Положение о порядке выдачи лицензий на право занятия адвокатской деятельностью Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру тәртiбi туралы Ереже 📌 Ескерту. Ереженің атауы өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен.
Тармақ 1
1. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру тәртiбi туралы ереже (әрi қарай - Ереже) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар (әрi қарай - адвокаттың лицензиясы) беру тәртiбiн, шарттары мен мерзiмдерiн белгiлейдi. 📌 Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен.
Тармақ 2
2. 1997 жылғы 5 желтоқсандағы "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 сәуiрдегi өзгертулерi мен толықтырулары бар 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысымен бекiтiлген Жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төлеу тәртiбi туралы ереже Ереженiң құқықтық негiзi болып табылады.
Тармақ 3
3. Адвокаттарға (әрi қарай - Лицензиат) лицензияларды берудi Бiлiктiлiк әдiлет алқасы ұсынымының негiзiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Адвокаттың лицензиясы жоғары заңгерлiк бiлiмi, заңгерлiк мамандық бойынша кемiнде екi жыл стажы бар, Бiлiктiлiк әдiлет алқасында бiлiктiлiк емтиханын тапсырған, адвокаттық қызметпен айналысуды қалаған және лицензиялық алым төлеген Қазақстан Республикасының азаматына берiледi.
Тармақ 5
5. Лицензиат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде бір жолғы лицензиялық алым енгізеді. Лицензиялық алым бiлiктiлiк емтиханын жақсы тапсыру жағдайында лицензия алғанға дейiн енгiзiледi. Лицензиар төленген алым сомаларының бюджетке аударылу дұрыстығы, толықтығы және уақытында жасалуы үшiн жауап бередi. 📌 Ескерту. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 1999.02.24. N 17 бұйрығымен. Ескерту. 5-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1999.07.09. N 396 бұйрығымен. 6. Бiлiктiлiк емтиханын тапсыруға жiберу туралы өтiнiш сонымен бiрге лицензия беру туралы өтiнiш болып табылады. Өтiнiшке:
Тармақша 1
1) бiлiктiлiк емтиханын тапсыру нәтижелерi және ұсыным беру туралы Әдiлет бiлiктiлiк алқасының шешiмi;
Тармақша 2
2) лицензиялық алым төлеу туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi қоса берiледi. 📌 Ескерту. 6-тармақ екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен.
Тармақ 7
7. Бiлiктiлiк емтиханын тапсыру нәтижелерi бойынша он күн аралығында Лицензиар: - адвокаттың лицензиясын беру туралы; - адвокаттың лицензиясын беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 8
8. Лицензияның лицензия беру туралы шешiмi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығы түрiнде ресiмделедi.
Тармақ 9
9. Лицензия беруден, егер адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым берiлмеген жағдайда, бас тартылады. 📌 Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен.
Тармақ 10
10. 📌 Ескерту. 10-тармақ алынып тасталынды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен.
Тармақ 11
11. Лицензия беруден бас тарту кезiнде өтiнiш иесiне лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде дәлелденген жазбаша түрде жауап берiледi. Бас тарту туралы шешiм сот тәртiбiмен шағымдана алады. 📌 Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен.
Тармақ 12
12. 13. 📌 Ескерту. 12, 13-тармақтар алынып тасталынды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен.
Тармақ 14
14. Адвокаттың лицензиясы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша берiледi және Лицензиар жүргiзетiн Адвокаттар лицензияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.
Тармақ 15
15. Лицензияны жоғалту кезiнде Лицензиатқа ол жайлы өтiнiш беру күнiнен бастап 10 күн iшiнде оның дубликаты берiледi. Мұнда Лицензиат осы Ереженiң 5-тармағында көзделген мөлшерде лицензияны қайта беру үшiн лицензиялық алым алады. 📌 Ескерту. 15-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен.
Тармақ 16
16. Адвокаттың лицензиясын алған және адвокаттық қызметпен айналысуды қалған адам өз таңдауы бойынша адвокаттар алқасының мүшелiгiне кiруге және 1997 жылғы 5 желтоқсандағы "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен реттелетiн адвокаттық қызмет шеңберiнде кәсiби негiзде заңгерлiк көмек көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 17
17. Лицензия басты, тұрақты болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.