О реализации пилотного проекта по внедрению особого механизма оказания государственной услуги «Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты» по отдельным нозологическим формам в заочном проактивном формате Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобасы (бұдан әрі – пилоттық жоба) осы пилоттық жобаның іске қосылу мерзіміне байланысты іске қосылсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру, Ана мен бала денсаулығын қорғау, Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменттерімен бірлесіп пилоттық жобаны іске асыруды және жүргізудің ай сайынғы мониторингін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны пилоттық жобаға техникалық іске асыру мен қолдау көрсетуді және ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері осы бірлескен бұйрықты өздерінің мүдделі аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, денсаулық сақтау басқармаларының назарына жеткізсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет- ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ол күшіне енген күннен бастап он екі ай ішінде қолданыста болады.
Басқа 0. Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаның іске қосылу мерзімдері
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 11 маусымдағы
№ 56,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі 2025 жылғы
9 маусымдағы № 292/НҚ мен
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2025 жылғы 5 маусымдағы
№ 168
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2025 жылғы ___ ______
№____
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
2025 жылғы ___ ______
№ ____
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2025 жылғы ___ ______
№ ____
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаның іске қосылу мерзімдері
№
Субъект (мемлекеттік орган)
Пилоттық жобаның іске қосылу мерзімі
1
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері
2025 жылғы
маусымнан бастап
2
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
3
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы
4
Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
2025 жылғы
шілдеден
бастап*
2025 жылғы тамыздан бастап**
5
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы
6
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы
7
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
8
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы
9
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
10
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы
11
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы
12
Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
13
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
14
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
15
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы
16
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы
17
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
18
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы
19
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы
20
Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы
21
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы
*«ДАМУ» Ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-да ақпараттық жүйесін пайдаланатын медициналық ұйымдар.
**«Жетісу» ЖШС, «Надежда» ЖШС, «Infomed Kazakhstan» ЖШС, «Авиценна МАЖ» ЖШС ақпараттық жүйелерін пайдаланатын медициналық ұйымдар.
Басқа 1. Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл
алгоритмі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2025 жылғы ___ ______
№____
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
2025 жылғы ___ ______
№ ____
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2025 жылғы ___ ______
№ ____
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл
алгоритмі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) сырттай-проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізуді айқындайды.
Тармақ 2
2. Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
Тармақша 1
1) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ДКК) – меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, медициналық ұйымда құрылатын комиссия еңбекке уақытша қабілетсіздігін сараптау үшін пациентті жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет көрсетуге жіберу, адамның ағзаларын (ағзаларының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) трансплантаттау, пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу, аурудың бар-жоғын анықтаған кезде баланы үйге оқытуға жіберу, бақылау, мониторинг, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау және негізділігі мәселелерін шешу;
Тармақша 2
2) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
Тармақша 3
3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;
Тармақша 4
4) медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны) – «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінде толтырылатын және дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған № 031/е нысаны бойынша құжат;
Тармақша 5
5) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 6
6) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «МОДБ» ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 7
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Барлық өзге де ұғымдар және қысқартулар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – МӘС Қағидалары) сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. № 031/е нысанын қалыптастырудың ерекшелігі
2-тарау. № 031/е нысанын қалыптастырудың ерекшелігі
Тармақ 3
3. Пациенттің тіркелген жері бойынша медициналық ұйымның емдеуші дәрігері немесе диспансердің емдеуші дәрігері жарақаттардың және кемістіктердің салдарынан, аурулар әсерінен тыныс-тіршілігінің шектелуіне әкелетін организм функцияларының тұрақты бұзылулары болған кезде МАЖ-да деректерді тексеріп, № 031/е нысанын қалыптастырады.
