Об открытии осенней охоты на пернатую дичь Күшін жойған
Басқа 0
Жабайы құстарды аулаудың күзгі маусымын ашу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 24 шілдедегі № 741 қаулысына сәйкес, жабайы құстардың санын ретке келтiру, азаматтардың спорттың және әуесқойлық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы 4 қыркүйектің таң сәрісiнен бастап 28 қарашаға дейiн суда жүзетiн, далалықтағы және батпақты жерлердегi жабайы құстарды («Қызыл кiтапқа» енгiзiлгенінен басқасын) спорттық-әуесқойлық аулауға рұқсат беру туралы Батыс Қазақстан облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасының ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстың орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасы аңшыларға заңнамаларда белгiленген тәртiппен маркалар берудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық орман және жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту басқармасы, Батыс Қазақстан облысының iшкi iстер басқармасы аң аулау маусымы кезеңiнде жануарлар дүниесiн қорғауды, браконьерлiкпен күресудi және спорттық-әуесқойлық аң аулауды жүзеге асыру кезiнде аңшылардың аң аулау ережелерiн және Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамаларын сақтап отыруын бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.С. Иманғалиевке жүктелсiн.