Об утверждении Правил сокращения разрешенных объемов водопользования при невыполнении водопользователями планов мероприятий по сокращению потерь воды и внедрению наилучших имеющихся технологий Күшіне енбеген
Басқа 0
Су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы
Басқа 0. Су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидалары
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің м.а.
2025 жылғы 26 маусымдағы
№ 154-НҚ
Бұйрығымен бекітілген
Су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабы 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайтуды су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары (бұдан әрі – бассейндік су инспекциялары) су пайдаланушылар су ысыраптарын азайту және ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған жағдайда (бұдан әрі –Жоспар) жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтаулар қолданылады:
Тармақша 1
1) су пайдаланушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су пайдалану құқығы бар және оны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) қолданыстағы ең үздік технологиялар – су қорын қорғау және пайдалану саласында қолданылатын техникалық құрылғыларды, аспаптарды, аппараттарды, құрылыстарды пайдалану процестері мен әдістерін әзірлеудегі су үнемдеу, су шығыстарының үлестік нормаларын төмендету, төгінділерді қысқарту немесе шектеу үшін нақты шара ретінде өзінің практикалық жарамдылығын дәлелдеген соңғы жетістіктер.
Тарау 2. 2 тарау. Су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту тәртібі
2 тарау. Су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту тәртібі
Тармақ 4
4. Осы Қағидалар тікелей жерүсті су объектісінен су ресурстарын алып қоймай пайдалануды жүзеге асыратын не қолда бар ең үздік технологияларды толық ендірген және судың өнімсіз ысырабын азайтқан су пайдаланушыларды қоспағанда арнаулы су пайдалануға рұқсаты бар барлық су пайдаланушыларға қолданылады.
Тармақ 5
5. Кодексінің 45-бабының 4-тармағына сәйкес арнаулы су пайдалануға рұқсат беру шарттарының бірі су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының болуы (кемінде бес жыл).
Тармақ 6
6. Су пайдаланушы қаралатын кезеңге арналған Жоспарда көзделген іс-шараларды орындамаған жағдайда, суды пайдалану көлемі әрбір орындалмаған іс-шара бойынша белгіленген мөлшерге азайтылуға жатады.
Тармақ 7
7. Іс-шаралар жоспарында көзделген екі және одан да көп іс-шаралар орындалмаған жағдайда су пайдалануға рұқсат етілген жалпы көлемнің 20%-ға дейінгі мөлшерде қысқарту енгізіледі.
Тармақ 8
8. Жоспарда көзделген міндеттемелерді белгіленген мерзімдерде орындамау суды пайдалану көлемін азайтуға негіз болып табылады.
Тармақ 9
9. Су пайдаланушылар бассейндік су инспекцияларына іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті жыл сайын, есепті қаңтар айының онынан кешіктірмей қағаз немесе электрондық жеткізгіште осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша ұсынады.
Тармақ 10
10. Бассейндiк су инспекциялары су пайдаланушылардың есептiлiгiн талдау негiзiнде суды пайдаланудың санаттары бойынша бөлiнген су пайдалану көлемдерiн азайту ұсынылатын су пайдаланушылардың тiзбесiн жасайды.
Тармақ 11
11. Су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту туралы ұсынымдар одан әрі талқылау және шешімдер қабылдау үшін тиісті бассейндік кеңестің қарауына жіберіледі.
Тармақ 12
12. Бассейндік кеңестің ұсынымдарын талқылаудан кейін бассейндік су инспекциялары су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосына келісу үшін жібереді.
Тармақ 13
13. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы ұсынымдарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және оларды тиісті бассейндік инспекцияға жібереді.
Тармақ 14
14. Бассейндік кеңестің ұсынымдары қабылданбаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы ұсынымдар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дәлелді негіздеме береді.
Тармақ 15
15. Ұсынымдар бекітілгеннен кейін бассейндік су инспекциялары он жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес арнаулы су пайдалануға рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылатын су тұтынудың түзетілген есептелген көлемдерін жібереді.
Тармақ 16
16. Су пайдаланушыға өзгерiстер туралы хабарланған кезде, суды пайдаланудың қысқартылған көлемдерi күшiне енедi.
Басқа 1. Су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру
жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп
Су пайдаланушылар
су ысырабын азайту және қолда бар
ең үздік технологияларды ендіру
жөніндегі іс-шаралар жоспарын
орындамаған кезде су пайдаланудың
рұқсат етілген көлемін азайту
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру
жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп
Арнаулы су пайдалануға рұқсаты бар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар
бассейндік су инспекцияларына есеп ұсынады.
