Об утверждении перечня экстренной медицинской, правоохранительной, пожарной, аварийной и других служб, соединение с которыми для пользователей услугами связи является бесплатным Қолданыста
Басқа 0
Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Басқа 0. Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 3 қыркүйектегі
N 929 қаулысымен
бекітілген
Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесі
Р/с
N
Қызметтер тізбесі
Нөмірлеу
1
2
3
1.
Ішкі істер органдары
102
2.
Жедел медициналық жәрдем қызметі
103
3.
Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі
101
112
4.
Авариялық, коммуналдық, қалалық қызметтер
104
109х
5.
6.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы
1414, 88000807777
7.
Террористік қауіпке байланысты фактілер мен оқиғалар жөніндегі ұлттық қауіпсіздік органдарының "110 жедел желісі"
110
8.
9.
Білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы
1450
10.
Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі «111» байланыс орталығы
111
11.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірыңғай байланыс орталығы
1484; 8 800 080 30 84
Ескертпе:
х - 0-ден 9-ға дейінгі қосымша сандық мәндер.
Ұялы байланыс абоненттері үшін аталған тізбеде көрсетілген нөмірлерге қосылу сондай-ақ қысқа мәтіндік хабарламалар арқылы екі бағытта да тегін негізде жүзеге асырылады.