Осы Алгоритмнің 1-қосымшасына сәйкес пилоттық жоба жүргізілетін жекелеген нозологиялық нысандар тізбесіне кіретін жағдайлар бойынша № 031/е нысанын қалыптастырған кезде, деректер Алгоритмнің 2-қосымшасына сәйкес міндетті зерттеп-қарау және объективті деректер тізбесіне сәйкес міндетті түрде көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Жекелеген нозологиялық нысандарына сәйкес № 031/е нысанында міндетті зерттеп-қарау және/немесе объективті деректер болмаған кезде МАЖ-да қате көрсетіліп, ДКК төрағасының ЭЦҚ-мен бекітілуі мүмкіндігі алынып тасталады.
Тармақ 5
5. № 031/е нысаны медициналық ұйымның ДКК төрағасының ЭЦҚ-сымен бекітілгеннен кейін автоматтандырылған режимде МАЖ-дан ҚР ДСМ АЖ-ға, одан әрі «электрондық үкімет» шлюзі арқылы МОБД ААЖ-ға жіберіледі.
Тарау 3. 3-тарау. МӘС жүргізу тәртібі
3-тарау. МӘС жүргізу тәртібі
Тармақ 6
6. «МОДБ» ААЖ-да МӘС актісінің электронды жобасының (бұдан әрі – МӘС актісінің жобасы) қалыптастырылуы МӘС қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 7
7. МӘС актісінің жобасы сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіліміндегі бір эксаумақтық сарапшы-МӘС бөлімінің басшысына (бұдан әрі – МӘС сарапшысы) күту парағынан автоматтандырылған режимде таратылады.
Тармақ 8
8. МӘС қағидаларына сәйкес МӘС жүргізіледі.
Тармақ 9
9. МӘС сарапшысы келіп түскен құжаттарды МӘС актісінің жобасының нөмірі түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және сараптама қорытындысын шығарады.
МӘС актісі жобасы сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда, сараптамалық қорытынды шығару мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Сараптамалық қорытынды МӘС сарапшының ЭЦҚ-сымен қол қойылғаннан кейін, «МОДБ» ААЖ-дағы «Тіркелген МӘС актілерінің тізілімі» модуліне түседі.
Басқа 2. Пилоттық жобаны жүргізу кезінде
жекелеген нозологиялық нысандар тізбесі
Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне 1-қосымша
Пилоттық жобаны жүргізу кезінде
жекелеген нозологиялық нысандар тізбесі
№
Нозологиялық нысандар
АХЖ-10 коды
1.
Туа біткен және жүре пайда болған қалпына келмейтін кемістіктер – аяқ-қолдың болмауы және (немесе) ампутациясы:
Q71.0 - Q71.3
Q72.0 - Q72.3
S48, S48.0, S48.1, S48.9
S58, S58.0, S58.1, S58.9
S68 - S68.9
S78, S78.0, S78.1, S78.9
S88, S88.0, S88.1, S88.9
S98, S98.0, S98.1, S98.2, S98.3
Т05 - Т05.9
екі қол буынының барлық саусақтарының болмауы немесе екі қолдың неғұрлым көп бөлігінің ампутациясы
екі аяқтың санның үштен бірінен жоғары бөлігіндегі тұқылы
қолды (иық буынынан) және аяқты (жамбас-сан буынынан) экзартикуляциялаудың ұштасуы
біріншісін қоспағанда, төрт саусақтың барлық фалангы сүйектерінің, екі қол буынының болмауы
біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың барлық фалангы сүйектерінің, екі қол буынының болмауы
екі қол буынының тиісті алақан сүйектерімен бірінші және екінші саусақтың болмауы
екі қолдың тиісті алақан сүйектерімен үш саусақтың болмауы
қолды иық буынынан экзартикуляциялауы
Шопар бойынша табан тұқылдары
тізе тұқылдары, оның ішінде Пирогов бойынша табанды ампутациясы
жамбас сан буынынан экзартикуляциялауы
протездеуге келмейтін санның көп бөлігінің (жоғарғы үштен бір бөлігі) ампутациясы
екі аяқ жіліншігінің немесе сан буынының протезделген кесілген тұқылдары
жіліншік тұқылы немесе бір аяқтың көп бөлігінің ампутациясы төрт саусақ сүйектерінің барлық фалангыларының болмауымен немесе бір қолдың көп бөлігінің ампутациясымен ұштасуы
біріншісін қоспағанда, төрт саусақтың барлық фалангы сүйектерінің болмауы
біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың барлық фалангы сүйектерінің болмауы
тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың бірінші және екінші саусақтарының болмауы
тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың үш саусағының болмауы
екі қолдың бірінші саусақтарының болмауы
бір қолдың ампутациялық тұқылы
Пирогов бойынша ампутациядан кейінгі табан тұқылы, Шопар буыны деңгейіндегі ақаулы тұқыл және бір аяқтың неғұрлым көп бөлігінің ампутациясы
Шарп бойынша табан сүйектері бастарының резекциясы бар табанның екіжақты тұқылдары
2.