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең: ________жыл
Есепті кезеңнен кейінгі 10 қаңтарға дейін (қоса алғанда) тапсырылады
БСН/ЖСН коды:____________________________________________________
1. Арнаулы су пайдалануға рұқсат етілген көлемі бойынша деректер:
нөмірі, сериясы________________________________________________________
су пайдаланудың рұқсат етілген көлемі____________________________________
рұқсат құжатының берілген күні__________________________________________
2. Орындау нәтижелері:
қысқартылған су ысырабының жалпы көлемі_______________________________
үздік қолжетімді технологияларды енгізу __________________________________
(сипаттамасы, әсері)
қосымша көрсеткіштер _________________________________________________
(қажет болған жағдайда)
Тармақ 3
3. Іс-шаралар тізбесі және олардың орындалуы:
№
Іс-шаралар
Іс-шараның мақсаты
Орындалу мерзімі
Орындалу жағдайы
Қысқартылған ысырыбының пайызы
1
2
3
4
5
6
Атауы____________________________________________________________
Мекенжайы_______________________________________________________
Телефон__________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________
Орындаушы________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға ___________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрге арналған орын _______________________________________________
«____» _________ 20 ___ жыл
Басқа 1.1. Су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
Су ысырабын азайту және қолда
бар ең үздік технологияларды
ендіру жөніндегі іс-шаралар
жоспарының орындалуы
туралы есеп нысанына
қосымша
Су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1-бөлімде арнаулы су пайдалануға берілген қолданыстағы су пайдаланудың рұқсат етілген көлемі бойынша деректер көрсетіледі: нөмірі, сериясы, берілген күні және рұқсат етілген су пайдалану көлемі (мың м³).
2-бөлімде жоспардың орындалу нәтижелері көрсетіледі: судың қысқарған ысырабының жалпы көлемі (мың м³), қолда бар ең үздік ендірілген технологиялардың сипаттамасы және қол жеткізілген әсер.
3-бөлімнің 1- бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
3-бөлімінің 2-бағанында арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтінішке қоса берілетін 5-қосымшаға сәйкес есепті кезеңде іске асырылған іс-шараның атауы.
3- бөлімінің 3-бағанында іс-шараның мақсаты көрсетіледі (мысалы, ПӘК-ті арттыру, су шығынын оңтайландыру және т.б.).
3- бөлімінің 4-бағанында іс-шараны орындау мерзімі көрсетіледі.
3- бөлімінің 5-бағанында орындау жағдайы көрсетіледі: орындалған немесе орындалмаған.
3- бөлімінің 6-бағанында су ысырабының азайту пайызы, мына формула бойынша есептеледі:
мұнда:
P - су ысырабының азайту пайызы;
Vл- рұқсат етілген су пайдалану көлеміне сәйкес бастапқы лимит;
Vk- іс-шараны орындау нәтижесінде қол жеткізілген соңғы көлем.
Басқа 2. Түзетілген арнаулы су пайдалану шарттары
Су пайдаланушылар су ысырабын
азайту және қолда бар ең үздік
технологияларды ендіру жөніндегі
іс-шаралар жоспарын орындамаған
кезде су пайдаланудың рұқсат
етілген көлемін азайту қағидаларына
2- қосымша
Түзетілген арнаулы су пайдалану шарттары
Арнаулы су пайдалануға мынадай шарттар сақталғанда рұқсат етіледі (әрбір арнайы су пайдаланудың түріне жеке көрсетіледі):
Арнаулы су пайдалану түрі _______________________________________
Су тұтынудың түзетілген есептік көлемдері
№
Су объектісінің атауы
Су көзінің коды
Беруші ұйымның коды
Теңіз-өзен коды
Ағыстар
Сапа коды
Сағадан қашықтық, шақырым
Суалудың есептік жылдық көлемі, мың.м3
1
2
3
4
5
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1
2
…
кестенің жалғасы
Айлар бойынша жылдық су жинаудың есептік көлемдері, мың.м3
Жылдық көлемдердің қамтамасыз етілуі
Пайдалану түрі
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыр-күйек
Қа-зан
Қа-раша
Желтоқсан
95%
75%
50%
Коды
Көлемі, мың.м3
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Су бұрудың түзетілген есептік көлемдері
Р/с №
Су нысанының атауы
Су көзінің коды
Қабылдаушы ұйымның коды
Су шаруашылығы учаскесі коды
Теңіз-өзен коды
Ағыстар
Сапа
коды
Сағадан қашықтық, шақырым
Суды жіберудің есептік жылдық көлемі, мың.м3
1
2
3
4
5
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
1
2
...
кестенің жалғасы
Айлар бойынша жылдық су жинау есебі, мың.м3
Ластанған
Нормативті-таза (тазаланбаған)
Нормативті тазаланған
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Тазалан-баған
Жеткілікті тазалан-баған
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30