Об аквакультуре Қолданыста
Басқа 0
Аквашаруашылық туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аквашаруашылық – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызмет;
Тармақша 2
2) аквашаруашылық объектілері – аквашаруашылық субъектілері көбейтетін және (немесе) күтіп-ұстайтын, өсіретін балықтар, су моллюскалары және шаян тәрізділер;
Тармақша 3
3) аквашаруашылық объектілерінің құртшабақтары – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге, сондай-ақ су айдындарына балық жіберуге арналған олардың ұрықтандырылған уылдырығы, дернәсілдері, шабақтары, бір жылдық және екі жылдық шабақтары;
Тармақша 4
4) аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) – зерттеулер мен ғылыми деректер, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің, балық өсіру тоғандарының, балық өсіру бассейндерінің ағымдағы жай-күйі мен әлеуетін бағалау, сондай-ақ аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты технологияларды қолдану нәтижесінде әзірленген ғылыми негізделген ұсынымдар кешені;
Тармақша 5
5) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аквашаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 6
6) аквашаруашылық субъектілері – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
Тармақша 7
7) аквашаруашылықтың цифрлық жүйесі – уәкілетті органның аквашаруашылықтың дамуын мониторингтеу мен талдауға, аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізуге және аквашаруашылық объектілерінің, оның ішінде оларды қайта өңдеу өнімдерінің қадағалануына, сондай-ақ аквашаруашылық саласында деректер мен мәліметтерді жинауға және қалыптастыруға, цифрландыруды қамтамасыз етуге арналған цифрлық жүйесі;
Тармақша 8
8) балық өсіру – аквашаруашылықтың балықты көбейтуге және (немесе) күтіп-бағуға, өсіруге байланысты бағыты;
Тармақша 9
9) балық өсіру бассейні – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге арналған, жерге батырып орнатылмаған сыйымдылық және (немесе) конструкция;
Тармақша 10
10) балық өсіру объектілері – су қорғау белдеуінде салынатын, техникалық персоналдың болуы, уылдырықты инкубациялау, аквашаруашылық объектілерінің құртшабақтарын өсіру, аквашаруашылық өнімін, азық-жемді, аулау құралдарын, арнаулы құрылғыларды (тор қоршамаларды) сақтау, сондай-ақ аквашаруашылық объектілерін қорғау үшін жабдықты орналастыруға арналған күрделі емес құрылысжайлар (мобильді кешен, бір шатырдың астына алынған немесе жеке тұрған контейнер түрінде жасалған құрылыстар);
Тармақша 11
11) балық өсіру тоғаны – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге арналған жасанды түрдегі технологиялық су айдыны, оған су шаруашылығы және (немесе) гидротехникалық құрылысжайлар немесе өзге де құрылғылар арқылы су толтырылады;
Тармақша 12
12) тұйықталған сумен жабдықтау қондырғысы – аквашаруашылықты жүргізу үшін суды тиімді пайдалану мақсатында механикалық және биологиялық тазарту мен өзге де компоненттер қолданыла отырып, суды тұйықталған цикл бойынша айналдыру жүйесі бар қондырғы.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 3
3-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Осы Заңның мақсаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жаңа өндірістерді құру және (немесе) жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту арқылы аквашаруашылықты орнықты дамыту;
Тармақша 2
2) бәсекеге қабілетті аквашаруашылық объектілерін өсіру көлемін ұлғайту;
Тармақша 3
3) аквашаруашылық объектілерінің адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз болуы.
Тармақ 2
2. Осы Заңның міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) инвестициялық ахуалды жетілдіру және аквашаруашылық объектілері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамыту;
Тармақша 2
2) аквашаруашылық субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру үшін аквашаруашылық саласында инновациялық және (немесе) индустриялық технологиялар мен процестердің енгізілуін қолдау;
Тармақша 3
3) аквашаруашылық саласында ғылымды дамыту, жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
Тармақша 4
4) ішкі нарықты отандық аквашаруашылық өнімімен молықтыру;
Тармақша 5
5) аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік ынталандыру;
Тармақша 6
6) «Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аквашаруашылықтың органикалық өнімі өндірісін дамытуды қамтамасыз ету.
Бап 4
4-бап. Аквашаруашылық саласындағы заңнамалық реттеудің қағидаттары
Аквашаруашылық саласындағы заңнамалық реттеудің қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) су биологиялық ресурстарына және олардың мекендеу ортасына зиян келтірілуіне жол бермеу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ұтымды пайдалану;
Тармақша 2
2) тұтынушылар, аквашаруашылық субъектілері, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі;
Тармақша 3
3) аквашаруашылық саласындағы ақпараттың қолжетімділігі мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік реттеуге қатысуы;
Тармақша 4
4) су жануарларының бөгде немесе генетикалық модификацияланған түрлерін интродукциялауға жол бермеу;
Тармақша 5
5) аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі.
Тарау 2. 2-тарау. АКВАШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. АКВАШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 5
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің аквашаруашылық саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 6
6-бап. Уәкілетті органның, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің аквашаруашылық саласындағы құзыреті
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) аквашаруашылықты дамытудың жай-күйін бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) бюджет қаражаты есебінен аквашаруашылықты дамыту жай-күйіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) аквашаруашылықтың цифрлық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8
8) аквашаруашылықтың цифрлық жүйесін жүргізеді;
Тармақша 9
9) аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10
10) аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
Тармақша 11
11) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттар талаптарының және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының орындалуына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 12
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері өз қызметін уәкілетті орган белгілеген және осы Заңда белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырады.
Бап 7
7-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының аквашаруашылық саласындағы құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) құзыреті шегінде аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) аквашаруашылық субъектілерін және аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерді субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. АКВАШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
3-тарау. АКВАШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
Бап 8
8-бап. Аквашаруашылық субъектілері қызметінің түрлері
Тармақ 1
1. Аквашаруашылық субъектілері мынадай қызмет түрлерін:
Тармақша 1
1) оқшауланған балық шаруашылығы су айдындарының ихтиофаунасын толық немесе ішінара ауыстыру арқылы онда балықты көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты көл-тауар шаруашылық қызметін;
Тармақша 2
2) балықтарды балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің акваториясында орналасқан арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты тор қоршама шаруашылық қызметін;
Тармақша 3
3) балық өсіру тоғандарын және (немесе) балық өсіру бассейндерін пайдалана отырып, аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты тоған шаруашылық қызметін;
Тармақша 4
4) балық өсіру бассейндерін пайдаланып және тұйықталған сумен жабдықтау қондырғысын қолдана отырып, аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты индустриялық шаруашылық қызметін;
Тармақша 5
5) аквашаруашылық объектілерін ұрықтандыру, уылдырығын инкубациялау арқылы олардың құртшабақтарын алу, сондай-ақ жасанды түрдегі жағдайларда аквашаруашылық объектілерінің құртшабақтарын өсіру мақсатында оларды көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты өсімді молайту шаруашылық қызметін жүзеге асырады.
Аквашаруашылық субъектілері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бір немесе одан да көп қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Аквашаруашылық субъектілерінің қызметі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметке жатады және осы Заңда реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде регламенттеледі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттік орман қорының аумағында, оның ішінде су объектілерінде балық өсіруді жүргізу Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының орман заңнамасында реттеледі.
Бап 9
9-бап. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері
Тармақ 1
1. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері маңызы бойынша халықаралық, республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
Халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне уәкілетті орган су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасы мен іргелес мемлекеттер аумағында орналасқан су айдындары жатады.
Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне уәкілетті орган су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тізбеге енгізілген, екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан су айдындары және (немесе) учаскелер жатады.
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясымен және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісуден кейін бекіткен тізбеге енгізілген барлық қалған су айдындары және (немесе) учаскелер жатады.
Тармақ 2
2. Халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбелеріне паспорттау негізінде көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін перспективалы деп танылған су айдындары және (немесе) учаскелер енгізіледі. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, паспорттауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ғылыми зерттеулер негізінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін су қоймаларында ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде су қоймасының техникалық параметрлеріне негізделген судың ең төмен деңгейі ескеріледі.
Тармақ 3
3. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғаның жеке меншігіндегі және (немесе) уақытша жер пайдалануындағы жер учаскесінде орналасқан су айдыны болмаған жағдайда мұндай тұлғалар уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес оны паспорттау үшін өз қаражаты есебінен ғылыми зерттеулер жүргізуге құқылы.
