Об утверждении Инструкции по выдаче разрешения на сжигание попутного и природного газа Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 27 қаңтардағы 1996 жылғы N 2828 "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" туралы, 28 маусымдағы 1995 жылғы N 2350 "Мұнай туралы" Заң күші бар Жарлықтарына, 18 шілдедегі 1996 жылғы N 745 "Мұнай және газ кенорындарын игеру кезіндегі бірыңғай ережесін бекіту туралы", 21 шілдедегі 1999 жылғы N 1019 "Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезіндегі жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережелерін бекіту туралы" Үкімет қаулыларын іс жүзіне асыру үшін, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі Нұсқауы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау геология және жер қойнауын қорғау Комитеті Төрағасының орынбасары Е.Кәрібаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігі Тете-министр __________________ Келісілді: 15.06.2004 ж. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары __________________ Келісілді: 15.06.2004 ж.
Басқа 4. Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі Нұсқау
Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы энергетика және минералды ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау Комитеті Төрағасының 2004 жылғы 27 шілдедегі N 115-п бұйрығымен бекітілді Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі Нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Нұсқау табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі Нұсқауы (әрі қарай - нұсқау) Қазақстан Республикасы Президентінің " Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ", " Мұнай туралы" Заң күші бар Жарлықтарына, Қазақстан Республикасының "Атмосфера ауасын қорғау" туралы Заңның , Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 шілдедегі N 745 "Мұнай және газ кенорындарын игеру кезіндегі" бірыңғай ережесінің, 1999 жылғы 21 шілдедегі N 1019 "Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезіндегі жер қойнауын қорғаудың" бірыңғай ережелерін бекіту туралы Үкімет қаулыларының талабына сәйкес жасалып, сонымен қатар басқа да нормативті-құқықтық актілердің жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талабының мәселелері Қазақстан Республикасының аумағында мұнай операциясын жүргізіп жатқан барлық субъектілерге, құрылым жекеменшіктігіне байланысты емес, соның ішінде шетелдік және біріккен мекемелерге міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Жер қойнауын пайдаланушы міндетті түрде ұңғымалардың сынама және игеру кезінде факелде жағылған газдың себебін және қанша жағылғанын, жер қойнауын қорғау және пайдалану мемлекеттік органға, жұмыс жүргізгеннен кейін 10 күннің ішінде жазбаша хабарлайды. Мұнай жөнінде Жарлықтың 30-5 бабының 3 тармағына сәйкес, жер қойнауын қорғау және пайдалану мемлекеттік органы газды жағуға қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік органының оң қорытындысы бар болса ғана рұқсат береді. Жер қойнауын пайдаланушы газды толық қайта қолдану Бағдарламасын жасап, өндіру жөніндегі жобалау құжатының құрамында газды қайта қолдану техникалық-экономикалық есептері мен іс жүзіне асыру кестелерінің барлық жолдарын қарастырады. Газды қайыра қолдану техникалық-экономикалық негіздемесі кенорнынан игеруден бөлек жасалса қабылданбайды. Бағдарлама Орталық игеру жөніндегі комиссиясында бекітіліп, игеру жобалық құжатының біртұтас құрамдас бөлігі болып саналады, сондықтан Мұнай және газ кенорындарын игеру кезіндегі бірыңғай ережелерінің 6.3.5 тармақшасы 6.3 тармағының 6 тарауы және Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезіндегі жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережелері 333 тармағына сәйкес мұнай және мұнай-газ кен орындары өнеркәсіптік игеруде шығарылған мұнаймен қатар шығарылған газ, қолданылған жағдайда немесе уақытша сақтау мақсатында арнаулы жер асты қоймаларына, игеруге немесе игеруге дайын мұнай қабатына айдалады.
Тарау 2. 2 тарау. Газды жағуға рұқсат беру
2 тарау. Газды жағуға рұқсат беру
Тармақ 3
3. Факелде жанатын газдың рұқсаты келесі кезекпен жүзеге асады:
Тармақша 1
1) жер қойнауын пайдаланушы жағатын газдың рұқсатын алу үшін жер қойнауын қорғау және пайдалану мемлекеттік органына (1-қосымша) келесі жыл келгенше дейін, сұраныс береді. Сұраныста себебі, негіздеме қажеттілігі, жағатын газдың көлемі көрсетіліп және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік органының қорытындысы тіркеледі;
Тармақша 2
2) сұранысқа Орталық игеру комиссиясының шешімін растайтын, кенорынды игеру кезеңдегі қайыра қолданатын газдың экономикалық тиімсіздігі немесе қайыра газды қолданылмайтындығы жөнінде құжаттар тіркеледі;
Тармақша 3
3) газды жағу үшін рұқсат материалдары алдын-ала облыстық жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциясында 10 күннің ішінде қаралады. Облыстық жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциясының келісім нәтижесінде газды жағу жөніндегі түпкілікті шешім аумақтық басқармасында 5 күннің ішінде қабылданады.
Тармақ 4
4. Сынамалық игеру кенорнында қаралуға табыс етілетін келесі құжаттар:
Тармақша 1
1) сынамалық игеру жобасының бекітілу жөніндегі Орталық игеру комиссиясының хаттамасы;
Тармақша 2
2) жайластыру жобасында жинау, есептеу және газды қолдану жайында қарастырылған мәселелер;
Тармақша 3
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда (газды жаққандағы шығаратын көлемнің келісімі);
Тармақша 4
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік құзыретті органның қорытындысы;
Тармақша 5
5) газдың өндіру көлеміндегі болжамы (жобасы), және сынақтық игеру кезеңіндегі жыл сайын жаққан газдың көлемі.
Тармақ 5
5. Тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік кенорынды игергенде қаралуға табыс етілетін келесі құжаттар:
Тармақша 1
1) игеру жобасы, игерудің технологиялық схемалары, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасы жөніндегі бекітілген Орталық игеру комиссиясының хаттамасы;
Тармақша 2
2) жайластыру жобасындағы жинақтау және газды пайдаланғандағы есеп жүргізу жайында қаралған мәселелер;
Тармақша 3
3) бекітілген игеру жобасында қайта өңдеудің техника-экономикалық есептерімен әртүрлі әдістерінің газды толық қайта өңдеуі (сонымен қатар сұйытылған, электро қуатының қазбасы, қабатқа айдау) және кесте бойынша іс жүзіне асырылуы;
Тармақша 4
4) газды қайта өңдеу жобасы жөніндегі Орталық игеру комиссияның шешімі;
Тармақша 5
5) өткен мерзімде өндірілген және жанған газдың мағлұматы;
Тармақша 6
6) мұнай және газ өндіру және өтініш беру жылындағы жанатын газдың көлемдері жөніндегі жоспарланған мағлұмат;
Тармақша 7
7) өңдеу өнімдерінің көлемдерімен және газотурбиналық станция, газ өңдеу заводының осы кездегі жұмыстарының жағдайлары туралы, қабаттағы қысымды сақтайтын қабатқа айдаған газ, мұнайды газлифт тәсілімен өндіру жүйесі жөнінде мағлұмат;
Тармақша 8
8) мемлекеттік экологиялық сараптамаларының келісімді шарты болғанда (жанған газдағы тастама көлемдерінің келісімі);
Тармақша 9
9) өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік құзыретті органның қорытындысы;
Тармақша 10
10) кәсіпшіліктердегі техникалық негіздердің есеп жүргізу құралдары, өндіретін және жағатын газдың жағдайларына есеп жүргізу туралы мағлұмат;
Тармақша 11
11) газға қатысы бар деген мағлұмат пен қатар басқа да құжаттар.
Тармақ 6
6. Ұсынылған материалдар қаралғаннан кейін, аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасы газды жағуға 1 жылға уақытша рұқсатты мынадай жағдайда болғанда ғана беріледі (2 қосымша):
Тармақша 1
1) кәсіпшіліктердегі газды өндіру мен жағуды есепке алу құралдарының техникалық жарақтануы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаның жағдайына өндірістік мониторинг жүргізгенде;
Тармақша 4
4) газды қайта өңдеу жобасын белгіленген тәртіп бойынша келісімнің болуы, газды жинау мен пайдалану мәселелері қаралуы және сондай-ақ оның кесте бойынша іске асырылуы.
Тармақ 7
7. Жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаның жағдайы жөнінде өндірістік мониторингісін жүргізіп және өндірген, жанған газдың барлық көлемінің есеп жүргізу мәліметтерін ай-сайын облыстық жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциясына және қоршаған ортаны қорғау территориальдық органына беріп отырады.
Тармақ 8
8. Рұқсатта жағатын газдың пайдалы қазбалардың жоғалу нормасын, анықтайтын көлемі көрсетілуі тиіс.
Тармақ 9
9. Аумақтық басқармалар газдың жануына рұқсат берулерімен қатар, есеп жүргізулері және берілген рұқсаттарды тіркеулері қажет (3 қосымша).
Тармақ 10
10. Газды жағуға тиісті құжаттар және оның негізінде берілген рұқсаттың түп нұсқасы аумақтық басқармада сақталады.
