Об утверждении положения о Дисциплинарном совете Мангистауской области Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау облысының Тәртіптік кеңесі Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерiнiң кейбiр мәселелерi" 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 19 мамырдағы № 556 қаулысына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының Тәртіптік Кеңесі туралы ереже жаға редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Маңғыстау облысы әкімиятының "Маңғыстау облысының Тәртіптік кеңесі ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 25 ақпандағы № 51 (№ 1409 тіркелген) қаулысы .
Тармақша 2
2) Маңғыстау облысы әкімиятының "Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 11 (№ 1622 тіркелген) қаулысы .
Басқа 5
Қосымша
Маңғыстау облыс әкімиятының
2004 жылғы 10 тамыздағы
№ 170 қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысының тәртіптік кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 қаулысымен бекітілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңесі туралы Үлгі ережеге және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 19 мамырдағы № 556 қаулысына сәйкес әзірленген осы Ереже Маңғыстау облысының Тәртіптік кеңесінің мәртебесін, өкілеттігін және қызметінің тәртібі әрі оны ұйымдастыруды әрi айқындайды.
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының Тәртіптік кеңесі (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) қызметiн үйлестiретiн, бақылайтын және тексеретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, ақиқаттылық, әрi әділдік қағидаттарын басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) облыс әкiмiнiң, қалалар мен аудандар әкімдерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және басқа да аумақтық, мемлекеттік органдар (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) және мемлекеттік ұйымдар басшыларының қарауына осы Ереженің 10-тармағында көрсетiлген адамдарды тәртіптік жауапкершілікке әкеп соқтыратын Қызметтiк этика ережесін немесе сыбайлас жемқорлық, жасап құқық бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізу;
Тармақша 2
2) облыс әкіміне, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдері мен мемлекеттік органдарының басшыларына облыста мемлекеттік тәртіпті нығайту, осы Ереженің 10-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Қызметтiк этика ережесi талаптарын сақтауы жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның және Агенттіктің тапсырмаларын, азаматтардың арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын, сондай-ақ өзге де көздерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Қызметтiк этика ережесiнің бұзылу фактілері туралы ақпаратты қарау;
Тармақша 4
4) Агенттіктің қарауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың және осы Ереженің 10-тармағында аталған адамдардың Қызметтiк этика ережесiн сақтауының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізу болып табылады.
Тармақ 4
4. Кеңесті облыс әкімияты құрады әрi ол төраға мен мәслихаттар депутаттары, жергілікті жұртшылық өкілдері және аумақтық мемлекеттік органдар басшылары болып табылатын Кеңестiң мүшелерінен тұрады. Кеңес мүшелерінің саны тақ болуға және 7 адамнан кем болмауға тиіс.
Кеңестiң төрағасын облыс әкiмi Агенттік төрағасымен келісім бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, әрi ол облыс әкімінің орынбасары лауазымына теңестіріледі.
Кеңес Төрағасы мен хатшылықтың меңгерушісі мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Хатшылықтың меңгерушісі облыс әкімі аппараты жалпы санынан бөлініп шығарылады, ол Кеңестің хатшысы болып табылады және облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі лауазымына теңестіріледі.
Хатшылықтың меңгерушісі мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Кеңестiң мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде жүзеге асырады және мәжiлiстерге ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 5
5. Кеңестiң төрағасы:
Тармақша 1
1) Кеңестің жеке құрамы бойынша ұсыныстарын облыс әкімінің қарауына енгізеді;
Тармақша 2
2) Кеңес қызметін ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілiстерiнің күн тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) Кеңес мәжілiстерiн шақырады және оларда төрағалық етеді;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелері iшiнен Кеңес мәжілiсiнде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
Тармақша 6
6) тоқсан сайын Комиссия алдында Кеңес жұмысының қорытындысы туралы, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша қабылданған шаралар туралы есеп бередi;
Тармақша 7
7) тоқсан сайын облыс әкімін Кеңес жұмысының қорытындылары туралы хабардар етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кеңестiң мәжілiстерi:
Тармақша 1
1) егер оларға Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы болып саналады;
Тармақша 2
2) қажеттігіне қарай, бірақ кемiнде екі айда бір рет өткізіледі;
Тармақша 3
3) ашық өткізіледі, қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекеттік құпияларды қозғаса, Кеңес төрағасының шешімі және Агенттікпен келісім бойынша жабық өткізілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Кеңес оның мүшелерінің мәжілiске қатысқан санының қарапайым көпшілік дауысымен шешiмдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Кеңес төрағасы болмаған жағдайда, оның тапсырмасы бойынша мәжілiсте Кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.
