Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына сәйкес, Павлодар қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 4 хаттамасы негізінде Павлодар қаласы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласының және елді мекендердің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.