Об утверждении Регламента аппарата акима Шардаринского района Қолданыста
Басқа 0
Шардара ауданы әкімі аппаратының
Регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 123 бұйрығына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шардара ауданы әкімі аппаратының Регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, қала, ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері заңнамада белгіленген тәртіппен осы Регламентті бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Шардара ауданы әкімі аппаратының регламенті
Шардара ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 20 маусымдағы
№ 167 қаулысына қосымша
Шардара ауданы әкімі аппаратының регламенті
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шардара ауданы әкімі аппаратының регламенті (бұдан әрі - Регламент) жүктелген міндеттер мен функцияларды атқару процесінде Шардара ауданы әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары, сондай-ақ қала, ауылдық округтер әкімі аппараттарының өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау процесіне қатысты бөлігіндегі қызметінің ішкі тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Аппарат және оның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - бөлімдер) Шардара ауданының әкімдігі мен әкімінің (бұдан әрі - аудан әкімі) қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай-ақ аудан әкімдігімен қабылданған әкімшілік актілерінің орындалу барысын бақылайды.
Тармақ 3
3. Аппараттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 4
4. Аудан әкімінің орынбасарлары (бұдан әрі-аудан әкімінің орынбасарлары), аудан әкімі аппаратының басшысы функцияларды аудан әкімінің шешімімен белгіленген міндеттердің бөлінуіне сәйкес орындайды.
Аудан әкімі болмаған немесе өз міндеттерін орындай алмайтын жағдайда оның өкілеттігін аудан әкімінің өкіміне сәйкес орынбасары жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Регламент:
Тармақша 1
1)Аппарат қызметінің;
Тармақша 2
2)аудан басшылығының жұмыс кеңестерін дайындау және өткізу;
Тармақша 3
3)аудан басшылығының қатысуымен өтетін іс-шараларды дайындау және өткізу;
Тармақша 4
4)аудан әкімі мен әкімдігінің актілері жобаларын дайындау және ресімдеу;
Тармақша 5
5)азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін;
Тармақша 6
6)Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер - Министрінің, аудан әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының және Аппарат басшысының заңнамалық актілерінің, актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 6
6. Регламенттің мақсаттары:
Тармақша 1
1)Аппараттың тиімді және ұдайы қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2)әкімдіктің қаулылары, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмалары, сондай-ақ аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтары мен тапсырмалары жобаларын сапалы дайындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3)барлық жергілікті атқарушы органдар мен ауданның лауазымды тұлғаларының келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4)Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер - Министрінің, аудан әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау барысындағы жергілікті атқарушы органдардың өзара жауаптылығын белгілеу болып табылады.
Тарау 2. 2. Жұмысты жоспарлау
2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 7
7. Аппарат өз қызметін бекітілген комиссия жоспарлары, ауданның даму жоспарлары, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары, аудандық жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмдері, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде жоспарлайды.
Тармақ 8
8. Аппараттың жұмыс жоспарларынан немесе өзге де құжаттан іс-шараны алып тастау немесе оларды орындау мерзімдерін ауыстыру туралы шешімді бөлім басшысы ұсынған қызметтік жазба негізінде Аппарат басшысы (немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға) қабылдайды.
Тармақ 9
9. Аудан әкімінің апта сайынғы жұмыс кестесін ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі (бұдан әрі - Ұйымдастыру бөлімі) құрады. Аудан әкімінің кестесіне өзгерістер енгізуді Аппарат басшысының келісімімен аудан әкімі орынбасарларының ұсыныстары негізінде Ұйымдастыру бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Аппараттың залдарында іс-шараларды өткізу кестесін апта сайын аудан әкімі орынбасарларының, Аппарат басшысының және мүдделі бөлімдердің бір айға арналған өтінімдері негізінде Ұйымдастыру бөлімі қалыптастырады.
Тарау 3. 3. Аудан басшылығының қатысуымен өтетін ресми іс-шараларды дайындау және өткізу тәртібі
3. Аудан басшылығының қатысуымен өтетін ресми іс-шараларды дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 11
11. Аудандық бөлімдер, қала, ауылдық округтері әкімінің аппараттары, баспасөз қызметінің басшысы (бұдан әрі-Баспасөз хатшысы), аудан әкімінің көмекшісі мен аудан басшылығының қатысуымен өтетін ресми іс-шараларға сөйленетін сөздер, мақалалар, сұхбаттар жобаларын, сондай-ақ өзге де материалдарды (бұдан әрі - сөйленетін сөздер жобалары) дайындау кезінде осы Регламент талаптарын сақтаулары тиіс.
Тармақ 12
12. Ұйымдастыру бөлімі 5 (бес) жұмыс күні бұрын бөлімдер мен мүдделі аудандық бөлімдерді, қала, ауылдық округтер әкімі аппараттарын алда болатын іс-шара туралы (жедел шараларды қоспағанда) хабардар етеді.
Тармақ 13
13. Іс-шараға тартылған бөлімдер мен қала, ауылдық округтері әкімі аппараттары 3 (үш) жұмыс күні бұрын Ұйымдастыру бөліміне ақпараттық-анықтамалық материалдар, қысқаша бағдарлама және жүргізу тәртібі, өткізу орны, нысаны туралы ақпараттарды жолдайды:
Тармақша 1
1)ақпараттық-анықтамалық материалдар осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес;
Тармақша 2
2)қысқаша бағдарлама және жүргізу тәртібі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес;
Тармақ 14
14. Материалдар бөлім басшысының не оны алмастыратын тұлғаның не мүдделі аудандық бөлімдер, қала, ауылдық округтері әкімдерінің колы қойылған түрде электрондық құжат айналымының ішкі желісі немесе қызметтік хат-хабар желісі арқылы Өтініштердің қаралуын және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөліміе (бұдан әрі - Өтініштер бөлімі) жолданады.
Тармақ 15
15. Аудан әкімінің сөйлейтін сөздерін дайындауды іс-шараға тартылған бөлімдер, қала, ауылдық округтер әкімі аппараттарының қатысуымен іс-шараны ұйымдастыруға жауапты бөлімдер жүзеге асырады және Шардара аудандық ішкі саясат (бұдан әрі – Ішкі саясат) бөлімі жинақтап, аудан әкіміне ұсынуға жауапты болады.
Тармақ 16
16. Аудан әкімінің сөйлейтін сөздері мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
Тармақша 1
1)нақты қисынды мазмұндалған;
Тармақша 2
2)тексерілген ақпарат, ресми расталған статистикалық және нақты мәліметтер мазмұндалған;
Тармақша 3
3)бұрын жарияланған баяндамалардың фрагменттерін қайталауға жол берілмеуге тиіс;
Тармақша 4
4)іс-шара нысанына барынша сәйкес келуі тиіс;
Тармақша 5
5)қазақ және орыс тілдерінің іскери, әдеби нормаларына, сондай-ақ ауызекі сөйлеу стилистикасына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 17
17. Ұсынылған материалдардағы статистикалық, нақты мәліметтердің дұрыстығына және сапасына оларға қол қойған тұлғалар жауап береді, Ішкі саясат бөлімі мәліметтердің дұрыстығын және қайта тексеруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Материалдар келісу үшін Аппарат басшысына іс-шара өтетін күннен 2 (екі) жұмыс күні бұрын ұсынылады.
Жедел өткізу белгіленген іс-шаралар кезінде аудан әкімінің немесе оны ресми алмастыратын тұлғаның сөйлейтін сөздерінің жобаларын дайындау барысында Аппарат басшылығымен өзге де мерзімдер айқындалуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Аппарат басшысымен келісілгеннен кейін жетекшілік ететін бөлімдердің басшылары материалдарды жоспарланған іс-шарадан 1 (бір) жұмыс күні бұрын аудан әкімінің көмекшісіне береді.
Тармақ 20
20. Аудан әкімінің аса ірі, қоғамдық маңызды сөйлейтін сөздерінің жобаларын дайындау кезінде іс-шараға тартылған бөлімдер және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен, тиісті іс-шараны дайындауға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының жалпы басшылық етуімен уақытша жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
Тармақ 21
21. Бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі-БАҚ) өкілдерінің іс-шараға қатысуы іс-шара өтетін күннен 2 (екі) жұмыс күні бұрын Баспасөз хатшысымен, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының және жетекшілік ететін орынбасарымен келісіледі.
Тарау 4. 4. Аудан әкімінің жұмыс сапарларын дайындау тәртібі
4. Аудан әкімінің жұмыс сапарларын дайындау тәртібі
Тармақ 22
22. Аудан әкімінің жұмыс сапарларын ұйымдастыру және дайындауды Ұйымдастыру бөлімі бөлімдер, қала, ауылдық округтері әкімі аппараттары, сондай-ақ мүдделі бөлімдермен бірге осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Қала мен ауылдық округтері әкімі аппараттары Ұйымдастыру бөліміне аудан әкімінің ағымдағы жылға арналған жұмыс сапарлары туралы ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 24
24. Әкімдер, қажет болған жағдайда өзге де мүдделі мемлекеттік органдар сапардан 10 (он) жұмыс күні бұрын Ұйымдастыру бөліміне келесідей материалдарды ұсынады:
Тармақша 1
1)аудан әкімінің жұмыс сапары бағдарламасының жобасы (бұдан әрі - Бағдарлама);
Тармақша 2
2)ақпараттық-анықтамалық материалдар (әлеуметтік-экономикалық жағдай және қоғамдык-саяси жағдай, сапардың тақырыбы бойынша материалдар, проблемалық мәселелер, нысандардың паспорттары және басқалары);
Тармақша 3
3)аудан әкімінің орынбасарларымен келісілген әкім тапсырмаларының жобалары:
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі;
нәтижелілігі мен тиімділігі;
нақты орындау мерзімдері.
Тармақ 25
25. Ұсынылған материалдардың дұрыстығына оларға қол қойған тұлғалар жауап береді, тиісті бөлім мәліметтердің дұрыстығын және қайта тексеруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 26
26. Ұйымдастыру бөлімі үш жұмыс күні ішінде алынған материалдарды қайта тексеру және аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларымен келісу үшін тиісті бөлімдерге жолдайды.
Тармақ 27
27. Мүдделі бөлімдер қажет болған жағдайда Ұйымдастыру бөліміне баратын ауылдық округтегі істің жай-күйі туралы қосымша ақпарат ұсынады.
Тармақ 28
28. Ұйымдастыру бөлімі жұмыс сапарынан 5 (бес) жұмыс күні бұрын материалдардың түпкілікті топтамасын жасақтайды және Аппарат басшысына келісуге енгізеді.
Аудан әкімінің не оны ресми алмастыратын тұлғаның жоспардан тыс жұмыс сапарын дайындау кезінде Аппарат басшылығы қажетті материалдарды дайындаудың өзге де мерзімдерін белгілеуі мүмкін.
Тармақ 29
29. Аппарат басшысымен келісілгеннен кейін Ұйымдастыру бөлімі материалдарды жұмыс сапарынан 1 (бір) жұмыс күні бұрын аудан әкімінің көмекшісіне береді.
Тармақ 30
30. Баспасөз хатшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде аудан әкімінің жұмыс сапарының қорытындылары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық хабарлама дайындайды және оларды аудан әкімдігінің ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімімен бірге аудан әкімінің жұмыс сапары аяқталған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық БАҚ- тарда аудан әкімінің жұмыс сапарын жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
Жұмыс сапары аяқталған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде іс-шараның негізгі аспектілерін толық көрсете отырып, Аппаратқа аудан әкімінің жұмыс сапарының қорытындылары туралы есепті осы Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес дайындауды Ұйымдастыру бөлімі қамтамасыз етеді.
Тармақ 31
31. Қала, ауылдық округтері әкімі аппараттары мен мүдделі бөлімдер:
Тармақша 1
1)іс-шараны өткізу орындарын дайындауды (тиісті жарықтандыру, баннерлердің, флористиканың және басқа да қажетті заттардың болуын);
Тармақша 2
2)қажет болған жағдайда аудан әкімінің және оған ілесіп жүретін тұлғалардың тұратын жерін дайындауды;
Тармақша 3
3)жергілікті БАҚ-та аудан әкімінің жұмыс сапарын жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
Тарау 5. 5. Аудан әкімінің не оны алмастыратын тұлғаның төрағалығымен өтетін
әкімдік отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
5. Аудан әкімінің не оны алмастыратын тұлғаның төрағалығымен өтетін
әкімдік отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 32
32. Әкімдік отырыстары айына кеміне бір рет күндізгі немесе аралас форматта өткізіледі және оларды аппарат басшысы шақырады.
Кезектен тыс отырыстар әкімнің немесе әкімнің міндетін атқарушы тұлғаның бастамасы бойынша шақырылады.
