Об организации уборки территории города Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласының аумақтарын тазалауды ұйымдастыру туралы
Бiрiншi сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1998 жылғы 18 қыркүйектегi ХХI сессиясының шешiмiмен қабылданған (Алматы қаласы мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы, 2001 жылғы 04 сәуiрдегi, 2001 жылғы 14 қарашадағы шешiмдерiне өзгерiстер енгiзiлген) "Алматы қаласының аумақтарын көрiктендiру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинастыруды ұйымдастыру Ережесiне" сәйкес және қаладағы аумақтардың санитарлық жағдайын одан әрi жақсарту, оларды жинастыруды ұйымдастыру және меншiк түрлерiне қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң басшыларының, үйлердiң иелерiнiң оларды күтiп-ұстаудағы жауапкершiлiгiн көтеру мақсатында Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудандардың әкiмдерi, меншiк түрлерiне қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң, үйлердiң иелерi "Алматы қаласының аумақтарын көрiктендiру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинастыруды ұйымдастыру Ережесiнiң" талаптарын қатаң түрде орындасын және шектесетiн, өздерiне бекiтiлген аумақтардың уақтылы жинастырылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Аудан әкiмдерiне мiндеттелсiн:
Тармақша 1
1) Жыл сайын көктем мерзiмiнiң 15 сәуiрiнен, күзгi мерзiмнiң 15 қазанына дейiн меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге жалға алушылар мен меншiк иелерiне жер учаскелерiнiң заңмен белгiленгенiне қарамастан, олардың аумақтарын, тротуарларды қоса, алдағы мерзiмде шарт жасасу арқылы ауланы тазалау үшiн, сондай-ақ коммуналдық бөлiмдер мен тазалау қызметтерi үшiн адрестiк бағдарламаны қабылдау;
Тармақша 2
2) Аудандардың аумақтарынан қарды тазалау үшiн төтенше жағдай бола қалған жағдайда (мерекелiк және демалыс күндерiн қоса), кәсiпорындарға көлiк бөлу үшiн тапсырмаларды бекiту;
Тармақша 3
3) Аудан әкiмдерiнiң аппараттарында аумақты тазалау үшiн мерзiмдi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн уақытша комиссия құру. Комиссия тұрғындар мен техникалық құралдарды пайдалануда (бульдозерлер, грейдерлер, автокөлiктер) шарт негiзiнде меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындарды, мекемелердi және ұйымдарды жұмылдыру жоспарын әзiрлеу.
Тармақ 3
3. Алматы қалалық iшкi iстер бас басқармасы (М.М.Оразәлиев) мыналарға мiндеттi:
Тармақша 1
1) Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бiрлесiп, қаланың көшелерi мен аулаларының санитарлық тазалығына бақылау жасасын, белгiленген аумақтағы тазалықты сақтамаған заңды тұлғалардың басшылары мен жеке тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
Тармақша 2
2) "Жол-пайдалану учаскесi" Ашық акционерлiк қоғамы және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөнiндегi кәсiпорын барлық қоқыс шығару жұмыстарына тартылған автомашиналармен мамандандырылған механизмдердiң тоқтаусыз жүрiсін қамтамасыз етуге, көше тазалайтын машиналардың мамандандырылған технологиясына сай жұмысты атқарған кезде негiзгi көлiк тасқынына қарсы жүруге рұқсат беруге;
Тармақша 3
3) жүктi дұрыс тиемеген және ақауы бар көше маңындағы ауаны ластайтын көлiк түрлерiн тоқтатуға, төгiлетiн материалдар мен қоқыстарды осыған арналмаған көлiктерде тасымалдауға жол бермеуге;
Тармақша 4
4) көшелерде қарды шығаруға жұмылдырылған жүк автомашиналарының қозғалысына арнайы рұқсат қағазынсыз жүк көлiгiнiң қозғалуына рұқсат беруге.
Тармақ 4
4. "Желекқұрылыс" Ашық акционерлiк қоғамы (Б.Н.Кенжеқараев), "Жол-пайдалану учаскесi" Ашық акционерлiк қоғамы (К.И.Закиров) кондоминиум нысандарын басқару органдары ауаның тазалығын сақтап қалу үшiн, оларға белгiленген учаскелерге (жолдар, көшелер, аулалар және басқалар) су шашуды және оны тазалауды таңғы сағат 8-ге дейiн атқаратын болсын.
Тармақ 5
5. Алматы қаласы Әкiмiнiң баспасөз қызметi (Г.Б.Дүйсембинова) газет беттерiнде және радио мен теледидарда Алматы қаласындағы санитарлық тазалық және тәртiп мәселесiн жүйелi берiп тұрсын, оған азаматтардың қатысуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. қалада тұрақты тазалықты және тәртiптi қолдау мақсатында бiрыңғай күн бейсенбi санитарлық тазалық күнi болып белгiленсiн. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелер мен басқа заңды тұлғалардың қатысуы мiндеттi болсын, сондай-ақ жасыл желектердi күтiп-бағудағы аумақтарға бекiтiлген аулаларды тазалауға қала жұртшылығын тартсын.
Тармақ 7
7. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 1 наурыздағы № 198 "Алматы қаласының аумақтарын тазалауды ұйымдастыру туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И. Заяц пен Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.К. Сманқұловқа жүктелсiн.