Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 126-НҚ · қабылданған 10.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211242/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 126-НҚ ·10.06.2025
10.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 126-НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
126-НҚ
Қабылданған күні
10.06.2025
Қолданысқа енгізілген күні
10.06.2025
Көрсетілген редакция
10.06.2025 211242_769818.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036266
ЭКБ идентификаторы
211242
Редакция идентификаторы
211242_769818
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:58

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі 2025 жылғы
10 маусымдағы
№ 126-НҚ Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19-1/441 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11811 болып тіркелген).

2

2. «Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19-1/441 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 150 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16983 болып тіркелген).

3

3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 183 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15240 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбiр бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы.

Қолданыстағы