/323 бұйрығымен
бекітілді
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына және 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын айқындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тікелей шығыстар – көрсетілетін қызметтердің ерекшелігіне тікелей байланысты шығыстар;
Тармақша 2
2) шартты-тұрақты шығыстар – қызметті жүзеге асыру, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін жағдайлар жасау жөніндегі шығыстар.
Тарау 2. 2- тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2- тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындар құрылымында көрсетілген, негіздеуші құжаттармен расталған тікелей және шартты-тұрақты шығыстар ескеріледі.
Тармақ 4
4. Тікелей шығыстар осы көрсетілетін қызметтерге тікелей байланысты шығындар жататын, қызметтерді көрсету үшін қажетті ресурстар негізге алына отырып айқындалады.
Шартты-тұрақты шығыстарды көрсетілетін қызметтер құнына қосу үшін қызметтерді орындаушының даму жоспарының көрсеткіштері негізге алынады.
Тармақ 5
5. Келесі жоспарлы кезеңге көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде қаржы нарығының валюталардың айырбастау бағамдарына әсері, инфляция коэффициенті және шарттық міндеттемелерді орындау мерзімінің ұзақтығы ескеріледі.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметтер құны осы Қағидалардың 2-қосымшасына сай көрсетілетін қызметтер құнының есебіне сәйкес айқындалады.
Басқа 1. Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған
шығындардың құрылымы
Зерттеулердің, консалтингтік
көрсетілетін қызметтер мен
мемлекеттік тапсырманың
құнын айқындау қағидаларына
1-қосымша
Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған
шығындардың құрылымы
Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындардың құрылымы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) тікелей шығыстар:
қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар (лауазымдық жалақы, қосымша ақылар, үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, сыйлықақылар);
жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары);
іссапар шығыстары;
көрсетілетін қызметті іске асыру үшін қосалқы мердігер ретінде тартылатын сыртқы сарапшыларды тарту бойынша шығыстар;
тікелей қызметті орындау үшін қажетті (оның ішінде конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу кезінде) полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін: сауалнамаларды, бағыт парақтарын, карточкаларды, зерттеу есептерін, тест тапсырмаларын көбейту, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);
конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу үшін үй-жайлар мен жабдықтарды жалға алу бойынша шығыстар;
конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу кезіндегі көлік қызметтері;
конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізуге байланысты шығыстар (дәйекті және ілеспе аударма қызметтері, шақырылған сарапшылардың қаламақылары, бөтелкедегі су, бір реттік стақандар);
ақпараттық қызметтер (мерзімді, оның ішінде электрондық басылымдарға және ақпараттық жүйелерге жазылу);
аударма қызметтері (жазбаша аударма);
Тармақша 2
2) шартты-тұрақты шығыстар:
қорлар бойынша шығыстар;
әкімшілік персонал қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар (лауазымдық жалақы);
жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары);
негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді ұстау және жөндеу;
коммуналдық шығыстар (жылу энергиясы, электр энергиясы, сумен жабдықтау, су бұру және қоқыс шығару жөніндегі шығыстар);
байланыс қызметтері (пошталық, курьерлік қызметтер, Интернет, телефон байланысы, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс қызметтері);
ақпараттық қызметтер (кабельдік теледидар);
салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мүлік салығы, көлік құралдары салығы, жер салығы);
банк қызметтері;
күзету бойынша қызметтер;
өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптарды сақтау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 449-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығы.
Басқа 2. Көрсетілетін қызметтердің құнының есебі
Зерттеулердің, консалтингтік
көрсетілетін қызметтер мен
мемлекеттік тапсырманың
құнын айқындау қағидаларына
2-қосымша
Көрсетілетін қызметтердің құнының есебі
Тармақ 1
1. Көрсетілетін қызмет құны мына формула бойынша есептеледі:
Қ = Тш + Бш + ҚҚС, мұнда:
Тш – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және жұмыс берушiлердiң жарналары бойынша шығыстарсыз тікелей шығыстар;
Бш – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды, жұмыс берушiлердiң жарналарын және шартты – тұрақты шығыстарды (бұдан әрі-қызмет құнының бөлінетін бөлігі) қамтитын еңбек шығынына қарай бөлінетін шығыстар;
ҚҚС – қосылған құн салығы.
Тармақ 2
2. Қызмет құнының бөлінетін бөлігі мына формула бойынша есептеледі:
Бш = ЕШ * СМ, мұнда:
ЕШ – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге адам-сағаттағы еңбек шығындары;
СМ – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкердің сағаттық мөлшерлемесі.
Тармақ 3
3. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге адам-сағаттағы еңбек шығындары мына формула бойынша есептеледі:
ЕШ = А * Сағ * ЖКО, мұнда:
А – қызметті орындау айларының саны;
Сағ – бір күнгі қызметті орындау сағаттарының саны;
ЖКО – тиісті жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес жұмыс күндерінің орташа айлық саны.
Тармақ 4
4. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге сағаттық мөлшерлеме мына формула бойынша есептеледі:
ЕА – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар, жұмыс берушiлердiң жарналары;
ШТШа – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге айына келетін шартты-тұрақты шығыстар;
ЖСО – тиісті жылға арналған жұмыс уақытының балансына сәйкес жұмыс сағаттарының орташа айлық саны.
Тармақ 5
5. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге келетін шартты-тұрақты шығыстар айына мына формула бойынша есептеледі:
ШТШж – жылына қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге келетін шартты-тұрақты шығыстар.
Тармақ 6
6. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге келетін шартты-тұрақты шығыстар жылына мына формула бойынша есептеледі:
ШТШд – даму жоспары бойынша шартты-тұрақты шығыстар;
С – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің саны.