Об установлении Правил общего водопользования в области Жетісу Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгiлеу туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91244 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері осы шешімінің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына (келісім бойынша) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Жетісу облыстық мәслихаты 2025 жылғы 28 мамырдағы № 28-178 шешіміне қосымша Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері
Тармақ 1
1. Осы Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38-бабының 1) тармақшасына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91244 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Жетісу облысында ортақ су пайдалану тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;
Тармақша 2
2) су пайдаланушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) шағын көлемді кеме – ұзындығы жиырма метрден аспайтын, борттағы адамдардың рұқсат етілген саны он екі адамнан аспайтын кеме, балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйрету, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да ұқсас жұмыстарды жүргізу, лоцмандық және мұзжарғыш алып өту үшін салынған немесе жабдықталған кемелерден басқа, сондай-ақ су объектілерін ластанудан және бітелуден қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) шағын көлемді кемелердің тұрағына арналған база (құрылыс) - шекараларында шағын көлемді кемелер орналасатын, құрылыстары және іргелес акваториясы бар жағалау аумағы.
Тармақ 3
3. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Тармақ 5
5. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
Тармақ 7
7. Ортақ су пайдалануға:
Тармақша 1
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
Тармақша 2
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
Тармақша 3
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
Тармақша 4
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
Тармақ 8
8. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары белгілейді. Су объектілеріндегі көпшілік демалатын туризм мен спортқа арналған жерлерде жазатайым оқиғалардың алдын алу және суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №87573 болып тіркелген) (бұдан әрі – Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары) талаптарына сай келетін құтқару бекеттері құрылады. Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға - су айдындарының, су объектілеріндегі жаппай демалыс, туризм және спорт орындарының иелері (жалға алушылар, өтеусіз пайдаланушылар), нұсқаушылар және (немесе) жаттықтырушылар, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ су айдындарын пайдаланатын және (немесе) оларда демалып жатқан жеке және заңды тұлғалар жауапты болып табылады.
Тармақ 10
10. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Жетісу облысының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
Тармақ 12
12. Облыстың, соның ішінде Жетісу облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш және Алакөл көлінің аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығымен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90598 болып тіркелген) (бұдан әрі-Шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидалары) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 669 бұйрығымен бекітілген Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №125577 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады. Шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен Шағын көлемді кемелер тоқтауға арналған базалар (құрылыстар) пайдаланылады.
Тармақ 13
13. База-тұрақ шағын көлемді кемелердiң қауiпсiз тұруын, шағын көлемді кемелердiң, моторлардың және басқа мүлiктердiң сақталуын, профилактикалық, жөндеу, кеме көтеру, тиеу-түсiру және басқа жұмыстардың орындалу қауiпсiздiгiн; адамдарды шағын көлемді кемелерге отырғызу (түсiру) қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
Тармақ 14
14. База-тұрақта шағын көлемді кемелердің жүзуге шығуға және қайтуына, олардың жарамдылығын, жолаушылар сыйымдылығы және жүккөтергіш көтерген нормаларын сақтау бойынша, сондай-ақ кеме жүргізушілерін ауа райы туралы хабарлауға кеме жүргізушілерінде міндетті кеме және кеме жүргізушінің құжаттары болуын көздейтін режим орнатылады.
Тармақ 15
15. Су қоймасына шығуға база-тұрақ бойынша кезекшi рұқсат бередi. Шағын көлемді кемеге рұқсат бере отырып, кезекшi мыналарды:
Тармақша 1
1) кеме жүргiзушiде кеме құжаттарының (кеме билеті) және шағын көлемді кеменi басқару құқығына куәлігінің болуын;
Тармақша 2
2) жолаушы сыйымдылығы және жүккөтергiштiгi нормаларының сақталуын, шағын көлемді кемеде жүктердiң дұрыс орналастырылуын;
Тармақша 3
3) шағын көлемді кеменiң жолаушы сыйымдылығы бойынша құтқару құралдарының болуын тексередi. База-тұрақтарда навигация кезеңiнде кезекшi-құтқару кемесi тағайындалады. Кезекшi-құтқару кемесi кезекшiлiк тәртiбiнде база-тұрақ бойынша кезекшiге бағынады.
Тармақ 16
16. Шағын көлемді кемелерді база-тұрақтан шығару мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) кеме жүргізушіде шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігінің, жыл сайын техникалық куәландырудан өткені туралы белгі қойылған кеме билеті болмаса (палубалы шағын көлемді кемелер үшін);
Тармақша 2
2) борт нөмірінің болмауы немесе кеме билетіндегі жазбаға сәйкес келмесе;
Тармақша 3
3) кеме жүргізушісінде кемені жүргізу құқығына құжат болмаса;
Тармақша 4
4) кемеде, оны пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтар болса;
Тармақша 5
5) кеме билетінде көрсетілген құтқару, өртке қарсы және су төгетін құралдары кемеде болмаса;
Тармақша 6
6) жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтергіш нормалары бұзылса;
Тармақша 7
7) қауіпті крен немесе дифферент тудыратын жолаушыларды (жүктерді) орналастырылса;
Тармақша 8
8) егер кеме осы жүктерді тасымалдауға жатпаса немесе олардың тасымалдануы жолаушылармен бірге жүргізілсе, кемеде қауіпті заттар болса;
Тармақша 9
9) егер су қоймасындағы болжанатын немесе нақты қолайсыз метеожағдай осы түрдегі кемеде жүзуге қауіпті болса;
Тармақша 10
10) кеме жүргізушісі мас күйінде болса жүргізілмейді.
Тармақ 17
17. Тұрғын халықтың қауіпсіздігін және шағын көлемді кемелердің өтуін қамтамасыз ету үшін келесі жұмыстар ұйымдастырылады:
Тармақша 1
1) адамдардың шомылу аймағынан тысқарыда шағын көлемді кемелердің өтуі үшін ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалған, Су айдындарындағы қауіпсіздік Қағидаларының талаптарына сәйкес қауіпсіздік белгілері бар, ені кем дегенде 10 метр және ұзындығы кем дегенде 100 метр дәліз жарақталады;
Тармақша 2
2) халықтың шомылу аймағын Су айдындарындағы қауіпсіздік Қағидаларының талаптарына сәйкес қауіпсіздік белгілері бар ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалады.
Тармақ 18
18. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Жетісу облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу жүзеге асырылмайтын жерлер осы Ережелердің қосымшасына сәйкес айқындалды.
Тармақ 19
19. Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары тиісті аумақтарда орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Жетісу облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
Тармақ 21
21. Жетісу облыстық мәслихатың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.
Тармақ 22
22. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Тармақ 23
23. Су пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдарынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіні және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
Тармақша 2
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
Тармақша 3
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
Тармақша 4
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
Тармақ 25
25. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 2
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
Тармақша 3
3) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
Тармақша 4
4) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
Тармақша 5
5) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.
Басқа 62
Жетісу облысының су объектілерінде жалпы су пайдалану қағидаларына қосымша Жетісу облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылуға тыйым салынған орындар № р/с Су объектісінің атауы Ауылдық округ, ең жақын елді мекен Мекен-жайы Координаттар Координаттар арасындағы қашықтық шомылуға тыйым салынған учаскенің басталуы шомылуға тыйым салынған учаскенің соңы Талдықорған қаласы 1. Балықты өзені Талдықорған қаласы Мерекелік саяжай қоғамы 45.05227 78.34465 45.05312 78.34889 300 м 2. Қаратал өзені Талдықорған қаласы Шайқорған саяжай қоғамы 45.04348 78.32909 45.04278 78.3275 750 м 3. Қаратал өзені Талдықорған қаласы Қызыл тас саяжай қоғамы 45.04963 78.33778 45.0496 78.33857 800 м 4. Балықты өзені Талдықорған қаласы 1-ші бөлімшесі 45.05827 78.37135 45.05813 78.37104 125 м 5. Балықты өзені Еркін ауылдық округі Алматы – Өскемен тасжолы 45.05678 78.41723 45.05588 78.41111 350 м 6. Қаратал өзені Талдықорған қаласы Мерекелік саяжай қоғамы 45.04885 78.35356 45.05496 78.34932 350 м 7. Қаратал өзені Талдықорған қаласы Үйтас саяжай қоғамы 44.96394 78.41962 44.9643 78.41958 980 м 8. Балықты өзені Талдықорған қаласы Мерекелік саяжай қоғамы 45.055522 78.32435 45.05503 78.35106 550 м Текелі қаласы 9. Бурлежка №1 Алатау шағын ауданы Текелі қаласы Жағалау сорғы станциясы (Камарова көшесі бойында) 44.858554 78.767503 44.858652 78.767329 28 м 10. Чажа өзені Текелі қаласы Чажа платинасы 44.862135 78.805507 44.861946 78.805596 20 м 11. Бурлежка № 2 Достық шағын ауданы Текелі қаласы Каратал көшесінде су ағызу пункті 44.862490 78.751225 44.862558 78.751142 7 м Ақсу ауданы 12. Ақсу өзені Жансүгіров ауылдық округі, Жансүгіров ауылы Жансүгіров ауылы 45.373256 79.535572 45.420676 79.552730 20 км 13. Су қоймасы Жансүгіров ауылдық округі, Жансүгіров ауылы Жансүгіров ауылы 45.390750 79.533858 45.390750 79.533858 2 км 14. Қызылқайын тоғаны Есеболатов ауылдық округі, Қызылқайын ауылы Қызылқайын ауылы 45.472579 79.575761 45.472579 79.575761 4 км 15. Көкөзек тоғаны Жансүгіров ауылдық округі, Көкөзек ауылы Көкөзек ауылы 45.470690 79.472208 45.470690 79.472208 4 км 16. Қызылағаш өзені Қызылағаш ауылдық округі, Қызылағаш ауылы Қызылағаш ауылы 45.367452 78.731864 45.392249 78.745941 10 км 17. Алтынарық тоғаны Жансүгіров ауылдық округі, Алтынарық ауылы Алтынарық ауылы 45.448311 79.386312 45.454834 79.385376 4 км Алакөл ауданы 18. Тентек өзені Үшарал қаласы, Қарабұлақ ауылы Үшарал қаласы, Қарабұлақ ауылы 46.4740582 80.901202 45.748268 80.870974 61 км 19. Шынжылы өзені Қабанбай ауылы, Еңбекші ауылы, Жанама ауылы Қабанбай ауылы, Еңбекші ауылы, Жанама ауылы 45.819250 80.661075 46.206058 80.8881869 55 км Ескелді ауданы 20. Қант зауыты көлі Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы Маметова және Достоевский көшелерінің аралығында 44.917178 78.500266 44.915687 78.495565 1 км 21. 3-көпір Бақтыбай ауылдық округі Алматы-Оскемен тасжолы 245 шақырым 44.918977 78.249384 44.918843 78.249505 300 м 22. Қаратал өзені Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Қаратал өзенінің бойы Талдыкорган-Текелі тасжолы 8 шақырым. 44.927095 78.494577 44.926939 78.495360 100 м 23. Қаратал өзені Көкжазық ауылдық округі, Көкжазық ауылы, Қаратал өзенінің бойы Карабулак-Кокжазык тасжолы 7 шақырым. 