Об утверждении Правил государственной регистрации прав на произведения, охраняемые авторским правом и смежными правами Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға иелік құқығын мемлекеттік тіркеудің Ережелері "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-бөлігіндегі 3-тармақта берілген өкілеттіктерге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу Ережелері бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 2
2. Авторлық құқықтар жөніндегі агенттіктің қызметіне жетекшілік ететін Вице министр, Агенттік директоры: - Ережелерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте тіркеуді жүзеге асырсын; - тіркелген Ережелерді барлық мүдделі шығармашылық қызметкерлерге, олардың ерікті қоғамдық бірлестіктері мен одақтарына, министрліктер мен ведомстволарға дейін жеткізсін; - авторлық құқық және сабақтас құқықтардың объектілерін тіркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру кезінде осы Ережелерді қатаң басшылыққа алсын.
Тармақ 3. Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу Ереже
3. Бақылау жасау Вице-министр Е.Ә.Әбітаевқа жүктелсін. Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу Ереже
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңының 9-шы бабына сәйкес ғылым, әдебиет және өнер туындыларының мемлекеттік тіркеуін Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі агенттігі жүргізеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік тіркеудің мақсаты жарияланған немесе жарияланбаған туындылардың авторлығына куәлік ету, туындының жарияланғанын дәлелдеп, оның уақытын көрсету, немесе Заңның 9-шы бабына сәйкес туынды авторының иелік құқығына қатысты шарттарды растау.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңының 7,9 баптарына сәйкес:
Тармақша 1
1) әдеби туындылар;
Тармақша 2
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
Тармақша 3
3) сахналық шығармалар;
Тармақша 4
4) хореография және пантомима шығармалары;
Тармақша 5
5) мәтінмен немесе мәтінсіз музыкалық шығармалары;
Тармақша 6
6) аудиовизуалдық шығармалар (кино-, теле- және бейнефильмдер, диафильмдер мен басқа кино және телешығармалары);
Тармақша 7
7) мүсін, сұңғат, графика және бейнелеу өнерінің басқа туындылары;
Тармақша 8
8) қол өнерінің туындылары;
Тармақша 9
9) сәулет өнері, қала құрылысы және бақ-саябақ өнерінің туындылары;
Тармақша 10
10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас тәсілдермен жасалған туындылар;
Тармақша 11
11) география, топография және басқа ғылымдарға жататын карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар мен үш өлшемді туындылар;
Тармақша 12
12) ЭЕМ-ға арналған бағдарламалар;
Тармақша 13
13) Фонограммалар;
Тармақша 14
14) Басқа да туындыларға иелік құқығы мемлекеттік тіркеуге қабылданады. Бұдан басқа мемлекеттік тіркеуге:
Тармақша 1
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, мазмұндамалар, рефераттар, қорытындылар, шолулар, сахна көріністері, музыкамен көркемдеу, ғылым, әдебиет және өнер туындыларының басқа өңдеулері);
Тармақша 2
2) Жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, мәліметтер қоры) мен материалдарды сұрыптап орналастыру арқылы шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрылымды туындылар.
Тармақ 4
4. Тіркеу туынды авторының тікелей өзі, немесе оның өкілі арқылы, сондай-ақ, туынды авторы мен жасалған авторлық шарттың негізінде барлық мүліктік құқықтардың иегерімен берілген өтініштің негізінде жасалады.
Тармақ 5
5. Тіркеуге өтінішпен бірге келесі құжаттар беріледі:
Тармақша 1
1) әдеби, драмалық, сахна туындыларын тіркегенде:
Тармақша а
а) туындыны тіркеу үшін автордың немесе авторлардың тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, туындының атауы, нысаны немесе жанры, оның түпнұсқалық дәрежесі көрсетілген өтініш (түпнұсқалық немесе туынды); егер шығарма туындылық болса, онда пайдаланған шығарма авторының тегі, аты-жөні көрсетілуге тиіс (аударма, өңдеу, түсініктеме, реферат, қорытынды, шолу, бейімдеу); егер өтінішті шығарманың құқық иегері берсе, қосымша оның тегі, аты-жөні, төлқұжат мәліметтері, тұратын мекені немесе оның атауы, тұрған орны көрсетіледі;
Тармақша ә
ә) шығарманың түпнұсқасы мен көшiрмесi;
Тармақша б
б) тiркеу төлемiн растайтын құжат.
Тармақша 2
2) музыкалық және музыкалық-драмалық туындылар тіркегенде:
Тармақша а
а) туындыны тіркеу үшін автордың немесе авторлардың тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, туындының атауы, нысаны немесе жанры, оның түпнұсқалық дәрежесі көрсетілген өтініш; егер шығарма туындылық болса, онда пайдаланған шығарма авторының тегі, аты-жөні көрсетілуге тиіс (өңдеу, аранжировка); егер өтінішті шығарманың құқық иегері берсе, қосымша оның тегі, аты- жөні, төл-құжат мәліметтері, тұратын мекені немесе оның атауы, тұрған орны көрсетіледі;
Тармақша ә
ә) туынды жазылған аудиотаспаны, туындының мәтінін, ноталарын немесе партитурасын (мәтіні бар музыкалық шығарма); туынды жазылған аудиотаспаны, туындының нотасы немесе партитурасы (мәтінсіз музыкалық шығарма).
