О некоторых вопросах бюджетного кредитования Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бюджеттік кредиттеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына және 8, 13 және 16-тармақтарына, 156-бабының 2-тармағына және 161-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бюджеттік кредиттерді беру жөніндегі рәсімдер, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ бюджеттік кредит беру тәсілдері, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі, бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру рәсімдері, талап қоюдың ескіру шарттары, бюджеттік кредит бойынша борышты аудару шарттары, кредиторлардың талаптарын тоқтату және бюджеттік кредиттер бойынша кепілдікті тоқтату, бюджеттік кредиттер бойынша бақылау рәсімдері (бұдан әрі – 1-қосымша);
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сенiм бiлдiрiлген өкілдің (агенттің) өкілеттіктерін, оның сыйақысының мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау қағидалары (бұдан әрі – 2-қосымша);
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Бюджеттік кредиттердің нысаналы мақсат бойынша пайдалануға және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуына бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – 3-қосымша);
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қарыз алушының кредиттік қабілетінің өлшемшарттары;
Тармақша 5
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі – 5-қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланған күнінен кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте осы бұйрыққа 1-қосымшаның 20, 22, 35 және 37-тармақтары, осы бұйрыққа 2-қосымшаның 8-тармағы, осы бұйрыққа 3-қосымшаның 4 және 7-тармақтары және осы бұйрыққа 5-қосымшаның 3-тармағы 2025 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда қолданыста болатыны белгіленсін. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Бюджеттік кредиттерді беру жөніндегі рәсімдер, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ бюджеттік кредит беру тәсілдері, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі, бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру рәсімдері, талап қоюдың ескіру шарттары, бюджеттік кредит бойынша борышты аудару шарттары, кредиторлардың талаптарын тоқтату және бюджеттік кредиттер бойынша кепілдікті тоқтату, бюджеттік кредиттер бойынша бақылау рәсімдері
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 Бұйрыққа 1-қосымша Бюджеттік кредиттерді беру жөніндегі рәсімдер, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ бюджеттік кредит беру тәсілдері, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі, бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру рәсімдері, талап қоюдың ескіру шарттары, бюджеттік кредит бойынша борышты аудару шарттары, кредиторлардың талаптарын тоқтату және бюджеттік кредиттер бойынша кепілдікті тоқтату, бюджеттік кредиттер бойынша бақылау рәсімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бюджеттік кредиттерді беру жөніндегі рәсімдер, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ бюджеттік кредит беру тәсілдері, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі, бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру рәсімдері, талап қоюдың ескіру шарттары, бюджеттік кредит бойынша борышты аудару шарттары, кредиторлардың талаптарын тоқтату және бюджеттік кредиттер бойынша кепілдікті тоқтату, бюджеттік кредиттер бойынша бақылау рәсімдері (бұдан әрі – Рәсімдер) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 154-бабының 16-тармағы және 156-бабының 2-тармағын іске асыру үшін әзірленді және бюджеттік кредитті беру, пайдалану, қызмет көрсету, өтеу, бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу, сондай-ақ сондай-ақ бюджеттік кредит беру тәсілдері, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі, бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру рәсімдері, талап қоюдың ескіру шарттары, бюджеттік кредит бойынша борышты аудару шарттары, кредиторлардың талаптарын тоқтату және бюджеттік кредиттер бойынша кепілдікті тоқтату, бюджеттік кредиттер бойынша бақылау рәсімдері бойынша бақылау тәртібін айқындайды. Бюджеттік кредиттеу республикалық және жергілікті бюджеттерден қарыз алушыларға бюджеттік кредит беру жолымен, оның ішінде кейіннен түпкілікті қарыз алушыларға кредит берумен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бюджеттік кредиттер: ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген республикалық бюджетте; мәслихаттардың шешімдерімен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген жергілікті бюджеттерде тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға және сомалар шегінде беріледі.
Тармақ 3
3. Осы Рәсімдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджеттік кредитті игеру – кредиттік шарттардың тараптарына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бюджет қаражатын аудару және пайдалану процесі;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредит қаражатын пайдалану тиімділігі – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің даму жоспарының олардың жетістікке жету үшін пайдаланылған ресурстарын және салалық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты алынған нәтижелердің жоспарланғанына қатынасы;
Тармақша 3
3) бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу – бұл тұрақты түрде бағамдау, бюджеттік кредит қаражатын жұмсау туралы ақпаратты жинау және талдау, бюджеттік кредит қаражатын пайдалану тиімділігін бағалау мақсатында тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу процесі;
Тармақша 4
4) «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «е-Қаржымині» ИАЦЖ) – мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бизнес-процестерін кешенді автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе;
Тармақша 5
5) кредитор – Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредиттік шарт тарапы;
Тармақша 6
6) қарыз алушы – бюджеттік кредитті алатын, кредиттік шартқа сәйкес негізгі борышты өтеу және сыйақыны, сондай-ақ басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер алатын кредиттік шарт тарапы;
Тармақша 7
7) қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесі – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-қимылды іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 8
8) мамандандырылған ұйымдар – банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер, ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке не ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі ұйымдар;
Тармақша 9
9) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредиттеуге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға;
Тармақша 10
10) түпкілікті қарыз алушы – кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен оған берілетін бюджеттік кредитті түпкілікті алушы.
Тарау 2. 2-тарау. Бюджеттік кредиттер беру рәсімдері
2-тарау. Бюджеттік кредиттер беру рәсімдері
Тармақ 4
4. Бюджеттік кредит беру тәсілдері:
Тармақша 1
1) біржолғы бюджеттік кредит – қарыз алушыға бюджет қаражатын бөлу қаржы жылы ішінде қаражатты аудару кестесіне сәйкес біржолғы не бөліктермен жүргізіледі. Кредитордың бірінші аударымы аударым кестесіне сәйкес мерзімде, ал кейінгісі – растайтын құжаттардың негізінде түпкілікті қарыз алушының кредиттің аударылған сомасын толық игеруіне қарай жүргізіледі;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттік желі – қарыз алушыға қаражат бөлу бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес бірнеше қаржы жылы ішінде бөліктермен жүргізіледі. Бюджеттік кредиттік желі шеңберінде қабылданған міндеттемелер бюджеттік бағдарламалар әкімшілер шығыстарының лимиттерін айқындау және тиісті бюджетті жоспарлау кезінде ескеріледі. Бюджеттік кредиттік желі тек қаржы агенттіктеріне ғана беріледі.
Тармақ 5
5. Бюджеттік кредиттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашу тәртібі «2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығымен көзделген.
Тармақ 6
6. Бюджеттік кредиттің негізгі шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе тиісті жергілікті атқару органның шешімімен белгіленеді. Кредиттік шарт бюджеттік кредиттің мынадай негізгі шарттары бар:
Тармақша 1
1) беру мақсаты;
Тармақша 2
2) мөлшері;
Тармақша 3
3) валютасы;
Тармақша 4
4) мерзімі;
Тармақша 5
5) игеру кезеңі;
Тармақша 6
6) сыйақы мөлшерлемесі;
Тармақша 7
7) негізгі борышты төлеу басталатын күн. Кредиттік шартқа қосымша, оның ішінде бюджеттік кредитті беру тәсілін, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесін, бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін айқындайтын талаптар енеді.
Тармақ 7
7. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) қысқа мерзімді – 1 жылға дейін;
Тармақша 2
2) орта мерзімді – 1 жылдан 5 жылға дейін;
Тармақша 3
3) ұзақ мерзімді – 5 жылдан 10 жылға дейін. Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер 15 жылға беріледі. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге арналған жергілікті бюджеттен бюджеттік кредиттерді өтеу кестесіне сәйкес 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Тармақ 8
8. Бюджеттік кредитті игеру кезеңі қарыз алушының шотына алғашқы аударым күнінен басталады және бюджеттік кредиттің негізгі шарттарына сәйкес аяқталады. Түпкілікті қарыз алушы үшін бюджеттік кредитті игеру кезеңі қарыз алушыға арналған игеру кезеңінен аспайтын уақыт кезеңі болып табылады.
Тармақ 9
9. Қарыз алушы кредитордан бюджеттік кредит қаражатын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сенім білдірілген өкілге (агентке) аударады.