44.926023 78.586927 44.925726 78.586337 100 м Қаратал ауданы 24. Қаратал өзені Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы Үштөбе қаласынан Жанаталап ауылына шығаберісінде 45.220957 77.963547 45.22.1239 77.960823 300 м 25. Суғармалы арна Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы Үштөбе қаласынан шығаберісінде Үштөбе жазуының қасында 45.228979 77.997363 45.227867 77.998226 500 м 26. Суғармалы арна Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы Төлеуқұл Батыр көшесінің бойында 45.268224 77.979013 45.269443 77.969656 900 м 27. Суғармалы арна Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округі, Бастөбе ауылы Бастөбе ауылынан шығаберісте 45.264901 77.991216 45.265119 77.98763 200 м 28. Суғармалы арна Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округі, Бастөбе ауылы Мұсабек көшесінің қасында 45.263852 77.997528 45.263875 77.997262 100 м 29. Суғармалы арна Қаратал ауданы, Ескелді ауылдық округі, Ескелді ауылы Ескелді ауылынан шығаберісте 45.193664 77.011060 45.195585 78.011539 1,1 км 30. Тентек өзені Жолбарыс батыр ауылдық округі, Калпе ауылы Калпе ауылынан шығаберісте 45.100985 77.918760 45.088163 77.910828 800 м Кербұлақ ауданы 31. Қарашоқы №1 тоғаны Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылы Қарашоқы ауылы манында 44.1013283 77.9257719 44.1002335 77.9291461 280 м 32. Қарашоқы №2 тоғаны Кербұлақ ауданы, Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылы манында 44.0917793 77.9426705 44.0894518 77.9462895 400 м 33. Қарашоқы №3 тоғаны Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылы Қарашоқы ауылы манында 44.0867600 77.9511496 44.0862210 77.9534185 210 м 34. Еңкөл тоғаны Кербұлақ ауданы, Басшы ауылдық округі Басши-Нұрым тасжолы 2 шақырым 44.1102299 78.7383207 44.1088537 78.74325519 500 м 35. Аралтөбе тоғаны Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округі Актөбе ауылының маңында 44.0517441 78.7474573 44.0481984 78.7506421 400 м 36. Сайлыкөл тоғаны Кербұлақ ауданы, Сайлыкөл ауылы Сайлыкөл ауылы 44.4280719 78.2856670 44.4277922 78.2894734 300 м 37. Жаманбұлақ тоғаны Кербұлақ ауданы, Жайнақ ауылдық округі Сарыөзек-Көктал тасжолы 51 шақырым 44.2625993 78.4865172 44.2591299 78.4890144 400 м 38. Шаған тоғаны Кербұлақ ауданы, Шаған ауылы Шаған ауылы 44.4434545 78.5302285 44.5356184 78.5356184 410 м 39. Матай тоғаны Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы Шанханай ауылы 44.2311683 78.2753335 44.2306489 78.2764657 100 м 40. Көксу өзені Кербұлақ ауданы, Көксу ауылы Көксу ауылы 44.6740770 78.9298136 44.6413535 78.8903464 4 км 41. Көктал өзені Кербұлақ ауданы, Көктал ауылы Көктал ауылы 44.5929120 78.9927550 44.6070685 78.9268863 5 км 42. Кескентерек өзені Кербұлақ ауданы, Шұбар ауылы Шұбар ауылы 44.5441807 78.9856277 44.5483623 78.9720852 800 м 43. Быжы өзені Кербұлақ ауданы, Қаспан ауылы Қаспан ауылы 44.4896937 78.2708817 44.4922658 78.2690273 400 м 44. Майтөбе өзені Кербұлақ ауданы, Сарыөзек-Көктал тасжолы 15 шақырым Сарыөзек-Көктал тасжолы 5 км 44.3950666 78.1443136 44.3824327 77.1532051 500 м Көксу ауданы 45. Көксу өзені Көксу ауданы, Балпық би ауылы Балпық би ауылы 44.891 700 78.257375 44.920 421 78.210 912 5,5 км 46. Быжы өзені Көксу ауданы, Айнабұлақ станциясы Айнабұлақ станциясы 44.613 756 77.998 233 44.636 515 77.999 323 2,8 км 47. Мұқаншы өзені Көксу ауданы, Мұқаншы ауылы Мұқаншы ауылы 44.875 073 78 067 489 44.879 658 78.047 139 2 км Панфилов ауданы 48. Өсек өзені Панфилов ауданы, Жаркент қаласы Сарөзек-Көктал-Қорғас тасжолы көпірден 2 шақырым солтүстікке, 3 шақырым оңтүстікке қарай 44.173 400 79.987 603 44.157 740 79.977 782 5 км 49. Өсек өзені Панфилов ауданы, Еңбекші ауылы