О районной экспертной комиссии по социальной-политической рекламе Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік-саяси жарнама жөніндегі аудандық сараптау комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан - 2030» Стратегиясы аясында әлеуметтік-саяси жарнаманың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік-саяси жарнама жөніндегі аудандық сараптау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауылдық округ әкімдері елді мекендерде орналастыру үшін жоспарланған сыртқы әлеуметтік-саяси жарнамалардың идеологиялық мазмұны мәселелері Комиссиямен келісілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.В. Вострейкоға жүктелсін.
Басқа 5. Әлеуметтік-саяси жарнама жөніндегі аудандық
сараптау комиссиясының
ЕРЕЖЕ
Качир ауданы әкімдігінің
2004 жылғы тамыздағы
«Әлеуметтік-саяси жарнама
жөніндегі аудандық
сараптау комиссиясының»
№ 224/7 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік-саяси жарнама жөніндегі аудандық
сараптау комиссиясының
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік – саяси жарнама жөніндегі аудандық сараптау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және жергілікті атқарушы органдарының сыртқы әлеуметтік – саяси жарнамаларының жүйесін реттеу және сапасын арттыру қызметін үйлестіру үшін аудан әкімдігінің қаулысымен құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, аудан әкімінің актілерін, басқа да нормативтік – құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) көрнекі рәсімдеу құралдарын реттеу және сыртқы әлеуметтік саяси жарнама сапасына бақылау жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 2
2) сыртқы әлеуметтік – саяси жарнаманы жүйелі кешенді тексеру және талдау комиссияның негізгі міндеттері болып табылады.
Тармақ 4
4. Мыналар:
Тармақша 1
1) аудан елді мекендеріне орналастырылған жарнама қалқандарына сараптама жүргізу;
Тармақша 2
2) қоғамдық – саяси жарнамалардың жағдайы мен мазмұнына, оның жасалу сапасына бақылау жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) «Қазақстан - 2030» Стратегиясы аясында әлеуметтік – саяси жарнамалардың сапасы мен тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу комиссиясының функциялары болып табылады.
Тармақ 5
5. Комиссия:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан сұратуға;
Тармақша 2
2) сыртқы аясында әлеуметтік – саяси жарнамалардың сапасы мен мазмұнына бақылау жасауды жүзеге асыру нысаны мен тәртібін анықтауға;
Тармақша 3
3) әлеуметтік – саяси жарнама жөніндегі аудандық комиссиялар қызметін үйлестіруге және бақылауға;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіпте өз мәжілістерінде аудандық мемлекеттік басқару органдарының сондай-ақ. Сыртқы жарнама шығаруға мамандандырылған мекемелер, кәсіпорындар және түрлі меншік нысанындағы фирмалар басшыларын тыңдауға;
Тармақша 5
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың басшыларынан мазмұны мен эстетикалық жағынан сапасыз әлеуметтік – саяси жарнамалар объектілерін алып тастауды, ауыстыруды талап етуге.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Комиссия төрағадан, оның орынбасары мен Комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 7
7. Комиссия мәжілістерін қажеттілігіне қарай кем дегенде үш айда бір рет оның төрағасы өткізеді. Комиссия мәжілістері оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқанда заңды болып табылады. Комиссия мүшелерін оның мәжілістерінде басқа адамдармен алмастыруға болмайды.
Тармақ 8
8. Комиссияның қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етуді аудан ішкі саясат бөлімі жүзеге асырады.