Тармақ 10
10. Қарыз алушы/сенім білдірілген өкіл (агент) (болған жағдайда) бюджеттік кредит қаражатын алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде түпкілікті қарыз алушылардың тізбесін айқындайды, ол конкурстық комиссияның қарауына шығару үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі. Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және қарыз алушыға/сенім білдірілген өкілге (агентке) 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі. Түпкілікті қарыз алушылармен кредиттік шарт жасасу көрсетілген хаттаманы алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Бюджеттік кредит беру кредиттік шарт, тапсырма шарттары және бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар жасалып, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Қарыз алушыларды/ түпкілікті қарыз алушыларды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік кредиттеу кезінде тапсырма шартына сәйкес сенім білдірілген өкіл (агент);
Тармақша 2
2) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдарды бюджеттік кредиттеу кезінде конкурс нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі айқындайды.
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдарды бюджеттік кредиттеу кезінде осы Рәсімдерге сәйкес айқындалады;
Тармақша 4
4) шет мемлекеттерді бюджеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.
Тармақ 13
13. Мыналар қарыз алушылар бола алады:
Тармақша 1
1) мамандандырылған ұйымдар;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің аппараттары;
Тармақша 3
3) шет мемлекеттер;
Тармақша 4
4) жеке тұлғалар.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түпкілікті қарыз алушылар бола алады. Түпкілікті қарыз алушыларды іріктеуді және кредиттеуді бюджеттік бағдарламаның нысаналы мақсатына, сондай-ақ өздерінің меншікті кредиттік саясатына сәйкес мамандандырылған ұйымдар немесе жергілікті атқарушы органның атынан қарыз алушы жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті бюджеттерді бекіткеннен кейін бюджеттік кредиттің негізгі шарттарын кейіннен тиісті жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекіту үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе тиісті жергілікті атқарушы органға жібереді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік кредиттің негізгі шарттарын растайтын құжаттарды толық ұсынбаған, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері дұрыс болмаған кезде уәкілетті орган дәлелді бас тартады, ол бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жіберіледі. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бас тарту себептері жойылған жағдайда тиісті жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бюджеттік кредиттің негізгі шарттарын кейіннен бекіту үшін қайта жіберуге құқылы.
Тармақ 16
16. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган алдағы қаржы жылына ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін бюджеттік кредиттің негізгі шарттарын бекіту туралы тиісті шешім шығарады. Республикалық және жергілікті бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік кредиттің негізгі шарттарын бекіту туралы шешім түзетуге жатады.
Тармақ 17
17. Республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит беру кезінде Қарыз алушы кредиттік шарт жобасын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес «е-Қаржымині» ИААЖ қалыптастырады, ол келісуге бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен кредиторға жіберіледі. Келісілген кредиттік шарт жобасына «е-Қаржымині» ИААЖ қарыз алушының, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және кредитордың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылады. Кредитордың атынан жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен және сенім білдірілген өкілмен (агентпен)/қарыз алушымен «е-Қаржымині» ИААЖ кредиттік шарт жобасына қол қояды.
Тармақ 18
18. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит беру кезінде кредитордың атынан жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен және сенім білдірілген өкілмен (агентпен)/қарыз алушымен «е-Қаржымині» ИААЖ кредиттік шарт жобасын келіседі және қол қояды.
Тармақ 19
19. Бюджеттік кредитті алу үшін түпкілікті қарыз алушы сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесі арқылы электрондық өтінім қалыптастырады.
Тармақ 20
20. 31.12.2025 қоса алғанда қолданыста болды – осы бұйрықтың 3-тармағымен.
Тармақ 21
21. Кредиттік шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) айдың ішінде қарыз алушы бюджеттік кредит бойынша өзінің міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін тиісті шарттарға «е-Қаржымині» ИАЦЖ, қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесі арқылы қол қояды.
Тармақ 22
22. 31.12.2025 қоса алғанда қолданыста болды – осы бұйрықтың 3-тармағымен.
Тармақ 23
23. Кредиттік шарт ұлттық, сол сияқты шетелдік валюталарда да жасалады. Бюджеттік кредиттер құбылмалы, сол сияқты тіркелген сыйақы мөлшерлемесімен де беріледі. Тіркелген сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бюджеттік кредиттің бүкіл мерзіміне өзгеріссіз белгіленетін сыйақы мөлшерлемесі болып табылады. Құбылмалы сыйақы мөлшерлемесі мөлшері қаржы нарығындағы конъюнктураға байланысты өзгеріп тұратын сыйақы мөлшерлемесі болып табылады. Сыйақыны есептеу үшін жылдың 360 (үш жүз алпыс) күні және айдың 30 (отыз) күні не толық емес ай кезінде өткен күндердің іс жүзіндегі саны есепке алынады.
Тармақ 24
24. Бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу кредиттік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің мерзімдерін, кезеңділігін белгілейді. Бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеу, өтеу кестесінде жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейін бюджеттік кредитті берудің бүкіл кезеңі ішінде тең үлеспен белгіленеді. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге арналған жергілікті бюджеттен ұсынылған бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу - өтеу кестесімен белгіленеді.
Тармақ 25
25. Төлем мерзімі басталған кезде қарыз алушы тиісті бюджетке төлем тапсырмасымен ақша аудару арқылы негізгі борыш пен сыйақы бойынша кезекті төлемдерді жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 26
26. Берешек пайда болған кезде бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындау төлемдердің мынадай кезектілігімен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар);
Тармақша 2
2) есептелген сыйақы;
Тармақша 3
3) негізгі борышты өтеу. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге арналған жергілікті бюджеттен ұсынылған бюджеттік кредиттің қарыз алушысын қоспағанда, бюджеттік кредиттің қарыз алушысы сенім білдірілген өкілдерден (агенттерден) және түпкілікті қарыз алушыдан мерзімінен бұрын өтеу келіп түскен кезде 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде оларды республикалық бюджетке аударуды қамтамасыз етеді. Мерзімінен бұрын өтеу кезінде өтеу кестесінде алғашқы дәйекті үш төлемніңсомасы өзгертуге жатпайды.
Тармақ 27
27. Бюджеттік кредит мерзімінің құрамына кіретін уақыт кезеңі жеңілдік кезеңі болып табылады, оның ішінде қарыз алушы негізгі борыш бойынша кредитті өтеуді жүзеге асырмайды. Жеңілдік кезеңінің ұзақтығы кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспауға тиіс. Бір жылға дейінгі мерзіммен қаржы агенттіктерін бюджеттік кредиттеу кезінде бюджеттік кредитті бюджеттік кредит мерзімінің соңында өтеуге жол беріледі. Бюджеттік кредиттің негізгі борышын төлеу бойынша жеңілдік кезеңінің ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттік бағдарлама әкімшісінің тиісті есеп айырысуларымен расталады. Бюджеттік кредитті қамтамасыз етусіз алған қаржы агенттігінің акцияларын сату, олар бюджеттік кредитке қамтамасыз етуді ұсынған кезде ғана жіберіледі.
Тармақ 28
28. Бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айналыс мерзімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған, бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша өткен тоқсанда бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша қалыптасқан кірістіліктің орташа өлшенген мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіленеді. Көрсетілген талап: жергілікті атқарушы органдарға; азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық компанияларға; қаржы агенттіктеріне; мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін іске асыру үшін түпкілікті қарыз алушыға бюджеттік кредит беретін жергілікті атқарушы органдарға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне қолданылмайды. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшенген мөлшерлемесін анықтау тәртібін бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Бюджет кодексінің 154-бабы 15-тармағына сәйкес айқындайды. Егер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргізілмеген жағдайда, сыйақы мөлшерлемесі өткен кезеңде тиісті валютадағы сыйақы мөлшерлемесіне тең белгіленеді.
Тармақ 29
29. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы есептеу кредиттік шартқа тиісті қосымша шартқа қол қойылған күннен бастап – бюджеттік кредит қайта құрылымдалған кезде бюджеттік кредит қаражатын кредитордың шотынан қарыз алушының шотына аударған күннен бастап жүзеге асырылады. Бюджеттік кредит бойынша сыйақы төлеуді жүзеге асыру бірінші күнтізбелік жылдан кешіктірмей басталады. Сыйақыны есептеу бюджеттік кредит бойынша негізгі борыштың қалдығына жүзеге асырылады. Негізгі борыш мерзімінен бұрын өтелген жағдайда сыйақыны қайта есептеу жүзеге асырылады. Кредиттік шартқа сәйкес қарыз алушы бюджеттік кредит бойынша сыйақының сомасын тиісті бюджеттің кірісіне төлейді.
