Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жаксынского района Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 8С-44-2 шешіміне қосымша Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі – мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етпестен көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік қолдау қөрсету мөлшері
3-тарау. Әлеуметтік қолдау қөрсету мөлшері
Тармақ 5
5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.