Тармақ 33
33. Әкімдік отырыстарына аудан әкімі, ол болмаған кезде әкімнің міндетін атқарушы тұлға төрағалық етеді.
Тармақ 34
34. Әкімдік отырысы, ашық болып табылады және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда, жекелеген мәселелер жабық отырыстарда қаралуы мүмкін.
Тармақ 35
35. Әкімдік отырыстары, егер оған әкімдік мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқанда заңды деп саналады.
Әкімдік отырыстарында мәселелерді қарау нәтижелері бойынша қаулылар қабылданады.
Қаулылар қатысушы әкімдік мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 36
36. Әкімдік отырыстарына мәслихатының депутаттары, қала, ауылдық округтердің әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары және осындай құқық заңдармен, Президент пен Үкіметтің актілерімен берілген өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.
Тармақ 37
37. Отырыста қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар отырысқа дейін 5 (бес) жұмыс күні бүрын Ұйымдастыру бөліміне енгізіледі және мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1)көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамалар, ақпараттық мәліметтер және материалдар;
Тармақша 2
2)қаулылар мен хаттамалық шешімдердің жобалары;
Тармақша 3
3)салыстырмалы кестелер, презентациялар (көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп өлшемі 18-ден кем емес, көрнекі ақпаратты көрсету форматына сәйкес келетін түрлі-түсті слайдтар 16:9);
Тармақша 4
4)ақпараттық (талдамалық) баяндамалар (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын);
Тармақша 5
5)қатысушылар тізімі;
Тармақша 6
6)слайдтар (түрлі-түсті суретте);
Тармақша 7
7)әкімдіктің отырысында қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдар.
Тармақ 38
38. Әкімдік отырысына енгізілетін материалдар келесідей талаптарды сақтай отырып ұсынылуы тиіс:
Тармақша 1
1)мемлекеттік, қажет болған жағдайда орыс тілдерінде, электронды және қағаз жеткізгіштерде;
Тармақша 2
2)құжатты енгізуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не бірінші қол қою құқығы берілген оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған;
Тармақша 3
3)аудан әкімінің аталған мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарымен, жұмыс органының басшысымен келісілген.
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құпиялылық режимінің және отырыстарға жіберуді шектеудің талаптарын сақтай отырып енгізілетін таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе Мемлекеттік құпияларды қамтитын кұжаттарды қоспағанда, отырысқа материалдар электрондық түрде енгізіледі.
Шақырылғандардың отырысқа қатысуын Ұйымдастыру бөлімі қамтамасыз етеді.
Шақырылған адам аппарат ұйымдастырған (ұйымдастырылған) отырысқа (кеңестерге) растауды және (немесе) қатысуды қамтамасыз етеді.
Материалдарды мерзімінде ұсынбағаны және сапасы үшін жауаптылық аудан әкімінің орынбасарларына, аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың (тарату парағы сәйкес) бірінші басшыларына, бөлім басшыларына жүктеледі.
Тармақ 39
39. Ұйымдастыру бөлімі бөлімдермен ұсынылған құжаттар топтамасын жасақтайды және аудан әкімдігі отырысынан 1 (бір) жұмыс күні бұрын Аппарат басшысына береді.
Ұйымдастыру бөлімі тарату материалдарын әзірлейді:
аудан әкіміне - күн тәртібі, жүргізу тәртібі, шақырылғандардың тізімі, қаулы жобаларының тізбесі, анықтама, баяндама, слайдтар;
аудан әкімінің орынбасарларына, Аппарат басшысына - күн тәртібі, қаулы жобаларының тізбесі, баяндама және слайдтар;
әкімдік мүшелеріне, қала, ауылдық округтерінің әкімдеріне - күн тәртібі, қаулы жобаларының тізбесі.
Тармақ 40
40. Ұйымдастыру бөлімі мыналарды:
әкімдік отырысына қатысушыларды отырғызуды;
аудио немесе видео аппаратураларды қосуды.
Тармақ 41
41. Кезектен тыс (шұғыл) әкімдік отырысы өткізілген жағдайда Ұйымдастыру бөлімі әкімдік мүшелері мен шақырылушыларға күн тәртібін жіберуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 42
42. Әкімдік отырысында хаттама осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес жүргізіледі, онда қатысқан лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы және мәні, баяндамашылар, талқылау барысында сөз сөйлеушілер (қажет болған жағдайда - олардың сөйлеген сөздерінің, ескертулерінің негізгі мазмұны) және әкімдік мүшелерімен қабылданған қаулы көрсетіледі. Отырыстарға қаралатын мәселелерді талқылау электрондық ақпарат көздеріне жазылып алынады.
Ұйымдастыру бөлімімен қол қойылған қаулыларды, аудан әкімдігі отырысы хаттамасымен бірге Өтініштер бөліміне әкімдік отырысы өткеннен кейін келесі күннен кешіктірмей береді.
Хаттама әкімдік отырысы аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Ұйымдастыру бөлімімен рәсімделеді, оған аудан әкімдігінің барлық мүшелері бұрыштама қояды және отырысқа төрағалық етуші қол қояды.
Әкімдік отырысының хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ оған материалдар Өтініштер бөлімінде сақталады. Әкімдік отырысының хаттамалары, сондай-ақ оған материалдар уақытша сақтау мерзімдері біткеннен кейін Аппараттың архивіне тапсырылады.
Тармақ 43
43. Әкімдік отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылау және мониторингілеуді Ұйымдастыру бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 44
44. Баспасөз хатшысы Шардара аудандық ішкі саясат бөлімімен бірге аудан әкімдігі отырысы аяқталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей оның жұмысын электронды БАҚ-тарда жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
Тарау 6. 6. Аудан әкімінің төрағалығымен өтетін аппараттық кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі
6. Аудан әкімінің төрағалығымен өтетін аппараттық кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 45
45. Аудан әкімінің төрағалығымен өтетін аппараттық кеңестерге (бұдан әрі - Аппараттық кеңес) материалдар дайындауды және өткізуді аудан әкімінің орынбасарлары, аумақтық (келісім бойынша) және аудандық атқарушы органдары, мүдделі бөлімдер жүзеге асырады.
Тармақ 46
46. Аппараттық кеңестер апта сайын өткізіледі.
Тармақ 47
47. Аппараттық кеңестерге аудан әкімі, ол болмаған жағдайда аудан әкімінің міндетін атқарушы төрағалық етеді.
Тармақ 48
48. Аппараттық кеңестерге аудан әкімінің орынбасарлары, Аппарат басшысы, аудандық және қала, ауылдық округтердің әкімдері (бейнеконференция байланысы режимінде және (немесе) офлайн), аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) бірінші басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысады.
Тармақ 49
49. Аппарат басшысы аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың ұсынған өзекті мәселелер тізбесі негізінде аппараттық кеңестің күн тәртібін аудан әкімімен (жұмыс тәртібінде) келіседі.
Тармақ 50
50. Аудан әкімі аппараттық кеңестің күн тәртібін бекіткеннен кейін, Өтініштер бөлімі аппараттық кеңес өткізілгенге дейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде күн тәртібін ілеспе хатпен Dokumentolog жүйесі (бұдан әрі - БҚА) арқылы атап көрсетілген мерзімде орындау үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жіберуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 51
51. Материалдарды дайындауға жауапты аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдар (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) аппараттық кеңес өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Өтініштер бөліміне келесідей материалдарды ұсынады:
қаралатын мәселе бойынша үш беттен аспайтын көлемде анықтама;
баяндаманың жобасы;
хаттаманың жобасына ұсыныстар;
аппараттық кеңеске шақырылғандардың тізімі.
Аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдармен (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) жасақталатын шақырылғандар тізімі аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен міндетті түрде келісіледі.
Тармақ 52
52. Бөлімдердің басшылары аппараттық кеңес өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен келіседі және келісілген материалдарды Өтініштер бөліміне береді.
Тармақ 53
53. Өтініштер бөлімі аппараттық кеңес өткізілгенге дейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде аудан әкіміне не оның міндетін атқарушы тұлғаға жүргізу тәртібін дайындайды, аппараттық кеңеске шақырылғандарды хабардар етеді.
Тармақ 54
54. Дайын материалдар жасақталғаннан кейін Өтініштер бөлімі құжаттарды Аппарат басшысына береді, ол дайын материалдарды аудан әкіміне ұсынады.
Дайын материалдар келесідей талаптарға сәйкес келуі тиіс:
мемлекеттік және орыс (қажеттілігіне қарай) тілдерінде, электронды және қағаз жеткізгіштерде әзірленген;
материалды енгізуші органның бірінші басшысының не бірінші қол қою құқығы берілген оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған;
аудан әкімінің аталған мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарымен, Аппарат басшысымен, бөлім басшыларымен келісілген.
Тармақ 55
55. Тиісті мемлекеттік органдар материалдарды мерзімінде ұсынбаған жағдайда бөлімдер тәртіптік ықпал ету шараларын қабылдау үшін Аппарат басшысына жазбаша баяндайды.
Материалдардың мерзімінде ұсынылмағаны және сапасы үшін жауаптылық аудан әкімінің орынбасарларына, аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) бірінші басшыларына, бөлім басшыларына жүктеледі.
Тармақ 56
56. Қатысушыларды отырғызуды, аудио немесе видео аппаратураларды қосуды Ұйымдастыру бөлімі Аппарат басшысымен келісе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 57
57. Аппараттық кеңестерде хаттама жүргізіледі, онда аудан әкімінің тиісті тұлғаларға тапсырмалары көрсетіледі. Аппараттық кеңестерде қаралатын мәселелерді талқылау ақпараттың электрондық жеткізгіштеріне жазылады.
Хаттаманы Өтініштер бөлімі Аппараттық кеңес аяқталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті бөлімдер ұсынған ұсыныстар негізінде ресімдейді, Мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы (бұдан әрі – Мемлекеттік-құқық бөлімі), аудан әкімінің жетекшілік ететін мәселелер бойынша орынбасарлары, аппарат басшысы бұрыштама қояды және аудан әкімі қол қояды.
Аппараттық кеңестердің хаттамалары істер номенклатурасына сәйкес ресімделеді және тарату парағының көрсеткішіне/тізбесіне сәйкес мүдделі мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға жіберіледі.
Тармақ 58
58. Аппараттық кеңестерде берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылау және мониторингілеуді салалық бөлімдердің хаттамалық тапсырманың орындалуы туралы тиісті бағалары берілуімен Өтініштер бөлімі жүзеге асырады.
Тарау 7. 7. Аудан әкімінің төрағалығымен өтетін жедел кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі:
7. Аудан әкімінің төрағалығымен өтетін жедел кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі:
Тармақ 59
59. Аудан әкімінің төрағалығымен өтетін жедел кеңестерге (бұдан әрі - жедел кеңес) материалдар дайындауды және өткізуді аудан әкімінің орынбасарлары, аумақтық (келісім бойынша) және аудандық атқарушы органдары, бөлімдер жүзеге асырады.
Жедел кеңестер аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес өзекті мәселелер бойынша жұмыс тәртібімен өткізіледі.
Жедел кеңестер мәжіліс залында және аудан әкімінің кабинетінде өткізілуі мүмкін.
Тармақ 60
60. Жедел кеңестің күн тәртібін аудан әкімі белгілейді, аудан әкімінің орынбасарлары мен Аппарат басшысы да бастамашы бола алады.
Жедел кеңестің күн тәртібін аудан әкімі бекіткеннен кейін тиісті бөлімдер Аппарат басшысының қолы қойылған ілеспе хатпен күн тәртібін атап көрсетілген мерзімде орындау үшін тез арада мүдделі органдарға жіберуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 61
61. Материалдарды дайындауға жауапты аумақтық (келісім бойынша) және аткарушы органдар (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) материалдарды хатта көрсетілген мерзімде Өтініштер бөліміне келесідей материалдарды ұсынуы тиіс:
анықтама (үш беттен аспауы тиіс);
сөйлеушілердің баяндамасының жобасы;
хаттамаға ұсыныстар;
шақырылғандардың тізімі.
Тармақ 62
62. Аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдармен (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) жасақталатын шақырылғандар тізімі аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен міндетті түрде келісіледі.
Тармақ 63
63. Жетекшілік ететін мәселелеріне сәйкес аппарат бөлімдерінің басшылары аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардан (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) материалдарды алғаннан кейін тез арада анықтамада берілген ақпараттарға талдау жасайды, дұрыстығын тексереді (қажет болған жағдайда жергілікті жерге шығу арқылы). Аудан әкіміне немесе оның міндетін атқаратын тұлғаға жүргізу тәртібін дайындауды, жедел кеңеске шақырылғандардың қатысуын қамтамасыз етуді тиісті бөлім басшылары жүзеге асырады.
