Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 17 тармақшасына сәйкес ауданда қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясына бекітілуіне ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Кеңестің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Әлжановқа жүктелсін.
Басқа 4. Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің ЕРЕЖЕСІ
Май ауданы әкімдігінің 2004 жылғы «23» тамыздағы «Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» № 128/2 қаулысымен бекітілген Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) – консультативтік – кеңестің органы болып табылады. Кеңесті құрудағы мақсат ауданда қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімдігінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданда сыбайлас жемқорлықтың әрі қарай таралуына тиімді мемлекеттік және қоғамдық қарсы іс-әрекет жасау жүйесінің негізгі буындары құру;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлық тудыратын жағдайларды жою үшін мемлекеттік қызметті жетілдіру;
Тармақша 3
3) сыбайлас жемқорлықтың көзі – көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шешуші шаралар қолдану үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) қоғамның мемлекет пен оның институттарына сенімін бекіту;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін аудандық құқық қорғау органдарын нығайту;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына халықтың көпшілігінің қатысуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) облыста жемқорлыққа қарсы күрестің 2004 – 2005 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуына бақылау жасау кеңестің негізгі функциясы болып табылады;
Тармақша 5
5) аудан әкімі аппаратының тәртіптік комиссиясының, ауданның мемлекеттік органдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемалары бойынша дөңгелек үстелдер өткізу.
Тарау 3. 3. Кеңестің өкілеттігі
3. Кеңестің өкілеттігі
Тармақ 5
5. Кеңестің өкілеттігі:
Тармақша 1
1) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі сұрақтармен аудандық атқарушы және мемлекеттік органдармен жұмыс жасауға;
Тармақша 2
2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарын жетілдіру;
Тармақша 3
3) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды одан әрі күшейту іс-шараларын қолдау.
Тарау 4. 4. Комиссияның құрамын және қызметін ұйымдастыру
4. Комиссияның құрамын және қызметін ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Комиссия құрамы:
Тармақша 1
1) Кеңесті төраға басқарады. Кеңес отырыстарын қажетіне қарай кем дегенде тоқсанына бір рет төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.
Тармақша 2
2) Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдар мен ұсыныстарды дайындауды кеңес хатшысы қамтамасыз етеді. Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Тармақша 3
3) Кеңес шешімі ашық дауыспен қабылданады және егер кеңес мүшелері жалпы санынан көбі дауыс берсе, шешім қабылданған деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген жақтың шешімі қабылданған болып есептеледі.
Тармақша 4
4) Мәжіліс отырыстарының жүргізілуі нәтижесі бойынша хаттама жасалады, оған отырыста болған кеңес мүшелері қол қояды. Кеңес шешімі сипатта болады.
Тармақша 5
5) Аудандық ішкі саясат бөлімі, ішкі істер бөлімі және аудан әкімі аппараты – Кеңестің жұмысы органдары болып табылады.