Об утверждении положений о республиканском государственном учреждении «Комитет атомного надзора и контроля Агентства Республики Казахстан по атомной энергии» и о его территориальном подразделении» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы және оның аумақтық бөлімшесі туралы ережелерді бекіту туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы ереженің 2-тармағына, 19-тармағы 5) және 6) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және Комитет интернет-ресурстарында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігі төрағасының
2025 жылғы 9 маусымдағы
№ 05-н/қ бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Агенттігінің Ережесіне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша өз бетінше шешім қабылдайды, өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің нормаларын, оның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен келісімдер шеңберіндегі нормаларды басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Тармақ 5
5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Комитеттің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Комитет қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің өкілеттілігі болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасынада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Міндеттері:
Тармақша 1
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтары, комиссиялар, кеңестер) құру;
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұрату және алу;
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру;
орталық және жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;
халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу жөнінде ұсыныстар енгізу, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу;
тексерілетін субъектілерді тексеру санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды жүргізу;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың басшыларымен меморандумдар (келісімдер) жасасу;
Комитеттің және оның аумақтық органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалану;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын қабылдау және қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) атом энергиясын пайдалану саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде Агенттіктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Тармақша 4
4) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау, бағалау және бақылау нәтижелері бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 10
10) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) ядролық қондырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірыңғай мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;
Тармақша 12
12) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларын, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) белгіленген құзырет шеңберінде атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттер талаптарының сақталуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлейді;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18
18) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып әзірлейді;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шараларын қолданады;
Тармақша 20
20) атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялануға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар және электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлерін әзірлейді;
Тармақша 21
21) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен ысырап мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;
Тармақша 23
23) атом энергиясын пайдалану саласында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 25
25) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 26
26) ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебін жүргізеді;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
Тармақша 28
28) ядролық материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 29
29) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, жабдықтардың, қондырғылардың, технологиялардың, иондаушы сәулелену көздерінің, қосарлы қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар мен тиісті тауарлардың және технологиялардың, оларды шығаруға байланысты жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экспортына және импортына лицензия беруін келіседі;
Тармақша 30
30) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ оларға басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттардың Қазақстан Республикасының аумағында әрекетін қолданады;
Тармақша 31
31) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясын пайдалану объектісінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді;
Тармақша 32
32) иондандырушы сәулелену көздерінің болуы, орналасқан жері және орын ауыстыруы туралы алынған ақпаратты талдауды және салыстырып тексеруді жүзеге асырады және оны иондаушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді;
Тармақша 33
33) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жүргізеді;
Тармақша 34
34) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;
35) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді және оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 36
36) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, оларға өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 37
37) ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына түзетулерді қарайды және келіседі;
Тармақша 38
38) санкциясыз қол жеткізуге, санкциясыз алып қоюға немесе диверсия жасауға байланысты немесе олар іс жүзінде жасалған оқиға болған жағдайда, оқиға себептері, олардың жай-күйі және салдары, сондай-ақ қолданылған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы пайдаланушы ұйымның есебін қарайды;
Тармақша 39
39) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы пайдаланушы ұйымнан ақпарат алады;
Тармақша 40
40) ядролық материалдарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;
Тармақша 41
41) радиоактивті заттарды және (немесе) радиоактивті қалдықтарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;
Тармақша 42
42) Комитеттің интернет-ресурсында ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін орналастырады;
Тармақша 43
43) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ядролық материалдар мен уран өнімі туралы дерекқорда қамтылған мәліметтерді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке ұсынады;
