О состоянии исполнения антикоррупционного законодательства в сельской местности Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының ауылдық жерлерде орындалуы туралы Облыста қабылданып жатқан нормативтік құқықтық актілердің сапасын көтеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын орындау жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Алайда, ауылдық округ және аудан әкімдері мен әкімияттары қабылдаған нормативтік актілердің сапасы әлі де төмен. «Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылдың 20 наурызындағы №77-о өкімін аудандар мен ауылдық округтар әкімдері тиісті деңгейде орындамауда. Прокуратура органдарымен жүргізілген тексерулер нәтижесінде әкімияттар мен түрлі деңгейдегі әкімдердің 123 актісі өзгертілді немесе күшін жойған. Оның ішінде, 30-ы аудандық әкімияттардың актісі, 89-ы ауылдық округтар әкімдерінің шешімдері мен өкімдері. Сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтардың деңгейі жоғары күйінде қалып отыр. 2004 жылдың 6 айында аудан және ауылдық округтар әкімдері аппаратының қызметкерлері 40 сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған. Ауылдық округтар әкімдеріне қатысты қозғалған қылмыстық істер өткен жылмен салыстырғанда көбейген. Егер, 2003 жылы ауылдық округтардың 13 әкіміне қатысты мемлекет қаржысын бас пайдасына жарату фактілері бойынша 18 қылмыстық іс қозғалса, 2004 жылдың 6 айында 15 әкімге 28 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде: 5 әкімге 7 қылмыстық іс бюджет қаржысын бас пайдасына жарату фактілеріне, 10 әкімге 21 қылмыстық іс аймақтық «Ауыл» бағдарламасы аясында тұрғын үй салу жұмыстарына байланысты. Бұл істердің біреуі Арал ауданы, Қарақұм ауылдық округінің әкімі Т.Әнесовтың тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржыны бас пайдасына жарату фактісімен қозғалса, қалған 9 әкім құрылысы аяқталмаған үйлерді қабылдап алғандары үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307, 314-баптарымен жауапкершілікке тартылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының ауылдық жерлерде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменті бастығының орынбасары М.Еркінбековтың ақпараты назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері:
Тармақша 1
1)сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтсін;
Тармақша 2
2)ауылдық округ әкімдері-кадрларын іріктеу жұмыстарын қатаң бақылауға алсын;
Тармақша 3
3)аудандар мен ауылдық округтар әкімдері аппараты қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалу фактілерін аудан әкімияттары мәжілістерінде қарап, нәтижесі туралы облыс әкімі аппаратына хабарласын;
Тармақша 4
4)«Қызылорда облысының ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы» шеңберінде тұрғын үй құрылыстары үшін тауар, қызмет және жұмыстарды сатып алу барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының қатаң сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5)«Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылдың 20 наурызындағы №77-ө өкімінің орындалуын қатаң бақылауға алсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімі аппараты (Ғ.Жарқынбаев) ауылдық округтардың заңгер-мамандарын оқытуды және тәлімдеуден өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы К.Нүрекешовтың «Ауыл» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салудың сметасын әзірлеудегі кемшіліктері аталып көрсетілсін және оның тәртіптік жауапкершілігі қаралсын. 5.Облыстық сәулет, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (К.Нүрекешов):
Тармақша 1
1) «Қызылорда облысының ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы» шеңберінде қаралған ауылдық жерлердегі жас мамандарға арналып салынатын үй құрылысының сметасын қайта қарау үшін жұмысшы тобын құру туралы облыс әкімі өкімінің жобасын дайындасын;
Тармақша 2
2) тұрғын үй құрылыстарын жүргізу барысындағы техникалық бақылау жұмыстарын тиісті деңгейде атқаруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) тұрғын үй құрылысын аяқтау мерзімдерін қайта қарау туралы ұсыныс берсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Есеновке жүктелсін.