Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына, «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына, және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Нұра ауданы әкімінің орынбасары Есжанов Бақытжан Нұрхатұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 19 маусымынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.