Об утверждении Правил составления отчетности об использовании целевого перечисления, формы и сроки ее представления, а также требования к предоставляемой информации о ходе и результатах использования целевого перечисления Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау қағидаларын, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 168-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау қағидаларын, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 30 маусымды қоса алғанда қолданылады.
Басқа 0. Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау қағидалары, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы «25» мамырдағы №264 бұйрығымен бекітілген Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау қағидалары, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау қағидалары, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 168-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – Коммерциялық емес ұйым) тек қана ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, органдар мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті (бұдан әрі – есеп) жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және олардың нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты, өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген функцияларға, өкілеттіктер мен құзыреттерге сәйкес айқындалатын мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) есеп – коммерциялық емес ұйымның нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілігі;
Тармақша 3
3) коммерциялық емес ұйым – кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау және ұсыну тәртібі, оның нысандары мен ұсыну мерзімдері
2-тарау. Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау және ұсыну тәртібі, оның нысандары мен ұсыну мерзімдері
Тармақ 3
3. Коммерциялық емес ұйым осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес есепті жасайды және ұсынады.
Тармақ 4
4. Есеп онда көзделген көрсеткіштерге дәл сәйкестікпен толтырылады. Ағымдағы есепті кезеңге де, сол сияқты алдыңғы кезеңге де (олар бекітілгеннен кейін) қатысты есеп деректерін өзгерту деректердің бұрмалануы анықталған кезеңде жасалған есепте жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Есепке, тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсете отырып, коммерциялық емес ұйымның бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам және бас бухгалтер қол қояды. Есепке бірінші және екінші қол қою құқығы туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Тармақ 6
6. Коммерциялық емес ұйым осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қол қойылған және мөрмен расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесін ұсынады.
Тармақ 7
7. Есепті коммерциялық емес ұйым: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей; жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 8
8. Есепті жасау кезінде коммерциялық емес ұйым Бюджет кодексінің 168-бабы 11-тармағының және осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарын басшылыққа алады.
Тарау 3. 3-тарау. Нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар
3-тарау. Нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар
Тармақ 9
9. Нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарда: Коммерциялық емес ұйымның есепті кезеңдегі тиісті бюджеттің шығыстары бойынша кассалық негізде жүзеге асырылатын барлық операциялары көрсетіледі; бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылатын шығындар баптары бойынша, оның ішінде нысаналы аударымды пайдалану нәтижелері туралы толық және анық деректерді (цифрларды) қамтиды.
Басқа 1. Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есеп
Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау қағидаларын, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарға қосымша Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есеп Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 217 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік бағдарлама 099 Нысаналы аударым Заңды тұлға Халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін, тек қана ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, органдар мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым Кезеңділігі тоқсан сайын, жыл сайын Өлшем бірлігі мың теңге Бюджет түрі республикалық бюджет Атауы Жоспар Іс жүзінде орындау Қалдық Көрсеткішті орындау пайызы есепті кезеңге жыл басынан бастап есепті кезеңге жыл басынан бастап есепті кезеңге жыл басынан бастап жыл басынан бастап (5-баған / 3-баған 3*100) 1 2 3 4 5 6 7 8 Барлық шығыстар, оның ішінде: Ақпараттандыру бойынша шығыстар «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» акционерлік қоғамы, оның ішінде: Еңбекақы төлеу қоры Директорлар кеңесінің сыйақысы және оңы ұстау Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті, оның ішінде: Еңбекақы төлеу қоры Сот, оның ішінде: Еңбекақы төлеу қоры Халықаралық төрелік орталығы, оның ішінде: Еңбекақы төлеу қоры Басшы ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы) Бас бухгалтер ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы)