Об утверждении Правил согласования размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 50-бабы 5-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу» Қағидалары бекiтілсін.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 380 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14445 болып тіркелген).
Тармақша 2
2) «Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 18 маусымдағы № 148 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 20893 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Басқа 0. «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 20 маусымдағы № 142-НҚ бұйрығына қосымша «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу» Қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Су кодексінің 50-бабы 5-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
Тармақша 3
3) су объектісі – ағынды сулардың жинақтауыштарын қоспағанда, жердің табиғи немесе жасанды рельефтерінде немесе жер қойнауында судың тұрақты немесе уақытша шоғырлануы, табиғи немесе реттелетін су режимі бар су объектісі;
Тармақша 4
4) су қорғау аймағы – судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметтің арнаулы режимі белгіленетін, су объектілеріне жанасып жатқан аумақ;
Тармақша 5
5) су қорғау белдеуі – су қорғау аймақтарындағы шаруашылық қызметтің арнаулы режиміне қосымша шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленетін, су объектілеріне жанасып жатқан су қорғау аймағының бір бөлігі;
Тармақша 6
6) эллинг- су көлігін сақтауға және жөндеуге арналған бір қабатты, тұрғын емес үй-жай;
Тармақша 7
7) цифрлық құжаттар сервисі – «цифрлық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
Тармақша 8
8) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Тармақ 2-1
2-1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Осы Қағидаға сәйкес «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) су ресурстарын қорғау және реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес баяндалған (бұдан әрі – Тізбе).
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы өтініш жолдайды.
Тармақ 6
6. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталуына екі сағат қалғанда немесе жұмыс күні аяқталғаннан кейін, сонымен қатар еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш тапсырған кезде «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі. Өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету барысында, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді,.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Тізбенің 8-тармағында айқындалған.
Тармақ 9
9. Тізбенің 8 -тармағына сәйкес құжаттарды ұсынғаннан кейін құжаттарды қарудың жалпы мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын Тізбенің 9 -тармағына сәйкес толық ұсынбаған және (немесе) қызмет көрсету мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге порталдағы «жеке кабинетіне» жолдайды.
Тармақ 11
11. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және оң қорытынды болған жағдайда «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу» туралы хат дайындайды немесе теріс қорытынды болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді, оны тіркеуді жүзеге асырады және уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушіге портал арқылы жібереді.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Тармақ 12-1
12-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
Тармақ 12-2
12-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін келесідей жағдайларда тоқтата тұрады:
Тармақша 1
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
Тармақша 2
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдарда не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда.
Тармақ 12-3
12-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
Тармақша 1
1) Осы Қағиданың 12-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
Тармақша 2
2) Осы Қағиданың 12-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Тармақ 12-4
12-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін келесідей жағдайларда тоқтата тұрады:
Тармақша 1
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Тізбенің 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешімі туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын-ала шешімі бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тармақ 14
14. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.
Тармақ 14-1
14-1. Жауапта көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды беру туралы шешім қабылдаған негіздемелер бар негіздердің толық тізбесі, сондай-ақ шағым жасау мерзімдері мен тәртібі көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мынадай кезеңдер туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді: өтінішті қабылдау, тіркеу, қарауға жіберу, аралық кезеңдер, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 16
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғары әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.