Тармақша б
б) тіркеу төлемін растайтын құжат. Жеке авторлықта жасалған туындылар (мәтіні бір автордікі, әні басқанікі) екі автордың атынан жеке де, бірге де тіркелуі мүмкін, егер осы өтінішті қосалқы авторлардың барлығы берсе.
Тармақша 3
3) сәулет өнері, қала құрылысы, мүсін, сұңғат, графика, сол сияқты бейнелеу, бақ-саябақ және сәндік қолданбалы туындылары тіркелгенде:
Тармақша а
а) автордың немесе авторлардың тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, туындының атауы, нысаны, түпнұсқалық дәрежесі көрсетілген тіркеу үшін берілген өтініш, шығарма туындылық болған жағдайда пайдаланған туынды авторының тегі, аты-жөні, әкесінің аты көрсетілуге тиіс; егер өтінішті туындының құқық иегері берген болса, қосымша оның да тегі, аты-жөні, әкесінің аты немесе атауы беріледі;
Тармақша ә
ә) туындының эскиздері, сызба, сурет немесе туындының фотография түрінде бейнеленгені;
Тармақша б
б) туындының егжей-тегжейлі суреттелуі;
Тармақша в
в) тіркеу төлемін растайтын құжат.
Тармақша 4
4) Фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас тәсілдермен жасалған, сол сияқты карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар және география, топография мен басқа ғылымдарға жататын үш өлшемді туындылар тіркелгенде:
Тармақша а
а) автордың немесе авторлардың тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, туындының атауы, нысаны, немесе орындалған жанры, түпнұсқалық дәрежесі көрсетілген туындыны тіркеу үшін берілген өтініш; егер шығарма туындылық болса, онда пайдаланған туынды авторының тегі, аты-жөні, әкесінің аты да көрсетіледі; егер өтінішті туындының құқық иегері берсе, қосымша оның тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, мекені немесе атауы, тұрған орны көрсетіледі;
Тармақша ә
ә) туындының түпнұсқасы;
Тармақша б
б) тiркеу төлемiн растайтын құжат.
Тармақша 5
5) ЭЕМ-ға арналған бағдарламалар, мәліметтер қоры тіркелгенде:
Тармақша а
а) автор немесе авторлардың тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, мекені туындының атауы көрсетілген тіркеу үшін берілген өтініш. Егер өтінімді туындының құқық иегері, берсе, қосымша тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері немесе оның мекені, тұратын орны да көрсетіледі;
Тармақша ә
ә) ЭЕМ-ға арналған бағдарлама, мәлімет қорының тасушысы, (дискета, т.б.);
Тармақша б
б) ЭЕМ немесе мәліметтер қорына арналған ЭЕМ-ға арналған бағдарламаның атауы, мәліметтер қоры, өтініш берушінің атауы (тегі, аты-жөні, әкесінің аты), жасалған уақыты, қолдану саласы, мақсаты, қызмет мүмкіндігі, негізгі техникалық мінездемелері, бағдарламалау тілі, іске асыратын ЭЕМ-ның түрі көрсетіліп енгізілген бағдарлама рефераты;
Тармақша в
в) тіркеу төлемін растайтын құжат. Құрамына бірнеше бағдарлама енген ЭЕМ-ға арналған бағдарламалар тұтас тіркелуге тиіс.
Тармақша 6
6) Фонограммалар тіркелгенде:
Тармақша а
а) тіркеуге берілген құқық иегерінің заңды реквизиттері немесе тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, мекені көрсетілген өтініші;
Тармақша ә
ә) фонограмманы (аудиотаспаны және т.б.);
Тармақша б
б) фонограмманың тізімдемесі (өтініш берушінің атауы немесе тегі, аты- жөні, әкесінің аты, жасалған уақыты, дыбыс беру мерзімінің ұзақтығы, мазмұны және т.б.);
Тармақша в
в) тіркеу төлемін растайтын құжат.
Тармақ 6
6. Қолда бар қажетті құжаттарды тексеріп, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында және куәлікті даярлау үшін өкілетті орган мемлекеттік тіркеуге берілген өтінішті 20 күндік мерзімде қарайды.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну тәртібі:
Тармақша 1
1) туындының түпнұсқасы және көшірмесіне автордың қолы қойылып, дұрыс тігіліп, беттері нөмірленуге тиіс;
Тармақша 2
2) өтінішке қосымша құжаттар папкаға салынып тапсырылады.
Тармақ 8
8. Тіркеу туралы куәлікті беру үшін куәлік бланкісінің құны ұсталынып, авторлық құқық және сабақтас құқықтар нысандар мемлекеттік тіркеуге алғанда белгіленген төлемақы:
Тармақша 1
1) Жеке тұлғаларға тіркеу кезіндегі 4 айлық есеп көрсеткіші өлшемінде алынады;
Тармақша 2
2) Заңды тұлғаларға тіркеу кезіндегі 8 айлық есеп көрсеткіші өлшемінде алынады.