Тармақ 4
4. Халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін осы Заңның 10 және 11-баптарында көзделген тәртіппен бекітіп беріледі.
Тармақ 5
5. Бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, оның ішінде көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін берілген су қорғау белдеулері шегінде мыналарға:
Тармақша 1
1) суару алаңдарын және ортақ су пайдалану тәртібімен су айдындарының ластануын және қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғыларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға;
Тармақша 2
2) су айдындарының сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластануы, қоқыстануы, сарқылуы) шаруашылық және өзге де қызметке;
Тармақша 3
3) осы Заңның 14-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әуесқой (спорттық) балық аулауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де іс-әрекетке тыйым салынады.
Бап 10
10-бап. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметі
Тармақ 1
1. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметі бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі, биологиялық негіздеме және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспары болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган бекіткен қағидаларға және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес конкурс қорытындысы бойынша уәкілетті органның шешімімен бекітіп беріледі.
Балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жатқызылған су айдынында және (немесе) оның бір бөлігінде барлық су айдынын пайдалану құқығынсыз көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу құқығын беру балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру болып табылады.
Қатысушы конкурсқа қатысу үшін уәкілетті орган бекіткен қағидаларда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде кепілді жарна енгізеді.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган конкурсқа шығарылатын резервтегі балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімін қалыптастырады.
Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтегі балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімі су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясымен келісілгеннен кейін уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде ашық қолжетімділікте орналастырылады.
Тармақ 4
4. Конкурс қорытындысы бойынша уәкілетті орган конкурс жеңімпазымен уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шартын жасасады.
Аквашаруашылық субъектісі көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шартын жасасқаннан кейін ол жасалған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес биологиялық негіздемені әзірлеуді және уәкілетті органмен келісуді қамтамасыз етуге міндетті.
Аквашаруашылық субъектісі биологиялық негіздеме келісілген күннен бастап бір ай ішінде уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын бекітеді.
Тармақ 5
5. Жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі және (немесе) уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан, конкурсқа шығарылатын резервтегі балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізіміне енгізілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері олардың өтінімі бойынша уәкілетті орган бекіткен қағидаларға және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес уәкілетті органның шешімімен конкурс өткізілмей оларға бекітіп беріледі.
Екі және одан да көп жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі және (немесе) уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде орналасқан, конкурсқа шығарылатын резервтегі балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізіміне енгізілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері уәкілетті орган бекіткен қағидаларға және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес және басқа меншік иелері және (немесе) жер пайдаланушылар көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру құқығынан жазбаша бас тартқан жағдайда уәкілетті органның шешімімен оның өтінімі бойынша конкурс өткізілмей олардың біреуіне бекітіп беріледі.
Тармақ 6
6. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мерзімі он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімді құрайды, ол су айдындарын және (немесе) учаскелерді паспорттау негізінде айқындалады.
Тармақ 7
7. Аквашаруашылық субъектісінің көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірмей және үш жылдан ерте емес мерзімде жаңа шарт жасасуға құқығы бар. Жасалған шартты тиісінше орындаған және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган аквашаруашылық субъектісімен көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға жаңа шарт жасасады. Бұл ретте көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған жаңа шарт бұрын жасалған шарттың мерзімінен немесе балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспортында көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзімге жасалады.
Жаңа шарт жасауға өтінім берген кезде аквашаруашылық субъектісінде келісілген биологиялық негіздеме болуы және ол уәкілетті органмен келісу бойынша көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға жаңа шарт жасасқан күннен бастап бір ай ішінде уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын бекітуге міндетті.
Тармақ 8
8. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) аквашаруашылықты жүргізуден ерікті түрде жазбаша бас тартылғанда;
Тармақша 2
2) аквашаруашылық субъектісінің қызметі тоқтатылғанда;
Тармақша 3
3) шарттың талаптары және (немесе) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасының талаптары күнтізбелік екі жыл ішінде үш рет және (немесе) одан да көп бұзылғанда;
Тармақша 4
4) осы баптың 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген міндеттемелер орындалмағанда;
Тармақша 5
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылғанда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Аквашаруашылық субъектілері осы баптың 8-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген немесе осы Заңның 11-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайларда көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жосықсыз аквашаруашылық субъектілері тізіліміне (бұдан әрі – жосықсыз аквашаруашылық субъектілері тізілімі) енгізіледі.