Тармақ 8
8. Кеңес өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өз мәжілiстерiнде мемлекеттік органдардың, олардың бөлімшелері мен мәслихаттар аппараттарының басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы, құқық қорғау және аумақтық мемлекеттік органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан олардың алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратуға;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 10-тармағында көрсетiлген адамдардан ауызша және жазбаша түсіндiрме талап етуге;
Тармақша 4
4) осы Ереженің 10-тармағында көрсетiлген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнама нормаларын және Қызметтiк этика ережесін бұзуы фактілері бойынша тексерулер және қызметтік тергеулер жүргiзу туралы мемлекеттік органдар басшыларына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) қорытынды беру үшін сарапшылар мен мамандарды, мемлекеттік органдар қызметкерлерін тартуға;
Тармақша 6
6) Агенттік аумақтық органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы теріс қылықтарды қарау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға.
Тармақ 9
9. Хатшылықтың меңгерушісі қз құзыреті шегінде кеңес төрағасының өкімімен тексерулер жүргізеді, осы Ереженің 10 тармағында көрсетілген адамдарға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін материалдар дайындайды және Кеңес алдында тұрған міндеттерді қамтамасыз ету үшін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қызметші этика ережесiн бұзуға жол берген аудандарды (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалаларды, поселкелерді, селоларды (ауылдарды), селолық (ауылдық) округтерді әкімдеріне; орталық мемлекеттік органдарды аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті сот кеңселерінің (басшылар мен олардың орынбасарларынан басқа), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылығын жасаған мемлекеттiк органдарды мен мемлекеттік ұйымдардағы немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттік меншіктің жалпы үлесі кемiнде отыз бес пайыз құрайтын ұйымдардағы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті өзге де адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға, аумақтық құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің лауазымды адамдарына қатысты тәртіптiк істерді қарайды. Кеңес прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне қатысты тәртіптік істерді қарамайды.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның және Агенттіктің тапсырмаларын, азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздарын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарауды, қорытындылары бойынша Кеңес уәкілетті органға немесе лауазымды адамға тексеру жүргізудi ұсынуы мүмкiн.
Тармақ 12
12. Кеңес төрағасы қозғаған тәртіптік істi ол іс қозғауға қабылданған күнiнен бастап екі аптаға дейінгі мерзімде Кеңес қарауы тиіс.
Кеңестің мәжілiсiнде тәртіптік істі қарағанға дейін оның хатшылықтың меңгерушісі алдын-ала бір айға дейінгі мерзімде іске қатысы мән-жайлар мен мәліметтер зерделенетін тексеру жүргізіледі, тәртіптік жауапкершiлiкке тартылатын адамдардан жазбаша түсінiктемелер талап етiледi, ал Кеңестiң мәжілiсiнде тәртіптік істі қарау, әдетте, оларды қатысуымен өтедi.
Тармақ 13
13. Тәртіптік істі қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мынадай шешімдердің біреуін шығаруы мүмкін:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың басшыларына осы Ережені 10-тармағында көрсетілген адамдарға тиісті тәртіптік жаза қолдануды ұсынады;
Тармақша 2
2) мәнiсті шешім қабылдау үшін тәртіптік іс материалдарын құзыреттi мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қарауына жібередi;
Тармақша 3
3) тәртіптік істі тоқтатады.
Тармақ 14
14. Осы Ереженің 10-тармағында көрсетiлген адамның iс-әрекетінде қылмыс белгілері болған жағдайда, Кеңес тиісті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен осы адамды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына жібереді. Кеңес материалдар мен құжаттардың құқық қорғау органдарына жіберілгені туралы Агенттікті хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Кеңес қабылдаған шешіммен келіспеген мемлекеттiк қызметшілер мен осы Ережені 10-тармағында көрсетiлген өзге де адамдар, оған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағым беруге құқылы.
Тармақ 16
16. Кеңес пен оның хатшылықты меңгерушісі қызметін материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.