Тармақ 30
30. Мамандандырылған ұйым және/немесе жергілікті атқарушы органдар белгілейтін түпкілікті қарыз алушыға арналған сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін, сондай-ақ ауыл халқының және сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы жастардың кірістерін арттыру бойынша жобаны ауқымдау шеңберінде берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін қоспағанда, осы Рәсімдердің 28-тармағына сәйкес белгіленген екі еселенген сыйақы мөлшерлемесінен аспауы тиіс.
Тармақ 31
31. Жасалған кредиттік шарттар жасасқан күннен бастап 3 (үш) күннің ішінде: республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер бойынша мемлекеттік қазынашылықтың; жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органдардың тіркеуіне жатады.
Тармақ 32
32. Жергілікті атқарушы органдарды бюджеттік кредиттеу тиісті мәслихаттардың шешімі болған кезде ғана жүзеге асырылады. Кредиттік шарт бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органның арасында жасалады.
Тармақ 33
33. Жеке тұлғаларды бюджеттік кредиттеу кезінде кредиттік шарт кредитордың тапсырмасы бойынша сенім білдірілген өкіл мен (агент пен) жеке тұлға арасында сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесі арқылы жасалады.
Тармақ 34
34. Қарыз алушы немесе сенім білдірілген өкіл (агент) 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылдың 19 сәуірінде № 16777 тіркелген) бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес «е-Қаржымині» ИААЖ-мен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 35
35. 31.12.2025 қоса алғанда қолданыста болды – осы бұйрықтың 3-тармағымен.
Тармақ 36
36. Сенім білдірілген өкіл (агент) есепті цифрлық жүйеде «Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 16 мамырдағы № 236 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. бұйрығында белгіленген нысанда қалыптастырады.
Тармақ 37
37. 31.12.2025 қоса алғанда қолданыста болды – осы бұйрықтың 3-тармағымен.
Тармақ 38
38. Қарыз алушы қайтыс болған не ол қаза болған деп жарияланған жағдайда, мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша кредитордың талаптарын тоқтату Бюджет кодексінің 160-бабының 1-тармағына сәйкес, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шешімі бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) деректері негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 39
39. Сенім білдірілген өкіл (агент) 33-тармаққа сәйкес қарыз алушы қайтыс болған не ол қаза болған деп жарияланған жағдайда, мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптарды тоқтатқан кезде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен өкіл (агент) арасында берешек бойынша салыстыру актісіне қол қойылады. Салыстыру актісі негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қарыз алушы қайтыс болған не ол қаза болған деп жарияланған жағдайда, мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша борышты есептен шығаруды жүргізеді. Есептен шығару қорытындысы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, әкімші және өкіл (агент) арасында агенттік келісімге қосымша келісім жасалады.
Тармақ 40
40. Республикалық және жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен берілген бюджеттік кредит қарыз алушы негізгі борыш сомасын қайтарған және толық көлемде сыйақыны және басқа да бюджеттік кредитпен байланысты ілеспе төлемдерді төлеген кезде өтелген болып саналады. Кредитті өтеу мерзімі басталған кезде кредитор «е-Қаржымині» ИААЖ арқылы қарыз алушыға кредитті өтеу мерзімі басталғаны туралы хабарлама жібереді. Хабарлама қарыз алушыға кредиттік шартта көрсетілген мерзімде, төлеу күніне дейін жіберіледі. Хабарламада төлеуге жататын сома, кредитордың банктік деректемелері, бірыңғай бюджеттік сыныптаманың түсімдер сыныптауышының коды көрсетіледі. Қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалану мен өтеу шартын бұзған жағдайда, кредитор кредиттік шартты мерзімінен бұрын бұзуды және бюджеттік кредиттің іс жүзінде ұсынылған сомасын, есептелген сыйақыны және өзге де тиесілі төлемдерді қайтаруды жүзеге асыра алады.
Тармақ 41
41. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік кредиттер беру шарттары мен рәсімдерін бұзуы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес айыппұл салуға әкеп соғады. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсатына сай пайдаланбау фактілері анықталған кезде кредитор, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі немесе сенім білдірілген өкіл (агент) қарыз алушыдан кредиттік шартта белгіленген мөлшерде айыппұлды өндіре отырып, заңсыз пайдаланылған кредит сомасын өндіріп алады. Нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған кредит сомасына сол сияқты кредиттік шартта анықталған бюджеттік кредитті игеру кезеңінен кейін қарыз алушы пайдаланған сома да жатады.
Тармақ 42
42. Кредиттік шартта анықталған бюджеттік кредитті игеру кезеңінде қарыз алушы пайдаланбаған кредит сомасы бірыңғай бюджеттік сыныптаманың түсімдер сыныптаманың тиісті кодына игеру кезеңі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті бюджетке қайтаруға жатады. Қарыз алушы кредит сомасын қайтаруды жоспарлап отырғаны туралы кредиторды кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын хабардар етеді. Бюджеттік кредитті игеру кезеңінде қарыз алушы пайдаланбаған сома уақтылы қайтарылмаған жағдайда кредитор қарыз алушыға кредиттік шартта белгіленген мөлшерде өсімпұл есептейді. Өсімпұлдың ең жоғары сомасы бюджеттік кредитті игеру кезеңінде қарыз алушы пайдаланбаған сомадан аспауы тиіс.
Тармақ 43
43. Осы Рәсімдердің 41 және 42-тармақтарында көзделген жағдайларда кредит сомасын қайтару, кредитті мерзімінен бұрын өтеу кезінде кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасында кредиттік шартқа қосымша келісім жасалады. Кредитормен немесе сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісу бойынша негізгі борышты өтеу кестесіне тиісті өзгерістер енгізіледі.
Тармақ 44
44. Қосымша келісім жасасқан кезде кредиттік шарттың сомасы мынадай:
Тармақша 1
1) нысаналы пайдаланылмаған бюджеттік кредитті қайтару;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттің пайдаланылмаған бөлігін қайтару;
Тармақша 3
3) тиісті бюджетті тиісті нақтылау не түзету шеңберінде бөлінген бюджеттік кредиттерді қайта бөлу, ұлғайту не азайту;
Тармақша 4
4) қаржы жылы ішінде республикалық бюджеттен қарыз алушының шотына соманың нақты аударылуына байланысты жағдайларда түзетіледі. Басқа жағдайларда, қосымша келісім жасасу кезінде кредиттік шарттың сомасы өзгермейді.
Тармақ 45
45. Қарыз алушыда бюджеттік кредит пен кредиттік шарттың талаптарымен анықталған мерзім ішінде оны өтемеу бойынша берешек (мерзімі өткен берешек) пайда болған кезде кредитор өсімпұлды есепке жазады. Өсімпұлдың мөлшері мерзімін өткізіп алған 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының (өсу қорытындысымен) 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан аспауға тиіс, мерзімін өткізіп алған 90 (тоқсан) күнтізбелік күн өткеннен кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының (өсу қорытындысымен) 0,03 (нөл бүтін жүзден үш) пайызынан аспауы, бірақ кредиттік шарт қолданылатын әрбір жылға берілген бюджеттік кредит сомасының 10 (он) пайызынан аспауға тиіс.
Тармақ 46
46. Қарыз алушыда Қазақстан Республикасында төтенше жағдай қолданылатын кезеңде бюджеттік кредит бойынша берешек (мерзімі өткен берешек) пайда болған кезде кредитордың өсімпұлды есепке жазуы мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде жүзеге асырылмайды.
Тармақ 47
47. Тараптардың келісімі бойынша олардың кредиттік шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерінің, қаржылық және өзге де талаптарының өзгеруі бюджеттік кредитті қайта құрылымдау болып табылады. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешім қарыз алушыда қаржылық жағдайды сауықтыру жөнінде жоспар болған кезде қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауы және бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер құзыретіне кіретін мемлекеттік органның қорытындысы немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) және/немесе жергілікті атқарушы органның қорытындысы негізінде қабылданады.
Тармақ 48
48. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау, осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, бір реттен асырмай жүзеге асырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін қолдану кезінде қарыз алушының бюджеттік кредитін оңалту жоспарында көзделгендей, бірақ бір реттен асырмай қайтадан қайта құрылымдауға жол беріледі. Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау Бюджет кодексінің 154-бабының 16-тармағына сәйкес тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органның жанындағы консультативтік-кеңесші органның оң қорытындысы болған кезде әрбір кредиттік шарт бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кредиттік шартқа қосымша келісім жасасу арқылы ресімделеді.
Тармақ 49
49. Қайта құрылымдауды жүргізу үшін қарыз алушы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді және мынадай құжаттар топтамасын енгізеді:
Тармақша 1
1) қарыз алушының қаржылық ахуалын және қаржылық жағдайды сауықтыру жөніндегі шараларды қамтитын бизнес-жоспар;
Тармақша 2
2) бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер құзыретіне кіретін мемлекеттік органның қорытындысы немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) және/немесе жергілікті атқарушы органның қорытындысы. Республикалық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шешіміне сәйкес құрылған Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссияның оң қорытындысы негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қабылдайды. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган шешім жобасын республикалық бюджет комиссиясының жақын арада болатын отырысының қарауына шығарады. Осы Рәсімдердің 53-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына және 53-тармақтың 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шешімінің жобасына Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы талап етілмейді. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиiстi шешiмдi бекiткеннен кейiн «е-Қаржымині» ИААЖ арқылы қол қойылған кредиттік шартқа қосымша келісімнің келісілген жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық органға 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қоюға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кредиттік шартқа қосымша келісімге 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қояды.
Тармақ 50
50. Мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда қарыз алушы кредитордың шешім қабылдау сәтінде есепке жазылған тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) кредитордың шешімінде көрсетілген мерзімде төлейді. Кредитор негізгі борышты өтеу мерзімін өзгертуді келіскен жағдайда, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) кредитордың шешім қабылдау сәтіне дейін де есепке жазылады. Қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімі енгізілген кезде «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес борышкердің берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлды) есепке жазу тоқтатыла тұрады.
Тармақ 51
51. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді жергілікті атқарушы органның жанындағы консультативтік-кеңес органының оң қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Тармақ 52
52. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдаған кезде кредитордың, бағдарлама әкімшісінің және қарыз алушының арасында қайта құрылымдау туралы кредиттік шартқа қосымша келісім жасалады.
Тармақ 53
53. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау:
Тармақша 1
1) негізгі борышты өтеу және/(немесе) сыйақыны төлеу мерзімдерін өзгерту;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыруға қарыз алушының бюджеттік кредитті пайдалана алатын игеру кезеңін өзгерту;
Тармақша 3
3) бюджеттік кредиттің валютасын өзгерту;
Тармақша 4
4) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) капиталдандыру (жиынтықтау);
Тармақша 5
5) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) толық және ішінара есептен шығару арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген бюджеттің кіріс бөлігінің өзгеріссіз жоспарланған мөлшерін қамтамасыз ету кезінде жүзеге асырылады. Қарыз алушының негізгі борышты өтеу және/немесе сыйақы төлеу мерзімдерін өзгертуге бұрын белгіленген мерзімдерде өтеу мүмкін еместігінің негіздемелерін ұсынбауы қайта құрылымдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 54
54. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін қолданған кезде оңалту жоспарында көзделген, бірақ бір реттен аспайтын қарыз алушының бюджеттік кредитін қайта құрылымдауға жол беріледі.
Тармақ 55
55. Республикалық бюджет қаражатынан берілген кредиттер бойынша үкіметтік талаптар мен сыртқы қарыздар есебінен тартылған қаражатты есепке алуды мемлекеттік қазынашылық жүзеге асырады. Жергілікті бюджет қаражатынан берілген кредиттер бойынша талаптарды есепке алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемлекеттік қазынашылық «е-Қаржымині» ИААЖ-да бюджеттік кредиттерді тіркеу мен есепке алуды жүзеге асырады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік кредиттердің пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады, қарыз алушылар, сенім білдірілген өкілдер (агенттер), түпкілікті қарыз алушылар міндетті түрде беретін ақпараттың негізінде жобалардың іске асырылуын бақылайды. Ақпарат беру нысандары мен мерзімдері «Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 236 бұйрығында белгіленген.
Тармақ 56
56. Бюджеттік кредиттерді алушыларға, сенім білдірілген өкілдерге (агенттерге) бюджет қаражатын сыйақы алу мақсатымен Ұлттық банкте, екінші деңгейдегі банктерде, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда және басқа да қаржылық құралдарда, оның ішінде шетелде депозиттерге орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 57
57. Бюджеттік кредит беру кезінде қарыз алушы жеке тұлғадан мынадай құжаттарды ұсынуы талап етіледі:
Тармақша 1
1) цифрлық құжаттар сервисі арқылы жеке тұлға пайдаланатын және ұсынатын жек басының куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) тіркеуді және кәсіпкерлік қызметтің басталуын растайтын (талап болған жағдайда) хабарлама немесе талон;
Тармақша 3
3) мемлекеттік кірістер органдарында (жеке кәсіпкерлер үшін) есепке алынатын берешектерінің жоқтығы (бар екені) туралы мәлімет;
Тармақша 4
4) бұдан бұрын ұсынылған бюджеттік кредиттер бойынша берешектің (мерзімі өткен берешек) жоқтығы туралы;
Тармақша 5
5) болжамды кепілдік қамтамасыз етуге мүлік құқығын растайтын және кепіл мүлкіне басқа да ауыртпалықтың жоқтығы;
Тармақша 6
6) бюджеттік кредиттерді берудің тиісті салалық қағидаларда көзделген құжаттар.
Тармақ 58
58. Бюджеттік кредит беру кезінде қарыз алушы мамандандырылған ұйымдардан мынадай құжаттарды ұсынуы талап етіледі:
Тармақша 1
1) таратып жазуды, оның ішінде дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазуды қоса бере отырып, алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша бухгалтерлік теңгерім;
Тармақша 2
2) алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
Тармақша 3
3) алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша пайдалар мен шығындар туралы есеп;
Тармақша 4
4) тәуелсіз аудитордың алдыңғы қаржы жылындағы қорытындысы;
Тармақша 5
5) болжамды кепілді қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепіл мүлкіне өзге ауыртпалықтарының жоқтығын растайтын құжат;
Тармақша 6
6) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексінің 100-бабының 1-тармағына сәйкес есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтердің электрондық нысаны;
Тармақша 7
7) түпкілікті қарыз алушыға бюджеттік кредит беру кезінде алынатын маржа туралы құжат;
Тармақша 8
8) құрылтай құжаттары;
Тармақша 9
9) кредит саясаты туралы құжат.
Тарау 3. 3-тарау. Мамандандырылған ұйымдарды іріктеу тәртібі
3-тарау. Мамандандырылған ұйымдарды іріктеу тәртібі
Тармақ 59
59. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджеттерді қабылдағаннан кейін бір айдан аспайтын мерзімде мамандандырылған ұйымдарды айқындауға үміткерлерге (бұдан әрі – үміткерлер) қойылатын, осы Рәсімдердің 66-тармағында көзделген талаптар айқындалады.
Тармақ 60
60. Осы Рәсімдердің 59-тармағын орындағаннан кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы кредиторға келісуге жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келіседі және жазбаша түрде ол туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісін хабардар етеді.
Тармақ 61
61. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім беру мерзімін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде кредиттерді алуға конкурс жариялайды.
Тармақ 62
62. Үміткерлер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері айқындаған конкурсты өткізу мерзімдерінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурс шарттарына сәйкестігін растайтын және нақты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде бюджеттік кредиттер алу және олардың түпкілікті қарыз алушыларға кредит беруді жүзеге асыруы шарттары бойынша ұсыныстарды қамтитын құжаттарды қоса бере отырып береді.
Тармақ 63
63. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік кредиттер алуға қойылатын негізгі талаптарды қоса бере отырып, үміткерлердің тиісті талаптарды сақтауы туралы ақпаратты алу мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға сұрау салу жібереді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері «е-Қаржымині» ИААЖ-да республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бұрын алынған бюджеттік кредиттер бойынша үміткерлердің берешегінің (мерзімі өткен берешегінің) бар-жоғы туралы анықтаманы қалыптастырады.
Тармақ 64
64. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күннің ішінде сұрау салуларға сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне үміткерлердің конкурсқа қатысуына қойылатын талаптарды сақтауы туралы ақпаратты жібереді.
Тармақ 65
65. Конкурсқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және/немесе жергілікті атқарушы органдардың оң қорытындысы бар үміткерлер жіберіледі.
Тармақ 66
66. Құжаттарды қарау және конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің қатарынан қарыз алушыларды іріктеу үшін бағдарламалардың әкімшілері конкурстық комиссия құрады. Конкурстық комиссия бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілдерінен тұруы тиіс. Конкурстық комиссия бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін тиісінше кредит беру мақсатында үміткерлердің өтінімдерін қарауды жүргізеді және мыналарға: түпкілікті қарыз алушыларға бюджеттік кредит берумен байланысты шығыстардың ең аз деңгейіне; қамтамасыз ету сапасына (көлемін, нысанын, өтімділігін); несие қоржынының сапасына; меншік капиталының көлемініне; кредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесіне; басшыларда және негізгі қызметшілерде сотталмағандығына сүйене отырып, оларды іріктеуді жүзеге асырады.
Тармақ 67
67. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері конкурстық негізде қаржы агенттіктері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымдарды және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияны қоспағанда, іріктеуде басымдығы бюджеттік кредиттеу шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын мамандандырылған ұйымдарды және сенім білдірілген өкілдерді (агенттерді) айқындайды.
Тармақ 68
68. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен және конкурстық негізде анықталған мамандандырылған ұйыммен бірлесіп бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе тиісті жергілікті атқарушы органдардың кредиттер беру туралы қабылданған шешімдерінің негізінде кредиттік шарт (келісім) жасасады.
Тармақ 69
69. Бюджеттік кредит беру кезінде туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер жасалған кредиттік шарттардың (келісімдердің) талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Жергілікті атқарушы органнан бюджеттік кредит бойынша берешегінің (мерзімі өткен берешегінің) сомасын және/немесе нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит сомасын өндіріп алу жөніндегі рәсімдер
4-тарау. Жергілікті атқарушы органнан бюджеттік кредит бойынша берешегінің (мерзімі өткен берешегінің) сомасын және/немесе нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит сомасын өндіріп алу жөніндегі рәсімдер
Тармақ 70
70. Жергілікті атқарушы органның нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған бюджеттік кредит бойынша берешегінің (мерзімі өткен берешегінің) сомасын және/немесе бюджеттік кредит сомасын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінген бюджеттік кредит бойынша жергілікті атқарушы органның берешегі болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық мемлекеттік қазынашылық органына Бюджет кодексінің 111-бабы 1-тармағында көзделген шараларды қабылдау туралы жазбаша нұсқау жібереді.
Тармақ 71
71. Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының соңына қарай тиісті жергілікті органның Әкіміне өтеу мерзімін көрсете отырып, нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу және/немесе бюджеттік кредит сомасын қайтару қажеттігі туралы ескерту жібереді.
Тармақ 72
72. Жергілікті атқарушы орган ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша бюджеттік кредит бойынша берешек (мерзімі өткен берешек) сомасын қайтармаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қазынашылықтың тиісті аумақтық бөлімшелеріне тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімінің аппаратының қызметін қамтамасыз ететін азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама жібереді. Мемлекеттік қаржылық бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін жергілікті атқарушы органмен бір ай ішінде жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит сомасын қайтармаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қазынашылықтың тиісті аумақтық құрылымдық бөлімшелеріне тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімінің аппаратының қызметін қамтамасыз ететін азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 73
73. Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органнан нұсқау алғаннан кейін келесі жұмыс күні аумақтық қазынашылық бөлімшесі мыналар:
Тармақша 1
1) тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметкерлеріне төленетін жалақы және басқа да ақшалай төлемдер;
Тармақша 2
2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
Тармақша 3
3) іссапар шығыстары;
Тармақша 4
4) міндетті зейнетақы жарналары;
Тармақша 5
5) ерікті зейнетақы жарналары;
Тармақша 6
6) әлеуметтік аударымдар;
Тармақша 7
7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;
Тармақша 8
8) банктің көрсеткен қызметіне ақы төлеу жөніндегі операцияларды қоспағанда, тиісті жергілікті атқарушы органның Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асырады.
Тармақ 74
74. Егер тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен жергілікті бюджетке түзету жүргізбесе және аумақтық қазынашылық органдарына берешектің барлық сомасын өтеу бойынша төлеуге берілетін шоттарын ұсынбаса, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган, мыналарды:
Тармақша 1
1) тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі аппаратының қызметкерлеріне айлық жалақы және басқа да ақшалай төлемдер;
Тармақша 2
2) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары;
Тармақша 3
3) ерікті зейнетақы жарналары;
Тармақша 4
4) әлеуметтік аударымдар;
Тармақша 5
5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;
Тармақша 6
6) банктің көрсеткен қызметіне ақы төлеу жөніндегі операцияларды қоспағанда, тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша барлық операцияларды (азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізуді) тоқтата тұруды жүзеге асырады.
Тармақ 75
75. Тиісті жергілікті атқарушы органның Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды қайта жаңарту тиісті аумақтық мемлекеттік қазынашылық органы басшысының қазынашылыққа немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жазбаша өтініші бойынша берешектің (мерзімі өткен берешектің) барлық сомаларын өтеу бойынша төлеуге шоттар ұсынылғаннан кейін мемлекеттік жүргізіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Бюджеттік кредит бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті), оның ішінде мерзімінен бұрын өндіріп алу есебінен өндіріп алынған және (немесе) өтеу есебіне берілген мүлікті сату және (немесе) мемлекеттік меншікке айналдыру, сондай-ақ бюджеттік кредитті өтеу бойынша кредитордың талаптарын тоқтату тәртібі
5-тарау. Бюджеттік кредит бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті), оның ішінде мерзімінен бұрын өндіріп алу есебінен өндіріп алынған және (немесе) өтеу есебіне берілген мүлікті сату және (немесе) мемлекеттік меншікке айналдыру, сондай-ақ бюджеттік кредитті өтеу бойынша кредитордың талаптарын тоқтату тәртібі
Тармақ 76
76. Бюджеттік кредит бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне өндіріп алынған мүлік сенім білдірілген өкілдер (агенттер) және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган арқылы сатылуға жатады. Сенім білдірілген өкілдер (агенттер) конкурстық негізде мамандандырылған ұйымдарды немесе тиісті лицензиялары бар өзге ұйымдарды тарту жолымен мүлікті ашық аукционда конкурстық негізде сатады және сатудан түскен қаражатты республикалық бюджеттің кірісіне аударады. Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін шығыстардың ақысын төлеуді бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырады. Кредитормен келісім бойынша бюджеттік кредитті, оның ішінде мерзімінен бұрын өтеу инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру кезінде туындаған қарыз алушының немесе түпкілікті қарыз алушының мүлігімен жүзеге асырылуы мүмкін. Мүлікті сату кезінде кредитор талаптарының мөлшері республикалық бюджет кірісіне түскен қаражат сомасына азаяды.
Тармақ 77
77. Жекелеген жағдайларда берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне және (немесе) бюджеттік кредитті өтеу есебіне, оның ішінде мерзімінен бұрын берілетін өндіріп алынған мүлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік меншікке айналдыруға жатады.
Тармақ 78
78. Мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган құқық белгілейтін және өзге де меншік құқығы туындағанын растайтын (ауыртпалық салу құқығы) құжаттардың негізінде сенім білдірілген өкілмен (агентпен) және/немесе сот орындаушысымен, банкроттық басқарушымен, бюджеттік кредиттер бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдауды ұйғаратын қарыз алушымен және/немесе өзге де мүдделі тұлғалармен келісім жасасады.
Тармақ 79
79. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Рәсімдердің 78-тармағында анықталған, жасалған келісімге сәйкес мүлікті қабылдауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 80
80. Бюджеттік кредит бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде немесе мерзімінен бұрын өтеу кезінде кредитор талаптарының мөлшері мүлік құнының сомасына азайтылады. Бюджеттік кредиттер бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікті бағалау қарыз алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 81
81. Бюджеттік кредит бойынша борышты аударуға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің негізінде кредиттік шарт тараптарының келісімі бойынша жол беріледі. Борышты аудару бюджеттік кредит бойынша борышты өтеу есебіне өндіріп алынған (ұсынылған) мүлікті берген кезде жүзеге асырылады. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару кредитор, қарыз алушы және жаңа қарыз алушы арасында келісім жасасу арқылы ресімделеді. Бюджеттік кредит бойынша сыйақыны есептеу бюджеттік кредит бойынша борышты аудару туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе тиісті жергілікті атқарушы орган шешімі қабылданған сәттен бастап тоқтатылады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе тиісті жергілікті атқарушы орган шешімі қабылданған сәтте бюджеттік кредит бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда, өсімпұлды (айыппұлдарды) есептеу мүлікті мемлекеттік меншікке іс жүзінде қабылдағанға дейін тоқтатылмайды. Кепілдік қамтамасыз етуден босату кредитор, қарыз алушы және жаңа қарыз алушы арасында жасалған Келісім бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 82
82. Бюджеттік кредитті өтеу бойынша кредитордың талаптарын тоқтатуды тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 83
83. Олар бойынша талаптар кредитордың талап-арызы қанағаттанудан немесе ішінара қанағаттанудан бас тартылғаны туралы заң күшіне енген сот шешімдері негізінде таратылған қарыз алушылардың берешегі (мерзімі өткен берешегі), сондай-ақ берешек (мерзімі өткен берешек) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредитордың есептен шығаруына жатады. Бюджеттік кредит бойынша үкіметтік талаптардың сомасы таратылған - қарыз алушы кәсіпорындарға қойылатын талаптардың тоқтатылуын ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес түзетуге жатады.
Тармақ 84
84. Бюджеттік кредиттер бойынша кредиторлардың талаптарына талап қою мерзімі қолданылмайды. Өндіріп алуға үмітсіз деп танылған бюджеттік кредиттер бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылмайды. Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану «Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 305 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 2. Сенiм бiлдiрiлген өкілдің (агенттің) өкілеттіктерін, оның сыйақысының мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау қағидалары
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 Бұйрыққа 2-қосымша Сенiм бiлдiрiлген өкілдің (агенттің) өкілеттіктерін, оның сыйақысының мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сенiм бiлдiрiлген өкілдің (агенттің) өкілеттіктерін, оның сыйақысының мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 154-бабы 8-тармағын іске асыру үшін әзірленді және сенiм бiлдiрiлген өкілдің (агенттің) өкілеттіктерін, оның сыйақысының мөлшері мен төлеу шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын бақылау – бюджеттік кредиттерді нақты пайдаланудың белгіленген талаптар мен олардың мақсаттарына сәйкестігін тексеруге бағытталған іс-шаралар (камералдық бақылау, аудит) жүйесі;
Тармақша 2
2) кредитор – Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредиттік шарт тарапы;
Тармақша 3
3) қарыз алушы – бюджеттік кредитті алатын, кредиттік шартқа сәйкес негізгі борышты өтеу және сыйақыны, сондай-ақ басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді алатын кредиттік шарт тарапы;
Тармақша 4
4) қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесі – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 5
5) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредиттеуге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға;
Тармақша 6
6) түпкілікті қарыз алушы – кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен оған берілетін бюджеттік кредитті түпкілікті алушы;
Тармақша 7
7) тәуекел – қарыз алушының бюджеттік кредитті нысаналы пайдаланбау ықтималдығы;
Тармақша 8
8) тәуекелдерді басқару жүйесі – тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бақылауға негізделген процесс және бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылмау тәуекелдерін анықтау және ескерту мақсатында кредитор, қарыз алушы/сенім білдірілген өкіл (агент) әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды.
Тарау 2. 2-тарау. Сенiм бiлдiрiлген өкілдің (агенттің) өкілеттіктерін айқындау тәртібі, оның сыйақысының мөлшері мен төлеу шарттары
2-тарау. Сенiм бiлдiрiлген өкілдің (агенттің) өкілеттіктерін айқындау тәртібі, оның сыйақысының мөлшері мен төлеу шарттары
Тармақ 3
3. Қаржы агенттігін қоспағанда, сенім білдірілген өкілді (агентті) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісі айқындайды. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым сенім білдірілген өкілдер (агенттер) болады. Қарыз алушы немесе сенім білдірілген өкіл (агент) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған дербес деректерді жинауға қарыз алушыдан немесе оның заңды өкілінен келісім алады. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің залалдарын жабуға, сенім білдірілген өкілдерге (агенттерге) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге берілмейді.
Тармақ 4
4. Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуын бақылауды қамтамасыз ететін тапсырма шарты жасалады.
Тармақ 5
5. Сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) жасалған тапсырма шарты онда бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын және мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң болуын бақылауды қамтамасыз ететiн цифрлық жүйе болған кезде жасалады.
Тармақ 6
6. Сенім білдірілген өкіл (агент) тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары бойынша есептелетін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірілмей өзектендірілетін түпкілікті қарыз алушы бойынша есепті жүргізеді және тәуекел дәрежесін (деңгейін) айқындайды.
Тармақ 7
7. Қарыз алушы/сенім білдірілген өкіл (агент) кредитордың (сенім білдірушінің) тапсырмасы бойынша мынадай іс-қимылдарды орындайды:
Тармақша 1
1) түпкілікті қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау;
Тармақша 2
2) кепіл мүлкін бағалау;
Тармақша 3
3) бұрын алынған кредиттер бойынша берешектің (мерзімі өткен берешектің) болмауын талдау;
Тармақша 4
4) бюджеттік кредитті пайдаланудан жоба бойынша экономикалық орындылықты және күтілетін әсерді бағалау;
Тармақша 5
5) түпкілікті қарыз алушыларды айқындау және олармен кредиттік шарттар жасасу;
Тармақша 6
6) бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету;
Тармақша 7
7) қарыз алушылармен есеп айырысуды жүргізу;
Тармақша 8
8) бюджеттік инвестициялық жобалардың және (немесе) қарыз алушы немесе түпкілікті қарыз алушы іске асыратын инвестициялық жобалардың қаржыландырылуы мен іске асырылуына мониторинг жүргізу;
Тармақша 9
9) түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешекті өндіріп алу.
Тармақ 8
8. 31.12.2025 қоса алғанда қолданыста болды – осы бұйрықтың 3-тармағымен.
Тармақ 9
9. Түпкілікті қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалауды қарыз алушы/сенім білдірілген өкіл (агент) мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграцияланған цифрлық жүйеге қаржылық құжаттарды жүктегеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 10
Кепіл мүлкінің жағдайын талдау алғашқы тіркелгендігі, жарғылық капиталының мөлшері, құрылтайшылар құрамы, барлық қайта тіркеулер және олардың себептері туралы әділет органдарының анықтамасының негізінде, сонымен қоса жарғыдағы жүргізілген өзгерістер және/немесе құқықтық статуста өзгерістердің бар екендігі туралы соңғы қарыз алушының хаты, түпкілікті қарыз алушылардың құрылтайшылар құжаттарындағы өзгерістер/толықтырулар, ұйымдастыру құқықтық нысанында өзгерістер сенім білдірілген өкілмен (агентпен) бекітілген ішкі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Кепіл мүлкіне үшінші тұлғалардың ауыртпалықтары бар болуы және/немесе болмауы уәкілетті органның анықтамасымен немесе кепіл мүліктері бойынша ауыртпалықтардың болуы/болмауы туралы электрондық үкімет порталының анықтамасымен расталады.
Тармақ 11
11. Қарыз алушының несиелік берешегін есепке алу және төлемдерді бөлу кредитті беру және өтеумен байланысты кредиттік шарттың және күнделікті банктік операциялар (өткізулер) ажырамас бөлігі ретінде негізгі борыш пен сыйақы бойынша өтеу кестесінің негізінде цифрлық жүйеде жүргізіледі.
Тармақ 12
6. Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді, егер тапсырма шартында өзгеше көзделмесе, тиісті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі мыналар: төлем жүргізілетін айдың бірінші күніне жасалған бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен сенім білдірілген өкілдің (агенттің) арасындағы салыстырып тексеру актісі; орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерінің көшірмелері мен ұсынылған шот-фактуралар негізінде жүзеге асырады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшерін кредитормен келісім бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі айқындайды және тапсырма шартында белгіленеді.