Жосықсыз аквашаруашылық субъектілерінің тізілімі соттардың заңды күшіне енген шешімдері негізінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Жосықсыз аквашаруашылық субъектілері тізіліміне енгізілген тұлғалар, сондай-ақ басшылары мен құрылтайшылары жосықсыз аквашаруашылық субъектілері тізіліміндегі заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысы бар заңды тұлғалар жосықсыз аквашаруашылық субъектілері тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге өтінім беруге құқылы емес.
Бап 11
11-бап. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп берудің ерекше тәртібі
Тармақ 1
1. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келген және ол міндеттемелерді қабылдаған кезде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уәкілетті органның шешімімен конкурс өткізілмей бекітіп беріледі.
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері мынадай:
Тармақша 1
1) жаңа өндірістерді құру жөніндегі және қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды қоса алғанда, өндірістік объектілер құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз елу мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін;
Тармақша 2
2) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, оның ішінде өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғырту жөніндегі және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін жобаларды іске асыру мақсатында бекітіп беріледі.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімін қалыптастырады.
Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімі су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен және тиісті облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісілгеннен кейін уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ашық қолжетімділікте орналастырылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері болған кезде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес өтінім мен құжаттарды уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруге өтінім жіберген кезде мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
Тармақша 1
1) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасының болуы;
Тармақша 2
2) екінші деңгейдегі банкте және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мөлшерден кем емес көлемдегі қаражаттың немесе жобаның бизнес-жоспарында көрсетілген қаражаттың болуы;
Тармақша 3
3) салықтық берешектің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
Тармақша 4
4) орындалмаған шарттық міндеттемелердің болмауы (бұрын оларға балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген тұлғалар үшін).
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғасымен жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шартын уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жасасады.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шартын жасасқаннан кейін осы Заңның 10-бабы 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген талаптарды орындауға міндетті.
Тармақ 6
6. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру кезінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына мынадай міндеттемелер жүктеледі:
Тармақша 1
1) аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына сәйкес балық өсіру көлемін сақтау;
Тармақша 2
2) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасын сақтау;
Тармақша 3
3) қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды қоса алғанда, жаңа өндірістік объектілерді салу немесе өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғыртуды қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту;
Тармақша 4
4) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген төлемақы енгізу.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелер жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың міндетті талаптары болып табылады.
Тармақ 7
7. Мынадай жағдайлардың бірі:
Тармақша 1
1) жоба құнының осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мөлшерден аз болуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы баптың 4-тармағында белгіленген талаптарға сай болмауы;
Тармақша 3
3) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасының уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес келмеуі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруден бас тартуға негіз болып табылады.
Тармақ 8
8. Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт осы Заңның 10-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайларда және осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттемелер орындалмаған кезде мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Бап 12
12-бап. Тоған, индустриялық және (немесе) өсімді молайту шаруашылық қызметі
Тармақ 1
1. Тоған, индустриялық және (немесе) өсімді молайту шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін биологиялық негіздеменің, жеке меншік құқығында не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де заңды негіздерде жер учаскесінің және (немесе) жылжымайтын мүліктің болуы қажет.
Тармақ 2
2. Аквашаруашылыққа арналған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды салу және пайдалану, тоған, индустриялық және (немесе) өсімді молайту шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық өсіру тоғандары және (немесе) балық өсіру бассейндері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қағидалар мен талаптарға сәйкес айқындалады.
Бап 13
13-бап. Аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер
Тармақ 1
1. Мыналарды:
Тармақша 1
1) аквашаруашылық объектілері үшін азық-жемді өндіруге байланысты қызметті;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес балық өсіру саласында селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер болып табылады.
Тармақ 2
2. Аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шарттарда және тәртіппен беріледі.
Тармақ 3
3. Аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аквашаруашылықтың цифрлық жүйесінде тіркеледі;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген, аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсынады;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қарсы міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат береді;
Тармақша 4
4) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де деректерді және (немесе) мәліметтерді (ақпаратты) ұсынады.
