О комиссии по государственным символам при акиме района Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік нышандары насихаттау жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылысы.
Тармақ 2
2. Комиссияның қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комиссияның дербес құрамы заңнамамен белгіленген тәртіпте аудандық маслихаттың бекітуіне берілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.В. Вострейкоға жүктелсін.
Басқа 5. Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Качир ауданы әкімдігінің 2004 жылғы тамыздағы «Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия туралы» № 223/7 қаулысымен бекітілген Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ Осы ЕРЕЖЕ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалды және аудан әкімі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мәртебесін, өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыру тәртібі айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Комиссия аудан әкімі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік нышандары туралы» № 2797 конституциялық заң күші бар Жарлығына сәйкес мемлекеттік стильді қалыптастырады және оларды қолдану практикасын қорыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді, мемлекеттік нышандарды зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) азаматтардың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына құрмет қатынастарын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану мәселелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік стильді қалыптастыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар жасау;
Тарау 3. 3. Комиссия өкілеттілігі
3. Комиссия өкілеттілігі
Тармақ 4
4. Осы Ережемен анықталған жұмыстарды іске асыру үшін Комиссия мынадай міндеттері жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдау жөніндегі мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік бірдейлендіру нышандары мен геральдикалық белгілерді жасау және енгізудің әлемдік тәжірибесін зерттеп, мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияға Қазақстан Республикасында оларды қолданудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасайды;
Тармақша 3
3) аудан аумағында ресми іс шаралар өткізу кезінде мемлекеттік нышандарды қолданудың рәсімдік тәртіптерін әзірлеуге қатысады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік нышандарды насихаттау және мемлекеттік стильді қалыптастыру жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған зерттеулерді жүргізуге бастамашылық жасайды;
Тармақша 5
5) геральдикалық белгілер жобаларын қарайды және сараптама қорытындыларын дайындауды жүзеге асырады;