Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан

Қаулы · № 427 · қабылданған 10.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211158/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 427 ·10.06.2025
10.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 427 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
427
Қабылданған күні
10.06.2025
Қолданысқа енгізілген күні
10.06.2025
Көрсетілген редакция
10.06.2025 211158_761319.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000427
ЭКБ идентификаторы
211158
Редакция идентификаторы
211158_761319
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:59

0 Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация

министрлігінің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиорациялық орталық», «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиорациялық экспедициясы», «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиорациялық экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемелеріне (бұдан әрі – мекемелер) қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) мекемелердің атауын өзгертуді;

2 2) мекемелердің жарғыларын бекітуді;

3 3) мекемелерді әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;

4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
27) тармақша алып тасталсын;
29) тармақша алып тасталсын;
45) тармақша алып тасталсын;
51) тармақша алып тасталсын;
52) тармақшаның алтыншы абзацы алып тасталсын;
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
6, 7 және 8-тармақтар алып тасталсын.

2 2. «Министрліктердің аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам саны ескерілген штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам саны ескерілген штат санының лимиттерінде, сондай-ақ министрлер орынбасарларының шекті санында:
қызмет бабында пайдалану үшін.

3 3. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 156-5), 156-6) және 156-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«156-5) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізу және оны бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
156-6) мына:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
156-7) суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiне мониторинг жүргiзуді және оны бағалауды ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
__________________________________

Қолданыстағы