Тармақ 64
64. Дайын материалдар жасақталғаннан кейін тиісті бөлім басшылары құжаттарды аудан әкімінің көмекшісіне, ол дайын материалдарды Аппарат басшысымен келісілгеннен кейін аудан әкіміне ұсынады.
Тармақ 65
65. Дайын материалдар келесідей талаптарға сәйкес келуі тиіс:
мемлекеттік және орыс тілдерінде, электронды және қағаз жеткізгіштерде әзірленген;
материалды енгізуші органның бірінші басшысының не бірінші қол қою құқығы берілген оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған;
аудан әкімінің аталған мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарымен, Аппарат басшысымен, бөлім басшыларымен келісілген.
Тармақ 66
66. Материалдардың мерзімінде ұсынылмағаны және сапасы үшін жауаптылық аудан әкімінің орынбасарларына, аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) бірінші басшыларына, мәселелерге жетекшілік ететін бөлім басшыларына жүктеледі.
Тармақ 67
67. Қатысушыларды отырғызуды, аудио немесе видео аппаратураларды қосуды Ұйымдастыру бөлімі Аппарат басшысының орынбасарымен келісе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 68
68. Жедел кеңестерде хаттама жүргізіледі, онда аудан әкімінің тиісті тұлғаларға берген тапсырмалары көрсетіледі. Жедел кеңестерде қаралатын мәселелерді талқылау Өтініштер бөлімінде сақталатын электронды ақпарат көздеріне жазылып алынады.
Хаттама жедел кеңес аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті бөліммен ресімделеді, оған аудан әкімінің мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарлары, Аппарат басшысы бұрыштама қояды және аудан әкімі қол қояды.
Жедел кеңестердің хаттамалары істер номенклатурасына сәйкес ресімделеді. Тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес мүдделі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
Тармақ 69
69. Жедел кеңестерде берілген тапсырмалардың орындалу барысын бакылау және мониторингілеуді тиісті бөлімдер жүзеге асырады.
Тарау 8. 8. Аудан әкімінің төрағалық етуімен аудандық комиссиялардың және үйлестіру кеңестерінің отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
8. Аудан әкімінің төрағалық етуімен аудандық комиссиялардың және үйлестіру кеңестерінің отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 70
70. Аудан әкімінің төрағалық етуімен аудандық комиссиялардың және үйлестіру кеңестерінің отырыстарына (бұдан әрі - комиссиялар мен кеңестер отырыстары) материалдар дайындауды және өткізуді аудан әкімінің орынбасарлары, аумақтық (келісім бойынша) және ауданның атқарушы органдары, бөлімдер жүзеге асырады.
Комиссиялар мен кеңестер отырыстары комиссиялар мен үйлестіру кеңестерінің ережелеріне, отырысты өткізу кестесіне сәйкес өткізіледі.
Комиссиялар/кеңестерді өткізу күні мен уақыты жұмыс тәртібінде Аппарат басшысымен келісіледі.
Комиссиялар мен кеңестер отырыстарының күн тәртібін комиссиялар мен кеңестер отырыстарын өткізудің жылдық жоспарына сәйкес аудан әкімі бекітеді.
Тармақ 71
71. Комиссиялар мен кеңестер отырыстарының күн тәртібін аудан әкімі бекіткеннен кейін тиісті жұмыс органдары (аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдар) комиссия мен кеңес түріне қарай аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының немесе Аппарат басшысының қолы қойылған ілеспе хатпен күн тәртібін жіберуді қамтамасыз етеді. Күн тәртібі атап көрсетілген мерзімде орындау үшін мүдделі органдарға жіберіледі.
Материалдарды дайындауға жауапты аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдар (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) хатта көрсетілген мерзімде комиссия мен кеңес түріне қарай бөлімдерге келесідей материалдарды ұсынуы тиіс:
анықтама (үш беттен аспауы тиіс);
жүргізу тәртібі;
сөйлеушілердің баяндамасының жобасы;
шақырылғандардың тізімі.
Тармақ 72
72. Аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдармен (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) жасақталатын шақырылғандар тізімі комиссия мен кеңес түріне қарай аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен немесе Аппарат басшысымен міндетті түрде келісіледі.
Тармақ 73
73. Бөлімдер аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардан (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) материалдарды алғаннан кейін тез арада анықтамада берілген ақпараттарға талдау жасауы, дұрыстығын тексеруі (қажет болған жағдайда жергілікті жерге шығу арқылы) және оларды аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына ұсынуы тиіс. Аудан әкімінің орынбасарлары дайын материалдарды аудан әкіміне ұсынады.
Дайын материалдар келесідей талаптарды сақтай отырып ұсынылуы тиіс:
мемлекеттік және орыс тілдерінде, электронды және қағаз жеткізгіштерде әзірленген;
материалды енгізуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не бірінші кол қою құқығы берілген оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған.
Материалдардың мерзімінде ұсынылмағаны және сапасы үшін жауаптылық аудан әкімінің орынбасарларына, аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) бірінші басшыларына, комиссия мен кеңестердің түріне қарай бөлім басшыларына жүктеледі.
Тармақ 74
74. Комиссиялар мен кеңестер отырыстарында хаттама жүргізіледі, онда аудан әкімінің тиісті тұлғаларға берген тапсырмалары көрсетіледі. Комиссиялар мен кеңестер отырыстарында қаралатын мәселелерді талқылау электронды ақпарат көздеріне жазылып алынады.
Хаттама отырыс аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыс органымен ресімделеді, оған аудан әкімінің мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарлары, Аппарат басшысы бұрыштама қояды және аудан әкімі қол қояды.
Комиссиялар мен кеңестер отырыстарының хаттамалары істер номенклатурасына сәйкес ресімделеді. Хаттамалар тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес мүдделі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
Тармақ 75
75. Комиссиялар мен үйлестіру кеңестері отырыстарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылау және мониторингілеуді комиссия мен кеңес түріне қарай жұмыс органы (аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдар, бөлімдер) жүзеге асырады.
Тармақ 76
76. Көшпелі кеңестер мен жұмыс сапарлары кезінде аудан әкімінің жұмыс орны мен орынжайын дайындауға аудан әкімі аппаратының жауапты бөлімі жауап береді.
Бұған мыналар кіреді:
Тармақша 1
1)қажетті аппаратураларды орнату және жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2)микрофондардың жұмысы;
Тармақша 3
3)су, стакандарды орналастыру;
Тармақша 4
4)сағат, қағаз, қалам, қарындаштарды дайындау;
Тармақша 5
5)куверткаларды дайындау және орнату;
Тармақша 6
6)кеңеске қатысушыларды тіркеу;
Тармақша 7
7)іс-шараға шақырылғандарды отырғызу.
Тармақ 77
77. Аудан әкімінің орынбасарлары, Аппарат басшысының қатысуымен өтетін кеңестерді дайындауды мәселелердің тиесілігіне қарай тиісті бөлімдер жүзеге асырады.
Кеңестер Аппараттың мәжіліс залдарында өткізілетін болса, жауапты бөлім 2 күн бұрын Ұйымдастыру бөлімін кеңестің өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.
Кеңес басталмастан бір күн бұрын Аппарат басшылығы қол қойған қатысушылар тізімін рұқсатнама бюросына береді.
Тарау 9. 9. Прокурорлық ден қою актілерін қарау кезіндегі
жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
9. Прокурорлық ден қою актілерін қарау кезіндегі
жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 78
78. Аудан басшылығына жолданған прокурорлық ден қою актілерін қарау аудан әкімі орынбасарларының тапсырмасы бойынша прокурорлық ден қоюдың мәні болып табылатын мәселелер құзырына кіретін атқарушы органмен жүзеге асырылады.
Тармақ 79
79. Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңына сәйкес прокурорлық ден қою прокуратура өкілдерін шақыру арқылы барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен қаралуы тиіс.
Тармақ 80
80. Прокурорлық ден қою актісін қарау тапсырылған бөлім аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының қолы қойылған жауаптың жобасын дайындайды және қажет болған жағдайда прокурорлық ден қою актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Тармақ 81
81. Прокуратураның көрсетілген мерзімдерін қоспағанда, ортақ орындаушылардың прокурорлық ден қою актілеріне жауаптарының жобалары Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңында белгіленген актілерге жауап беру мерзімі аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын мүдделі бөлімге ұсынылады.
Тарау 10. 10. Аудан әкімінде қала, ауылдық округтері әкімі аппараттарының және
Дербес бөлімдердің қызметі нәтижелерін қарау тәртібі
10. Аудан әкімінде қала, ауылдық округтері әкімі аппараттарының және
Дербес бөлімдердің қызметі нәтижелерін қарау тәртібі
Тармақ 82
82. Қала, ауылдық округтері әкімдерінің және аудандық бөлімдердің қызметі нәтижелері аудан әкімінде мемлекеттік органдардың басқарушы лауазымды тұлғаларын жеке қабылдау кезінде, тақырыптық жұмыс кеңесі барысында немесе мемлекеттік органдармен ұсынылған жазбаша материалдар негізінде қаралуы мүмкін.
Тармақ 83
83. Аудан әкімінде қала, ауылдық округтері әкімі аппараттарының және аудандық бөлімдердің қызмет нәтижелерін қарау бойынша материалдарды дайындау және сапасы үшін жауапкершілік Ұйымдастыру бөліміне жүктеледі.
Тармақ 84
84. Аудан әкімінде қала, ауылдық округтері әкімі аппараттарының және дербес бөлімдердің қызметінің нәтижелерін қарауды дайындау жөніндегі жұмыстарды жалпы үйлестіруді өз құзыреттері шегінде аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 85
85. Жауапты бөлім ақпарат, баяндама немесе есеп келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жүмыс күні ішінде қорытынды дайындайды, қажет болған жағдайда қала, ауылдық округі әкімі аппараттарынан және бөлімдерінен қосымша материалдарды ауызша немесе жазбаша сұрата алады.
Тармақ 86
86. Қарау нәтижелері және қолда бар барлық материалдарды талдау негізінде жауапты бөлім қала, ауылдық округі әкімі аппараттарының және дербес бөлімдердің, баяндамасы немесе есебінен және жауапты бөлімнің қорытындысынан тұратын (бес беттен аспайтын) жиынтық материалдарды жасақтайды.
Тармақ 87
87. Жауапты бөлім қорытындыға аудан әкімінің қызметке жетекшілік ететін орынбасарына, Аппарат басшысына бұрыштама қойғызады және жиынтық материалдарды кейін аудан әкіміне енгізу үшін Ұйымдастыру бөліміне береді.
Тарау 11. 11. Аудан әкімі аппаратында аудан әкімінің катысуымен өтетін кеңестердің қорытындылары бойынша хаттамаларды ресімдеу тәртібі
11. Аудан әкімі аппаратында аудан әкімінің катысуымен өтетін кеңестердің қорытындылары бойынша хаттамаларды ресімдеу тәртібі
Тармақ 88
88. Ресми сапарлардың хаттамаларын (қажет болған жағдайда стенограммаларды), аудан әкімінің халық алдындағы есебін және Мемлекет Басшысының Жолдауын жыл сайын талқылауды Ұйымдастыру бөлімі мен Шардара аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, қамтамасыз етеді.
Атқарушылық тәртіп, ұйымдастыру іс-шаралары мәселелері бойынша хаттамаларды жауапты бөлімдер рәсімдейді.
Аудан әкімінің көшпелі мәжілістерінің хаттамаларын және жұмыс сапарларын Ұйымдастыру бөлімі дайындайды
Тармақ 89
89. Әртүрлі салалар бойынша бірнеше мәселелерді біріктірген кеңестер (селекторлық, жұмыс) хаттамаларын тиісті бөлімдер ресімдейді, аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларымен келіседі.
Тармақ 90
90. Хаттамада төрағалық етуші, қатысатын тұлғалар, күн тәртібі, баяндамашылардың және талқылау барысында сөйлеушілердің тегі, аты-жөні, талқылау кезінде баяндалған тапсырмалар тармақтары, жауапты орындаушылар және орындау мерзімдері көрсетіледі.
Тармақ 91
91. Консультативтік-кеңесші органдардың (бұдан әрі - ККО) хаттамаларын аталған ККО жұмыс органы ресімдейді, ККО төрағасының орынбасарымен келісіледі.
Тармақ 92
92. Хаттамада тапсырмалардың орындалуын бақылау кімге жүктелетіні атап көрсетілуі тиіс. Хаттамалық тапсырмалар араб цифрларымен белгіленген тармақтар және тармақшалармен берілуі қажет. Хаттамалық тапсырмалар нақты, түсінікті айқындалуы болуы тиіс.
Аудан әкімінің қатысуымен отырыстар және кеңестер хаттамаларының жобалары мемлекеттік тілде дайындалады.
