Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в Зерендинском районе Күшін жойған
Басқа 0
Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар cанаттарының тізбесін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 4-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар cанаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
Зеренді аудандық мәслихатының
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 31-237 шешіміне
қосымша
Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй сертификатының мөлшері:
Тармақша 1
1) 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге әлеуметтік көмек ретінде.
Тармақ 2
2. Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі:
Тармақша 1
1) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
Тармақша 2
2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
Тармақша 3
3) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады.