Об определении банка-заемщика для кредитования субъектов малого предпринимательства по приоритетным направлениям Қолданыста
Басқа 0
Басым бағыттар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру үшін заемшы банкті анықтау туралы
«Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін
бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына, "Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін облыстық бюджет қаржысы есебінен кредит беру Қағидасын бекіту туралы" облыс әкімиятының 2004 жылғы 31 мамырдағы № 131 қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес басым бағыттар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 тамыз № 247 қаулысымен бекітілген,
конкурстық комиссия мәжілісінің 2004 жылғы 28 шілдедегі шешімінің негізінде
«Валют-Транзит Банк» ашық акционерлік коғамының Ақтөбе қаласындағы филиалы 272 005 00 "Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін кредит беру" бағдарламасы бойынша 51,100 мың. теңге сомасында заемшы-банк болып анықталсын.
Тармақ 2
2. Басым бағыттар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру
жөніндегі қоса беріліп отырған Қағида бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары
С. Қ. Ғилымовқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының
2004 жылғы «20» тамыздағы
№ 227 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Басым бағыттар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі ҚАҒИДА
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу
(мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі №
832 қаулысына, "Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін облыстық
бюджет қаржысы есебінен кредит беру Қағидасын бекіту туралы"облыс
әкімиятының 2004 жылғы 31 мамырдағы қаулысына сәйкес дайындалды.
2. Бюджеттік кредит беруге қатысушылар: кредит беруші - облыстық
әкімият атынан облыс әкімі немесе оның орнындағы тұлға; бағдарлама
әкімшісі - "Облыстық кәсіпкерлікгі қолдау басқармасы" ММ; заемшы
банк- «Валют-Транзит Банк» ААҚ Ақтөбе қаласындағы филиалы; түпкі
заемшылар - заемшы банк арқылы бюджеттік кредитті алушы шағын
кәсіпкерлік субъектілері.
3. Кредитор заемшы банкке бюджеттік кредит беруді "Шағын
кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін облыстық бюджет қаржысы
есебінен кредит беру Қағидасын бекіту туралы" облыс әкімиятының 2004
жылғы 31 мамырдағы қаулысына сәйкес және шағын кәсіпкерлік
субъектілерін шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының
тізбесіне сәйкес келетін қызметті жүзеге асыруы үшін олардың бизнес-
жоспарларын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырады.
4. Сыйақының (мүдденің) белгіленген пайыздық ставкасы түпкі
заемшы үшін 5,36 жылдық пайызды құрайды, оның ішінде бюджетке
2,86% және банк-заемшыға 2,5% құрайды.
Жобаларды қосымша қаржыландыру сыйақының (мүдденің)
белгіленген пайыздық ставкасы түпкі заемшы үшін 8,36 жылдық пайызды
құрайды, оның ішінде бюджетке 2,86% және банк-заемшыға 5,5%
құрайды.
5. Бизнес-жобаларға кредит беру мерзімі 3 жылға дейін.
6. Сыйақы заемшы банкпен тоқсан сайын немесе ай сайын төленеді,
бұл туралы олардың арасында жасалған кредиттік шартта көрсетіледі.
7. Бюджеттік кредиттің негізгі қарызының жеңілдігі бар мерзімінің
ұзақтығы заемшы мен бағдарлама әкімшісінің тиісті есептерімен
қуатталады. Бұл кезде жеңілдігі бар мерзімінің ұзақтығы кредит мерзімі
3/1 (үштен бірінен) ұзақтылығының аспауы тиіс.
8. Банк заемшы түпкі заемшымен кредиттік шарт жасасқан кезде осы
Қағиданың 6 тармағында белгіленген жеңілдігі бар мерзімді беруге
міндетті.
9. Кредит- алушылардың міндеттемелерді мерзімінен бұрын
пайдалану мүмкіндігі айыппұл санкцияларын пайдаланбай-ақ заемшы-
банк пен түпкі заемшы арасында жасалған кредиттік шарттарда
көрсетіледі.
10. Бюджеттік қаржылардан берілетін бюджеттік кредиттер, сондай-ақ комиссия және қосымша қаржыландырудың Қағидасында белгіленген
түпкі заемшыларға кредит беруге жұмсалатын қаржының бір бөлігі
кепілді қамтамасыз етуге (кепілдік түрі - ипотека) берілуі тиіс.
11. Кредитор заемшы банк кредиттік келісімді бұзған жағдайда
кредит беруші кредиттік келісімді мерзімінен бұрын бұзуға және сыйақысы мен айыппұлы қоса есептеліп берілген кредиттің нақты сомасын қайтаруға құқылы.
12. Бюджеттік кредиттің мақсатсыз жұмсалғандығын анықтаған
кезде кредит беруші заемшы-банктен заңсыз жұмсалған кредит сомасын
айыппұл ала отырып өндіріп алуға құқылы.
13. Кредитті мақсатсыз пайдаланған жағдайда заемшы мақсатсыз
жұмсалған кредит сомасын қайтарады және мақсатсыз жұмсалған
сомасының 25 % мөлшерінде айыппұл төлейді.
14. Түпкі заемшыларда бюджеттік кредит бойынша берешек түзілген
және ол кредиттік шарттың мерзімдерінде анықталған мерзімде
өтелмеген кезде, банк кепілзатты өндіріп алу жолымен кредитті күштеп
қайтару жөнінде шара алады.
15. Бюджеттік кредиттердің мақсатты жұмсалуын бақылауды
"Облыстық қаржы Департаменті" ММ, бағдарлама әкімшісі, заемшы банк
түпкі заемшылардың бюджеттік кредиттердің мақсатты жұмсалуын
бөлінген қаржылар шығыстарының аударылуын тексеру және қадағалау
жолымен жүзеге асырады.
16. Тараптардың бюджеттік несиелендіру кезінде туындаған барлық
даулары мен пікір қайшылықтары жасалған кредиттік шарттардың
талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
шешіледі.
17. Бағдарлама әкімшісі бақылауға алу мақсатында заемшы банктерден бюджеттік кредиттерге байланысты ақпаратты талап етуге құқылы.