Барлық хаттамалар, егер өзге мерзім белгіленбесе, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресімделеді және 1 (бір) күн ішінде аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларымен (өзара алмасушылық есебімен), Аппарат басшысымен, мүдделі бөлім басшысымен келісіледі. Түзетулер мен тиісті өзгерістер келісіліп, енгізілгеннен кейін хаттамалардың жобалары аудан әкіміне қол қоюға енгізіледі.
Тармақ 93
93. Хаттамалардың ресімделуін және мерзімінде ұсынылуын бақылауды және мониторингілеуді аудан әкімі аппаратының Ұйымдастыру бөлімі және жауапты бөлімдері жүзеге асырады.
Ұйымдастыру бөлімі пысықталған және ұсынылған хаттамаларды бақылауды жүзеге асырады.
Ұйымдастыру бөлімі апта сайын (дүйсенбіде) апта қорытындысы бойынша аппарат басшысына әкімнің қатысуымен өтетін іс-шаралар мен кеңестердің хаттамаларын ресімдеудің уақтылылығы туралы ақпарат береді
Тармақ 94
94. Іс-шараны дайындауға жауапты бөлімнің қызметкерлері Ұйымдастыру бөліміне электронды түрде хаттаманы және тарату көрсеткішін береді. Хаттамаға нөмір бере отырып тіркеуді және таратуды Өтініштер бөлімі іске асырады.
Тармақ 95
95. Аудан әкімдігі отырыстарының хаттамаларын Ұйымдастыру бөлімі рәсімдейді, Аппарат басшысымен келіседі. Әкімдік отырыстарының хаттамалары 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Тармақ 96
96. Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат аудан әкімінің атына бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолымен енгізілуі тиіс.
Тарау 12. 12. Кіріс және шығыс хат-хабарларын ресімдеу, өткізу және қарау
12. Кіріс және шығыс хат-хабарларын ресімдеу, өткізу және қарау
Тармақ 97
97. Аппаратта кіріс, шығыс хат-хабарларын және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және өткізу осы Регламентке және Аппарат басшысымен бекітілген басқа да ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 98
98. Аппаратта электрондық құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжатайналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі-Қағида), осы Регламентке және Аппарат басшысымен бекітілген басқа да ішкі құжаттарға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 99
99. Құпия іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес құпия құжаттармен жұмыс жөніндегі құпия қызмет басшысымен жүзеге асырылады. Электрондық қүжат айналымын ұйымдастыру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер мазмұндалған құжаттарға қолданылмайды.
Тармақ 100
100. «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттарды жүргізу тәртібі аудан әкімі аппаратының құпия құжаттармен іс жүргізу жөніндегі қызметкермен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 «Таралуы шектеулі мәліметтерді қызметтік ақпаратқа жатқызу және олармен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырады.
Электрондық құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі мен шарттары «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттарға қолданылмайды.
Тармақ 101
101. Бөлімдерде іс қағаздарын жүргізуге (есепке алу, сақтау, құжаттарды мерзімінде өткізу, олардың орындалуын бақылау және ведомстволық архивке уақтылы тапсыру) және БҚА жүйесінің жай-күйіне олардың басшылары жауап береді.
Тармақ 102
102. Аппараттың жаңадан тағайындалған қызметкерлерін нұсқаулықтан өткізу және қызметкерлердің БҚА жүйесінде жұмысын бақылау Персоналды басқару қызметі (Кадр қызметі) Өтініштер бөлімдерінің басшыларымен және бөлімнің жауапты мамандарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 103
103. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жаңадан қабылданған қызметкерлерді Шардара ауданы әкімі аппараты туралы ережемен, Шардара ауданы әкімдігінің регламентімен және Аппарат жұмысын реттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.
Тармақ 104
104. Бөлімдер басшылары ауысқан кезде істер мен оларға құжаттар жаңадан тағайындалған басшыға немесе жауапты лауазымды тұлғаға қабылдау - табыстау актісі бойынша беріледі.
Тармақ 105
105. Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кіріс хат-хабарлары Аппаратқа келесідей тұлғалардың:
аудан әкімінің атына бірінші басшылардың (аудандық дербес бөлім басшылары, қала, ауылдық округтері әкімдерінің ) қолымен;
аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының атына бірінші басшылар мен олардың орынбасарларының (аудандық дербес бөлім басшылары, қала, ауылдық округтері әкімдерінің) қолымен;
Аппараттың атына бірінші басшылар мен олардың орынбасарларының (аудандық дербес бөлім басшылары, қала, ауылдық округтері әкімдерінің) қолымен енгізіледі.
Тармақ 106
106. Өтініштер бөлімі мен барлық кіріс хат-хабарлары мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда - өзге тілдерде), олар келіп түскен күні сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қабылданады және тіркеледі.
Жүмыс күндері сағат 19.00-ден кейін келіп түскен құжаттарды тіркеу келесі жұмыс күні, шұғыл тапсырмаларды қоспағанда, бірінші кезекте жүзеге асырылады, шұғыл тапсырмалар келіп түскен күні жұмыс күніне қарамастан тіркеледі.
Хат-хабарларды тіркеусіз қабылдау және беруге тыйым салынады.
Сағат 19.00-ден жұмыс аяқталғанға дейінгі кезең ішінде «Ш¥ҒЫЛ», «ӨТЕ ШҮҒЫЛ», «СРОЧНО», «ВЕСЬМА СРОЧНО» деген белгілері бар хат-хабарлар Өтініштер бөлімімен тікелей қабылданады.
Аппаратқа жұмыс емес күндері, демалыс және мереке күндері келіп түскен құжаттарды аудан әкімінің қабылдау бөлмесінің мамандары қабылдайды және кейін оларды міндетті түрде тіркеу үшін Өтініштер бөліміне береді.
Аппарат қызметкерлеріне Өтініштер бөлімінде тіркелмеген құжаттарды орындауға қабылдауға тыйым салынады.
Осы Регламентте белгіленген тәртіппен қабылданған құжаттар БҚА жүйесі бойынша қаралады, Өтініштер бөлімімен бақылауға қойылады және Аппарат басшылығы мен оның бөлімдері арасында бөлінеді және тиісті ресімдеу және бақылау белгісін көрсету үшін тіркеу мөрінде нөмірін, күнін және парақтар санын көрсете отырып тіркеледі.
БҚА жүйесінде тіркелген және тиісті дәрежеде ресімделген хат-хабарлар бір жұмыс күні ішінде бөлінуіне сәйкес адресаттарға жіберіледі.
Шұғыл хат-хабардың көшірмесі келіп түскен құжатта көтерілген мәселе құзырына кіретін бөлімнің басшысына бір мезгілде жіберіледі.
Өтініштер бөлімі хат-хабарларды тіркеуді, бөлуді, ресімдеуді және адресаттарға жеткізуді БҚА жүйесі бойынша әдетте, жұмыс күні ішінде, ал шұғыл құжаттарды тез арада (кезектен тыс тәртіппен) жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың құжаттары (хаттары, сұраулары, телефонограммалары) БҚА жүйесі арқылы (қағаз жеткізгіште қайталамай) беріледі.
Мемлекеттік органдардан электронды жеткізгіштерде келіп түсетін құжаттар белгіленген үлгідегі елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде (қажет болғанда орыс тілінде, елтаңбалық бланкіде болуы міндетті емес) ресімделуі және келесідей міндетті реквизиттері болуы тиіс:
шығыс нөмірі және күні;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының, облыс әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының және оның орынбасарларының тиісті актілері мен тапсырмаларына сілтеме, мемлекеттік органның сұрауына жауап беру кезінде - сұраудың нөмірі мен күні;
ЭЦҚ қолдану арқылы бірінші басшының немесе оның орынбасарының электрондық қолтаңбасы;
орындаушының тегі және телефон нөмірі.
Бұл ретте, мемлекеттік органнан келіп түскен пайдаланушылар үшін ақпараттық жүйелерде немесе мемлекеттік органның сайттарында қолжетімді ақпараттарды беру туралы сұрауға жауап ұсынылмайды.
Құжат айналымын қысқарту және артық хат алмасуға жол бермеу мақсатында аудандық бөлім басшылары, қала, ауылдық округтері әкімдерінің есептік ақпараттары (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жартыжылдық, жылдық мерзіммен), сондай-ақ сұрауларға олардың жауаптары, ақпараттық сипаттағы басқа да хаттары олармен Мемлекеттік органдардың интранет порталында (МОИП) «ТО әкімдігі» папкасында, «Құжаттар кітапханасына» орналастырылады немесе цифрлық жұмыс орны (ЦЖО) арқылы жолданады.
МОИП сайттарында орналастырылған ақпараттардың дұрыстығына, өзектілігіне жауаптылық мемлекеттік органның жауапты орындаушысына және басшысына (қала, ауылдық округі әкімдеріне) жүктеледі.
Осы Регламенттің талаптарын бұза отырып ресімделген кіріс хат - хабарлары қабылданбайды және (немесе) Өтініштер бөлімі мен сол күні, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Парламенті, Үкіметі Аппаратының хат-хабарларынан басқа, тиісті мемлекеттік органға БҚА жүйесі арқылы жіберіледі.
Аппаратқа заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін хат-хабарлар қабылдау күні мен уақытын көрсету арқылы қол қойғыза отырып қабылданады.
ОМО-дан 10 жылдан аса сақтау мерзімімен келіп түсетін хат-хабарлар қабылдау күні мен уақытын көрсету арқылы қол қойғыза отырып қабылданады.
Хат-хабарларды тіркеу, бөлу, ресімдеу және адресаттарға жеткізу Өтініштер бөлімімен Аппаратқа келіп түскен сәттен бастап бір тәулік ішінде, ал шұғыл құжаттар (кезектен тыс тәртіппен) мереке және демалыс күндеріне қарамастан тез арада жүзеге асырылады.
Аппарат басшылығымен қаралған кіріс хат-хабарлары Өтініштер бөлімімен рәсімдеу және одан әрі орындаушыларға беру үшін жолданады.
Бөлімнің немесе маманның құзырына кірмейтін тапсырма жолданған жағдайда жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде тапсырманы берген лауазымды тұлғаға тапсырманы тиесілігіне қарай жолдау туралы қызметтік жазба енгізуі тиіс.
Тармақ 107
107. Аудан әкімінің аппаратына келіп түсетін құжаттар, әдетте, мынадай түрде бөлінеді:
Аудан әкіміне қарауға беріледі:
Тармақша 1
1)Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары;
Тармақша 2
2)Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмалары;
Тармақша 3
3)аудан әкімінің жеке өзіне жолданған хаттар мен өтініштер;
Аудан әкімінің орынбасарларына тікелей өздеріне жолданған, сондай-ақ аудан әкімі, оның орынбасарлары мен аппарат басшысы арасында міндеттердің бөлінуіне сәйкес өздері жетекшілік ететін мәселелер бойынша хат-хабарлар (құжаттар) қарауға беріледі.
Тармақ 108
108. Құжаттар Қағидаларға және осы Регламентке сәйкес ресімделеді.
Тиісті дәрежеде ресімделмеген құжаттар себебін және нормативтік құқықтық актілерге сілтемені көрсете отырып, тіркеусіз кері қайтарылады.
Тармақ 109
109. Аудан әкімі аудан әкімдігінің бөлімшелеріне, төмен тұрған әкімдерге, өзге де мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ аппарат бөлімдеріне тапсырмалар береді және бұрыштамалар салады.
Аудан әкімінің орынбасарлары аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелеріне, жетекшілік ететін мәселелері бойынша қала, ауылдық округтері әкімдеріне тапсырмалар береді және бұрыштамалар салады.
Тармақ 110
110. Орталық және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары мен хаттарын қоспағанда, аудан әкімі аппаратына келіп түсетін бірінші басшыны (басшының орынбасарын) алмастыратын тұлғаның қолы қойылған хат-хабарлар міндеттерді жүктеу туралы бұйрық (өкім) көшірмесі болған жағдайда қабылданады және тіркеледі.
Тармақ 111
111. Аудан әкімі аппаратына мемлекеттік органдардан келіп түсетін қаржыландыру мәселелері бойынша хаттар қабылданбайды және Шардара аудандық экономика және қаржы бөлімі міндетті пысықтауды қажет етеді.
Тармақ 112
112. Егер тапсырма бірнеше орындаушыға берілсе, онда жинақтау және құжатты орындау міндетті түрде көрсетіледі. Егер мұндай белгі болмаса, онда жинақтау және құжатта орындау тапсырмада бірінші көрсетілген орындаушыға жүктеледі. Барлық тапсырманы мерзімінде орындау жауаптылығы бұрыштамада көрсетілген барлық қызметкерлерге бірдей жүктеледі.
Тармақ 113
113. Аппарат бөлімдері келіп түсетін хат-хабарлардың сипаты мен сапасына жүйелі түрде талдау жасап, олардың одан әрі өтуін айқындауы, өз құзыры шегінде қойылған мәселелерді шешуі, құжат айналымын қысқарту шараларын қабылдауы тиіс.
Тармақ 114
114. Құжаттар жіберу үшін толықтай ресімделіп беріледі. Өтініштер бөлімінің құжатты жіберуге қабылдайтын қызметкері оның дұрыс рәсімделуін, сондай-ақ адресаттың, алушының, негізгі құжатта көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруі тиіс. Дұрыс ресімделмеген құжаттар орындаушыға кері қайтарылады.
Тармақ 115
115. Өтініштер бөлімінсіз құжатты жіберуге тыйым салынады.
Тармақ 116
116. Жіберуге берілген кұжатта көрсетілген дұрыс емес адрес бойынша кұжаттарды жібергені үшін жауаптылық құжат орындаушысы және Өтініштер бөліміне жүктеледі.
Тармақ 117
117. Қызметтік шығыс хат-хабарлары, нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоспағанда, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімделеді.
Хат-хабарларды тіркеу және құжаттардың орындалуын бақылау жұмыстары БҚА жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 118
118. Аудан әкімі орынбасарларының қолы қойылған шығыс хаттар тиісті бөлім басшысымен немесе басшының орынбасарымен, келісілуі тиіс.
Жауап берілетін кіріс құжатынсыз шығыс хат-хабарын келісуге жол берілмейді.
Тармақ 119
119. Орындалған және өңделген құжаттар бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде орындалғаны туралы карточканы уақтылы міндетті толтыруға жатады. Құжаттың орындалғаны туралы мәлімет болмаса, құжат орындалды деп есептелмейді. Орындалғаны туралы мәліметтің (карточканың) дұрыстығына жауапты орындаушы жауап береді.
Аудан әкімі аппараты басшысының атына қызметтік жазбаларды (ақпараттық хаттар және т.б.) (лауазымдық/функционалдық міндеттерді орындау/ орындамау мәселелері бойынша) БҚА жүйесі арқылы бөлімдердің басшылары тікелей енгізеді.
Осы тармақ сақталмаған жағдайда көрсетілген қызметтік жазбалар қарауға жатпайды.
Тарау 13. 13. Аудан әкімі, әкімдігі актілерінің жобаларын дайындау,
ресімдеу және келісу тәртібі
13. Аудан әкімі, әкімдігі актілерінің жобаларын дайындау,
ресімдеу және келісу тәртібі
Тармақ 120
120. Аудан әкімі, әкімдігі актілерінің жобаларын дайындауды бөлімдер өз құзыреті шегінде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Актілердің жобаларын әзірлеу үшін жоғары тұрған лауазымды адамдардың тапсырмалары, құқықтық сипаттағы, сондай-ақ аппарат жұмысының жедел, ұйымдастырушылық, кадрлық және басқа да мәселелері жөніндегі шешімдер негіз болып табылады.
Тармақ 121
121. Құқық нормаларын қамтитын аудан әкімдігінің қаулылары, аудан әкімінің шешімдері мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді және әрқайсысы жеке бланкілерде (жеке парақтарда) басылады және бірыңғай деректемелермен ресімделеді.
Әкімдік қаулылары, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері қағаз жеткізгіштерде аудан әкімінің мөрімен куәландыруға жатады.
Тармақ 122
122. Актілердің жобалары заңнамада белгіленген құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік Жобада қаралатын мәселелердің мән-жайы негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.
Қаулының, шешімнің, өкімнің жобасын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар оған басқа мемлекеттік органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етпеуге және формальды және өзге де негізсіз себептер бойынша жобаны келісуден бас тартпауға тиіс.
Әзірлеуші орган актілердің жобаларын келісу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына, заң техникасының талаптарына сәйкестігін пысықтау үшін аудан әкімі аппаратының бірыңғай заң қызметіне береді. Жобаны келісу аяқталғаннан кейін Мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы бұрыштама қояды.
Тармақ 123
123. Актінің электрондық жобасын келесі лауазымды тұлғалар міндетті түрде келіседі:
Тармақша 1
1)аудан әкімінің орынбасарлары;
Тармақша 2
2)аппарат басшысы;
Тармақша 3
3)заң қызметінің басшысы;
Тармақша 4
4)Шардара аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
Қажет болған жағдайда келісуге мүдделі басқа да лауазымды тұлғалар қосылуы мүмкін.
Келісуші мемлекеттік органдарға қаулылардың, шешімдер мен өкімдердің жобаларын «ескертулермен» келісуге тыйым салынады.
Тармақ 124
124. Қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулы жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі қоса беріледі.
Тармақ 125
125. Егер жобада қаулының (қаулылардың) күшін жою көзделген жағдайда, жобаға әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қойған, жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесін қамтитын анықтама қоса беріледі.
Тармақ 126
126. Егер актінің жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, жобаға салалық мүдделерін жоба тікелей қозғайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі.
Тармақ 127
127. Тапсырмалар орындалған жағдайда, оларды орындау үшін аудан әкімі, әкімдігі актілерінің жобалары әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері қоса беріледі.
Тармақ 128
128. Осы Регламенттің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Ұйымдастыру бөлімі қаулы жобаларын пысықтауға қайтарады немесе әзірлеуші мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды жұмыс тәртібімен талап етеді. Әкімдік отырысына қаулылар жобаларының аяқталмаған және жинақталмаған материалдарын енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 129
129. Актінің жобасы пысықтауға қайтарылуы мүмкін:
Тармақша 1
1)жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздер бойынша аудан әкімінің шешімі бойынша;
Тармақша 2
2)акт жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде теңтүпнұсқалықтың болмауы, аппарат регламентінің, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар, акт жобасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі, басқа да себептер анықталған жағдайларда, аппарат басшысының немесе оны алмастыратын адамның шешімі бойынша;
Тармақша 3
3)әкімдік отырысының хаттамасы негізінде;
Тармақша 4
4)жұмыс тәртібімен аудан әкімі орынбасарының, аппарат басшысының қарарымен;
Тармақша 5
5)аудан әкімі аппаратының Мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы заңнама сараптамасын жүргізген бөлімнің бас инспекторы немесе бас маманының заңнама қорытындысы негізінде ұсынады.
Тармақ 130
130. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзге мерзім көрсетілмесе, актінің жобасын пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган кайтарылған күнінен бастап он күннен аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган аппаратқа пысықталған актінің жобасын не актінің жобасын қараудан алу туралы жазбаша өтінішхатты ұсынуға тиіс. Қаулы жобаларын және өзге де актілерді пысықтауды аппарат аудан әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асыруы мүмкін.
Тармақ 131
131. Қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар келіп түскен күннен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:
Тармақша 1
1)аудан әкімдігі қаулыларының жобалары - 10 жұмыс күні (барлық Келісуші бөлімдерге алдын ала келісу үшін - барлығы 5 жұмыс күні және әкімдіктің барлық мүшелерімен келісу үшін-барлығы 5 жұмыс күні);
Тармақша 2
2)аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобалары - 5 жұмыс күні;
Тармақша 3
3)Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай - ақ гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі қаулылар мен өкімдердің жобалары-барлығы 3 (үш) жұмыс күні.
Аудан әкімінің, оның орынбасарларының немесе аппарат басшысының тапсырмалары бойынша актілерді жедел қабылдау қажет болған кезде келісудің неғұрлым қысқа мерзімдері белгіленуі мүмкін.
Тармақ 132
132. Электрондық келісуден кейін әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын аппаратқа қағаз жеткізгіште енгізеді. Жобаны бланкіге басып шығарады және жеке парақта келісу туралы лауазымды адамдардың электрондық визаларымен қағаз түрінде Ұйымдастыру бөліміне береді.
Аудан әкімдігі қаулысының, аудан әкімі шешімінің немесе өкімінің, сондай-ақ аппарат басшысы бұйрығының электрондық жобалары құрылған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей БҚА жүйесінде қол қойылады.
Тармақ 133
133. Мемлекеттік құқық бөлімі мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сүйемелдейді, әзірлеуші мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын және жобаның аппаратта, оның ішінде МОИП-та өтуін, тіпті оны тіркеуге дейін үйлестіреді.
Аудан әкімінің, әкімдігінің актілерін тіркеуді және есепке алуды Өтініштер бөлімі жүзеге асырады.
Әкімдіктің қол қойылған қаулыларына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне тіркеу нөмірлері беріледі. Тіркеу нөмірін беру қорытындылары бойынша аудан әкімі қол қойған актілердің түпнұсқалары аудан әкімінің елтаңбалы мөрімен куәландырылады.
Тармақ 134
134. Әкімдік қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары тұрақты сақталатын құжаттарға жатады және аппаратта сақталады, одан әрі олар белгіленген мерзімде ауданаралық мемлекеттік архивке мемлекеттік сақтауға беріледі.
Тармақ 135
135. Актілердің куәландырылған көшірмелерін уақтылы таратуды тарату парағына сәйкес Өтініштер бөлімі жүзеге асырады.
Тарау 14. 14. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне,
Үкімет Аппаратына және басқа да жоғары тұрған органдарға жіберілетін құжаттарды дайындау және келісу тәртібі
14. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне,
Үкімет Аппаратына және басқа да жоғары тұрған органдарға жіберілетін құжаттарды дайындау және келісу тәртібі
Тармақ 136
136. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне, Үкімет Аппаратына және басқа да жоғары тұрған органдарына құжаттар дайындауды аудандық бөлімдер жүзеге асырады.
Тармақ 137
137. Аудан әкімінің қол қоюы үшін құжаттарды тиісті бөлімдер жергілікті атқарушы органдардың (аудандық бөлімдер, қала, ауылдық округтері аппараттары) бірінші басшылары не міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтардың көшірмелерін қоса бере отырып, оларды алмастыратын адамдар қол қойған жазбаша материалдар негізінде дайындайды.
Тармақ 138
138. Материалдарды уақтылы, сапалы дайындау және бөлімдерге белгіленген мерзімдерде ұсыну үшін оны әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.
Тармақ 139
139. Аудан әкіміне қол қоюға енгізер алдында құжат міндетті түрде БҚА жүйесінде келесі тұлғалармен келісіледі:
құжатты тікелей орындаушы;
тиісті бөлімнің басшысы;
аппарат басшысы;
аудан әкімінің жетекшілік ететін мәселелеріне сәйкес орынбасарларымен.
Аудан әкімінің орынбасары болмаған жағдайда, құжат өзара алмасу бойынша орынбасармен/орынбасарлармен келісіледі.
Тармақ 140
140. Барлық мүдделі тұлғалармен келісіп, аудан әкімі қол қойғаннан кейін жетекшілік ететін бөлім дайын құжатты тіркеу және одан әрі басқа да жоғары тұрған органдарына БҚА жүйесі арқылы жіберу үшін Өтініштер бөліміне береді.
Тармақ 141
141. Облыс әкіміне және облыстық басқармалар мен облыстық департаменттерге ақпарат енгізілген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Облыс әкіміне және облыстық басқармалар мен облыстық департаменттерге актілері бойынша - тапсырманың нөміріне, күні мен нақты тармағына, оның мазмұнына) сілтеме жасалады.
Облыс әкімі аппаратына оларды орындауға жауапты мемлекеттік органдар жіберетін бақылау, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуы туралы құжаттар белгіленген орындау мерзімдеріне сәйкес міндетті түрде қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1)егер тапсырма толық көлемде және сапалы орындалса, бақылаудан алу туралы өтінішті;
Тармақша 2
2)егер тиісті актіде немесе тапсырмада мерзімді ақпарат ұсыну көзделсе, құжат ақпарат тәртібімен енгізіледі;
Тармақша 3
3)ақпарат берудің кезеңділігін және нақты орындау мерзімін міндетті түрде көрсете отырып, Орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы өтінішті ұсынады;
Тармақша 4
4)егер тапсырманы объективті себептер бойынша белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, нақты жаңа мерзімді көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішті табыс етеді.
Әрбір актінің немесе ҚР Президенті Әкімшілігі басшылығының тапсырмасының орындалуы туралы жеке құжат жасалады, ол Президент Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 1 маусымдағы № 22-01-38.16 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 4-қосымшада көзделген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Егер актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, аудан әкімі тапсырма берген әкімшіліктің лауазымды адамының атына қүжаттың орындалу мерзімін ұзарту немесе өзгерту (егер тапсырма бақылауда болмаса), орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге ауыстыру туралы негізделген өтініші бар хат жібере алады.
Тапсырманы немесе актінің тармағын ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныс енгізілген кезде нақты орындау мерзімдерін, орындаушы мемлекеттік органның, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты мемлекеттік саяси қызметшілерін және ұйымдардың лауазымды адамдарын көрсете отырып, одан әрі іске асыру жөніндегі жол картасын қоса беру қажет.
Жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда, Облыс әкіміне және облыстық басқармалар мен облыстық департаменттерге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Үкімет Аппаратына жіберілетін хаттар/құжаттар тіркеусіз қайтарылады.
Тарау 15. 15. Тапсырмалардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру
15. Тапсырмалардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру
Тармақ 142
142. Тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды ұйымдастыру Қағидаларға, сондай-ақ өзге де құқықтық актілерге, нұсқаулықтарға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 143
143. Бақылауға мынадай бақылау құжаттары алынады:
Тармақша 1
1)Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті аткарушы органдарға тапсырмалары бар актілері орындау мерзімі өткенге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын бақылауға қойылады;
Тармақша 2
2)Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының Үкіметі отырыстарының хаттамалары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалары бар өкімдері орындау мерзімі өткенге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын бақылауға койылады;
Тармақша 3
3)Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының жергілікті атқарушы органдардың атына орындау мерзімдері көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары бар тапсырмалар (оның ішінде кеңестердің хаттамаларында және іс-шаралар жоспарларында қамтылғандар), «шұғыл», «баяндаңыз», «ұсыныстар/ақпарат енгізіңіз», сондай-ақ мазмұнынан бақылауға қою қажеттігі туындайтын тапсырмалар, орындау мерзімі аяқталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын бақылауға қойылады;
Тармақша 4
4)мазмұнынан жауап беру, түсіндіру, қандай да бір мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу қажеттігі туындайтын мемлекеттік органдардың хаттары;
Тармақша 5
5)жеке және заңды тұлғалардың бақылау өтініштері;
Тармақша 6
6)егер орындау мерзімдері көрсетілген болса, әкімдіктің бұйрықтары, хаттамалары, қаулылары, аудан басшылығының тапсырмалары;
Тармақша 7
7)егер орындау мерзімдері көрсетілген болса, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреті шегіндегі өзге де тапсырмалары.
Тармақ 144
144. Аудан әкімдігінің және әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмалары орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлеріне қойылады:
Тармақша 1
1)шұғыл - «өте шұғыл» деген белгісі бар - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар - он жұмыс күніне дейін;
Тармақша 2
2)қысқа мерзімді-он жұмыс күнінен бір айға дейін;
Тармақша 3
3)орта мерзімді-бір айдан алты айға дейін;
Тармақша 4
4)ұзақ мерзімді-алты айдан астам.
Мерзімдер белгіленбеген жағдайда, құжат келіп түскен күннен бастап айлық мерзім белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі отырыстарының және Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығы және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы, облыс және аудандық әкімі кеңестерінің хаттамаларында қамтылған хаттамалық тапсырмаларды орындау мерзімдері тапсырмалар мемлекеттік органға (ұйымға) келіп түскен күннен бастап есептеледі.
Егер отырыста (кеңесте) нақты тапсырманы орындау мерзімі аталған жағдайда, онда өз атына тапсырма берілген және өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар (оның ішінде кеңеске тікелей қатысқан лауазымды тұлғалар мемлекеттік органның бірінші басшысына олардың орындалуын ұйымдастыру үшін тиісті тапсырмалар туралы баяндайды) өздеріне отырыс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпей, отырыстан (кеңестен) кейін тапсырмаларды орындауға кіріседі.
Тармақ 145
145. Аппаратқа Қазақстан Республикасы Президентінің актілері орындауға келіп түскен кезде, қажет болған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды іске асыру жөніндегі үйымдастыру іс-шаралар жоспары (жол картасы) жасақталады және аудан әкімінің не оның орынбасарларының шешімімен бекітіледі.
Жауапты мемлекеттік органдардың шүғыл тапсырмаларды орындау үшін дайындаған құжаттары Аппаратқа 10 (он) күнтізбелік күн бұрын енгізіледі, ЭҚАБЖ арқылы шұғылдығын растайтын электрондық құжатты (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының актілері мен тапсырмаларының көшірмелері) енгізген жағдайда Өтініштер бөлімі жұмыс күні ішінде тіркейді.
Тармақ 146
146. Аппараттың бақылау жүйесін мыналар кұрайды:
Тармақша 1
1)Аппарат басшысы - Аппараттың қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды, соның ішінде бақылау құжаттарының уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2)Ұйымдастыру бөлімі өкілеттіктері шегінде - құжаттарды бақылауға мерзімінде қоюды қамтамасыз етеді, Аппарат басшылығының бұрыштамаларына сәйкес оларды орындау мерзімдерін белгілейді, құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылайды, Аппарат басшылығын бақылау құжаттарының орындалуы туралы хабардар етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының актілерін орындау бойынша бақылау құжаттарының тізбесі орындаушыларға ай сайын электронды нысанда жеткізіледі, облыс әкімінің және облыстық басқармалар мен облыстық департаменттердің тапсырмалары орындаушыларға «бағдаршам» жүйесінде қолжетімді электрондық мониторинг арқылы қадағаланады;
Тармақша 3
3)бөлім басшылары - өздері басқаратын бөлімдегі құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, бақылау кұжаттарын орындау мерзімдерінің бұзылуына және сапасыз орындалуына жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді, Аппарат басшылығы алдында өздеріне сеніп тапсырылған бөлім үшін дербес жауап береді.
Ұйымдастыру бөлімінің басшысы немесе құжаттардың орындау мерзіміне бақылау жүргізетін маманы:
бақылау құжаттарының тізбесін жіберу жолымен Аппарат басшылығын келіп түскен бақылау құжаттары және оларды орындау мерзімдері туралы (апта сайын) хабардар етеді. Тізбеде келесідей міндетті мәліметтер берілуі тиіс:
Тармақша 1
1)тапсырма баяндалған іс-шараның түрі;
Тармақша 2
2)тапсырма берілген күн;
Тармақша 3
3)тапсырманың мазмұны;
Тармақша 4
4)орындаушылар;
Тармақша 5
5)орындау мерзімі;
Тармақша 6
6)бақылаудан алынғаны туралы белгі;
Тармақша 7
7)бақылаудан алуға негіз;
Тармақша 8
8)бақылауды ұзарту туралы белгі;
Тармақша 9
9)ескерту.
3 (үш) жұмыс күні бұрын бөлімдер басшыларын және Аппарат басшылығын орындау мерзімінің жақындағаны туралы жұмыс барысында хабардар етеді;
өз құзыры шегінде Аппарат басшылығына Аппарат қызметкерлерін, бөлімдердің, қала, ауылдық округтері әкімі аппараттарының қызметкерлерін бақылау құжаттарын орындау мерзімдерін бұзғаны немесе сапасыз орындағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 147
147. Тапсырманы бірнеше мемлекеттік органдармен орындау кезінде тізбеде бірінші тұрған немесе атауының қатарында «(жинау)» не «жинақтау» деген белгі қойылған орган жауапты болып табылады. Ол ортақ орындаушылармен келіскеннен кейін орындау мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте, орындауға жауапты мемлекеттік органдарға тапсырманы қайталауға және ортақ орындаушы мемлекеттік органдарға қосымша сұраулар салуға тыйым салынады.
Тапсырманы негізгі орындаушы мемлекеттік органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиесілігіне қарай орындау үшін құжаттарды жіберуге құқылы.
Тармақ 148
148. Егер тапсырма белгіленген мерзімде орындалмайтын болса, онда тапсырманы орындауға жауапты органның бірінші басшысы (не оның міндеттерін атқарушы тұлға) алдын ала, белгіленген мерзімнен 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, тапсырманы берген лауазымды тұлғаға кешіктіру себебі туралы жазбаша хабарлауы және белгіленген тәртіппен оны орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш білдіруі тиіс.
Тармақ 149
149. Аудан әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімдерін ұзартуға, соның ішінде орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға аудан әкімінің немесе Аппарат басшысының шешімі бойынша бір реттен артық жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының облыс әкімінің тапсырмаларын орындау мерзімдерін ұзартуға жол берілмейді.
Тармақ 150
150. Аудан әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімдерін қайталама ұзартуға, қала, ауылдық округтері әкімдерін, бөлім басшыларынтәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау жолымен аудан әкімінің немесе Аппарат басшысының шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі.
Аппаратқа аудан әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімдерін екі реттен артық ұзарту туралы ұсыныс енгізілген жағдайда қала, ауылдық округтері әкімдерін, бөлім басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.
Тармақ 151
151. Актілер мен тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алуға негіз мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1)толық және сапалы орындалуы;
Тармақша 2
2)туындаған объективті жағдайларға байланысты орындау мүмкін болмауы.
Тармақ 152
152. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Үкімет Аппараты Басшысының және облыс әкімінің (оның міндетін атқаратын тұлғалардың) атына жолдаған жоспарлы есептік ақпарат бойынша «назарға алынды» деген белгісі бар тапсырмалары бақылауға алынбайды.
Тармақ 153
153. Ортақ орындаушы мемлекеттік органдар ұсыныстарды белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда жинақтауға жауапты мемлекеттік орган ілеспе хатта өз ұсыныстарын белгіленген мерзімдерде ұсынбаған ортақ орындаушы мемлекеттік органдарды көрсете отырып, ақпарат жолдайды.
Тармақ 154
154. Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларын уақтылы орындау мерзімдерін бақылау Ұйымдастыру бөліміне жүктеледі.
Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының іске асырылуын бақылау аудан әкімінің орынбасарларына, Аппарат басшысына жүктеледі.
Тармақ 155
155. Мемлекеттік органдар аудан әкімінің тапсырмаларын орындау жөніндегі ақпаратты орындаудың бақылау мерзімінен 5 (бес) жұмыс күні бұрын әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15:00-ге дейін осы регламенттің 6-қосымшасына сәйкес бекітілген нысанға сәйкес аудан әкімінің аппаратына ресми түрде беруге міндетті. Берілген ақпарат ресми сипатта болуы және қолданыстағы заңнама нормалары есебімен аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен келісіліп, бірінші басшы қол қоюы тиіс.
Қосымша орындаушы мемлекеттік органдар негізгі орындаушыға ресми ақпаратты 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынуы тиіс.
Тармақ 156
156. Аудан әкімдігі мен әкімінің актілері мен тапсырмалары аудан әкімі немесе аппарат басшысы келіскен жағдайда тиісті бөлімдердің қызметтік жазбаларының негізінде бақылаудан алынады.
Аудан әкімінің тапсырмасын орындауды бағалаумен және ол бойынша тиісті ұсыныспен (оның ішінде бақылаудан алу бойынша) қызметтік жазбаны тиісті бөлімнің басшысы аппарат басшысының келісімі бойынша аудан әкімінің атына немесе аппарат басшысының атына енгізеді.
Қызметтік жазба аудан әкімдігі мен әкімінің актісі мен тапсырмасын орындау мерзімі басталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде енгізілуі тиіс.
Әкімнің орынбасарларының тапсырмалары олар айқындаған тәртіппен және олармен келісім бойынша бақылаудан алынады.
Тармақ 157
157. Егер бақылау мерзімінің соңғы күні жұмыс емес күнге келетін болса, мерзімнің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
Тармақ 158
158. Әр тоқсанның қорытындысы бойынша тоқсанның соңғы айынан кейінгі айдың 20-сына Ұйымдастыру бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының, облыс және аудан әкімінің тапсырмаларын орындау бойынша жиынтық есепті аудан әкімінің, аппарат басшысының атына ұсынады.
Аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс әкімдігі мен әкімінің және аудан әкімдігі мен әкімінің заңнамалық актілерінің, актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы аудан әкімін жүйелі түрде хабардар етеді, аудан әкімінің олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді.
Тармақ 159
159. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының және Аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына жауаптылық орындау үшін жолданған атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Аудан әкімі орынбасарларының және Аппарат басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды тапсырмаларды орындау құзырына жататын бөлімдер жүзеге асырады.
Аудан әкімінің орынбасарлары және Аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының және Аппарат басшысының заңнамалық актілерін, актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізе алады.
Тарау 16. 16. Аппаратта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және
азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру
16. Аппаратта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және
азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру
Тармақ 160
160. Аппаратта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі-Кодекс), «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентіне, сондай-ақ аппарат басшысы бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 161
161. Жеке және заңды тұлғалардың (сондай-ақ аудан әкімінің электрондық поштасына, сайтқа, ватсабына келіп түскен) өтініштерімен жұмысты аудан әкімі аппаратының Өтініштер бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 162
162. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу, басқа түрдегі іс жүргізуден бөлек, заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 163
163. Арыз иесіне жолдау үшін өтініштердің жауаптары 18.00-ге дейін қабылданады.
Аппаратқа келіп түсетін өтініштер толық жұмыс күні ішінде қабылданады.
Тармақ 164
164. Аудан әкімінің аппаратына келіп түскен жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір және ұсыныс «Электрондық өтініштер» ААЖ-да (бұдан әрі - Е- өтініш) тіркеуге жатады.
