Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в областном бюджете по программе «Разработка и экспертиза технико-экономических обоснований местных инвестиционных проектов» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджетте «Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мен оларға сараптама жүргізу» бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржыны пайдаланудың Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 1 сәуіріндегі № 357 «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылдың 29 желтоқсандағы № 201 «Қазақстан Республикасында Біріңғай бюджеттік классификацияларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджетте 008 «Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мен оларға сараптама жүргізу» бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржыны пайдаланудың ұсынылып отырған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Ақмола облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді жөне жариялауға жатады.
Басқа 3
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 05.08 № а-8/189 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Облыстық бюджетте 008 «Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мен оларға сараптама жүргізу» бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржыны пайдаланудың ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 1 сәуіріндегі № 357 «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына, Қазақстан Рсспубликасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылдың 29 желтоқсандағы № 201 «Қазақстан Республикасында Біріңғай бюджеттік классификацияларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дайындалды және облыстық бюджетте қарастырылған жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуге бағытталған қаржыны пайдаланудың тәртібін айқындайды (бұдан әрі- бағдарлама).
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті уәкілетті орган - экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) салалық уәкілетті орган - жергілікті атқарушы орган, жергілікті инвестициялық жобаларды дайындау мен іске асыруға жауапты;
Тармақша 3
3) техникалық-экономикалық негіздеме - инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын жан-жақты зерттеу нәтижелері бойынша және инвестициялық жобаны экономикалық талдау негізінде әзірлеушілердің дайындаған есебі; техникалық-экономикалық негіздеме инвестициялық жобаның неғұрлым оңтайлы кұрылымы бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде көзделетін неғұрлым орынды маркетингтік, техникалық, қаржылық, институционалдық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да шешімдер бойынша ұсыныстарды қамтиды; жергілікті уәкілетті орган республикалық және жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарлама шеңберінде облыстық әкімдік айқындайтын техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу және оларға сараптама жүргізуді бірге қаржыландыру көзделетін жергілікті инвестициялық жобалардың тізбесі - (бұдан әрі - тізбе) негізінде жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жүргізу қаржыландырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру тәртібі
2-тарау. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру тәртібі
Тармақ 4
4. Жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламада көзделген ақшаны атқарушы агенттіктер бойынша бөлу жөнінде облыстық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 5
5. Облыстық бюджеттік комиссияның шешімі негізінде жергілікті уәкілетті орган облыстық әкімдіктің бекітуіне жобалар бойынша қаржыландыру көлемі көрсетілген тізбені енгізеді.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаның үкімшісі (жергілікті уәкілетті орган) облыстық әкімдіктің қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес белгіленген тәртіппен міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге өтінім қалыптастырады. Ақмола облыстық қаржы басқармасы жоспарлы тағайындауларды көрсетілген бағдарламадан атқарушы агенттіктердің тиісті бюджеттік бағдарламаларына ауыстыру арқылы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтык жоспарына белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізеді.
Тармақ 7
7. Атқарушы агенттіктер техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуді қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шараларды іске асыруды және тізбеге сәйкес тиісті облыстық бағдарламалар шеңберінде көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуын қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Салалық уәкілетті органдар Қазақстан Рсспубликасының Қаржы министрлігі бекіткен үлгі бойынша бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жергілікті уәкілетті органға ай сайын әр айдың 5-не дейін, жыл сайын есеп берген жылдан кейінгі келесі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде есепті ұсынуы тиіс.