Бап 14
14-бап. Аквашаруашылық субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Аквашаруашылық субъектілерінің:
Тармақша 1
1) аквашаруашылыққа арналған ғимараттарға, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларға, конструкцияларға, балық өсіру тоғанына, балық өсіру бассейніне және өсірілген аквашаруашылық объектілеріне, оның ішінде олардан алынған өнімге меншік құқығы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда аквашаруашылық мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, инженерлік коммуникациялар тартуды қоса алғанда, су қорғау белдеуінде балық өсіру объектілерін, балық өсіру тоғандарын салуға және пайдалануға, балық өсіру бассейндерін орналастыруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иелерінен және (немесе) жер пайдаланушылардан сервитут беруді талап етуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес арнайы су пайдалануға, оның ішінде ұңғымаларды (құдықтарды) бұрғылауға;
Тармақша 6
6) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес ұсынылатын аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға;
Тармақша 7
7) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, аквашаруашылықтың цифрлық жүйесінен мәліметтерді алуға және пайдалануға;
Тармақша 8
8) аквашаруашылықтың цифрлық жүйесіне өтеусіз қол жеткізуге;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аквашаруашылыққа арналған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды, балық өсіру тоғандарын салуға және пайдалануға, балық өсіру бассейндерін орналастыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтардан басқа, Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес уәкілетті органға шартқа және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
Тармақ 3
3. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құқықтардан басқа, арнаулы құрылғылар (тор қоршамалар) орнатылған орындарды кеме қатынасы қауіпсіздігіне және өзге де жүзу құралдарының қозғалысына кедергі келтірмейтін, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермейтін арқандармен және қалтқылармен қоршап қоюға құқылы.
Тармақ 4
4. Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құқықтардан басқа, бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық өсіруге арналған арнаулы құрылғыларды (тор қоршамаларды) биологиялық негіздемеге сәйкес орнатуға құқылы.
Тармақ 5
5. Көл-тауар және (немесе) тоған шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері осы баптың 1, 2, және 4-тармақтарында көзделген құқықтардан басқа, әуесқой (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға құқылы.
Тармақ 6
6. Аквашаруашылық субъектілері:
Тармақша 1
1) биологиялық негіздемеде көзделген аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) аквашаруашылықты су биологиялық ресурстарына және оларды қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен және әдістермен жүргізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес биологиялық негіздемені әзірлеуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) уәкілетті органға әкімшілік деректерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес ұсынуға;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қарсы міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат беруге;
Тармақша 6
6) су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөгде немесе генетикалық модификацияланған түрлерін интродукциялауға жол бермеуге;
Тармақша 7
7) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қағидалар мен талаптарды сақтауға;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аквашаруашылықтың цифрлық жүйесінде тіркелуге;
Тармақша 9
9) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды жолмен өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жіберуге;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жәрдемдесуге міндетті.
Тармақ 7
7. Тоған, өсімді молайту және (немесе) индустриялық шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттерден басқа, жерүсті су объектілерінен су алу кезінде балық қорғау құрылғыларын орнатуға міндетті.
Тармақ 8
8. Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттерден басқа:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес ортақ пайдаланудағы жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермеуге;
Тармақша 2
2) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шартты және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын орындауға, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шарт талаптарының және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының орындалуы туралы ақпарат беруге;
Тармақша 3
3) біріктіру, қосу немесе қайта құру нысанында заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт бойынша үшінші тұлғаларға құқықтар мен міндеттемелерді беруге және (немесе) басқаға беруге және (немесе) мұндай құқықтар мен міндеттемелердің мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға ауысуына жол бермеуге;
Тармақша 4
4) аквашаруашылық объектілерін заңсыз аулауға жол бермеу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін күзетуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес бақылау үшін аулауды жүзеге асыру құқығын беруге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес аншлагтарды орнатуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының су және экология заңнамасында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулары пайдаланылатын жерлерде оларды күтіп-ұстауға;
Тармақша 8
8) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт мерзімінен бұрын бұзылған немесе оның мерзімі өткен жағдайда, аквашаруашылық үшін тұрғызылған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды қисынды мерзімде демонтаждауды, бұзып тастауды жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынына аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына сәйкес балық жіберуді жүргізуге;
Тармақша 10
10) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынында Қазақстан Республикасының су заңнамасына және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізуге;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес биологиялық негіздеме негізінде балық шаруашылығы су айдынының ихтиофаунасын толық және (немесе) ішінара ауыстыруды жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген талаптар тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілерінің де орындауы үшін міндетті.
