Об утверждении Правил финансирования приоритетных направлений расходования средств областного бюджета Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджет қаражаттары шығыстарының басым бағыттарын қаржыландыру Ережесін бекіту туралы «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылгы 25 шілдедегі № 832 қаулысына сәйкес жыл көлемінде облыстық бюджетке болжанған кірістердің толық түспей қалуы мүмкін екеніне байланысты ағымдағы қаржы жылына қаралған облыстық бюджет шығыстарын толық және уақтылы қаржыландыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджет қаражаттары шығыстарының басым бағыттарын қаржыландыру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдеріне аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттері шығыстарының басым бағыттарын қаржыландырудың осындай Ережелерін бекіту ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ыдырысовқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 шілдедегі № 90 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Облыстық бюджет қаражаттары шығыстарының басым бағыттарын қаржыландыру Ережесі
Тармақ 1
1. Облыстық бюджетті орындау облыстық қаржы басқармасының бастығы бекіткен міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың бекітілген жиынтық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қаржыландырудың жиынтық жоспарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, облыстық өкілетті және атқарушы органдардың шешімдеріне, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдеріне сәйкес облыстық бюджетке өзгерістер енгізілген жағдайда облыстық қаржы басқармасы міндеттемелер мен төлемдер бойынша облыстық бюджет шығыстарын қаржыландырудың бекітілген жиынтық жоспарына тиісті өзгерістер енгізеді, осыған сәйкес бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалар) жылдық сомасы шегінде бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша рұқсат беруді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы жылдың бірінші және соңғы айларын қоспағанда, ай сайын ағымдағы айдың 10-шы жұлдызына дейін облыстық бюджетке түсетін ақшаның күтілетін көлемін ескере отырып, бекітілген нысан бойынша тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне рұқсат береді. Нақты қаржының бақылау шотында ақшаның жетіспеушілігі туындаған жағдайда мекемелерде кредиторлық қарыздарды болдырмау мақсатында облыстық қаржы басқармасы қазынашылық органдары үшін жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне рұқсат беруді жүзеге асырады, соңғылары бюджет шығыстарының келесі басым бағыттарына сәйкес төлемдер пакетін қалыптастырады:
Тармақ 4
4. Бірінші кезекте төлемдерді жүзеге асыру шығыстардың мынадай түрлеріне жүргізіледі:
Тармақша 1
1)жалақы мен жұмыс берушілердің жарналары;
Тармақша 2
2)стипендиялар;
Тармақша 3
3)әлеуметтік төлемдер;
Тармақша 4
4)тамақтану;
Тармақша 5
5)дәрі-дәрмектер;
Тармақша 6
6)коммуналдық қызметтер (жылу, электр қуаты, су);
Тармақша 7
7)төменгі бюджеттерге берілетін субвенциялар.
Тармақ 5
5. Екінші кезекте:
Тармақша 1
1)төменгі бюджеттерге берілетін өзге де трансферттер;
Тармақша 2
2)іс-сапарлар мен қызмет бабындағы жол жүрулер;
Тармақша 3
3)жабдықтар мен басқа да тауарлар сатып алу;
Тармақша 4
4)ғимараттар мен құрылыстарды ағымдық және күрделі жөндеу;
Тармақша 5
5)өзге және басқа да шығындар.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджеттің қаражатын пайдалану қатаң түрде мақсатты тағайындалуына сәйкес жүзеге асырылады. Келесі айға облыстык бюджет бойынша рұқсаттар беру бұдан бұрын бөлінген қаражаттардың пайдаланылуын ескере отырып жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Облыстық бюджеттің шығыстарын дереу қаржыландыру қажет ететін күтпеген жағдайлар пайда болса, облыстық қаржы басқармасының бастығы облыс әкімінің келісімімен қаржыландыру тәртібін өзгертуге құқығы бар.