Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберу;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Басқа 1. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары
Бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібі
Тармақ 2
2. Мемлекеттік тапсырманың құны қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге, мемлекеттік тапсырманы орындауға жұмсалатын шығыстар, тікелей шығыстар мен жанама шығыстарды негізге ала отырып, мынадай формула бойынша белгіленеді: Қ = ∑ЕАТ + ТШ + ЖШ, мұндағы Қ – мемлекеттік тапсырманың құны; ∑ЕАТ+ТШ – еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар сомасы; ЕАТ – қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу; ТШ – осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, тікелей шығыстар; КР – жанама шығындар.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеуге арналған шығындардың түрлері
3-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеуге арналған шығындардың түрлері
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тапсырма құнына мынадай шығыстар енгізілмейді:
Тармақша 1
1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;
Тармақша 2
2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;
Тармақша 3
3) демеушілік көмек;
Тармақша 4
4) айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыптары.
Тармақ 4
4. Тікелей шығындарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын қызметкерлердің (штаттағы және штаттан тыс) жалақысы;
Тармақша 2
2) сыртқы сарапшыларды тарту;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын материалдарды сатып алу (қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары, жиынтықтауыштар, кеңсе тауарлары және шығыс материалдары);
Тармақша 4
4) жалға алынатын үй-жайларда тікелей мемлекеттік тапсырманы орындау үшін конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет болған жағдайларда жалдау ақысы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
Тармақша 6
6) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, персоналды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілердің аударымдары, мемлекеттік тапсырманы орындайтын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
Тармақша 7
7) байланыс қызметтері (қалааралық телефонмен сөйлесулер, телефон үшін абоненттік төлем, пошта шығыстары, факс, электрондық пошта, интернет желісі);
Тармақша 8
8) полиграфиялық шығындар (бланк өнімдерін тираждау: сауалнамалар, бағыт парақтары, карточкалар, есептер, тест тапсырмалары, түптеу, құжаттарды тігу және өңдеу);
Тармақша 9
9) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын көліктік көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 10
10) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);
Тармақша 11
11) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын аударма қызметтері;
Тармақша 12
12) анықтамалықтарды және /немесе анықтамалықтардың бөлімдерін әзірлеу жөніндегі қызметтер;
Тармақша 13
13) сақтандыру жөніндегі шығыстар;
Тармақша 14
14) банктік қызметтер;
Тармақша 15
15) қосылған құн салығы.
Тармақ 5
5. Жанама шығыстар көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнына тікелей жатпайды және мынадай шығыстарды қамтиды:
Тармақша 1
1) әкімшілік персоналдың жалақысы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары, жұмыс берушінің, әкімшілік персоналдың міндетті зейнетақы жарналары;
Тармақша 3
3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және басқалар);
Тармақша 4
4) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстары (Ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
Тармақша 5
5) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
Тармақша 6
6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу;
Тармақша 7
7) өзге де шығыстар (коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, ақпараттық қызметтер (жарнаманы қоспағанда), өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптардың сақталуы, күзет жөніндегі қызметтер, аудиторлық қызметтер, Банк қызметтері, нотариаттық қызметтер, типографиялық шығыстар).
Тармақ 6
6. Мемлекеттік тапсырманы орындау кезіндегі шығыстардың әрбір бабын тапсырыс беруші әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын пайдалана отырып қалыптастырады. Бұл ретте, баға дерекқорында көзделген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін нақты орташа бағадан аспайтын бағаға бағдарланады. Деректер базасында бағалар болмаған кезде жоспарланған шығыстарды негіздейтін құжаттар (шарттардың көшірмелері, прайс-парақтар) пайдаланылады.
Тармақ 7
7. Бюджеттік кодексінің 16-бабының 3-тармағына сәйкес, Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты, Бюджеттік кодексінің 16-бабының 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілері мен заңды тұлғалар мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерлікке берген жағдайда, монополияға қарсы органның қорытындысында мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерлікке берудің көлемі мен шарттары айқындалады.
Тармақ 8
8. Іссапар шығыстарының құны (қонақ үйде тұру, тәулікақы) бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен анықталады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік тапсырманың құнын есептеу нысанында зерттеу жұмысын орындауға тікелей қатысатын барлық қызметкерлердің штаттық кестеге сәйкес лауазымдары бойынша жалақысы әрбір қызметкер бойынша жеке көрсетіледі.