Жолданымды, хабарламаны, сұрау салуды, пікірді және ұсынысты қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Тармақ 165
165. Жолданымды, хабарламаны, сұрау салуды, пікірді және ұсынысты тіркеу Кодекстің 64-бабының 3-бөлігімен көзделген мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 166
166. Қабылдауды, тіркеуді, кері қайтаруды Өтініштер бөлімі жүргізеді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері әкім аппаратына келіп түскен жағдайда, Өтініштер бөлімі Кодекстің 63-бабында көрсетілген талаптарына сәйкестігін тексереді.
Кодекстің 63-бабында көрсетілген талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, Өтініштер бөлімінің басшысы арыз иесіне өтініш қай талапқа сәйкес келмейтінін көрсетіп, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін қисынды мерзім белгілейді.
Әкімшілік органмен белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірілмеген жағдайда, өтініш арыз иесіне қайтарылады.
Тармақ 167
167. Заңнама талаптарына сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, өтініште көрсетілген лауазымды тұлғаға (аудан әкіміне, оның орынбасарларына және аппарат басшысына) қарастыру үшін жолданады.
Тармақ 168
168. Өтініште қойылған сұрақтарды қарастыру аппараттың құзіретілігіне кірмеген жағдайда, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға Өтініштер бөлімі басшысының қолыменен жолданады.
Тармақ 169
169. Ауызша нысанда берілген жолданымды Өтініштер бөлімінің лауазымды тұлғасы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.
Тармақ 170
170. Төменгі әкімшілік органның немесе лауазымды тұлғаның әкімшілік актісіне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары тікелей аппаратқа келіп түскен жағдайда, Өтініштер бөлімінің басшысы тіркеуден кейін дереу сол шағымды әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды тұлғаға, шешім қабылдау үшін және/немесе әкімшілік істі аппаратқа шағымның мәні бойынша қарастыру үшін жолдауды үш күн мерзімін көрсете отырып, жолдайды.
Тарау 17. 17. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру
17. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру
Тармақ 171
171. Аудан әкімі, оның орынбасарлары, Аппарат басшысы аудан әкімі бекіткен кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.
Тармақ 172
172. Өтініштер бөлімі 1 (бір) жұмыс күні бұрын аудан әкімінің, оның орынбасарларының қабылдауына жазылған адамдардың тізімін. Аппарат басшысына (Т.А.Ә., көтеріп отырған мәселелерін, қабылдауға шақырылғандар тізімін) енгізеді, сондай-ақ азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға дербес жауап береді.
Тармақ 173
173. Аудан әкімінің қабылдауына Аппарат басшысы, бөлімнің басшылары, қала, ауылдық округтері әкімдері, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкер қатысуы міндетті.
Тармақ 174
174. Қабылдау аяқталғаннан кейін Өтініштер бөлімі аудан әкімі, оның орынбасарлары, Аппарат басшысы тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды, хаттаманы орындау және жауаптар ұсыну/беру үшін мемлекеттік органдарға жолдайды.
Тарау 18. 18. Басқарушы қызметкерлерді шақыру және шығу тәртібі
18. Басқарушы қызметкерлерді шақыру және шығу тәртібі
Тармақ 175
175. Қала, ауылдық округтері әкімдерін кеңестерге шақыру аудан әкімінің рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 176
176. Аудан әкімі орынбасарларының, Аппарат басшысының, қала, ауылдық округтері әкімдерінің, бөлім басшыларының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуы аудан әкімінің келісімімен жүзеге асырылады. Шетелге шығуға рұқсат беру туралы жазбаша өтінім аудан әкіміне 7 (жеті) жұмыс күні бұрын ұсынылады.
Рұқсат берілген жағдайда рұқсатты алған тұлға оны алған күні Аппараттың құпиялылық режимін сақтауға жауапты қызметкерін (МҚҚБ) хабардар етеді.
Бұл ретте, аудан әкімінің тиісті өкімі ресімделеді.
Тармақ 177
177. Аудан әкімі орынбасарларының, қала, ауылдық округтері әкімдері және бөлім басшыларының ауданнан тыс жерлерге шығыуы аудан әкімінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 178
178. Аппарат қызметкерлерінің аудан немесе аудан орталығынан тыс жерлерге шығуы Аппарат басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 179
179. Әкімдік отырыстары, жұмыс кеңестері өткізілетін күндер, басшыларды шақыру және басқа да шаралар аудан әкімімен, оның орынбасарларымен, Аппарат басшысымен айқындалады.
Тармақ 180
180. Аудандық атқарушы органы басшысының демалысы, сондай-ақ оның уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде міндеттерді басшының орынбасарына жүктей отырып, аудан әкімінің тиісті өкімімен ресімделеді.
Тарау 19. 19. Қызметтік іссапарларға жолдау және мемлекеттік кызметшілердің кызметтік максаттарда шетелге шығуы, соның ішінде қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу
19. Қызметтік іссапарларға жолдау және мемлекеттік кызметшілердің кызметтік максаттарда шетелге шығуы, соның ішінде қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу
Тармақ 181
181. Аппарат қызметкерлерін Қазақстан Республикасы шегінде іссапарға жіберу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережемен айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 182
182. Қызметкерлерді бюджет қаражаты есебінен республика шегінде іссапарға жіберу өкім (бұйрық) негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, аудан әкімі аппаратының қызметшісі шұғылды қоспағанда, 3 жұмыс күні бұрын іссапардың күндері мен мақсаттары, тұрғын үй жалдау күндері санын, маршрутты және негізгі қызметшінің жұмыста болмаған кезде оның міндеті жүктелетін тұлғаны көрсете отырып қызметтік жазбаны әзірлейді. Республиканың өңірлеріне көбінесе теміржол көлігімен жүзеге асырылады. Бұл ретте, іссапардың мақсаты аппараттың міндеті мен функциясына сәйкес болуы керек.
Әртүрлі себептермен іссапарға шыға алмайтын жағдайда аудан әкімі аппаратының қызметшісі іссапарға шықпау себептерін көрсете отырып міндетті түрде іссапардан 1 күн бұрын басшылыққа қызметтік жазбаны әзірлейді және жолдайды.
Бұл тәртіп аудан әкіміне қолданылмайды.
Аппарат қызметкерлерін іссапарға жіберу туралы әкімшілік актіні аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қызметтік жазбаның негізінде, ал аудан әкімінің іссапары туралы актіні - аудан әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларының тапсырмалары бойынша әзірлейді.
Тармақ 183
183. Қызметкерлер іссапардан келгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Аппарат басшылығына атқарылған жұмыс туралы есеп беруге міндетті.
Осы тармақтың талабы аудан әкіміне, оның орынбасарларына, аудан әкімінің көмекшісі мен кеңесшісіне және өзгелей тәртіп белгіленген басқа да қызметкерлерге қолданылмайды.
Тармақ 184
184. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қызметкерді шетелге іссапарға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін, мемлекеттік құпияларды білетін қызметкерлердің шетелге шығуын есепке алу үшін оның көшірмесін Өтініштер бөлім басшысына жолдайды.
Тармақ 185
185. Қызметтік мақсаттарда шетелге шығу кезінде шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 186
186. Аппарат қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 187
187. Аппарат қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыруды персоналды басқару қызметі үйлестіреді.
Тармақ 188
188. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) біліктілігін арттыру жөніндегі курстар (семинарлар) туралы ақпаратты аудан әкімдігінің веб-порталында мерзімді жариялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 189
189. Қазақстан Республикасы шегінде біліктілігін арттыруға жолдау Аппарат бөлімдерінің қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады.
Тарау 20. 20. Аппарат ғимаратына және аумағына өткізу және объектішілік режнмді ұйымдастыру тәртібі мен жұмыс уақыты режимі
20. Аппарат ғимаратына және аумағына өткізу және объектішілік режнмді ұйымдастыру тәртібі мен жұмыс уақыты режимі
Тармақ 190
190. Аппарат қызметкерлері үшін екі демалыс (сенбі және жексенбі) күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бұл ретте, күн сайынғы жұмыс мерзімінің ұзақтығы сегіз сағатты құрайды, жұмыс уақыты режимі сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін және сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін түскі ас үшін үзіліспен белгіленеді.
Тармақ 191
191. Аппарат қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтау мақсатында бақылау - өткізу пункті (турникет) белгілейтін СКУД (кіруді бақылау және басқару жүйесі) көмегімен бақылау жүргізіледі.
Тармақ 192
192. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-іне Аппарат басшылығына еңбек тәртібінің жай-күйі туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 193
193. Кезек күттірмейтін және алдын ала күтілмеген, оның шұғылдығы одан кейін жалпы алғанда Аппараттың (немесе оның жекелеген бөлімшелерінің) қалыпты және үзіліссіз жұмыс істеуіне ықпал ететін жұмыстарды орындау үшін қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен Аппараттың жекелеген қызметкерлері жұмыс режимінен тыс уақытта шақырылуы мүмкін.
Тарау 21. 21. Кадрлық қамтамасыз ету
21. Кадрлық қамтамасыз ету
Тармақ 194
194. Бөлімдердің жұмысын ұйымдастыру тікелей олардың басшыларымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 195
195. Олардың міндеттері мен функциялары айқындалатын бөлімдер туралы ережелерді бөлім басшылары әзірлейді, бірыңғай заң қызметімен келісіледі және Аппарат басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 196
196. Аппарат бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін айқындайтын лауазымдық нұсқаулықтарды бөлім басшылары әзірлейді, персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) келісіледі және Аппарат басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 197
197. Аудан әкімі орынбасарларының, Аппарат басшысының, қала, ауылдық округтері әкімдерінің мінездемелеріне аудан әкімі қол қояды.
Бөлім басшыларының мінездемелеріне аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарлары қол қояды.
Тармақ 198
198. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының және аппарат қызметкерлерінің жұмыс істейтінін растайтын анықтамаға Аппарат басшылығы қол қояды.
Тарау 22. 22. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау
22. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау
Тармақ 199
199. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау Шардара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 тамыздағы №215 қаулысымен бекітілген Шардара ауданы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 200
200. Аудандық бөлім басшыларының жеке жұмыс жоспарларымен қарастырылған нысаналы мақсатты индикаторларға (бұдан әрі - НМИ) қол жеткізілуін бақылауды жүзеге асыру мақсатында, тікелей басшымен (аудан әкімінің орынбасары) белгіленген НМИ қол жеткізу бойынша тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.
Тармақ 201
201. Мониторинг жүргізу үшін персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) материалдарды жинақтап, қорытындысы бойынша ақпаратты аппарат басшысына енгізеді.
Тармақ 202
202. Аудан әкімі аппараты басшысының қызметін бағалау үшін құрылымдық бөлімшелер бағалауды жүргізу, одан әрі қалыптастыру және жинақтау мақсатында қажетті материалдарды персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) жолдайды.
Тарау 23. 23. Ақпараттык технологияларды басқару
23. Ақпараттык технологияларды басқару
Тармақ 203
203. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қоғамдық қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы», 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдарына сәйкес жүзеге асырылады және Өтініштер бөлімімен:
Аппараттың ақпараттандыру жүйесін кұру және енгізу бойынша шараларды үйлестіру жүзеге асырылады;
Аппараттың ақпараттандыру қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі;
аудан әкімінің қатысуымен өтетін отырыстар, кеңестер, кездесулер бейнеконференция байланысы арқылы қосу жүзеге асырылады;
Аппараттың интернет-ресурсының ашықтығының және қолжетімділігінің деңгейіне мониторинг жүргізіледі;
жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін бағалау;
ақпаратка кол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша қала, ауылдық округтері әкімі аппараттарының және бөлімдердің жұмысы үйлестіріледі.
Тарау 24. 24. Қаржылық қамтамасыз ету
24. Қаржылық қамтамасыз ету
Тармақ 204
204. Аппаратты қаржыландыру жергілікті бюджет каражаты есебінен жүзеге асырылады. Қаржылық қызмет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы нормативтік құқыктық актілермен, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу туралы ережемен, өзге де нормативтік актілермен реттеледі.
Тармақ 205
205. Өтініштер бөлімінің негізгі міндеті Аппараттың қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайдағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпараттарды ұсыну болып табылады:
Тармақша 1
1)нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалану арқылы тікелей және түпкілікті жақсы нәтижелерге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалану жолымен тікелей және түпкілікті жақсы нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін ескере отырып, бюджетті әзірлеу және атқару;
Тармақша 2
2)бухгалтерлік есеп шоттарында барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операциялардың көрсетілуін бақылау, жедел ақпаратты беру, белгіленген мерзімдерде қаржылық есептілікті кұру, мемлекеттік сатып алуға жұмсалатын ақшаны оңтайлы және тиімді пайдалану;
Тармақша 3
3)міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелерді қабылдау, қаржыландыру жоспарының орындалуын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысулардың жай-күйін бақылау, ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, кәсіпорындармен, мекемелермен бекітілген жеке қаржыландыру жоспарларын атқару процесінде туындайтын есеп айырысуларды мерзімінде жүргізу, қазынашылық органдарымен өзара іс- қимыл жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру.