Еңбекші ауылының шығысында 44.204 179 79.973 875 44.199.163 79.973.103 1 км 50. Өсек өзені Панфилов ауданы, Талды ауылы Талды ауылының батысында 44.299 996 79.889136 44.282428 79.890561 2 км 51. Өсек өзені Панфилов ауданы, Диханқайрат ауылы Диханқайрат ауылының шығысында 44.119062 79.968587 44.112625 79.961178 400 м 52. Өсек өзені Панфилов ауданы, Шолақай ауылы Шолақай ауылының батысында 44.094438 79.961471 44.088448 79.956404 2 км 53. Өсек өзені Панфилов ауданы, Жиделі ауылы Жиделі ауылының батысында 44.003968 79,987153 44.000461 79.989252 450 м 54. Қорғас өзені Панфилов ауданы, Басқұншы ауылы Басқұншы ауылының шығысында 44.349122 80.385950 44.331598 80.390030 1 км 55. Қорғас өзені Панфилов ауданы Қорғас ауылы Қорғас ауылының шығысында 44.227857 80.394545 44.222413 80.392123 1,7 км 56. Шежін өзені Панфилов ауданы,, Ават ауылы Ават ауылының солтүстігінде 44.182223 80.158081 44.129311 80.157880 540 м 57. Шежін өзені Панфилов ауданы, Ақкент ауылы Ақкент ауылының шығысында 44.182223 80.158081 44.129311 80.157880 540 м 58. Шежін өзені Панфилов ауданы, Атамекен ауылы Атамекен ауылының солтүстігінде 44.222173 80.1741127 44.226330 80.191716 1,6 км 59. Тышқан өзені Панфилов ауданы, Жаркент қаласы Жаркент қаласы шығысында 44.210594 80.055865 44.196767 80.046602 2 км 60. Тышқан өзені Панфилов ауданы, Сүптай ауылы Сүптай ауылының батысында 44.256710 80.089713 44.253624 80.089774 1,2 км 61. Тышқан өзені Панфилов ауданы, Жиделі ауылы Жиделі ауылының солтүстігінде 44.014675 79.986471 44.001017 79.989375 2 км 62. Тышқан өзені Панфилов ауданы, Головацкий ауылы Головацкий ауылының шығысында 44.240673 80.026660 44.234529 80.025222 1 км 63. Тышқан өзені Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылы Үлкеншыған ауылының шығысында 44.176703 80.108845 44.167381 80.108457 1,3 км 64. Бурхан өзені Панфилов ауданы, Жерұйык ауылы Жерұйык ауылының батысында 44.200413 79.988079 44.195331 79.986950 1 км 65. Бурақожыр өзені Панфилов ауданы, Жаркент-Арасан ауылы Жаркент-Арасан ауылының шығысында 44.335802 79.790348 44.333046 79.790053 1 км 66. Бурақожыр өзені Панфилов ауданы, Көктал-Арасан ауылы Көктал-Арасан ауылының шығысында 44.331785 79.790023 44.329310 79.793875 1 км 67. Бурақожыр өзені Панфилов ауданы, Үлкенағаш ауылы Үлкенағаш ауылының ішінде 44.236141 79.842354 44.223849 79.836861 2 км 68. Бурақожыр өзені Панфилов ауданы, Көктал ауылы Көктал ауылының ішінде 44.145498 79.823671 44.136802 79.818152 2 км 69. Көктерек өзені Панфилов ауданы, Коңыролен ауылы Коныролен ауылының ішінде 44.282833 79.303242 44.271634 79.304984 2 км Сарқан ауданы 70. Сарқан өзені Сарқан ауданы, Сарқан қаласы Елді мекен бойында 45.373498 79.927861 45.443171 79.859432 8 км 71. Басқан өзені Сарқан ауданы, Екіаша ауылы Елді мекен бойында 45.37279 80.15278 45.40383 80.11622 5 км 72. Басқан өзені Сарқан ауданы, Алмалы ауылы Елді мекен бойында 45.46131 79.95438 45.43545 80.00914 5,6 км 73. Лепсі өзені Сарқан ауданы, Қарабөгет ауылы Елді мекен бойында 45.70221 80.28915 45.79043 80.24657 4 км 74. Лепсі өзені Сарқан ауданы, Көктерек ауылы Елді мекен бойында 46.08137 79.58358 46.09773 79.45351 18 км 75. Лепсі өзені Сарқан ауданы, Лепсі ауылы Елді мекен бойында 46.21283 78.78428 46.22280 78.79908 26 км 76. Лепсі өзені Сарқан ауданы, М.Толебаев ауылы Елді мекен бойында 46.282170 78.329853 46.30091 78.32427 2,8 км