Тармақ 11
11. Лицензиялық-шарттық жағдайлардың орындалуы және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын қорғау және игеру ережесін сақтаған жағдайда, газдың толық қайта өңдеу бағдарламасындағы істелген жұмыстарының нәтижесін жер қойнауын пайдаланушылардың есеп берулерін қарағаннан кейін және мемлекеттік экологиялық сараптамаларының қорытындылары жөнді болғаннан кейін, газ жағу рұқсатының ұзартылуы аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасының шешімімен қабылданады.
Тармақ 12
12. Аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасы газды жағу рұқсатының көшірмесін қоршаған ортаны қорғау территориалдық органға береді.
Тарау 3. 3 тарау. Нұсқау орындалмағандағы жауапкершілік
3 тарау. Нұсқау орындалмағандағы жауапкершілік
Тармақ 13
13. Жер қойнауын пайдалану жөнінде ақпараттарды нақты, толық және уақытында жер қойнауын қорғау және пайдалану мемлекеттік бақылау органдарына табыс етуден бас тарту немесе жалтару, көзделген заңнамаларға сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес табиғи және ілеспе газының жануына рұқсат алу үшін жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған құжаттардың нақтылығына толықтай жауапкершілікте болады.
Тармақ 15
15. Жер қойнауын қорғау және пайдалану мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз жанған газдың көлемі, сонымен қатар жанған газдың рұқсат етілген көлемінен асуы (артықтығы), жоғарғы нормадан тыс деп саналады және мемлекетке белгіленген тәртіпте өтелуі (орын толтыруы) қажет.
Тарау 4. 4 тарау. Нұсқаудың орындалуын бақылау
4 тарау. Нұсқаудың орындалуын бақылау
Тармақ 16
16. Аумақтық жер қойнауын қорғау, пайдалану және қоршаған ортаны қорғау органдары рұқсаттардағы қойылған шарттары мен талаптарының орындалуларын бақылайды.
Тарау 5. 5 тарау. Газды жағу рұқсатын кейін қайтару
5 тарау. Газды жағу рұқсатын кейін қайтару
Тармақ 17
17. Газды қайта өңдеу Бағдарламасы орындалмай жатқан жағдайда, аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасы газды жағуға берілген рұқсатты кейін қайтаруға құқығы бар.
Басқа 1. Жағатын газға рұқсат алу құқығы туралы сұраныс
Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау Комитеті Төрағасының 2004 жылғы 27 шілдедегі N 115-п бұйрығымен бекітілген Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі Нұсқауына 1 Қосымша Жағатын газға рұқсат алу құқығы туралы сұраныс __________________________________________________________________ (мекеменің аты, кенорын, қай кезеңде) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (жағатын газдың себебі және қажеттілігі жөніндегі негіздеме, жанатын газдың жобалық көлемі млн.м 3 .) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (тіркелетін құжаттардың тізімі) __________________________________________________________________
Тармақ 1
1. __________________________________________________________________
Тармақ 2
2. __________________________________________________________________
Тармақ 3
3. __________________________________________________________________
Тармақ 4
4. __________________________________________________________________
Тармақ 5
5. __________________________________________________________________
Тармақ 6
6. __________________________________________________________________ Мекеменің басшысы ------------------ өтініш беруші (лауазымы) -----------------                              ---------------- (қолы)                                       (А.Ж.Т.) м.о. "..."......... 200...ж.
Басқа 2. Газ жағуға рұқсат қағаз
Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау Комитеті Төрағасының 2004 жылғы 27 шілдедегі N 115-п бұйрығымен бекітілген Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі Нұсқауына 2 Қосымша Газ жағуға рұқсат қағаз __________________________________________________________________ (мекеменің аты, кенорын) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (жылдағы рұқсат берілген газдың көлемі млн.м 3 .) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (газ жағуға рұқсат қағазының мерзімі) Тіркеу нөмірі N.......        "...".............200...ж. АБ Бастығы "......." ..................................... м.о.
Басқа 3. АБ "..........." газ жағуға берілген рұқсаттың есеп журналы
Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау Комитеті Төрағасының 2004 жылғы 27 шілдедегі N 115-п бұйрығымен бекітілген Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі Нұсқауына 3 Қосымша АБ "..........." газ жағуға берілген рұқсаттың есеп журналы __________________________________________________________________ N |Мекеменің аты|Жанған |Рұқсатты| Рұқсат |  Рұқсат |Ескерту п/п|  (кенорны)  |газдың | қолдану|берілген|бергеннің|(кейін |             |көлемі | мерзімі| уақыты |лауазымы |қайтару) |             |млн.м 3 .|        |        |   А.Ж.Т.| __________________________________________________________________ 1        2           3       4         5        6         7 __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________