Тармақ 9
9. Аквашаруашылық субъектілері өзге де құқықтары мен міндеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Бап 15
15-бап. Аквашаруашылық саласында ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Аквашаруашылық саласында ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринария мәселелері бойынша құқығын құрайтын актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Аквашаруашылық саласында санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Еуразиялық экономикалық одақтың тамақ қауіпсіздігі мәселелері бойынша құқығын құрайтын актілерге сәйкес талаптарды сақтау арқылы жүзеге асырылады.
Бап 16
16-бап. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулер
Тармақ 1
1. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулер «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулердің міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) аквашаруашылық саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 2
2) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асырудың перспективалылығын айқындау және оларды паспорттау үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін зерделеу және зерттеу;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес биологиялық негіздемені әзірлеу;
Тармақша 4
4) аквашаруашылық саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;
Тармақша 5
5) аквашаруашылық объектілерін және олардың құртшабақтарын көбейту және (немесе) күтіп-бағу, өсіру бойынша инновациялық және (немесе) индустриялық технологияларды әзірлеу және (немесе) енгізу;
Тармақша 6
6) аквашаруашылық саласындағы ғылыми ұсынымдарды тұжырымдау;
Тармақша 7
7) аквашаруашылық саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де ғылыми жұмыстарды жүргізу.
Тармақ 2
2. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ғылыми зерттеулер өздеріне бекітіп берілген аквашаруашылық субъектілерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар және (немесе) дербес білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. АКВАШАРУАШЫЛЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЫНТАЛАНДЫРУ
4-тарау. АКВАШАРУАШЫЛЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЫНТАЛАНДЫРУ
Бап 17
17-бап. Аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шаралары
Тармақ 1
1. Аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шаралары аквашаруашылық субъектілеріне, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге беріледі және осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шараларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) аквашаруашылықты субсидиялау;
Тармақша 2
2) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аквашаруашылыққа кредит беру және оны сақтандыру;
Тармақша 3
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген арнаулы салық режимі және өзге де салықтық жеңілдіктер;
Тармақша 4
4) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес қаржылық емес қолдау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өзге де шаралар.
Бап 18
18-бап. Аквашаруашылықты субсидиялау
Тармақ 1
1. Аквашаруашылықты субсидиялау аквашаруашылықты дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде мынадай шарттарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) аквашаруашылықты дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиімділігі;
Тармақша 2
2) өндірілетін аквашаруашылық өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Тармақ 2
2. Аквашаруашылықты субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту;
Тармақша 2
2) аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар болған кезде шығыстардың бір бөлігін өтеу;
Тармақша 3
3) аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау;
Тармақша 4
4) аквашаруашылық саласында техника мен технологиялық жабдық сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
Тармақша 5
5) субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де бағыттары.
Тармақ 3
3. Аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерді субсидиялау осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Аквашаруашылықты субсидиялау субсидиялар алушы уәкілетті орган бекіткен қағидаларда айқындалған қарсы міндеттемелерді қабылдаған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Аквашаруашылықты субсидиялауды, сондай-ақ қарсы міндеттемелерге қол жеткізу мониторингін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Субсидиялар:
Тармақша 1
1) осы баптың 7-тармағына сәйкес қарсы міндеттемелерді орындамауға жол берген және ақшаны қайтармаған;
Тармақша 2
2) басшылары, құрылтайшылары (акционерлері) осы баптың 7-тармағына сәйкес бұрын қарсы міндеттемелерді орындамауға жол берген және ақшаны қайтармаған аквашаруашылық субъектілерінің, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілердің бұрын басшылары, құрылтайшылары (акционерлері) болып табылған аквашаруашылық субъектілеріне, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге берілмейді.