Тармақша 44
44) уран өнімі мен ядролық материалдардың бар-жоғы, олардың орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алдын ала хабарламалардағы, хабарламалар мен есептердегі жеке және заңды тұлғалар ұсынатын деректерді алдыңғы деректермен салыстырып тексеруді жүргізеді;
Тармақша 45
45) уран өнімі мен ядролық материалдардың бар-жоғы, олардың орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы, жеке немесе заңды тұлғаның тіркеу деректері туралы, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің тиісті түріне лицензияның бар-жоғы, экспортқа немесе импортқа лицензияның бар-жоғы туралы алдын ала хабарламалардағы, хабарламалар мен есептердегі жеке және заңды тұлғалар ұсынатын ақпаратты тексереді;
Тармақша 46
46) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізу үшін тестілеу сұрақтарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 47
47) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізетін комиссияны құрады;
Тармақша 48
48) пайдаланушы ұйым ұсынатын жергілікті жобалық қауіп-қатер жоспарын келіседі;
Тармақша 49
49) радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 50
50) радиациялық қауiпсiздiктi бағалау нәтижелерiн талдайды және бекiтедi;
Тармақша 51
51) атом энергиясын пайдалану саласында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді, келіседі;
Тармақша 52
52) пайдаланушы ұйым белгілеген ықтимал радиациялық қауіптілік санатын және радиациялық объектінің қауіпсіздігін келіседі;
Тармақша 53
53) техникалық регламент талаптарына немесе халықаралық талаптарға немесе олардың шығарылған елінде бекітілген талаптарына сәйкес келетін ядролық қондырғылардың конструкциялары, жүйелері және элементтері үшін қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен қағидалардың тізбесін келіседі;
Тармақша 54
54) қауіпсіздікті талдау жөніндегі алдын ала есепті қарастыру нәтижелері бойынша қорытынды береді;
Тармақша 55
55) қауіпсіздікті талдау жөніндегі есептің құрамы мен мазмұнын әзірлейді;
Тармақша 56
56) ядролық қондырғыларды пайдаланудың технологиялық регламентін келіседі;
Тармақша 57
57) техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбырларды қоса алғанда, ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне әсер ететін элементтер жүйелерін тіркеуді, сондай-ақ тіркеуден алуды жүзеге асырады;
Тармақша 58
58) ядролық қондырғыларды пайдалану жобалау құжаттамасын, сондай-ақ ядролық қондырғыларды орналастыру алаңдарын таңдауды негіздейтін материалдарды келіседі;
Тармақша 59
59) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу процесінде эксперименттерді жүргізу әдістемесін келіседі;
Тармақша 60
60) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;
Тармақша 61
61) ядролық қондырғының әкімшілігі әзірлеген энергетикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;
Тармақша 62
62) пайдаланушы ұйым әзірлеген белгіленген нысандағы ядролық қондырғыға паспортты бекітеді;
Тармақша 63
63) бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуларды, атом станциясының қауіпсіздігіне әсер ететін құрамның, конструкцияның және (немесе) сипаттамалары мен жүйелерінің өзгерістерін, сондай-ақ техникалық шешімдермен ресімделген атом станциясының жобасында белгіленген пайдалану шектері мен шарттарының өзгерістерін келіседі;
Тармақша 64
64) арнайы қабылдап алуға тиісті жабдық пен құбырларға конструкторлық құжаттаманы (және оған барлық өзгерістерді) келіседі;
Тармақша 65
65) әзірлеуші кәсіпорын белгілеген жабдыққа паспорттың және өзге де куәліктердің нысанын келіседі;
Тармақша 66
66) қолданыстағы жабдық пен құбырларда пайдаланудың технологиялық регламентінде көзделмеген әртүрлі зерттеулер мен эксперименттерді жүргізуді келіседі;
Тармақша 67
67) атом станциясының әкімшілігі бекіткен жөндеу мерзімдерін ауыстыруды және атом станциясының жүйелерін, жабдығын және құбырларын пайдалану бойынша жұмыс көлемдерін азайтуды келіседі;
Тармақша 68
68) жабдықты және құбырларды жұмыс параметрлеріне шығарумен байланысты іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге және атом станциясының жүйелерін жұмыс параметрлері кезінде пайдалануға рұқсаттар береді;
Тармақша 69
69) атом станциялары жабдығының белгіленген жұмыс параметрлерін өзгерту туралы техникалық шешімдерді келіседі;
Тармақша 70
70) отынды және атом станциялары белсенді аймағының компоненттерін сынақтан өткізу бағдарламаларын келіседі;
Тармақша 71
71) ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгілік мазмұнын және оны бекіту тәртібін әзірлейді;
Тармақша 72
72) радиациялық қауіпсіздікке, ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелендіру көздерін физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен қағидаларды әзірлейді және келіседі;
Тармақша 73
73) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 74
74) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 75
75) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 76
76) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
Тармақша 77
77) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 78
78) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 79
79) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 80
80) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 81
81) Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді;
Тармақша 82
82) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 83
83) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 84
84) ядролық қауіпсіздікке және (немесе) радиациялық қауіпсіздікке және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікке сараптаманы жүргізу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 85
85) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 86
86) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 87
87) Агенттікке халыққа және (немесе) қоршаған ортаға қауіпсіздік қаупі туындаған жағдайда ядролық қондырғыларды мерзімінен бұрын пайдаланудан шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 88
88) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін әзірлейді;
Тармақша 89
89) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 90
90) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналдың біліктілік талаптарын әзірлейді;
Тармақша 91
91) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 92
92) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 93
93) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің актілерінде және Агенттіктің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 94
94) Комитет әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторингті жүргізеді (соның ішінде Комитет жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша);
Тармақша 95
95) құзыреті шегінде Агенттіктің Операциялық жоспары мен даму жоспарына стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;
Тармақша 96
96) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмаларына актілер мен жауаптардың жобаларын сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;
Тармақша 97
97) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында көрсетілген функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Комитет төрағасының орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Төрағаның өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Комитеттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 3
3) Агенттіктің Аппарат басшысына Комитет Төрағасының орынбасарлары мен оның аумақтық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;
еңбек шарты негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын тоқтатуды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін;
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;
еңбек шарты негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту, іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді.
Тармақша 7
7) Комитеттің аумақтық бөлімшесі басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарға;
еңбек шарты негізінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде қызметін жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру туралы мәселелерді шешеді;
Тармақша 8
8) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) аумақтық бөлімшелердің актілері мен шешімдерінің қолданылуын толығымен немесе бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
Тармақша 10
10) ескертулер болмаған жағдайда, Комитеттің келісуіне келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына бұрыштама қояды;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 12
12) заңнамаға сәйкес Комитетті мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қатынастарда Комитеттің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 13
13) Комитеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды және осы үшін дербес жауаптылықта болады;
Тармақша 14
14) Агенттіктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Комитет Төрағасының орынбасарлары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) Комитет Төрағасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 22
22. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25. Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі
25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс өңіраралық инспекциясы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс өңіраралық инспекциясы.
Басқа 2. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігі Төрағасының
2025 жылғы 9 маусымдағы
№ 05-н/қ бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 2
2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мекеме өз қызметін Алматы және Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстарының әкімшілік шекаралары шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Тармақ 4
4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Мекеме, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Мекеменің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160021, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Байтурсынов көшесі, 66.
Тармақ 9
9. Мекеменің толық атауы:
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мекеменің міндеттері, құқықтары, міндеттері мен функциялары
2 тарау. Мекеменің міндеттері, құқықтары, міндеттері мен функциялары
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде мекемеге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан сұратуға және алуға;
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру;
Мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын жұмысқа тарту;
тексерілетін субъектілерді тексеру санының, сондай-ақ тексеру парақтарына және оларға қабылданған әкімшілік ықпал ету шараларына сәйкес анықталған бұзушылықтардың ведомстволық есебін жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарауға;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) атом энергиясын пайдалану объектілерінің ядролық, ядролық физикалық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға қатысты жедел ден қою шараларын қолданады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 11
11) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу жөніндегі істерді сот қараған кезде сотқа жүгінеді және қатысады;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің актілерінде және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрықтарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мекеме басшысының қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Мекеме басшысының қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитеттің штат кестесінде көзделген жағдайда мекеме басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары (орынбасарлары) болады.
Тармақ 19
19. Мекеме басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) Комитет Төрағасына:
Мекеме қызметкерлерін;
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Мекеменің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғаларды;
еңбек шарты негізінде Мекемеде қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту, іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, сыйлықақы беру туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 3
3) Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына, шығыс құжаттардың сапасы мен уақытылылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастырады және Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 8
8) Мекеменің атынан мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Мекеме басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін (бар болса) айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мекеменің мүлкі
4-тарау. Мекеменің мүлкі
Тармақ 21
21. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Мекемеге бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.