Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания в области транспорта Қолданыста
Басқа 0
Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың
құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қаржы және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2025 жылғы «__» _______
№ ____
бұйрығымен бекітілген
Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы орындаудың құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) тікелей шығыстар – қызмет көрсетумен тікелей байланысты шығыстар;
Тармақша 2
2) жанама (әкімшілік) шығыстар – мемлекеттік тапсырманы орындаудың өзіндік құнына тікелей қатысы жоқ шығыстар;
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібі
2-тарау. Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу кезінде негіздеуші құжаттармен расталған орындаушының тікелей және жанама (әкімшілік) шығыстары (орындаушының штат кестесі, есептеулер, шарттардың көшірмелері, кемінде 3 (үш) баға ұсынысы) ескеріледі.
Су жолдарын кеме қатынасы жағдайында қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу және шлюздерді ұстау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 199 бұйрығымен бекітілген Уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін және құнын айқындау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32247 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тапсырманың құнына ықтимал шығындарға арналған резервтерді қалыптастыру жөніндегі шығыстар, өткен кезеңдердегі өзге де борыштар мен залалдарды жабу жөніндегі шығыстар, ақпараттық ілгерілету жөніндегі шығыстар (жарнама), демеушілік көмек, айыппұлдар, өсімпұлдар мен тұрақсыздық айыбы, сондай-ақ сыйлықақы төлемдеріне, мастер-класстар өткізуге және өкілдік шығыстарға арналған шығыстар енгізілмейді.
Тармақ 5
5. Тікелей шығыстарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тапсырманы тікелей орындайтын ұйымдар персоналының еңбегіне ақы төлеу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тапсырманы тікелей орындайтын персоналға салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тапсырманы тікелей орындайтын персоналдың іссапар шығыстары;
Тармақша 4
4) сарапшыларды тарту;
Тармақша 5
5) байланыс қызметтері;
Тармақша 6
6) үй-жайларды жалға алу;
Тармақша 7
7) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын ақпараттық дерекқорларға қол жеткізу және жазылу;
Тармақша 8
8) коммуналдық қызметтер;
Тармақша 9
9) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын аударма қызметтер;
Тармақша 10
10) мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу;
Тармақша 11
11) мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты тауарлық-материалдық қорларды (оның ішінде жанар-жағармай материалдарын) сатып алу.
12) қосалқы мердігерлік жұмыстар (қызметтер).
Тармақ 6
6. Жанама (әкімшілік) шығыстарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) әкімшілік – басқару персоналының еңбек ақысы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тапсырманы тікелей орындайтын персоналға төлемдермен байланысты қоспағанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
Тармақша 3
3) міндетті сақтандыру түрлері;
Тармақша 4
4) өзге де шығыстар (режимдік объектілерді күзету қызметтері, полиграфиялық және типографиялық шығыстар, курьерлік қызметтер және өзгелер).
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚР Көлік министрінің м.а. 05.09.2025 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі) бұйрығымен.