Тармақ 17
17. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті берушіге түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 20
20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 3. «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келі
«Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу» қағидаларына 1-қосымша «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу» мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: 1. Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы мен өзге де жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу. 2. Қазақстан Республикасындағы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 2-тармағына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жүзеге асырылатын су объектiлерiнің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы және өзге де жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу. 3. Құрылыс қызметімен байланысты емес су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы мен өзге де жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу. 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялар 2 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету тәсілдері «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал). 3 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі Порталға жүгінген сәтінен бастап – 10 (он) жұмыс күні 4 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны Электронды (ішінара цифрландырылған) 5 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 6 мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін көрсетіледі 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. Порталдың жұмысы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес қөрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе аяқталуға екі сағат қалғанда сонымен қатар, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1. Нысанды салу кезінде Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруді, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларын, ұңғымаларды бұрғылауды, жерүсті су объектілерін санациялауды, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын, ауыл шаруашылығы және өзге де жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, Қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсырады: 1) өтініш; 2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (мемлекеттік қызметтер қөрсету үшін пайдаланылатын цифрлық жүйеде немесе цифрлық құжаттар сервисінде деректер болмаған жағдайда, құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі); 3) жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі; 4) су объектілері және географиялық координаттары көрсетілген жер учаскесінің (нысанның) сонымен қатар, масштабта көрсетілген орнатылған су қорғау аймағы мен белдеуінің (бар болса) орналасу схемасы; Эллингтерді салу кезінде қосымша ұсынылады: 5) сәулет-жаспарлау ғимаратының электронды көшірмесі; Қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), сондай-ақ құрылысты консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру жағдайында жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша өз ресурсын өтеген объектілерді кейіннен кәдеге жарату үшін көрсетілетін қызметті алушы 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес құжаттарды береді. 2. Қазақстан Республикасындағы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 2-тармағына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша су объектiлерiнің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы және өзге де жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтініш; 2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (мемлекеттік қызметтер қөрсету үшін пайдаланылатын цифрлық жүйеде немесе цифрлық құжаттар сервисінде деректер болмаған жағдайда, құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі); 3) эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі немесе жоспарланып отырған қызметтің сипаттамасы бар түсіндерме жазба; 4) су объектілері және географиялық координаттары көрсетілген жер учаскесінің (нысанның) сонымен қатар, масштабта көрсетілген орнатылған су қорғау аймағы мен белдеуінің (бар болса) орналасу схемасы; Эллингтерді салу кезінде қосымша ұсынылады: 5) сәулет-жаспарлау ғимаратының электронды көшірмесі; 3. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметімен байланысты емес су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсырады: 1) өтініш; 2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (мемлекеттік қызметтер қөрсету үшін пайдаланылатын цифрлық жүйеде немесе цифрлық құжаттар сервисінде деректер болмаған жағдайда, құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі), ал пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерделеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылған жағдайда – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ашық сервитуттарын беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі, жеке меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен жасалған жеке сервитут беру туралы шарттың электрондық көшірмесі; 3) жоспарланып отырған қызметтің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаның электрондық көшірмесі; 4) су объектілері және географиялық координаттары көрсетілген жер учаскесінің (нысанның) сонымен қатар, масштабта көрсетілген орнатылған су қорғау аймағы мен белдеуінің (бар болса) орналасу схемасы; Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізілген жағдайда, қосымша ұсынылады: 5) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттарының көшірмесі ұсынылады; 6) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның көзделіп отырған қызмет учаскесінде ауызсу сапасындағы жерасты сулары кен орындарының болуы туралы қорытындысы. 9 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталуы; 2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабының 1,2,3,4 және 6 тармақтарында, 91-бабының 1,2,3 тармақтарында және 92-бабының 5, 7 және 8-тармақтарындағы талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы. 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады; 6) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 133-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 50-бабының 4-тармағына сәйкес су ресурстарын немесе бекітілген қорларды, жер асты суларын пайдалану мүмкіндігінің болмауы немесе жоспарланған қызмет жобасының Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабына сәйкес келмеуі. 10 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Басқа 2. Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келіс
«Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу» қағидаларына 2-қосымша Нысан Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы ӨТІНІШ Кімге: ______________________________ __________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) Кімнен: ____________________________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы) Өтініш иесінің мекенжайы _______________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон) Өтініш иесінің деректемелері _____________________________________________ (жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендiру нөмiрi, ________________________________________________________________ заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (бар болса) _______________________ Арнайы су пайдалануға рұқсат (бар болса) __________________________________ (нөмірі, берілген күні) Жобалаушы ұйымның мемлекеттік лицензиясының нөмірі (объектiнiң бас жоспарының көшірмесі ұсынылған жағдайда) ___________________________________________________________________ (нөмірі, берілген күні) ______________________________________________________________ сұраймын. (өтініштің мақсаты) Мәліметтердің дұрыстығын растаймын. Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өтініш беруші ________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (заңды тұлға үшін лауазымы) (электрондық цифрлық қолтаңба) Берілген күні:_________________________________________________________ күні, айы, жылы. (электрондық цифрлық қолтаңба)