Тармақ 13
7. Түпкілікті қарыз алушы кредиттік келісім шарт бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/ немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, сенім білдірілген өкіл (агент) түпкілікті қарыз алушыны бюджеттік кредиттеу кезінде қандай да бір комиссиялар, алымдар, және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
Басқа 3. Бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуына бақылауды жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 бұйрығына 3-қосымша Бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуына бақылауды жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуына бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 161-бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуына және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуына бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджеттік кредит қаражатын пайдалану тиімділігі – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің даму жоспарының олардың жетістікке жетуге пайдаланылған ресурстарын және салалық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты алынған нәтижелердің жоспарланғанына қатынасы;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын бақылау – бюджеттік кредиттерді нақты пайдаланудың белгіленген талаптар мен олардың мақсаттарына сәйкестігін тексеруге бағытталған іс-шаралар (камералдық бақылау, аудит) жүйесі;
Тармақша 3
3) бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу – бұл тұрақты түрде бағамдау, бюджеттік кредит қаражатын жұмсау туралы ақпаратты жинау және талдау, бюджеттік кредит қаражатын пайдалану тиімділігін бағалау мақсатында тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу процесі;
Тармақша 4
4) «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «е-Қаржымині» ИАЦЖ) – мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін кешенді автоматтандыруға (бизнес-процестерге) арналған цифрлық жүйе;
Тармақша 5
5) кредитор – Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредиттік шарт тарапы;
Тармақша 6
6) қарыз алушы – бюджеттік кредитті алатын, кредиттік шартқа сәйкес негізгі борышты өтеу және сыйақыны, сондай-ақ басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді алатын кредиттік шарт тарапы;
Тармақша 7
7) қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесі – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 8
8) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредиттеуге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға;
Тармақша 9
9) түпкілікті қарыз алушы – кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен оған берілетін бюджеттік кредитті түпкілікті алушы;
Тармақша 10
10) тәуекел – қарыз алушының бюджеттік кредитті нысаналы пайдаланбау болжамы;
Тармақша 11
11) тәуекелдерді басқару жүйесі – тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бақылауға негізделген және бюджеттік кредиттерді нысаналы пайдаланбау тәуекелдерін анықтау және ескерту мақсатында қарыз алушылармен/сенім білдірілген өкілдермен (агенттермен) өндірілген және (немесе) қолданылатын шаралар процесі.
Тарау 2. 2-тарау. Бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 3
3. Бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуына бақылауды «е-Қаржымині» ИАЦЖ пайдалана отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, кредитор және (немесе) сенім білдірілген өкіл (агент) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредиттер беру жөніндегі осы Бұйрыққа 2-қосымшаның 2-тарауының 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес тәуекелдер дәрежесін бағалау негізінде айқындаған бақылау функцияларын қоспағанда, бюджеттік кредит беруге бақылау жүргізу бойынша қосымша талаптарды, оның ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бұйрығына сәйкес бюджеттік кредиттер бөлінген сәттен бастап 3 (үш) ай ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін енгізе отырып, оларды ұсыну кезінде қажетті құжаттардың тізбесін дербес белгілейді.
Тармақ 4
4. 31.12.2025 қоса алғанда қолданыста болды – осы бұйрықтың 3-тармағымен.
Тармақ 5
5. Түпкілікті қарыз алушының бюджеттік кредитті нысаналы пайдаланылуын бақылау қарыз алушымен/сенім білдірілген өкілмен (агентпен) цифрлық жүйеде осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген ақпаратқа талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Түпкілікті қарыз алушының бюджеттік кредитті нысаналы пайдалануына талдау мынадай ақпарат бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) кредитті алуға өтінімді;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын бастапқы құжаттарды (өнім берушілермен жасалған шарттар, төлем құжаттары, мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйесі арқылы тіркелген электрондық шот-фактуралар; тауарлар туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын кедендік құжаттар (кедендік декларация); тауарларды әкелу туралы өтініш);
Тармақша 3
3) бюджеттік кредиттерді пайдаланудың мониторинг нәтижесі және жүйелі түрдегі есептілікті қалыптастыруды;
Тармақша 4
4) кредиттік шарттың талаптарын орындауды;
Тармақша 5
5) қарыз алушының құқықтық мәртебесіндегі өзгеріс, сондай-ақ кепіл мүлкіне үшінші тұлғалардың ауыртпалықтарының жоқтығын бақылауға талдау жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. 31.12.2025 қоса алғанда қолданыста болды – осы бұйрықтың 3-тармағымен.
Тармақ 8
8. Бақылау жүргізу үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі, кредитор және (немесе) сенім білдірілген өкіл (агент) жобаны іске асыруға берілген бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын растайтын қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.
Тармақ 9
9. Түпкілікті қарыз алушы бюджеттік бағдарламаны іске асыру тиімділігін бағалау үшін тәуекел дәрежесі (деңгейі) бойынша бағалауға жатады. Түпкілікті қарыз алушыға қатысты қолданылатын санаттарға бөлу үшін тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары: кәсіпкерлік қызметтен түсетін пайданың болуы/жоқтығы; кәсіпкерлік қызмет үшін салық төлеудің болуы/жоқтығы және олардың бюджеттік кредитті алғаннан кейінгі серпіні; жалданған жұмысшылардың болуы/жоқтығы; қарыз алушының экономикалық белсенділігінің мәртебесі (қолданыста, тоқтатылған, жабылған); бюджеттік кредиттің нысаналы мақсатын ескере отырып салалық тәуекел өлшемшарттары. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаржыландыру салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттік кредиттерді нысаналы пайдаланбау туралы тәуекелдер өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 10
10. Сенім білдірілген өкіл (агент) тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздерін пайдаланады:
Тармақша 1
1) түпкілікті қарыз алушы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер арқылы мониторингтеу нәтижелері;
Тармақша 2
2) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді, оның ішінде салалық ведомстволардың цифрлық жүйелерінің мәліметтерін талдау нәтижелері.
Тармақ 11
11. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің)/қарыз алушының бюджеттік кредитті нысаналы пайдалануын бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған бюджеттік кредиттердің сомалары мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейін бір айдан кешіктірмей осы кредиттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке міндетті түрде қайтарылуға тиіс.
Басқа 4. Қарыз алушының кредит қабілеттілігінің өлшемшарттары
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 бұйрығына 4-қосымша Қарыз алушының кредит қабілеттілігінің өлшемшарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қарыз алушының кредит қабілеттілігінің өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарт) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабының 6-тармағын іске асыру үшін әзірленді және қарыз алушының кредит қабілеттілігінің өлшемшарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мамандандырылған ұйымдар – банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер, ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке не ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі ұйымдар;
Тармақша 2
2) кредитор – Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредиттік шарт тарапы;
Тармақша 3
3) қарыз алушы – бюджеттік кредитті алатын, кредиттік шартқа сәйкес негізгі борышты өтеу және сыйақыны, сондай-ақ басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді алатын кредиттік шарт тарапы;
Тармақша 4
4) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредиттеуге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға;
Тарау 2. 2-тарау. Қарыз алушының кредиттік қабілетінің өлшемшарттары
2-тарау. Қарыз алушының кредиттік қабілетінің өлшемшарттары
Тармақ 3
3. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының кредиторымен немесе тиісті жергілікті атқарушы органның кредиторымен кредиттік шарт жасасатын қарыз алушы банктің кредиттік қабілетінің негізгі өлшемшарттары: бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы; салықтық берешектің болмауы; конкурсты өткізу күнінің алдындағы соңғы үш айдың ішінде банк заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтауы; меншікті капиталы берілетін бюджеттік кредит пен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борыш қалдығы сомасынан кемінде 2 (екі) есе артық болуға тиіс тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің қызметтерін жүзеге асыратын қаржы агенттіктерін, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кредиттеуді, негізгі қызметі меншік құқығында өзіне тиесілі және сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық даму институттарының және ұлттық компаниялардың акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, меншікті капиталы берілетін бюджеттік кредит пен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борыш қалдығы сомасынан кемінде 50 (елу) пайызды құрауы тиіс; бюджеттік кредиттерді уақтылы қайтару бойынша қамтамасыз етудің болуы; қажет болған кезде филиалдық желінің және/немесе корреспонденттік желінің болуы болып табылады.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдардың кредиттік қабілетінің негізгі өлшемшарты бұрын алынған кредиттер бойынша берешектің (мерзімі өткен берешегінің) болмауы болып табылады.
