Об утверждении норм потребления товарного газа по области Жетісу Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісу облысы бойынша тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының    7- бабы 5-тармағы 6-2) тармақшасына, «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі №377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17742 болып тіркелген) бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай   газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларының 35 –  тармағына,  Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі Бірінші орынбасарының 2025 жылғы 25 сәуірдегі №21-19/3048 тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Энергетика Вице- министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы  «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасын масштабтау жөніндегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жетісу облысы бойынша тауарлық газды тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы «_____» _____ №____ қаулысына қосымша Жетісу облысы бойынша тауарлық газды тұтыну нормалары № Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы Жылыту маусымы, м3 Жылыту маусымынан тыс, м3 1. Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар үй шаруашылығы 775 148 Аббревиатура: м3 – текше метр.