Об утверждении Правил вынесения на рассмотрение Республиканской бюджетной комиссии вопросов уменьшения размера выплат или освобождения от уплаты поступлений в республиканский бюджет дивидендов или части чистого дохода по перечню государственных предприятий, акционерных обществ, товариществ с ограниченной ответственностью, государственные пакеты акций (доли участия в уставном капитале) которых находятся в республиканской собственности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидалары
Министрдің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 маусымдағы № 64 мен Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 27 маусымдағы № 329 Бірлескен бұйрықпен бекітілген Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелрін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 56-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – Ұйымдар) тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына шығаруды айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджет саясаты, оның ішінде бюджет жүйесін дамыту саласында, мемлекеттік қаржыны басқару және кірістерді болжау, экономикалық саясат, инвестицияларды тарту саясаты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бюджетаралық қатынастар, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекеттік активтерді басқару, Бюджет кодексінде белгіленген құзыреттер шегінде гранттар тарту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 3
3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы.
Тарау 2. 2-тарау. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару тәртібі
2-тарау. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару тәртібі
Тармақ 3
3. Тиісті саланың уәкілетті органы электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органға Ұйымдарды республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату туралы өтінішхат жолдайды. Өтінішхат республикалық бюджет жобасын қалыптастыру және (немесе) республикалық бюджетті нақтылау басталғаннан кешіктірілмейтін мерзімде беріледі. Бюджетті атқару процесінде ұсынылған Ұйымдардың ағымдағы қаржы жылындағы республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату туралы өтінішхат қарауға жатпайды. Тиісті саланың уәкілетті органы өтінішхатқа республикалық бюджет түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 20 бұйрығымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысанына сәйкес республикалық бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 391 (бұдан әрі – № 391 Қағидалар) бұйрығымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясының отырыстарына материалдар дайындау қағидасына сәйкес қорытынды жобасын, сондай-ақ талдамалық жазбаны, қаржылық-экономикалық негіздемені, Ұйымдарды республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдерін төлеуден босату туралы есептеулер және басқа растайтын құжаттарды (болған жағдайда) (бұдан әрі – материалдар) қоса береді.
Тармақ 4
4. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган және бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган өтінішхат келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарға алдын ала бағалау және қаржылық-экономикалық көрсеткіштер мен қорытындылардың дұрыстығына талдау жүргізеді.
Тармақ 5
5. Ұсынылған материалдар осы Қағиданың 3-тармағының төртінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган және бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган пысықтауға жататын ескертулерді көрсете отырып, материалдарды тиісті саланың уәкілетті органына кері қайтарады. Тиісті саланың уәкілетті органы ескертулерді алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде пысықталған материалдарды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қайта жолдайды.
Тармақ 6
6. Бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті органының республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату туралы материалдарға ескертулері болмаған жағдайда қайтадан түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті қорытындыны бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
Тармақ 7
7. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органнан тиісті қорытындылар алғаннан кейін № 391 Қағидаларда белгіленген тәртіппен Комиссияның отырысына республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату туралы барлық қаралған өтінішхаттардың негізінде қалыптастырылған Ұйымдардың жалпы тізбесі бойынша материалдарды қарау үшін жолдайды.
Тарау 3. 3-тарау. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесін бекіту тәртібі
3-тарау. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесін бекіту тәртібі
Тармақ 8
8. Комиссияның республикалық бюджетке дивидендтерді немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе түсімдерді төлеуден босату туралы хаттамалық ұсынымдардың негізінде Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.
Тармақ 9
9. Тізбеге сондай-ақ 2024-2027 жылдардың қорытындысы бойынша Комиссияның оң ұсынымын алған Ұйымдар да енгізіледі.
Басқа 1. Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі
Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың жауапкершілігі шектеулі, серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларына қосымша Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі № Ұйымдардың атауы Төлемдердің мөлшерін азайту немесе түсімдерді төлеуден босату кезеңі Таза кірістен аударымдар нормативі/дивидендтер/таза кірістің бөлігі (%) 1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2022-2027 жылдардың қорытындысы бойынша 1% 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Қазспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2023-2025 жылдардың қорытындысы бойынша 0,5% 3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны 2025-2027 жылдардың қорытындысы бойынша 1% 4. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы 2023-2027 жылдардың қорытындысы бойынша 0% 5. «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы 2024-2026 жылдардың қорытындысы бойынша 0% 6. «Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2021-2024 жылдардың қорытындысы бойынша 0% 7. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 35,6% 8. «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024-2026 жылдардың қорытындысы бойынша 0% 9 «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы 2024-2028 жылдардың қорытындысы бойынша 0% 10 «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 0% 11 «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024-2028 жылдардың қорытындысы бойынша 0% 12 «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 0% 13 «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 0% 14 «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 0%