О мерах по усилению противопожарной безопасности объектов хозяйствования и населенных пунктов области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс елді-мекендері мен
шаруашылық жүргізуші
объектілерінің өртке қарсы
қауіпсіздігін күшейту жөніндегі
шаралар туралы
Облыс елді-мекендері мен шаруашылық жүргізуші объектілерінде өрттерді болдырмау, өрт қауіпсіздігіне қол жеткізу, шаруашылық жүргізуші объектілер мен азаматтарды өрттер мен олардан келуі мүмкін зардаптарды болдырмау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жүргізуге қатысуға тарту мақсатында, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48 «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының 8, 25 баптарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалар әкімдіктері:
Тармақша 1
1) шаруашылық жүргізуші объектілер мен елді-мекендерде өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзушылықтарды жою бойынша шаралар кабылдасын;
Тармақша 2
2) жоғары қабатты ғимараттарды пайдалануға мүдделі ұйымдармен келісім бойынша түтінді шығару жүйелеріне, өртке карсы су құбыры жүйелеріне, жоғарылатқыш сорғыштарға жөндеу жүргізуді қамтамасыз етсін, өрт окиғасы болғанда адамдарды кауіпсіз эвакуациялау тәсілдерін камтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) шаруашылық жүргізуші субъектілердің ерікті өрт сөндіру жасақтарын (ЕӨЖ) құруларына көмек көрсетсін;
Тармақша 4
4) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарды ақаусыз жағдайда ұстасын, оларды басқа мақсатта пайдалануға жол бермесін, өрттерді табу мен сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу жөніндегі шараларды іске асырсын, жасанды не табиғи су көздерін және оларға баратын жолдарды әр уақытта дайын ұстасын.
Тармақ 2
2. Ақмола облысының білім басқармасы орта жалпы білім беретін мектептер оқушылары арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін бүзуға жол бермеу жөніндегі түсіндіру және тәрбиелеу жұмыстарын жандандырсын.
Тармақ 3
3. Ақмола облысының Ішкі істер бас басқармасы (келісімі бойынша) қызмет көрсететін учаскелеріндегі тұрғындар, әсіресе тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар мен берекесіз отбасылар арасында полиция учаскелік инспекторларының, жасөспірімдер істері жөніндегі инспекция қызметкерлерінің өрттің алдын алу бойынша жүмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Ақмола облысы бойынша ақпарат басқармасы (келісімі бойынша) облыста орт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттармен облыс тұрғындарын хабардар етуді, облыстың мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерін қатыстырып өртке қарсы тақырыптар бойынша тақырыптық хабарлар мен жарияланымдар ұйымдастыруды бұқаралық ақпарат құралдары басшыларына ұсынсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Бұл каулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және мерзімдік баспасөзде жарық көруге тиіс.