Об утверждении цен на услуги, реализуемые акционерным обществом «Национальные информационные технологии» Қолданыста
Басқа 0
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтерге бағаларды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 336) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтерге бағалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Басқа 0. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтердің бағалары
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2025 жылғы 11 маусымдағы
№ 296/НҚ бұйрығымен
бекітілген
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтердің бағалары
Р/с
№
Көрсетілетін қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
Бірлік құны/
Айлық құны
теңге, ҚҚС-ты есепке алмағанда
1.
«Әлеуметтік әмиян» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу бойынша ақпараттық-коммуникациялық платформаны ұсыну жөніндегі қызметтер:
1.1
1 (бір) рецепт беру сервисінің қызметтеріне арналған шығыстар
Бірлік
21.60 (бірлік үшін)
1.2
1 (бір) оқушының ыстық тамақ сервисі қызметтеріне арналған шығыстар
Бірлік
153.14 (бірлік үшін)
2.
Ұлттық жасанды интеллект платформасының жұмыс істеуін, ұлттық жасанды интеллект платформасын сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету қызметі
Платформа
117 979 930 (айына)
3.
«Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық-коммуникациялық қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер:
3.1
Бір қолданушыға арналған құны
Бірлік
2 637 (айына)
4.
Hosting (ДО):
4.1
Процессорды жалға алу vCPU (ДО)
виртуалды ядро
2 286 (айына)
4.2
Жадты жалға алу RAM (ДО)
Гб
549 (айына)
4.3
Диск кеңістігін жалға алу HDD (ДО)
Гб
19 (айына)
4.4
Диск кеңістігін жалға алу SSD (ДО)
Гб
126 (айына)
5.
Dedicated:
5.1
Dedicated (Түрі 1)
Бағдарламалық-аппараттық кешен
195 170 675 (айына)
5.2
Dedicated (Түрі 2)
Бағдарламалық-аппараттық кешен
828 485 970 (айына)
6.
GPU
Бейнекарта
1 794 536 (айына)