Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба на территории село Камысты Жанибекского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жәнібек ауданы Қамысты ауылы аумағындағы жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №325 «Қазақстан республикасы Үкіметінің Және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану» туралы қаулысына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына және Жәнібек аудандық төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 5 маусымдағы №5 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жәнібек ауданы Қамысты ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары М.Б.Бисенов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.