Вопросы медицинского осмотра юношей допризывного возраста Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскерге дейiнгi жасөспiрiмдердi медициналық тексеруден өткiзу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңына сәйкес және әскерге дейінгі жасөспірімдерді кешенді медициналық тексеруден ұйымдасқан түрде өткізу, сондай-ақ емдеуді қажет ететін жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету мақсатында:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдері, білім (С.Ж.Барахова) және денсаулық сақтау (Н.Н.Тасмағамбетова) департаменттері басшылары:
Тармақша 1
1) 2004 жылғы 22 қыркүйектен 10 желтоқсанға дейінгі кезеңде облыс бойынша 1988-1989 жылы туған әскерге дейінгі жасөспірімдерді қалалық және аудандық емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық тексеруден өткізсін. Медициналық тексеру қорытындысын тиісті медициналық құжаттарға енгізсін;
Тармақша 2
2) емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық тексеру жұмысын бөлінген қаржы шегінде, қалалар мен аудандар бюджеті есебінен жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) 2004 жылғы 20 қыркүйекке дейін медициналық тексеру өткізу кестесін бекітсін.
Тармақша 4
4) жоспар-кестеге сәйкес жасөспірімдердің медициналық тексеруге және емделуге толық келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Ұйым, кәсіпорын, мекеме басшылары, меншік нысанына қарамастан, 2004 жылғы 1 қазанға дейін 1988-1989 жылы туған жасөспірімдердің тізімін №278-нысан бойынша қалалық (аудандық) медицина бірлестіктеріне, N№1 МО-нысаны бойынша аудандық, қалалық әскери комиссариаттарға тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау департаменті (Н.Н.Тасмағамбетова) бекітілген кестеге сәйкес жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізсін. Осы мақсатта:
Тармақша 1
1) қажетті медициналық мүлік пен жабдық бөлсін, сондай-ақ дәрігер-мамандар мен орта буын медицина қызметкерлерін тағайындасын;
Тармақша 2
2) жасөспірімдерді тексеру барысында зертханалық және флюорографиялық зерттеулер, антропометрия мен ауыз қуысын санациялауды жүргізсін;
Тармақша 3
3) тексеруді, емдеуді, дәрігерлік бақылауды қажет ететін жасөспірімдерді анықтап, оларды диспансерлік есепке алсын;
Тармақша 4
4) жасөспірімдер дәрігерлерінің жұмысын, тексерулерді ұйымдастыруды, жоспарлауды, өткізуді, анықталған науқастарды емдеуді, осы жұмыстағы есепке алу және есептілік құжаттарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Ә.Бектаевқа жүктелсін.