Тармақ 206
206. Материалдық құндылықтарды есепке алу материалдарды, негізгі құралдарды және аз құнды құрал-жабдықтарды есепке алу кітабын жүргізу, материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу және оның нәтижелерін уақтылы және дұрыс айқындау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 207
207. Жалақыны есептеуді жүзеге асыру, қызметкерлердің табыс салығын ұстап қалу бойынша жеке шоттарын, жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналарды есепке алу карточкаларын жүргізу жүзеге асырылады.
Тарау 25. 25. Аппараттың жұмыс регламентін сақтауға жауаптылық
25. Аппараттың жұмыс регламентін сақтауға жауаптылық
Тармақ 208
208. Аудан әкімінің орынбасарлары, Аппарат басшысы, қала, ауылдық округтерінің әкімдері, атқарушы органдардың бірінші басшылары, Аппарат қызметкерлері осы Регламенттің тармақтарын бұзғаны үшін жауапты болады.
Тармақ 209
209. Аппарат қызметкері өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді (соның ішінде қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша) орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, қызметтік тәртіпті және қызметтік этиканы бұзғаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін оған мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес келесідей тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
Тармақша 1
1)ескерту;
Тармақша 2
2)сөгіс;
Тармақша 3
3)қатаң сөгіс;
Тармақша 4
4)қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
Тармақша 5
5)лауазымын төмендету;
Тармақша 6
6)атқарып жүрген лауазымынан босату.
Басқа 333. Ақпараттық-анықтамалық материалдарды ресімдеуді дайындау тәртібі
Шардара ауданы әкімі
аппаратының Регламентіне
1-қосымша
Ақпараттық-анықтамалық материалдарды ресімдеуді дайындау тәртібі
Тармақша 1
1)Ақпараттық-анықтамалық материалда мыналар болуы тиіс: 1) қаралып отырған мәселенің жалпы жағдайы;
Тармақша 2
2)қаралып отырған мәселе бойынша анықтама (үш беттен аспауы тиіс), көлемі 5 (бес) беттен аспайтын ақпараттық мәліметтер және материалдар;
Тармақша 3
3)салыстырмалы кестелер, презентациялар (көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп өлшемі 18-ден кем емес, Агіаl, көрнекі ақпаратты көрсету форматына сәйкес келетін түрлі-түсті слайдтар 16:9);
Тармақша 4
4)әлеуметтік-экономикалық жағдай (қажеттілігіне қарай);
Тармақша 5
5)қоғамдық-саяси жағдай (қажеттілігіне қарай);
Тармақша 6
6)ақпараттық (талдамалық) баяндамалар (үзақтығы 7-10 минуттан аспайтын);
Тармақша 7
7)өзекті мәселелер;
Тармақша 8
8)ұсыныстар мен мәселелерді шешу жолдары;
Тармақша 9
9)проблемалық мәселелер бойынша тапсырмалар;
Тармақша 10
10)және басқа материалдар.
Басқа 344. Аудан әкімінің төрағалығымен өткізілетін іс-шаралардың қысқаша бағдарламасы және жүргізу тәртібі
Шардара ауданы әкімі
аппаратының Регламентіне
2-қосымша
Аудан әкімінің төрағалығымен өткізілетін іс-шаралардың қысқаша бағдарламасы және жүргізу тәртібі
Тармақша 1
1)Қысқаша бағдарламада мыналар көрсетіледі:
Тармақша 2
2)аялдама пункттерінің арақашықтығы көрсетілген бағыты;
Тармақша 3
3)уақыты белгіленген нысандарға бару бағдарламасы;
Тармақша 3
3)құрылған күні, жоба сомасы, жұмыс күші, орташа жалақысы, нысанның қуаты, ерекшеліктері көрсетілген нысанның паспорттары;
Тармақша 4
4)нысан басшысының объективкасы;
Тармақша 5
5)ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Тармақ 2
2. Іс-шараларды жүргізу тәртібі:
Тармақша 1
1)іс-шаралардың атауы;
Тармақша 2
2)қатысушылар тізімі;
Тармақша 3
3)баяндама жобасы мынадай талаптарға сай болуға тиіс: нақты қисынды мазмұндалған, тексерілген ақпарат, ресми расталған статистикалық және нақты мәліметтер мазмұндалған, бұрын жарияланған баяндамалардың фрагменттерін қайталауға жол берілмеуге тиіс, іс-шара нысанына барынша сәйкес келуі тиіс, қазақ және орыс тілдерінің іскери, әдеби нормаларына, сондай-ақ ауызекі сөйлеу стилистикасына сәйкес келуі тиіс;
Тармақша 4
4)жиналыс материалдары;
Тармақша 5
5)мәжіліс хаттамасының жобасы.
Басқа 357. Аудан әкімінің қала, ауылдық округтерге қызметтік сапарын
ұйымдастыру және дайындығы туралы
Шардара ауданы әкімі
аппаратының Регламентіне
3-қосымша
Аудан әкімінің қала, ауылдық округтерге қызметтік сапарын
ұйымдастыру және дайындығы туралы
Тармақ 1
1. Аудан әкімінің жұмыс кестесіне қала, ауылдық округтерге шығу күні мен уақыты белгіленеді;
Тармақ 2
2. Қала, ауылдық округтерге жетекшілік ететін бас инспектор сапар бойынша аралайтын нысандар тізбесін әзірлеп, уақыты, нысан арасындағы шақырымдарды анықтап, бағдарлама дайындайды;
Тармақ 3
3. Нысандар бойынша төлқұжаттары, қазіргі жағдайдағы суреті, нысан басшысының қызметтік тізбесі әзірленеді;
Тармақ 4
4. Қала, ауылдық округтерге жетекшілік ететін бас инспектор бір күн бұрын аралайтын нысандар бойынша нақты жүру бағытын нақтылайды;
Тармақ 5
5. Қала, ауылдық округтерге жетекшілік ететін бас инспектор аралайтын нысандардың саласына сәйкес қажетті құрал-саймандарды (каска, бетперде, халат, ботинки, қолғап, тақта) тексереді;
Тармақ 6
6. Қала, ауылдық округтерге жетекшілік ететін бас инспектор сапар барысында кездесу (ұжым, зиялы қауым) болатын жағдайда, олардың тізімдері, сөйлейтіндердің мінездемесі әзірленеді;
Тармақ 7
7. Аудан әкімінің сапары күні қала, ауылдық округтерге жетекшілік ететін бас инспектор нысандардың толық дайын болуын қамтамасыз етіп, аудан әкімімен бірге жүріп отырады.
Басқа 365. Аудан әкімінің қала, ауылдық округтерге жұмыс сапарының қорытындысы бойынш есеп
Шардара ауданы әкімі
аппаратының Регламентіне
4-қосымша
Аудан әкімінің қала, ауылдық округтерге жұмыс сапарының қорытындысы бойынш есеп
Тармақша 1
1)Аудан әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы бойынша есеп мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
Тармақша 2
2)мерзімдері мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып, хаттамалық тапсырманы орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
Тармақша 3
3)салалар бөлінісіндегі өзекті мәселелер;
Тармақша 4
4)ұсыныстар мен мәселелерді шешу жолдары;
Тармақша 4
4)бюджетті жоспарлау мен мемлекеттік бағдарламалармен интеграциялау;
Тармақша 5
5)көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп өлшемі 18-ден кем емес, Агіаі, көрнекі ақпаратты көрсету форматына сәйкес келетін түрлі-түсті слайдтар 16:9;
Тармақша 6
6)және басқа материалдар.
Басқа 373. Хаттаманы дайындау және ресімдеу тәртібі
Шардара ауданы әкімі
аппаратының Регламентіне
5-қосымша
Хаттаманы дайындау және ресімдеу тәртібі
Тармақ 1
1. Хаттама кеңес (отырыс, жиналыс) кезінде жүргізілген жазбалар, баяндамалар мен сөз сөйлеу тезистері, анықтамалар, шешімдер жобалары және басқа да материалдар негізінде жасалады.
Аудан әкімі аппаратының ішінде жасалған және оның шегінен шықпайтын хаттама бланкіде ресімделмейді.
Хаттаманың деректемелері:
Тармақша 1
1)ұйымның ресми атауы;
Тармақша 2
2)қүжат түрінің атауы;
Тармақша 3
3)күні;
Тармақша 4
4)хаттаманың тіркеу нөмірі;
Тармақша 5
5)хаттама шығарылған орын;
Тармақша 6
6)бекіту грифі (кейбір жағдайларда);
Тармақша 7
7)хаттаманың тақырыбы;
Тармақша 8
8)мәтін;
Тармақша 9
9)қолы.
Хаттамалар толық немесе қысқаша нысанда ресімделеді.
Толық хаттаманың мәтіні екі бөліктен тұрады: кіріспе және негізгі.
Кіріспе бөлімде хаттаманың атауынан кейін: отырыс төрағасының (төрағалық етушінің) және хатшысының тегі мен аты-жөні, қатысқандардың тізімі немесе егер олардың саны 10 адамнан асатын болса, қатысушылардың қоса берілген тізіміне сілтеме көрсетіледі.
Кіріспе бөлім күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша баяндамашыны көрсете отырып, олардың маңыздылығы тәртібімен санамаланған қаралатын мәселелердің тізбесімен күн тәртібімен аяқталады. Әрбір сұрақ араб санымен нөмірленеді және оның атауы «О», «Об» деген сылтаумен басталады, ол сол жақ жиектің шекарасынан басылады. Жекелеген жағдайларда күн тәртібі хаттамаға қоса берілуі мүмкін, ал хаттаманың өзінде мәтіннің алдында «күн тәртібі қоса беріледі» деген жазба жазылады.
Хаттаманың негізгі бөлігі күн тәртібінің тармақтарына сәйкес келетін бөлімдерден тұрады. Әрбір бөлімнің мәтіні мынадай сызба бойынша құрылады: ТЫНДАДЫ - СӨЙЛЕДІ-ҚАУЛЫ ЕТТІ (ШЕШІЛДІ), олар бас әріптермен жазылады.
Баяндамалар мен сөз сөйлеулердің негізгі мазмұны хаттама мәтінінде орналастырылады немесе оған қоса беріледі; соңғы жағдайда мәтінде «сөз сөйлеудің мәтіні қоса беріледі» деген ескерту жазылады. Қабылданған шешім толық басылады, қажет болған жағдайда дауыс беру қорытындылары келтіріледі.
Қысқаша Хаттаманың мәтіні де екі бөліктен тұрады. Кіріспе бөлімде күн тәртібі көрсетілмейді.
Қысқаша хаттаманың негізгі бөлігі қаралатын мәселелерді және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтиды. Сұрақтың атауы нөмірленеді және «О», «Об» деген сылтаумен басталады, ортасына басылады (әрбір жолдың басы мен соңы орналасу аймағының шекарасынан тең қашықтықта) және соңғы жолдан төмен бір сызықпен астын сызылады. Сызықтың астында осы мәселені талқылау кезінде сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі көрсетіледі. Содан кейін мәселе бойынша қабылданған шешім көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Хаттамаға отырысқа төрағалық етуші және хатшы қол қояды. Отырыстың күні хаттама күні болып табылады.
Тармақ 3
3. Хаттамалар «Хаттамалар» ЭҚАЖ ДБ-да тіркеледі, оларға күнтізбелік жыл шегінде реттік нөмірлер беріледі.
Тармақ 4
4. Хаттамалардың көшірмелері немесе хаттамалардан үзінді көшірмелер түрінде қабылданған шешімдер тарату көрсеткішіне сәйкес мүдделі ұйымдар мен лауазымды адамдарға жіберіледі. Тарату көрсеткішін мәселені қарауды дайындаған бөлімшенің жауапты орындаушысы жасайды және қол қояды. Хаттамалардың көшірмелері мен олардан үзінділер мөрмен расталады.
Тармақ 5
5. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының Ұйымдастыру бөліміне жүктеледі.
Басқа 388. Бөлім атауы
Шардара ауданы әкімі
аппаратының Регламентіне
6-қосымша
Бөлім атауы
Жалпы - Орындалған - Мерзімі бар - Тұрақты - Орындалмаған –
№
Тапсырманың мазмүны
Хаттаманың күні және нөмірі
Орындау мерзімі
Орындалуы туралы ақпарат
Салалық болімнің бағасы
1
(10.01.2025 жыл) №
Бөлім басшысының аты-жөні қолы