Даун (ауруы) cиндромы
Q90, Q90.0,
Q90.1, Q90.2,
Q90.9
3.
Балалардағы мукополисахаридоз
E76, E76.0, E76.1, E76.2, E76.3, E76.8, E76.9
Басқа 3. № 031/е нысанын толтыру үшін міндетті зерттеп-қараулар мен
объективті деректердің тізбесі
Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне 2-қосымша
№ 031/е нысанын толтыру үшін міндетті зерттеп-қараулар мен
объективті деректердің тізбесі
Тармақ 1
1. Туа біткен және жүре пайда болған қалпына келмейтін кемістіктер кезінде (аяқ-қолдың болмауы және (немесе) ампутациясы):
Тармақша 1
1) міндетті зерттеп-қарау әдістері:
стационарлық науқастың тарихынан үзінді;
травматолог-ортопед (ересек, бала) және (немесе) хирург дәрігерінің қорытындысы (тұқылдың жағдайын, ампутация деңгейін көрсете отырып, жергілікті статустың толық толтырылуы);
зақымдалған аяқ-қолдың рентгенографиясы;
ампутация деңгейі көрсетілген рентгенолог қорытындысы;
аяқ-қолдың хирургиялық ампутациясы кезінде – «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына 1-қосымшасына сәйкес «Стационарлық пациенттің медициналық картасы» № 001/е нысаны бойынша стационарлық пациенттің медициналық картасына 10-қосымша парағы.
Тармақша 2
2) қосымша зерттеп-қарау әдістері (медициналық көрсетілімдер бойынша):
мамандардың кеңестері мен қосымша зерттеп-қарау әдістері дифференциалды диагностика және қатар жүретін патология шеңберімен анықталады.
Тармақ 2
2. Даун (ауруы) cиндромы кезінде:
Тармақша 1
1) міндетті зерттеп-қарау әдістері:
перифериялық қан лимфоциттерін кариотипті зерттеу – диагнозды белгілеген кезде;
генетиктің қорытындысы – диагнозды белгілеген кезде;
невропатолог қорытындысы;
психиатрдың қорытындысы – психикалық функцияларының бұзылу дәрежесін анықтау үшін;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
амбулаторлық пациенттің және (немесе) стационарлық пациенттің медициналық картасынан үзінділер көшірмелері – бар болса.
Тармақша 2
2) қосымша зерттеп-қарау әдістері (медициналық көрсетілімдер бойынша):
мамандардың кеңестері мен қосымша зерттеп-қарау әдістері дифференциалды диагностика және қатар жүретін патология шеңберімен анықталады.
Тармақ 3
3. Балалардағы мукополисахаридоз кезінде:
Тармақша 1
1) міндетті зертеп-қарау әдістері:
молекулалық-генетикалық зерттеу әдісімен ДНК мутациясын анықтау;
амбулаторлық науқастың және (немесе) стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінділер көшірмелері – бар болса;
Тармақша 2
2) қосымша зерттеп-қарау әдістері (медициналық көрсетілімдер бойынша):
мамандардың кеңестері мен қосымша зерттеп-қарау әдістері дифференциалды диагностика және қатар жүретін патология шеңберімен анықталады.
____________________________________________________