Об утверждении Правил по техническому освидетельствованию водных объектов (акваторий), прилегающих к базам-стоянкам для маломерных судов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын өлшемді кемелер үшін база-тұрақтардың маңайындағы су объектілерін (акваторияларды) техникалық куәландыру бойынша ережелерді бекіту туралы Шағын өлшемдi кемелердiң су объектiлерiн тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету, су объектiлерiн қорғаудың ұйымдастырылуын бақылау және Қазақстан Республикасының су қоймаларында кеме иелерiмен кемелер үшiн база-тұрақтарда арналар мен жағалаулар бұзылмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Шағын өлшемдi кемелер үшiн база-тұрақтардың маңайындағы су объектiлерiн (акваторияларды) техникалық куәландыру бойынша ережелер бекiтiлсiн.
Тармақ 2. Шағын өлшемді кемелер үшін база-тұрақтардың маңайындағы су объектілерін (акваторияларды) техникалық куәландыру бойынша Ережелер
2. Көлiк инспекциясы (С.Ш. Есенов) және заңгерлiк жұмыс бөлімі (О.Е Ахметжанов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiне белгiленген тәртiпте нормативтiк құқықтық актіні мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынсын. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар Министрiнiң 1998 ж. 17 қыркүйектегі N 204 бұйрығымен бекітілді Шағын өлшемді кемелер үшін база-тұрақтардың маңайындағы су объектілерін (акваторияларды) техникалық куәландыру бойынша Ережелер
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер, меншiк нысанына қатыссыз, кеме иелерiне тиесiлi шағын өлшемдi кемелер үшiн база-тұрақтардың маңайындағы су объектiлерiн (акваторияларды) техникалық куәландыруға арналған.
Тармақ 2
2. Объектiлердi техникалық куәландырудың мақсаты олардың пайдалануға әзiрлiгiн тексеру болып табылады.
Тармақ 3
3. Барлық кеме иелерi су объектiлерiнiң тиiмдi пайдалануын және қорғалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Су объектiлерiн пайдаланушылар су қоймаларының арналары мен жағаларының, гидротехникалық және басқа ғимараттардың бұзылуына жол бермеуi, кеме қатынасы жолдарын демалу үшiн пайдаланатын басқа заңды тұлғалар мен азаматтардың құқықтарын бұзбауы тиiс.
Тармақ 2. 2. Объектiлердi есепке алу тәртiбi
2. Объектiлердi есепке алу тәртiбi
Тармақ 5
5. Барлық объектiлер Қазақстан Республикасы Көлiк инспекциясының есепке алуына жатады.
Тармақ 6
6. Объектiлердi есепке алуға мыналар кiредi:
Тармақша 1
1) су объектiсi (акваториясы) иесiнiң негiзгi техникалық сипаттарын (ұзындығын, енiн, сыйымдылық ауданын), тұрмыс, сауда және медициналық бөлмелердiң, құтқару постарының санын көрсетуiмен объектiнiң сызбасын көрсете отырып есепке алу карточкасын толтыру;
Тармақша 2
2) объектi туралы мәлiметтердi су объектiлерiн есепке алу журналына енгiзу;
Тармақша 3
3) объектiге журналдағы нөмiрге сәйкес нөмiр беру.
Тармақ 3. 3. Су объектiсiнiң техникалық куәландыруын жүргiзудi ұйымдастыру
3. Су объектiсiнiң техникалық куәландыруын жүргiзудi ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Объектiнiң (акваторияның) пайдалануға әзiрлiгiн анықтау үшiн жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландыру жүргiзiледi.
Тармақ 8
8. Жыл сайынғы техникалық куәландыру осы талаптардың көлемiнде негiзгi сипаттарын растау, тиiстi жабдықтардың, құралдардың бар-жоғын тексеру үшiн жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Кезектен тыс техникалық куәландыру объектiнiң негiзгi сипаттарын өзгерткен күрделi жөндеуден, модернизациялаудан немесе қайта жабдықтаудан, табиғи ападан кейiн жүргiзiледi.
Тармақ 10
10. Объектiнi техникалық куәландыру жүргiзгенде мыналар тексерiледi:
Тармақша 1
1) объектi ауданының жүзетiн бiрлiк санына сәйкестiгi;
Тармақша 2
2) құтқару постарының, алғашқы медициналық көмек көрсету үшiн бөлмелердiң бар-жоғын, су қоймаларының, өзендердiң, көлдердiң, теңiздердiң жағалау учаскелерiнде олардың толық жинақтылығын;
Тармақша 3
3) белгiленген нормаларға сәйкес құтқару және өртке қарсы мүлiктiң бар-жоғы;
Тармақша 4
4) объектi аумағының күйi, суға түсу және секiру үшiн пайдаланылатын көпiршектердiң, салдардың, мұнаралардың техникалық күйi;
Тармақша 5
5) суда бақытсыздық жағдайлардың алдын алу жөнiндегi материалдармен, шомылатындарға суда өзiн ұстау тәртiбi туралы кеңестермен, су мен ауаның температурасын, желдiң бағытын, судың ағу жылдамдығын көрсетумен кестемен, жағажай аумағының және тереңдiктер мен қауiптi орындарды көрсетумен акваториясының сызбасы мен стендтардың бар-жоғы.
Тармақ 11
11. Объектiнi (жыл сайынғы, кезектен тыс) техникалық куәландыру қорытындыларының негiзiнде Қазақстан Республикасы Көлiк инспекциясының лауазымды тұлғасымен актi құрылады.
Тармақ 12
12. Объектiнi техникалық куәландыру навигация ашылғанға дейiн жүргiзiледi. Су объектiлерiн бақылап қараудың көлемi мен мерзiмдерi пайдаланудың жағдайлары мен үдемелiлiгiне байланысты белгiленедi.
Тармақ 4. 4. Су объектiлерiне қойылатын талаптар
4. Су объектiлерiне қойылатын талаптар
Тармақ 13
13. Объектiнiң жағалау аумағы санитарлық-әпидемиологиялық талаптарға жауап беруi тиiс. Аумақ қоршалған, жақсы тегiстелген, жаңбыр сулары ағатын жолдары болуы тиiс, ласталмауы және батпақтанбауы тиiс.
Тармақ 14
14. Су объектiлерi ағатын суды жiберу орындарынан кемiнде 500 м жоғары және порттық құрылыстардан, пирстерден, дебаркадерлерден, айлақтардан, мұнай құю құрылғыларынан кемiнде 1000 м қашықтықта болуы тиiс.
Тармақ 15
15. Жыл сайын, шомылу маусымы басталар алдында су қоймасының түбi жүзiп бару шекарасына дейiн объектi иесiмен қаралуы және тазалануы тиiс, осы туралы акті құрылады.
Тармақ 16
16. Шомылатын орындар жағамен көпiрлермен немесе траптармен қосылуы, сенiмдi бекiтiлуi тиiс, суға түсер орындар қолайлы және таянышы болуы тиiс.
Тармақ 17
17. Су акваториясы жарық түсiретiн құрылғылармен жабдықталады. Жарық түсiру құрылғыларында бiр бағытқа түсiретiн қалпақтары болуы тиiс. Айлақтың суға шығатын шеттерiнде қараңғы түсiсiмен кемiнде 2 м биiктiкте кеме жақтан анық көрiнетiн шеңберлi ақ от жағылуы тиiс.
Тармақ 18
18. Егер объектiде суға секiретiн орындар жабдықталған болса, онда олар тереңдетiлген жағасымен акваториялардың табиғи учаскелерiнде болуы тиiс. Осындай учаскелер жоқ болғанда тереңдiгi сүңгiгенде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн орындарға дейiн ағаш көпiрлер немесе салдар орнатылады. Мүмкiндiк болса суға секiру үшiн мiнбелер орнатылады.
Тармақ 19
19. Кiшкене көпiрлерде, траптарда, салдар мен мiнбелерде жұмыс күшiне сыналған тұтас төсем болуы тиiс. Сынаудан кейiн сынақ уақытын көрсетумен "Сыналған" белгiсi қойылады.
Тармақ 20
20. Шомылу орындарында жүзiп баруға болатын шекаралар бiр бiрiнен 25-30 м және тереңдiгi 1,3 м орындардан 25 м дейiн қашықтықта орналастырылған ашық түстi қалқыма белгiлермен белгiленуi тиiс. Жүзiп баруға болатын шекара кеме жүрiсiнiң аумағына шықпауы тиiс.
Тармақ 21
21. Егер балалардың шомылуы үшiн және жүзу бiлмейтiндер үшiн тереңдiгi 1,2 м аспайтын акватория учаскелерi жабдықталса, онда олар траптарда бекiтiлген қалтқылар сызығымен белгiленуi немесе штакет қоршаумен қоршалынуы тиiс.
Тармақ 22
22. Объектiнiң аумағында судан ең алысы 5м, әрбiр 50 м сайын құтқару шеңберлерi iлiнген қалқандар қойылуы тиiс. Шеңберлерде объектiнiң атауы және "Батып бара жатқанға лақтыр".