Егер аквашаруашылық субъектісі, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қарсы міндеттемелерді тиісінше орындау еңсерілмейтін күштің салдарынан мүмкін болмағанын дәлелдесе, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Аквашаруашылық субъектілері, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер қарсы міндеттемелерін орындамаған жағдайда, олар аквашаруашылықты субсидиялау шеңберінде алған ақша қарсы міндеттемелерді орындаудың қол жеткізілген деңгейі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ескеріле отырып, уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қайтарылуға жатады.
Аквашаруашылық субъектілері, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер субсидия берілген күннен бастап бес жыл ішінде қызметін тоқтатқан жағдайда, аквашаруашылықты субсидиялау шеңберінде алған ақшаны уәкілетті орган айқындаған тәртіппен толық не ішінара қайтаруға міндетті.
Тармақ 8
8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес ақшаны қайтарған аквашаруашылық субъектілерінің, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілердің және осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдардың ақшаны қайтарған күнінен бастап екі жыл өткен соң аквашаруашылық үшін субсидия алуына рұқсат етіледі.
Бап 19
19-бап. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Аквашаруашылық субъектілерін, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) аквашаруашылық саласында жаңа өндірістерді құру;
Тармақша 2
2) аквашаруашылық саласындағы жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және кеңейту;
Тармақша 3
3) су ысырабын азайту және оны ұтымды пайдалану үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы органдар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. АКВАШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
5-тарау. АКВАШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
Бап 20
20-бап. Мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері мен олардың лауазымды адамдары (бұдан әрі – бақылау органы) тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аквашаруашылық субъектілері, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау субъектілері) аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
Бап 21
21-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
Тармақ 1
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Тармақ 2
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мемлекеттік бақылау субъектісі ұсынған есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық жүйелер мен цифрлық ресурстардан алынған басқа да құжаттарды және мемлекеттік бақылау субъектісінің қызметі туралы мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бірақ мемлекеттік бақылау субъектісіне оларды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, мемлекеттік бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жібереді.
Тармақ 4
4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мемлекеттік бақылау субъектісіне жеке өзінің қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде мемлекеттік бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына немесе егер бұл мекенжайды осы субъект бақылау органына ұсынған болса, бақылау органының жөнелтуі арқылы табыс етілген (алынған) болып есептеледі.
Тармақ 5
5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды алған мемлекеттік бақылау субъектісі ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген оларды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.
Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды орындау мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бақылау органына бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты жазбаша түрде беруге міндетті.
Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болғанда) қоса береді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген бақылау органына ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 7
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Тармақ 8
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бір жыл ішінде екі реттен асырмай жүргізіледі.
Тарау 6. 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 22
22-бап. Аквашаруашылық саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 23
23-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Көл-тауар балық өсіру шаруашылығын, тор қоршама балық өсіру шаруашылығын, тоған балық өсіру шаруашылығын және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығын жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейін үш жыл ішінде өз қызметін осы Заңның 10-бабының 4-тармағы екінші және үшінші бөліктерінің және 12-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келтіруге тиіс.
Тармақ 2
2. Бекітіп берілмеген балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің паспорттарында балық өсіруге арналған балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мерзімдері болмаған жағдайда, мұндай мерзімдер балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ғылыми ұсынымдары негізінде айқындалады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 11-бабының 6-тармағы 4) тармақшасының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
Тармақша 4
«4) балық шаруашылығы су айдынының учаскесін бекітіп беруге арналған жарнаны уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес айқындалған мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде енгізу.».
Тармақ 4
4. 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін:
Тармақша 1
1) осы Заңның 10-бабының 3-тармағы екінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтегі балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімі су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясымен келісілгеннен кейін уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде ашық қолжетімділікте орналастырылады.»;
Тармақша 2
2) осы Заңның 10-бабының 9-тармағы екінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Жосықсыз аквашаруашылық субъектілерінің тізілімі соттардың заңды күшіне енген шешімдері негізінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.»;
Тармақша 3
3) осы Заңның 11-бабы 2-тармағының екінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімі су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен және тиісті облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісілгеннен кейін уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ашық қолжетімділікте орналастырылады.»;
Тармақша 4
4) осы Заңның 14-бабының 8-тармағы 2) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
Тармақша 2
«2) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шартты және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын орындауға, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шарт талаптарының және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының орындалуы туралы ақпарат беруге;».
Бап 24
24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-баптың 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.