Тармақ 5
5. Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит берген кезде кредиттік қабілетін сенім білдірілген өкіл (агент) анықтайды.
Тармақ 6
6. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен беріледі. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер шет мемлекеттердің бюджеттік кредит беру туралы халықаралық шартқа міндетті күш беру үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуі жағдайында беріледі. Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борыш шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасы алдындағы борышын құрайды. Бюджеттік кредитті алуға үміткер шет мемлекеттің кредиттік қабілеті жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктер берген рейтингтерге сәйкес анықталады.
Басқа 5. Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу қағидалары
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 бұйрығына 5-қосымша Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 154-бабы 13-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне (бұдан әрі – Қаржы агенттіктерінің тізбесі) енгізу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібі
2-тарау. Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібі
Тармақ 2
2. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу үшін қаржы агенттігі бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мынадай құжаттарды жолдайды:
Тармақша 1
1) тізбеге енгізуге арналған өтініш;
Тармақша 2
2) Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 3
3) соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептілік (бухгалтерлік теңгерім, пайдалар мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба);
Тармақша 4
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексінің 100-бабының 1-тармағына сәйкес есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
Тармақ 3
3. 31.12.2025 қоса алғанда қолданыста болды – осы бұйрықтың 3-тармағымен.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 5 (бес) жұмыс күні ішінде «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесінде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жүктеуді жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Бюджет қаражатын тиімді пайдалануға қабілетті төлемге қабілетті және орнықты қаржы агенттіктерін іріктеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленетін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйымдар үшін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне қаржы агенттіктерін енгізу өлшемшарттары негізінде жүргізіледі. Басқа қаржы агенттіктері үшін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей, республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне қаржы агенттіктерін енгізу критерийлері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту үшін құрылған Ұлттық басқарушы холдингтер үшін, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары үшін маусымдыққа байланысты қаржылық тәуелсіздік коэффициенті мен ағымдағы өтімділік коэффициентінің ұсынылатын мәндерден асып кетуіне жол беріледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген нормалар қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйымдарға қолданылмайды.
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламаның әкімшісінен осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүктеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес қаржы агенттігін тізбеге енгізу туралы ұсыныс енгізеді.
Басқа 1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мемлекет жүз пайыз қатысатын банктер мен ұйымдар үшін қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпестен республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары
Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу қағидаларына 1-қосымша Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мемлекет жүз пайыз қатысатын банктер мен ұйымдар үшін қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпестен республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары р/с № Ата­уы Есеп Ұсы­ны­ла­тын мән­дер Тү­сі­нік­те­ме­лер 1 2 3 4 5 1 Мен­шік­ті қа­ра­жат­ты пай­да­ла­ну ко­эф­фи­цен­ті МК/НП > 0,1 Мен­шік­ті қа­ра­жат­ты пай­да­ла­ну ко­эф­фи­ци­ен­ті мен­шік­ті ка­пи­тал­дың жұ­мыс опе­ра­ци­я­ла­рын­да қан­ша­лық­ты пай­да­ла­ны­ла­тынды­ғын көр­се­тіп отыр. 2 Мен­шік­ті қа­ра­жат көз­де­рі­нің ар­тығы (же­тіс­пе­уі) МК/ША > 1 Мен­шік­ті қа­ра­жат көз­де­рі­нің ар­тығы (же­тіс­пе­уі). Көр­сет­кіш­тің сер­пін­де­гі өсуі қар­жы­лық жағ­дай­ы­ның жақ­са­ру жа­ғы­на банк­тің ны­са­на­лы ба­ғыт­тал­ған қыз­ме­ті ту­ра­лы ку­әлан­ды­ра­ды. 3 Ка­пи­тал­да­ғы пай­да үле­сі­нің ко­эф­фи­цен­ті (МК-ЖК)/МК > 0,1 Ка­пи­тал­да­ғы пай­да үле­сі­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті банк ка­пи­та­лы­ның қан­дай бө­лі­гі пай­да есе­бі­нен қа­лып­тас­қа­нын көр­се­те­ді. 4 Мен­шік­ті ка­пи­тал­дың рен­та­бель­ді­лі­гі (ROE) Пд/МК > 0,1 Мен­шік­ті ка­пи­тал­дың рен­та­бель­ді­лі­гі (RОЕ) мен­шік­ті ка­пи­тал­ды пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гін көр­се­те­ді Ескертпе: Негізгі қысқартулар: МК – меншікті капитал НП – несие портфелі ША – шашыратылған активтер ЖК – жарғылық капитал Пд – пайда
Басқа 2. Өзге де қаржы агенттіктері үшін қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары
Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу қағидаларына 2-қосымша Өзге де қаржы агенттіктері үшін қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары р/с № Ата­уы Есеп ай­ы­ры­су Ұсы­ны ла­тын мән­дер Тү­сі­нік­те­ме­лер 1 2 3 4 5 1 Қар­жы­лық тәу­ел­сіз­дік ко­эф­фи­ци­ен­ті* МК/ЖА 0,3-0,8 Қар­жы­лық тәу­ел­сіз­дік ко­эф­фи­ци­ен­ті қар­жы агент­тікте­рі­нің қары­здар­дан тәу­ел­ді­лі­гін си­паттай­ды. Мен­шік­ті ка­пи­тал мөл­ше­рін жиын­тық ак­тив­ке бө­лу­ден алын­ған бө­лін­ді ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді. Ко­эф­фи­ци­ент мәні­нің тө­мен­де­уі қар­жы агент­ті­гі­нің қарыз жүк­те­ме­сі­нің өсу­ін көр­се­те­ді, ол тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз­дік тәу­е­ке­лін арт­ты­ра­ды. 2 Пай­ы­здар­ды жа­бу ко­эф­фи­ци­ен­ті Са­лық са­лу­ға дей­ін­гі та­быс және кре­дит­тер бой­ын­ша сый­а­қы­лар/ есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сы > 1 Пай­ы­здар­ды жа­бу ко­эф­фи­ци­ен­ті кре­ди­тор­лар­дың ұсы­ны­л­ған кре­дит үшін пай­ы­здар­ды тө­ле­ме­уден қор­ға­лу дә­ре­же­сін си­паттай­ды. Осы көр­сет­кіш пай­ы­здар­ды тө­леу үшін пай­да­ла­ны­ла­тын рұқ­сат еті­ле­тін пай­да­ны тө­мен­де­ту дең­гей­ін анық­тай­ды. Са­лық­тар­ды ұста­ған­ға дей­ін­гі кі­рі­сті және кре­дит­тер бой­ын­ша сый­а­қы­ны кре­дит­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сы­на бө­лу жо­лы­мен есеп­те­ле­ді. 3 Ағым­да­ғы өтім­ді­лік ко­эф­фи­ци­ен­ті* АҚ/ҚМ 1-2 Ағым­да­ғы өтім­ді­лік ко­эф­фи­ци­ен­ті ай­на­лым қа­ра­жа­тын қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер­ге бө­лу­ден алын­ған бө­лін­ді ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді және қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер­ді орын­дау үшін пай­да­ла­ны­ла­тын қар­жы агент­ті­гі­нің ай­на­лым қа­ра­жа­ты­ның жет­кі­лік­ті екен­ді­гін көр­се­те­ді. 4 Та­за ай­на­лым ка­пи­та­лы АА-ҚМ > 0 Та­за ай­на­лым ка­пи­та­лы ай­на­лым ак­тив­те­рі мен қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді. Ескертпе: * даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және басқаруды оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту үшін құрылған ұлттық басқарушы холдингтері үшін, сондай-ақ агроөнеркәсiп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдары үшін маусымдылыққа байланысты қаржылық тәуелсіздік коэффиценті мен ағымдағы өтімділік коэффицентінің ұсынылған мәнінен асуына жол беріледі. Негізгі қысқартулар: МК – меншікті капитал ЖА – жиынтық актив АҚ – айналым қаражаты ҚМ – қысқа мерзімді міндеттемелер АА – айналым активтері